Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Нұрлан Оразалин





(1947 жылы туған)

Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы ақын, драматург, қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері.

2005 жылы «Ғасырмен қоштасу» жыр кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Алматы қаласы мен Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

1947 жылы 13-маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Дихан (қазіргі Көкбастау) ауылында дүниеге келген. Ол мектепті 1965 жылы күміс медальмен бітіріп, сол жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің) филология факультетіне оқуға түседі.

Еңбек жолын 1970 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің репертуралық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1984-1986 жылдары Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының бірінші құрылтайында Одақ басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды. 1986 жылы Мәскеу қаласында өткен КСРО театр қайраткерлері одағының құрылтайында Басқарма құрамына енді.

Республикалық Жоғарғы Кеңесі сайлауында ел сеніміне ие болып, 1990-1994 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі ХІІ шақырылымының депутаты болды. Мұнда ол ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1991-1992 жылдары КСРО Жоғары Кеңесінің Жоғарғы палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары, 1993-1996 жылдар аралығында

Отыз жылдан астам уақыт ішінде Нұрлан Оразалин қаламынан көптеген көркем дүниелер туды. Әр жылдарда «Беймаза көңіл», «Көктем көші», «Жетінші құрылық», «Адамзатқа аманат», «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ», «Жүрекжарды», «Жасыл от» («Зеленый огонь» орыс тілінде), «Қоздағы шоқ» атты жыр жинақтары мен үш томдық таңдамалы жыр кітабы, «Азаттық айдыны» атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы, «Қырғын» атты драмалық шығармалар жинағы жарық көрді.

Оқырман қауымның жүрегін тербеп, ойын баураған, өз мінезі, өз үнімен дараланған жыр дүниесі ақын есімін қазіргі қазақ поэзиясының алдыңғы қатарына алып шықты.

Сондай-ақ өміріміздің қат-қабат қырлары мен сырларын талдауға, тануға ден қоятын «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Аққұс туралы аңыз» («Бойтұмар»), «Қарымта», «Қилы заман», (М.Әуезов шығармасының ізімен жазылған), «Бастықтың бір күні», «Қарақазан ғасыр», «Көктемнің соңғы кеші» тәрізді драмалық шығармалары көп жылдар бойы Қазақстан театрларында табыспен жүріп келеді. Сонымен бірге бұл туындылар теле-радио спектакльдердің арқауына айналды. «Аққұс туралы аңыз» қойылымы Ресей, Корей, Үнді жерлерінде өткен халықаралық театр байқауларының жүлдегері атанды. «Қилы заман» пьесасы М.Әуезовтың 100 жылдығына орай өткен театр фестивалінде «Ең үздік инсценировка» жүлдесіне ие болды.

Нұрлан Оразалин көркем сын мен көркем аударма салаларында да жемісті еңбек етіп келеді. Ол әр жылдарда әдебиет пен өнер мәселелеріне арнап талдау мен танымдық сипаттағы көлемді мақалалар, портреттер, эссе-толғаулар жазды. Орыс жазушысы Г.Свиридовтың «Жанкешті сапар» романын, үнді классигі Р.Тагордың «Пошта», қалмақ драматургі А.Балақаевтың «Ана жүрегі», әзірбайжан драматургы Х.Каллаудың «Зәйтүн толы құмыра», белорус драматургы А.Петрашкевичтің «Дабыл» пьесаларын қазақшаға аударған.

Ақынның «Шырақ жанған түн», «Аққұс туралы аңыз» пьесалары орыс, украин, қырғыз тілдеріне, ал өлеңдері орыс, француз, ағылшын, украин, болгар, түрік, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды.

Нұрлан Оразалин – шығармашылығымен бірге еліміздің саяси, мәдени өміріне қоян-қолтық араласып, рухани кеңістігіміз бен ұлттық ойлау жүйеміздің тұтастығын сақтауда қайраткерлік қарым танытып жүрген тұлға. Ол Мәскеу, Вашингтон, Париж, Пекин, Ыстамбұл, Баку, Ташкент, Бішкек және т.б. қалаларда өткен көптеген халықаралық форумдарда сөз сөйлеп, баяндамалар жасады. Қаламгер сонымен бірге Штаб пәтері Ыстамбул қаласына орналасқан Халықаралық ұйым – «Диалог Евразия» Платформасының Төрағасы, Қор қасынан шығатын «ДА» («Диалог Евразия») журналының алқа мүшесі. Сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы Жазушылар ұйымдары Халықаралық қауымдастығы төрағасының орынбасары, Халықаралық әдеби қордың теңтөрағасы, Орта Азия халықтары мәдени Ассамблеясының вице-президенті.

1996 жылдан бері үш дүркін қайта сайланып, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы болып қызмет етеді. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.

Өзінің алғашқы «Беймаза көңіл» жинағымен-ақ оқырман назарын аударған ол қазіргі қазақ поэзиясында өз үні бар екенін дәлелдеп келеді. Қайталанбас төл қолтаңбасы, көктемдей балауса, мамырдай балғын өз әлемі бар ақын екенін мойындата алды.

 

Өмірге мынау, өле бір ғашық болмасаң,

Өлең де, жыр да, болмас ән.

Өзегің толған кезде егер

Шалғынды кешіп,

Шашаны шыққа шалмасаң,

Аязда, қарда тоңбасаң, сүймесең желді,

Мінбесең жүйрік,

Көрмесең тауды, даланы,

Бұрқылдап ізде – жолда шаң

Өмірге мынау

Өле ғашық болмасаң...

 

– деген жолдар көркемдікпен кестеленген философиялық трактат тәрізді.

Ақынның «Құралайдың салқыны» деп аталатын кітабы көркем де терең, тегеурінді жырларға бай. Мұнда оқырман нәзік музыканың тереңінен сүзіп ішкендей әсерге бөленеді.

2006 жылы ақынның «Жазушы» баспасынан үш томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді.

«Шырақ жанған түн» деген пьесасы арқылы Н.Оразалин өзін драматург ретінде танытты. Ол пьеса бойынша сахналанған қойылымды көрермендер аса бір жылы ықыласпен қабылдаған. Өзі ақындық ауылынан біраз алыстап, – өнер өлкесін жағалаған Нұрланның театрдың белгілі қайраткері болуы осы пьесадан басталған десек, артық айтқандық емес.

«Қарақазан ғасыр» атты драмалық дастанын Нұрлан Оразалиннің ақындық творчествосының биігі деуге болады. Шығарма кейіпкерлері – жазықсыз жазаланған әке Қасым, күйеуінің жолын өмір бойы күткен әйел, жалғыз ұлын күткен Иіс әже, елдің иесіндей, киесіндей болған Едіге қарт, қара ниет, қараңғы – Қозыбақ, Берік атты әкесі айдалып кеткенде, бесікте қалған ұл сияқты кейіпкер образдары айқын. Бұлардың арақатынастары оқырманды тебірентіп әкетеді. Зұлымдықтың жеңуі, адалдықтың жазықсыз жазалануы, әже мен ананың қайғы-зары, тебіреніс, өсіп келе жатқан сәбидің жан толғанысы, әженің түстері, ананың монологтары, Едіге қарттың адалдық жолындағы әрекеттері көңілге нұр құяды. Оқырманды үміт сәулесіне бөлейтін де – осы оптимистік рух.

Көрнекті қазақ ақыны Т.Молдағалиев: «Арнасына сыймай алқынған бұлақ өзенге жетпей тоқтамас. Келе жатқан көктемді ешкім тоқтата алмайды. Сол секілді жас ақынның жанып келе жатқан талабы алау боларына сенгің келеді. Сондықтан да Нұрланды ертеңгі күннің жақсы ақындарының ішінен көргім келеді...», – деп жазды.

«Беймаза көңіл», «Көктем көші», «Жетінші құрлық» деп аталатын жыр кітаптары ақын Нұрлан Оразалиннің кезекті ақындық белестері ретінде көрінді. Көркемдікпен бірге өлеңдерінде тәрбиелік сарын да айқын болып келеді. Ақын жырлары кең өріске шығып, оқырман қауымның игілігіне айналып жатыр.

«Сенім» деген өлеңінде де халық тұлғасы былайша бейнеленген:

 

«Халық деген бір ұлы қалыпшы бар,

Қиналса да, бәріне налып, шыдар.

Халық аман болса егер, ұл тумай ма,

Қиын-қыстау күндерден алып шығар.

Ел басына сын туды. Серпіл, аға,

Соқты сенің көрінер.

Сәт сағатың!..», – дейді ақын.

 

Еліміздің тәуелсіздік алар қарсаңында, 1991 жылдың 21-тамызы күні жазылған осы өлеңінде ізгілікпен бірге сенім, болашаққа деген оптимистік рух басым.

Нұрланның табиғатқа байланысты өлеңдерінің өзі жылылыққа толы. Ол табиғаттың мәңгі көркемдігін рухани жылылықпен астастыра жырлайды. Ақын өлеңдерінің мазмұны өз өмірімен байланысты екенін байқау қиын емес. Оның лирикалық кейіпкерлері күрескер де арманшыл. Өзгенің де өзінің анаға деген ыстық ықыласы мен кіршіксіз махаббатын «Анаға хат» өлеңінің басты идеялық қазығы етіп алған. Жүрекке жылы тиетін осындай шумақтар оның поэзиясында баршылық.

Нұрлан Оразалин өлеңдерінің тілі жеңіл. Оқыған адамның жүрегінен орын алатыны көркемдік сипатының қарапайым да түсінікті болып келуіне байланысты.

Қазақ прозасында өз қолтаңбасын іздеп тапқан ақын шығармалары оқырман үшін қажет екендігі сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Нұрлан Оразалиннің шығармашылығы заманымыздың әрі көкейкесті, әрі күрделі қырлары мен сырларын бейнелеп берген, өзіндік үні бар поэзия.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1843. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия