Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оразбаев Иранбек (ИРАН-ҒАЙЫП) Әбітайұлы





(1947 жылы туған)

 

Қазақтың көрнекті лирик ақыны Оразбаев Иранбек (Иран-Ғайып) Әбітайұлы 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Абай кеңшарында дүниеге келген. Иран-Ғайып – ақынның туғанда азан шақырып қойылған есімі. 1970 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, 1980 жылы М.Горький атындағы Мәдениет институтының Жоғары курстарын бітірген. Еңбек жолын Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінен бастаған.

Ұзақ жылдар бойы мамандығы бойынша Республика көлемінде әртүрлі қызметтер атқарған. 1964 жылдан бастап Республикалық баспасөз беттерінде өлең-жырлары жариялана бастаған. Жиырмаға жуық жыр кітаптары, отызға тарта драмалық дүниелері жарық көрген. Өлең-жырлары, драмалық дастандары тек Қазақстан ғана емес, ТМД және алыс шетел оқырмандарына да таныс.

Ақын-драмматург 2003 жыл көлеміндегі айрықша еңбектері үшін, оның ішінде «Махамбет» трагедиясы үшін «Әдебиет» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Меценаттар Клубының «Тарлан» сыйлығына ие болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшәйрасының Бас жүлдегері, ¥лы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар жыр-мұшәйрасының Бас жүлдегері, Ұлы Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық Ақындар Жыр-Мүшәйрасының Бас жүлдегері, «Түркістан-1500 жыл» атты халықаралық жыр-бәйгесінің Бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, Поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің аса озық драматургиялық туындыларға жариялаған конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Иранбек Оразбаевтың 50-ден аса қазақ және орыс тілдерінде кітаптары жарық көрген. Олардың қатарында «Жүрек жырлайды» (1974), «Жеті қазына» (1977), «Түннің көзі» (1979), «Сұлулықпен сырласу» (1980), «Өмір-Өлең» (1982), «Сұлулық сарасы» (1985), «Дүниежарық» (1987), «Батқан Кеменің Бейбақтары» (1990), «Мұнар, Мұнар, Мұнарым...» (1992), «Иран бағы» (1995), «Сөз патшалығы» (1996), «Жыр әлемі» (1996), «Қорқыттың Көрі» (2001) атты және т.б. көлемді кітаптары бар.

Ақын жырларының динамикасы – Табиғат, Адам, Өмір сияқты философиялық категориялар бірлігінен құрылады да тұтас бір образға айналады. Ақын өмір жайлы уағыз айтпайды, өз күйігінен, сана сарсылтқан толғамдарынан, жүректі жарып шыққан ой-шешімдерінен арылады. Ақынның қоғамға деген көзқарасы – оның жырларының басты арқауы.

Иранбек Оразбаев шығармашылығында циклдік өлеңдер көптеп кездеседі. Мысалы, «Жеті қазына» деп аталатын циклдік өлеңі әке мен баланың диалогы түрінде берілген. Сонымен бірге өмір, күн, түн туралы да топтама өлеңдері де көркем жазылуымен назар аудартады. «Түн тұтқынымын», «Түнге айналдым», «Түннің өрті», «Негр – түннің баласы», «Түн реквиемі» деген өлеңдерінде ақын түнді символдық образ ретінде алып, оған жаңаша мағына үстейді. Мысалы, «Түнге айналдым» өлеңінде:

 

Көлеңкесіз күн кешем түніменен,

Түн көзінен табады үңілген ем.

Мен одан жастығымның түрін көрем,

Ақ махаббат көремін бүлінбеген.

Түннен мен салқынқандылық таптым ізгі

Қызу қанды күніңнен түңілген ем!..

 

Ал, «Махаббат дәптерінен», «Адыгей дәптерінен» циклдік өлеңдері тұтас бір поэма іспетті. Мұнда лирикалық қаһарман махаббатының тұтас тарихы белгілі бір жүйе бойынша суреттелген. Мұндағы оқиғаның бастауы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі айқын. Сонымен қатар лирикалық кейіпкердің ішкі сезім иірімдері, күйініш-сүйініштері, арылуы, ой түйіндері мен толғамдары жан-жақты бейнеленген. Осындай көркемдік ізденіс негізінде кейіпкердің образы толық ашылған. Лирикалық кейіпкерді автордың өзі деп білсек, ақын өлеңдеріндегі авторлық позицияның сипаты да айқын.

Ал «Мұнар, Мұнар, Мұнарым...» кітабы ұлы Мұнардың қазасына орай туған жырлар циклінен тұрады. Мұнда ақынның қайғысы мен торығуынан басқа әке махаббаты, өмір мен өлім, өмір заңдылықтары және тағы басқа мәселелер туралы философиялық толғамдары қамтылған. Мәселен «Әлди жыры» халықтық жырдың желісімен жазылған, ақынның ішкі сезім иірімдерін, белгілі бір сәттегі эмоциялық хал-ахуалын дәл және әсерлі жеткізеді.

 

Қарап қабақ-қасыма Хош айтады адамдар. Қимас өмір осы ма, Бұл итіңде не мән бар? Әлди, әлди, Әлди, Мұнар, әлди-ай.   Ғұмырыңның шолағы-ай, Есік пенен төрдейін. Бар қызығың, обал-ай, Бесік пенен көрдейін... Әлди, әлди, Әлди, Мұнар, әлди-ай.

Иранбек Оразбаев табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, саяси лирика, философиялық лирика сияқты түрлі тақырыптарға қалам тартқан. Атап айтсақ,.

Махаббат лирикасында жастық шақтағы асқақ сезім туралы, адал достық жайында жырлармен қатар, ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік те көркем бейнеленеді. Табиғат лирикасында ақын табиғатқа жан бітіріп, табиғат көріністерін өзінше топшылап, ой қорытып, соны өлеңдеріне өзек етеді. Мысалы, «Сәт» атты өлеңі:

 

...Бұлақ – балдыз сыңғырлар сайға қашып,

Дүние тұр сан алуан майдан ашып.

Өліара көктем – жігіт өліп-өшіп,

Нәзік нұр-махаббатпен аймаласып.

 

Самайын қырау шалған, жүзін – қаяу,

Қайда безіп барады күзім жаяу?!.

О, ғажап! –

Көктем мен нұр қыр төсіне,

Аңдамай төгіп алды қызыл бояу!..

 

Ақынның табиғат лирикасы бейнелілікке, образға толы, табиғаттың жанды динамикасы шебер суреттелген. Сондай-ақ адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, әлемді жаратушы құдіретті күш бір ғана құдайдың қолында екендігін мойындайды және оқырманына да мойындата жырлайды.

Ақынның балаларына, қоғам қайраткерлеріне, өнер адамдарына, өзінің замандастарына, ұстаздарына арнаған өлеңдері («Абайға», Фариза Оңғарсыноваға, «Олжасқа», «Ақын қазасына» (М.Мақатаевқа), «Мәңгілік жыры» (Ж.Нәжімеденовке), «Ақын жатыр» (З.Шүкіровке), Алтыншаш Жағановаға, және т.б.) біршама.

Иранбек Оразбаев шығармашылығындағы түрлік-пішіндік ізденістер де едәуір. Мәселен, «Позия құрбан», «Көзсіз сүю, ессіз сүю» сияқты жырларына ақын Жыр гүлтәжі деп айдар тағады. «Алатаға» – өлеңмен жазылған аңыз, «Жастық шақ» – триптих, «Комета ағып келеді» туындысы – фантастикалық скетч. Бұл туындылардың бәрі ақын қаламының қарымдылығын, ізденімпаздығын аңғартады.

Ақын өлеңдері көркемдік ерекшеліктерге толы. Логикалық қуаты басым, iшкi иiрiмі жымдасқан, әрбір өлең бiр нақты ойды береді. Назар аударатын тағы бір жайт – Иранбек Оразбаевта сюжетсiз өлеңдер жоқтың қасы. Поэзия деп аталатын шалқар дарияның қай саласына түссе де, ақын екінің бірі байқай бермейтiн, байқаса да, жеріне жеткізе суреттеп бере алмайтын сюжет жасаудың шебері. Жыр ұйқасымен жазылған өлеңдері де аз емес. Абайдың «Бойы бұлғаң», «Сегіз аяқ» өлеңдері үлгісінде жазған жырлары да бар.

 

Көрді де көзің,

Баурады сезім-

Білегіңді арттың мойынға!

Орайын тапты,

Қолыңды қақты -

Секем жоқ сұлу ойында.

Күдеріңді үздің,

Күніндей күздің-

Суынып аяқ астынан:

Соныңды сезіп,

Бағыңнан безіп-

Барады қашып жастық ән.

 

Ақынның эпикалық туындылары, негізінен, махаббат, соғыс пен бейбітшілік, Отанға деген адалдық, болашаққа деген сенім сияқты мәңгілік тақырыптарға арналған. «Шолақ ата мен Шырын», «Екі ғасыр» (поэма-диалог), «Эскиздер» (публицистикалық поэма) көлемі тұрғысынан шағын болғанымен, айтар ойы, көтерген жүгі қомақты. Мәселен, «Екі ғасыр» деп аталатын поэма-диалогы формалық жағынан да, мағыналық жағынан да Ахмет Ясауидің «Пейіш пен тозақтың айтысы» хикметімен ұқсас келеді. Поэма жиырмасыншы ғасырдың адамзат өміріндегі мәні туралы Позитив пен Негативтің айтыс-диалогы түрінде жазылған.

Иранбек Оразбаев жалпы саны 34 пьеса жазған. Соның 32-і өлеңмен жазылған. Драмалық шығармаларды өлеңмен жазу әркімнің қолынан келе бермейтіні де рас. «Хайуандық комедиясы» (трагедия), «Күшігінен таланған» (трагедия), «Керкеткен» (Шер-Шемен), «Мен ішпеген у бар ма?» (реквием), «Бөшке» (драма), «Мауглидің оралуы» (Шер-нама), “Қанына тартқан қыңырлар”, “Қорқыттың көрі” пьесалары автордың таңдаулы драмалық шығармаларына жатады. Бұлардың бірқатары аңыз желісінде жазылған. Олар қазақ драматургиясында тың сарын, жаңа ойлардың тууына ықпалын тигізген туындылар болды.

Иранбек Оразбаевтың аударма саласындағы еңбегі де ерекше атап өтуге тұрарлық. Аударма ісімен жүйелі айналысқан ақын әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің көптеген өлең-жырларын қазақша сөйлеткен. Атап айтар болсақ, Данте Алигери, Тарас Шевченко, Адам Мицкевич, Ованес Шираз, Владимир Маяковский, Мамед Исмаил, Белла Ахмадуллина, Михаил Юхма, Герт Хайндирайх, Алма Қаңлыбаева, Глатон Ойунский, Ида Вербер және көптеген ақындардың таңдаулы өлеңдері қазақ оқырманына Иран-Ғайып аудармалары арқылы жетті. «Іздеп таптым сені...» аударма мелодрамасы бар.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3530. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия