Студопедия — Ахметова Күләш
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ахметова Күләш






(1946 жылы туған)

1946 жылы 25-сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген соң, 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1972 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдаған.

Әр жылдары шыққан «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Жапырақ – жаздың жүрегі», «Мейірім», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Жасыл жағалау», «Ләйлектер қайтып келгенде», «Арғымақтар даласы», «Наурыз нұры», «Күн шыққанда, күліп оян» сынды жыр жинақтарында өзі өмір сүрген қоғамның ағы мен қарасын, жақсысы мен жаманын жырға қосып, замана сазынан сыр шертті.

«Сен – менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Жырлары мектеп оқулықтарына еніп, түркі халықтарының тілдеріне аударылған. Тәуелсіздіктің он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.

«Алалыққа орын жоқ жүрегімде, Адамдық пен адалдық – бар мұратым» деп ізгілік пен сұлулықты, тазалық пен имандылықты қатар ұстанған ақын жырлары оқырманын кіршіксіз тазалыққа үндеп, адамгершіліктің биік шыңына шақырады. «Даңқты іздемей, дақпыртты мазақ етіп, Өмір сүру – арманым міне менің» дейтін ақын «Намыс», «Жақыныңды жаралама», «Мансапқұмар», «Әдет», «Мықтылық», «Рахым», «Жақсылықтың бағасы», т.б. өлеңдерінде адамгершілік мұраттары болып табылатын мәңгілік құндылықтарды жырға қосты.

Ақын поэзиясынан үлкен орын алатын – туған жер, Отан туралы өлеңдер. Ол қанатымен су тасыған қарлығаштай туған жерге жем тасудан шаршаған емес. Туған жер туралы өлеңдердің қатарынан «Айша бибі» атты өлеңін ерекше атауға болады. Мұнда Айша бибіге күмбез тұрғызған қазақ халқына «Айтайын алғыс атынан бүкіл әйелдің, Әйелге тозбас ескерткіш қойған халқыма!» деп шексіз алғысын білдіреді. Қазақ даласын «Мәстек пен жабыларды есіртпеген, Даласы қырандар мен құландардың», «Айбынды биігі мен айдыны бар, Даласы аққулардың, ләйлектердің!» деп түсіндірсе, сондай ортада өскен ақынның «Мен қалай ілби басып күн өткізем Ылғи бір пырақтардың арасында?!» деуі де орынды. «Осы бір жер жаннатын қимас едім, Берсе де орнына оның жарты ғалам!» деуі бір Алматыға емес, туған жерге деген үлкен сүйіспеншіліктің белгісі. Қазақ даласын жырға қосқанда жалаң тамсанбай, оның арғы-бергі тарихынан да хабар беріп отырады. Туған жердің тауы, тасы, көлі, суы ғана емес, ол елдің табиғи болмысы, мінез бітімі мен бүкіл тарихы да өлеңге арқау болған. Мысалы, «Бір күнгідей болмай, тарқап кетіпті-ау, гүл сатылмай, құл сатылған базарлар» дейді «Таразға тағзым» атты өлеңінде. Осылайша, қазақтың дарқан даласын жырға қосқан ақын жалқыдан жалпыға Қазақстан, Отан деген ұғымға ауысып, «Қазақстан», «Қазағым менің» сынды өлеңдер туды. Туған жер туралы «Қызықпаймын біреудің биігіне, Елім барда, ешкімнен кем болмаспын» дейтін ақын «Бақыттымын даламмен, байтағыммен» деген тұжырым жасайды.

Соғыстан кейін туған ұрпақтың да Ұлы Отан соғысы салған жараның дерттерін жырға қосуы заңды. Ел ішіндегі жазылмас дертті көзімен көріп өскен ақын бірде майданда жоғалған жандар мен аман қалғандардың қол-аяғын жоғалтқанын қайдан табуға болар деген риторикалық сұрау тастаса, енді бірде жыраулар поэзиясының үлгісімен толғай жөнеледі. Ақын жер мен елге түскен жазылмас дерттің бәрін тек қана Отанға деген махаббат пен үлкен сағыныштың ғана емдей алатындығымен түсіндіреді.

Қазақ поэзиясындағы махаббат жырларына да ақыннның өзіндік қосары бар. «Бір нәзік сәуле» атты махаббат кітабына енген «Менің махаббатым», «Сенен басқа ешгімге ұнамаймын», «Хатқа жауап», «Жеңістер мен жеңілістер» өлеңдерінде махаббаттың нәзік сырын шертеді. «Менің бар айтқаным мен айтатыным, Тек қана махаббатыммен байланысты» дейтін ақын жырлары әйел-аналардың өмірінен сыр шертеді. Сүйген жарыңмен қол ұстасып, өмір сүрудің мәнін «Өмір» атты теңіздің қатерлі толқындарымен күресе білумен түсіндіреді. Өмірдің тек қана қуаныштардан тұрмайтынын, қуаныш пен қайғының қатар жүретінін түсіндіре келіп, «Қасіреттен, қайғы, мұңнан, наладан, Жауыздықтан, жамандықтан, жаладан» алып шығу тек сүйгеніңнің ғана қолынан келеді деп түсіндіреді.

Күләш ақын бірде тарих қойнауына үңіліп аңыз-ертегілерге жан бітірсе, енді бірде бүгінгі замандас бейнесінен шымыр оқиғалы балладар жаза білді. Оның аңызға құрылған «Бауыр» атты балладасын ерекше атауға болады. Жаужүрек жас ақынды әке-шешесімен, нағашысымен абақтыға жапқан әкім оның шешесінен тұтқындардың біріне ғана азаттық беретінін айтып, солардың бірін таңда дейді. Ол ары ойланып, бері ойланып, «Өлген анам қайтып келіп, ұл таппас, Бауырымды босатыңдар түрмеден!» деген шешім жасайды. «Таныс әже көрген жерден бұрылды» атты балладасында «Жай үй емес, жүз жыл тұрса, сыр бермес, Көзі еді бұл – ел таныған шебердің» деп ескінің бәріне топырақ шашқан кеңестік дәуірдің кемшіліктерін сынайды.

Қазақ поэзиясындағы арнау өлеңдердің қатарын ақынның әке-шешесіне, туған-туыстарына, тарихи тұлғаларға, өнер адамдарына арнап жазған арнаулары толықтырады. Ол «Шілтер» атты өлеңінде анаға деген сағынышын «Саусағыңның ізі қалған ескі тор, Сағыныштан кеткен сынды сарғайып» деп шілтерге сыйғызды.

Әйел-ана туралы қазақ поэзиясындағы жырлардың қатарын ақын қыз бір саты биікке көтерді деп айтуға болады. «Ұмытуға бола ма сол дауысты» атты өлеңінде кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына жан бітіріп, қазақ қыздарының ерлігін «Желтоқсанның дауылы шайқағанда, Құлатпады арулар ар-намысты» деп жырға қосты. Ақын табиғаты нәзік, ана болу үшін жаралған қазақ қыздарының ел басына күн туғанда намысты қолдан бермейтін қайсарлығы мен батылдығына, ержүректігіне назар аударды.

Ақынның достық, бейбітшілік туралы өлеңдерін де ерекше атауға болады. Оны «Мен туған үй» өлеңінен бастап сөз еткен жөн. Мәскеуден хабар тыңдап отыратын отбасында «Наманганның алмасына» билеп, «Манас» дастанын жаттап өскен ақынның «Барлық тілмен бауырластық мен үшін Өзім туған, өскен үйден басталған» деуі орынды.

Оның «Уақыт пен жастық жыры», «Бақыт жайлы», «Әке сөзі», «Ақын мен жердің әңгімесі», «Достық жыры» атты өлеңдері диалогқа құрылса, бірсыпыра өлеңдері монологқа құрылған. «Ұлбикенің соңғы тілегі» атты монологта ХІХ ғасырдың орта тұсында Талас өзенінің төменгі сағасында өмір сүрген Мәделіқожа, Жанкел, Сералы, Күдеріқожа сынды белгілі жүйріктермен айтысқа түскен Ұлбике атты ақын қыздың өмірінен сыр шертеді. 16-17 жасында жастайынан атастырылған Бойтанға ұзатылған қыз 22 жасында соның таяғынан қайтыс болады. «Құнымды Бойтан сұмнан сұрарсыңдар» дейтін ақын қыздың «Ақырғы рет адамнан өтінемін, Ақындарын өтуді еркелетіп» деген монологы жыр сүйер қазақ халқының ақындарға деген құрметін асқақтата түсері анық.

Адам-қоғам туралы замана сырын толғайтын туындылар егемендік тұсындағы тәуелсіз қазақ елінің күнгейі мен көлеңкелі тұстарынан хабар береді. «Ғасыр қасіреті» атты экологиялық толғауы бүгінгі толғағы жеткен мәселелерді көркем бейнелеуімен құнды. ХХ-ХХІ ғасырдың дертіне айналған экологиялық жағдайдың халық басына түсірген тақсіретін ақын жүрегі сыздай отырып жырлайды. 20-30 жылдардағы зұлмат, екінші дүние жүзілік соғыс, кеңестік дәуір тұсындағы ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерден айрылу, Семей полигоны, т.б. салдарынан жасалған бүгінгі ұрпақтың тартып жатқан тақсіретін «Әйелдердің ағарып қызыл қаны, Құлағы жоқ, қолы жоқ бала туып» деп түсіндіреді. Бірақ, осындай ауыр күндерді басынан кешкен көнтерілі қазақ халқының болашағынан үміт күткен ол «Жеңу керек ізгілік жер бетінде, Келу керек мейірімді ұлы күндер» деп оптимистік танытады.

Осындай лирикалық өлеңдерімен бірге ақын қаламынан эпикалық поэмалар да туды. Оның «Болашақ үшін» атты поэмасы қазақ әдебиетіндегі Бауыржан Момышұлы туралы үлкенді-кішілі шығармалардың қатарын толықтырады. Момышұлының «Әділетті соғыс бұл – біздің соғыс, Иесіз қалған заттарды алмаңыздар...» деген сөзімен оның тағы бір қырын ашты.

Қазақтың ақын қыздарының бірі Күләш Ахметова қазақ поэзиясының өсіп-өркендеуіне өз үлесін қоса білді. Оның сыршыл лирикалары мен эпикалық поэмаларында мәңгілік құндылықтар бірінші кезекте тұрады. Жыр сүйер қауымның сүйіп тыңдар әндерінің қатарында Күләштің «Кездесу» атты ән-өлеңін атауға болады. Осылардың бәрі ақын жырларының ғұмыры ұзақ екенін байқатады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1792. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия