Студопедия — Жұматай Жақыпбаев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұматай Жақыпбаев






1945 -1990

 

Қазақтың талантты лирик ақыны.

Жұматай Жақыпбаев 1945 жылы 30-қаңтарда қазіргі Алматы (бұрынғы Талдықорған) облысы, Ескелді ауданы, Жетісу ауылында дүниеге келген. Жетісу орта мектебін 16 жасында бітіріп, 1961 ж. бір жыл ауылдық кітапханада жұмыс істейді.

Содан соң 1961-1962 жылдары КазМУ-дың филология факультетіне оқуға түсіп, сонда оқиды. Бірақ, оны денсаулығына байланысты бітіре алмай, оқуды тастап кетеді. Баласының денсаулығына алаңдаған әкесі Сағади Жұматайды ауылына алып кетеді. Көкпар тартып, бәйгеге ат қосып, қымыз ішіп, денсаулығын түзейді.

1970 жылдан бастап сол кездегі Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінің редакциясына қызметке тұрып, онда 1979 жылға дейін жұмыс істейді. Сол жылы Алматыға келіп, жаңадан ашылып жатқан «Жалын» баспасына редакторлық жұмысқа тұрады. Содан соң қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиев талантымен жарқылдап көзге түсіп жүрген жас ақынды өзі бас редактор ретінде басқарып отырған «Жалын» альманағына қызметке алады. Жұматай «Жалын» альманағында 1985 жылдың көктеміне дейін жұмыс істейді. Содан соң Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші қызметін атқарады. Жұматай Жақыпбаев 1990 жылдың 16-қыркүйегінде кенеттен қайтыс болды.

Ақынның алғашқы жыр жинағы 1979 жылы «Жалын» баспасынан «Саратан» деген атпен жарық көрген. Содан соң «Ләйлә» (1981 ж) «Шұғынық гүл төркіні» (1984 ж.) атты өлең кітаптары да осы баспадан шығады. Оның артында қалған өлең-жырлары 1992 жылы «Жалын» баспасынан «Көктемгі хаттар» деген атпен оқырман қауымға жол тартты. Ал 2002 жылы «Атамұра» баспасынан «Ләйлә», 2005 жылы «Раритет» баспасынан «Кенежирен» деген атпен өлең кітаптары жарық көрген.

Қазақ поэзиясында ерекше қолтаңбасы айқындалып, өзіндік орынға ие болған Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылығы оқырман қауымға әлі толығымен жете қойған жоқ. Десек те, жиырмасыншы ғасырда қазақ поэзиясына лирикалық жанды әуен қосқан Жұматай Жақыпбаев жиырма бірінші ғасырдың оқырманымен де жылы қауышты. Ақынды әсіресе жас оқырмандар сүйіп оқиды.

Әлеуметтік лирикаға ден қойған талантты ақын жиырма бірінші ғасырдың көгінен қарап:

 

Ақындар кеткен заман ба, өлеңші келіп,

Осынша сұп-сұр боламыз неден шіреніп?...

Қадамын санап басқандар қай жерден шықты,

Біз, қазақ, ақын халықпыз демеуші ме едік?! – деп, ирониямен езу тартып тұрған тәрізді. Себебі рухтың әлсірегені, заманның өзгергені, капитал билеген әлемнің алдында ақындықтың иіні түсіп кеткені бүгінгі заманның ащы шындығы дерлік. Әлдекімдер сияқты айқайламай-ақ, кеуде қақпай-ақ, өзінің биязы мінезімен, сыпайы жымиысымен езу тартып тұрып былай дейді:

 

Ғашықтық тәмәм, болды ма еркелік тәмәм.

Қарардай әлем Сен құсап жеркеніп маған.

Намыс пен мұңнан, Мысырға халифа болған,

Ұбақ қыпшақтай ызадан өртеніп барам.

 

Ақын жүрегін элегиялық реңмен жарып шыққан осынау шумақта ішкі буырқаныс тосын өрнектермен жеткізіледі. Сонымен бірге жүрек дүбірін тарихи деректермен тұздықтай отырып жеткізуі де ұтымды шығып тұр. Төрт жол өлеңге халық тағдырына қатысты штрихтар да көркемдікпен кіргізілген.

Бұдан жиырма жыл бұрын дүниеден өтсе де, ақын біздің ортамызда торлғаныс құшағында буырқанып жүргендей дәл бүгінгі күннің тамырын тап басып сөйлейді, тебірене сілтеп, көзін алысқа қадайды. Ешкімді жазғырмайды, ешкімге доқ көрсетпейді, бірақ көзі ашық замандастарының жан-жүрегін жұлмалаған ащы шындықты айтпай, тағы тұра алмайды.

Бүгінгі біз өмір сүріп отырған ортаның жай-күйін, қазақ тілінің мүшкіл ахуалын, қазақ рухының тоқыраған сәттерін әлі де ішкі түйсікпен терең сезінетіндей. Шын ақынның өлеңі ескірмейді деген қағида нақ осы Жұматай шығармашылығының мазмұнынмен жете үйлесіп тұр. Махаббат деген сөздің қазақ жастарының кейінгі буынына әлдебір өткен заманның сарқыншақтарындай бір түрлі жат естілетінін ол бір-ақ ауыз сөзбен «Намыс пен мұңнан, Мысырға халифа болған, Ұбақ қыпшақтай ызадан өртеніп барам» деп, жеткізеді. Ызадан өртеніп, өңі қашпайды, қайта намыс пен мұңнан өртеніп, өзге елге халифа болған Ұбақ Қыпшақтың тарихи бейнесін алға тартады.

Міне, ақын рухының өміршеңдігі, поэзиясының сергектігі мен сезімталдылығы осындай шумақтардан көрініс тауып отырады. Ол – күйреуік те, жылауық та емес. Бірақ оқырманды ойға жетелеп, өзімен бірге қоса толғандыруға бейім.

 

Ер, көне тайпа дәстүрі оралса кері,

Қасоқтың және қасоққа жоғалса-ау кегі.

...Тәңірің сенің көбейсін, тәкаппар елім,

Алдымен сені жарылқар, сонан соң мені, – деп, ұлттық намыс пен рухани тұтастықты сақтайтын тәңірідей ұлдардың көбеюін, сонау бағзы заманалардан келе жатқан ұлттық салт-дәстүріміздің қайта оралуын жиырмасыншы ғасырда көксеген ақын даусы бүгінгі жиырма бірінші ғасырда тіптен қажет болып тұрғандай.

 

Не көріп едік көршіден зәбірден өңге,

Топырағыңды толтырған қабір мен көрге.

Сиырға сиқыр келгендей қалмақты қырған,

Саурық пен Тайлақ, Бөгенбай тәңіріден кем бе?! – деп, елі мен жерін қорғаған батырлардың асқақ рухын алдыңа тартады, тарихтың өзіне сөз бергендей шабыттана желпінеді.

 

Жер жұтпайды, ұшырмайды оны Ебі,

Ғұмыры ұзақ қол жетпейтін мәуенің.

Ертең қызыл жемістерін төгеді,

Менің кеше гүлдеп біткен әуенім, – деп, ақынның өзі айтқанындай, оның поэзия алқабынан алып ұшып, айналаға тарап бара жатқан лирикалық нәзік әуені келер күндерге эстетикалық қызмет ете бермекші. Ақынның тілегі қазақ халқының лайым қазақ аман болсын, қазақ тілі, алаш рухы аман болсын дейтін бүкіл ұлтжандыларының тілегімен, әуенімен ұштасып жатыр.

 

Жауыннан шөгіп қалмадың, жасыннан өліп,

Ұшарың сүттей, бауырың жасылға бөгіп.

Үлегі-ай жердің, қарайсың үшен шалдардай,

 

дейді ақын «Алатау» деген өлеңінде. Осы төрт жол өлеңде Жұматайдың өз бейнесі де елестеп өтетін сияқты. Ол әрбір жаңа туған ғасырды жаңа адамдармен бірге қарсы алып, солардың жан дүниесімен бірге толғанып тұрардай болып көрінеді.

 

Сары шөлде, далада өтіп сан күні,

Ғазал жазған, жаны сірі не деген!-

Азияда Сағди шайыр қаңғыды,

Тірісінде ешкім ұлы демеген.

 

Жұмыр жерге кімдер келіп, қайтпаған,

Сөзі жетпей қалған жоқ қой теңесе.

Шындықты жұрт қорыққаннан айтпаған,

Мүлде тіпті білмеген соң немесе, – деген шумақтар тарихи сананы көркемдікпен ғана тірілтіп қоймай, ұлылардың трагедиялық тағдырларынан сабақ алуға үндейтін философиялық пайымға жетелейді. Осы өлеңде де ақынның өз бейнесітағы елестеп өткендей. Жұматай Жақыпбаев мәжнүндіктен ессіз күй кешкен ерке шайыр ғана емес еді. Сұңғыла ойлы, сыры жұмбақ, жан-жақты білімді, шығыс пен батыс поэзиясын бойына сіңіріп, терең зерттеген, жапон поэзиясын жатқа айтатын, шығыстың атақты жеті шайырымен қоса, испанның Гарсиа Лоркасын, Хуан Рамон Хименесін, Италияның Франческо Петраркасын жаттап өскен терең интеллект иесі болатын. Ағылшынның Байронына еліктеп, бокс өнерімен де айналысқан кездері бар. Орыстың ұлы ақындары Пушкин мен Лермонтовты жатқа оқып, Лермонтовқа іш тартып, «Холодный гений» деп отыратын.

 

Түк қалмады әмір мен бек, қазыңнан,

Бірге кетті қазынаға жиғаны.

Неше ғасыр бізден бұрын жазылған,

Сол күйінде Әлішердің жинағы.

 

Осы өлең жолдары Жұматайдың «Өмір парыз, өлім хақ» екенін жан-дүниесімен терең түсінгенін, поэзия әлеміне дайындықпен, жауапкершілікпен келгенін көрсетеді.

Ақын әлемі айдың арғы бетіндей жұмбақ, күннің бергі бетіндей жарық. Оның әрбір өлеңі аспандағы сансыз жұлдыздардай бізге әрі жақын, әрі алыс. Ол жаңашыл, реформатор ақын болуымен қатар Ілияс Жансүгіров жырлаған «Жетісу суреттерінің» мың сан бояуын өзінің поэзиялық шығармаларына сіңіре білген қалам иесі. Замандас ақындардың арасында Жұматайдың салып кеткен өз үлгісі, өз мектебі бар.

Жұматайдың шығармашылығы әр қырынан алып зерттеуді, кірпияздықпен түсіне отырып талдауды талап етеді. Артында қалған мұрасы онша асып-тасып жатпағанымен, селкеу шыққан, көркемдігі әлжуаз болы келетін өлеңдері жоққа тән.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1640. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия