Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шахталық электровоздар





 

Шахталық электровоздарды келесі түрде жіктейді:

- қоректену амалы бойынша – аккумуляторлық, түйіспелі және жоғары жиілікті, құрамдастырылған (түйіспелі-аккумуляторлық);

- тоқтың түрі бойынша – тұрақты және ауыспалы;

- орындау бойынша – кеніштік қалыпты орындау (РН), жоғары сенімділікті кеніштік орындау (РП), кеніштік жарылыс қауіпті орындау (РВ).

Электровоздармен тасымалдау кешені локомотивтен (аккумуляторлық немесе түйіспелі), жылжымалы құрамнан (вагоншалардан немесе секциялық поездерден), рельстік жолдардан, зарядтық қосалқы станциядан немесе түйіспелі тартқыш қосалқы станциядан, электровоздық гараждан және көмекші жабдықтан тұрады.

Электровоздық тасылыммен кез келген жүктерді (соның ішінде адамдарды), 003-0,005 (3-5‰) жол еңісімен және 8 бастап 12м (колея 600) және 12-20 м (колея 900мм) дейін дөңгелену радиусымен горизонтальдық жолдар бойынша шахталық жағдайдағы кез келген арақашықтықтарда тасымалдауға болады.

Артықшылықтары: қарапайымдылығы, сенімділігі, жылдамдығы, әртүрлі жүктерді, соның ішінде адамдарды бір құрамда тасымалдау мүмкіндігі, үлкен арақашықтықтарға тасымалдау.

Кемшіліктері: күрделі аккумуляторлық шаруашылықтың немесе түйіспелі желінің болуы, еңіс бұрышы бойынша шектеулі қолданылу облысы, жоғары еңбек сыйымдылығы және апаттылығы.

КҚ орындаудағы – түйіспелі электровоздар газ шахталарында немесе І және ІІ категорияларының шахталарында жаңа ағыспен қолданылады. ЖК орындаудағы - аккумуляторлық электровоздар (КЖ барлық жабдықтар, ал батарея ЖК) газды емес, І, ІІ шахта категорияларында, сонымен қатар, ІІІ категориясының және жоғары категориялы шахталарында жаңа ағынмен қолданылады. Аккумуляторлық электровоздар КЖ орындауда (сонымен қатар, батарея КЖ орындауда) барлық категориялы шахталарда қолданылады.

Шахталарда тұрақты тоқтағы электровоздар ғана қолданылады. Жоғары жиілікті және ауыспалы тоқтағы электровоздар тәжірибелі үлгілер кезеңінен шыққан жоқ.

Сериямен түйіспелі 4 КР, К7, К10, К14 электровоздары шығарылады, КТ-14 және КТ-28 тәжірибелі үлгілердің кезеңінен өтті. КЖ аккумуляторлық электровоздары шығарылады: 2Т- (АРП-2), 7т- (АРП-7), 8т- (АМ8Д), 10т- (АРП10) және 14т (АРП14). КЖ орындауда 5-АРВ қолданады және олардың орнына АРВ-7 шығарылымға дайындалып жатыр.

Бірінші әріп «К» - түйіспелі немес «А2» - аккумуляторлық, екінші және үшінші әріп КЖ немесе КЖ орындалуын білдіреді және сан электровоздың ілінісу салмағына (массасына) сәйкес келеді. Егер тағы Т әрпі қосылса, онда ол тиреторлық басқару жүйесіне нұсқайды.

Жер асты жұмыстарында кең қолданысқа аккумуляторлық электровоздар ие, олардың салыстырмалы салмағы 70% құрайды, ал кеніштік шахталарда барлығы 100% - түйіспелі тұрақты тоқ электровоздары. Түйіспелі электровоздар аккумуляторлыққа қарағанда қарапайым, едәуір ыңғайлы және пайдалануда оңай, едәуір жоғары қозғалу жылдамдығын және тасылымның өнімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, түйіспелі электровоздар едәуір жоғары ПІК ие, оларда тұрақ кезінде электр шығыны жоқ, құрамға өте төмен динамикалық жүктемелер. Негізгі кемшілік – түйіспелі желінің болуы, қосалқы станциясының энергиясын сөндіру осы станциядан қоректенетін барлық қанаттың немесе учаскінің тоқтауына әкеледі, сымды ұстау кезінде электр тоғымен зақымданудың жоғары қауіптілігі.

Қазіргі таңда В10 және В14 типті массасы 10 және 14 т. жоғары жиілікті электровоздар жасалып шығуда. Олардың артықшылығы жарылыс қауіптілігінде, кабельді ұстау қауіпті. Электровоздағы индукцияланатын тоқ тұрақты тоқтың электр қозғалтқышын қоректендіретін 5 КГЦ жиілігімен тұрақты тоққа жартылай өткізгіштік тоқ қабылдағыш арқылы қайта түрленеді. Сонымен қатар, түйіспелі тоқтан және аккумулятордан энергияны жиі пайдаланумен (жаңа ағында) электровоздарға, яғни түйіспелі-аккумуляторлық электровоздар жасалады. Аккумулятордан сөндіру кезінде, түйіспелі желіден келетін энергия аккумуляторды зарядтайды, сондықтан оның заряды бірнеше ауысымда жұмыс үшін жетеді, бұл локомотивтердің түрін үнемді кылады.

Жалпы түрде электровоз өзіне келесілерді жатқызады: раманы, дөңгелек жұптарын, тежеуіш жүйесін, рессорлық ілуді (немесе серіппелі), батареяны (немесе тоқ шешкіш), бақылаушыны, кабинаны (бір немесе екі) және құмдық жүйені. Рамалардың шектері бойынша буферлерді автоілініспен ілінісетін құрылғыны орналастырады. Тежеуіш жүйе қол немесе пневматикалық жетекпен жабдықталған тежеуіш қалыптардан тұрады. Ауыр локомотивтерде рельстердің басында тежеу кезінде қысылатын рельстік тежеуішті қолданады. Құмды жүйе ілінісу күшін ұлғайту және доңғалақтардың тұрып қалуын жоюға арналған.

Электровоздарды электрмен жабдықтау бірізді қызатын тұрақты тоқтың тартқыш электр қозғалтқыштарынан, қосу реостаттарынан, бақылағыштардан, жарықтандыру және қорғау аппаратурасынан тұрады. Түйіспелі электровоздары тоқалғыштармен, аккумуляторлық – тартқыш аккумуляторлық батареялармен жабдықталған.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 859. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия