Процедураны қолдану
Згідно розрахунків, сума витрат замовника на дизайн інтер'єру кімнати для молодої дівчини площею 16,9 м ² - 57736,59 грн.
Дістемелік нұсқау Программада бір инструкцияны бірнеше рет қайталамау үшін процедураларды қолданып және программаның қажет болған жерінде процедураны шақыру инструкциясын көрсету керек. Жалпы түрде программисттің процедурасын сипаттау келесі түрдегідейй болады: Procedure Атауы(var параметр1:тип1); Var {процедураның ішкі параметрлері сипатталады} Begin {процедураның инструкциялары жазылады} End; Мұндағы Procedure – Pascal тілінің кілттік сөзі; Атауы – процедураның аты, Begin және End арасында орналасқан инструкцияны шақырады; параметр1 – процедураның инструкциясында қолданылатын айнымалы; Параметрлер процедураға ақпаратты және процедурадан программаға жеткізу үшін қолданылады. Төменде экранға символдарды шығаратын Line процедурасының сипатталуы көрсетілген. Процедурада екі параметр беріледі: бірінші (n) параметрі шығарылатын жолдың ұзындығын көрсетеді, екінші (c) параметрі – символ. Procedure Line(n:integer;c:char); Var I:integer; Begin For i:=1 to n do write(c); Writeln; End; Мысал 1: Кестені құру үшін қолданылатын Line30 процедурасын қолданып программа құру. Program pr1; {программисттің процедурасы} procedure Line30; Var i:integer; Begin for i:=1 to 30 do write(‘-’); writeln; end; {негізгі программа} Var x:integer; y:real; Begin writeln(‘1-н 10-ға дейінгі сандар логарифмінің кестесі’); Line30; for x:=1 to 10 do begin y:=ln(x); {x логарифмін есептейтін функция} writeln(x:3,y:8:3); end; Line30; End. Осы программа орындалғаннан кейін экранға келесі мәліметтер шығады: 1-н 10-ға дейінгі сандар логарифмінің кестесі ------------------------------ 1 0.000 2 0.693 3 1.099 4 1.386 5 1.609 6 1.792 7 1.946 8 2.079 9 2.197 10 2.303 ------------------------------ Негізгі программа және программистпен анықталған процедура келесі түрде өзара әрекеттеседі (1-сурет). Егер негізгі программаның жұмыс істеу кезінде процедура шақырылған болса, негізгі программа жұмысын тоқтатады да, процедураның қызметі іске асады. Процедураның жұмысы аяқталғаннан кейін программа әрі қарай жалғасады. Негізі программа Процедура
1-сурет. Негізгі программа және программистпен анықталған процедураның байланыстары. Процедураны қолдану Процедураны шақыру инструкциясы келесі түрде жазылады: Атауы(ПараметрлерТізімі); Мұндағы Атауы – шақырылатын процедураның аты; ПараметрлерТізімі – бұл жерде айнымалылар, константалар немесе өрнектер қолданылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетіліп кеткен мысалдағы Line процедурасын шақыру былай жазылуы мүмкін: Line(30,’-’); Line(n+2,’*’); Line(n,ch); Мысал 2: Квадраттық түбірдің кестесін шығару программасын құру. Кестені құру үшін Line процедурасы қолданылады. Program pr2; Var I:integer; {программисттің процедурасы} procedure Line(n:integer; c:char); var i:integer; Begin For i:=1 to n do write(c); Writeln; End; {негізгі программа} Begin writeln(‘Квадраттық түбірдің кесте’); Line(14,’=’); Writeln(‘Мәні Түбірі’); Line(14,’=’); For i:=1 to 5 do Begin Writeln(i:5,’ ‘,sqrt(i):6:3); Line(14,’-’); End; End. Программа орындалғаннан кейін экранға келесі мәліметтер шығады: Квадраттық түбірдің кесте ============== Мәні Түбірі ============== 1 1.000 ------------------------ 2 1.414 ------------------------ 3 1.732 ------------------------ 4 2.000 ------------------------ 5 2.236 ------------------------
|