Студопедия — Внутренние болезни_каз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Внутренние болезни_каз






 

$$$001

Науқас 21 жаста. Бетіндегі бөртпелерге, шашының түсуіне, айқын әлсіздікке, ауыз қуысындағы жараларға, дене температурасының 38,80С жоғарылауына, кейде мұрыннан қан кетуге шағымданады. Объективті: мұрын, бет аймағында эритематозды бөртпелер, ернінде ойық жаралар. ЖҚА: Нв - 90 г/л, эритр. - 3,4*1012г/л, лейк.- 3,8*109/л, ЭТЖ- 36 мм/сағ. РФ- 15,4 IU/ml, СРБ - 2,4 мг/л, ЖЗА: белок - 0,4, лейк. - 1-2 көру алаңында, эритр.- 0-1-2 көру алаңында. Антинуклеарлы антиденелер- 4,83 пг/мл (қалыпты 0,9 кем); денатурирленген ДНҚ антиденелер - 200 МЕ/мл жоғары (25 МЕ/мл кем). Төмендегі дианоздардың қайсысы неғұрлым болжамды:

A) Дерматомиозит

B) Такаясу ауруы

C) Шегрен ауруы

D) Жүйелі склеродермия

E) Жүйелі қызыл жегі

{Дұрыс жауап} = E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Ревматология: Нац. рук-во / ред.Насонов Е.Л.; ред Насонова В.А. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007, 2008. - 720 с.)ә

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$002

Ревматоидты артритте буын ішіне глюкокортикоидтарды енгізуге көрсеткіш болып табылады:

A) Буындардың ауырсынуы

B) Буын саңылауының тарылуы

C) Моноартрит синовитпен

D) Екінші ретті остеоартроз

E) Буын маңындағы тіндердің зақымдануы

{Дұрыс жауап} = С

{Қиындығы} = 2

{Оқулық} = (Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство для врачей / В.С.Моисеев. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008г. – 832с.; Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов. Т. 1-10. М., Мед., 2010г.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

 

$$$004

Науқаста көп жылдар бойы кезеңдік бұлшықет әлсіздігі, миалгия, бетінде, қолында эритематозды бөртпеллер байқалады. Қанында миозит спецификалық антиденелер табылады. Науқастық болжам диагнозы:

A) ревматоидты артрит

B) жедел ревматизмдік қызба

C) созылмалы дерматомиозит

D) деформациялық остеоартроз

E) созылмалы жайылмалы қызыл жиегі

{Дұрыс жауап} = С

{Қиындығы} = 3

{Оқулық} = (Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство для врачей / В.С.Моисеев. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008г. – 832с.; Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов. Т. 1-10. М., Мед., 2010г.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

$$$005

38 жастағы науқаста кей кезде АҚ 200/120 мм сын. бағ. дейін жоғарылауы анықталады. Анамнезінен: жүктілік кезінде мерзімінен бұрын босанып, өлі ұрықпен аяқталған ауыр нефропатия. 30 жасында ишемиялық инсультты басынан өткерген. Қарағанда: торлы ливедо, АҚ 180/110 мм сын.бағ. Зерттегенде-аздаған зәр тұнбасы бар протеинурия 0,23 г/л, антикардиолипді антиденелер 34,1 МЕ (қалыпты 23 МЕ дейін). Төмендегі дианоздардың қайсысы неғұрлым болжамды?

A) Түйінді полиартериит

B) Созылмалы гломерулонефрит

C) Криоглобулинемиялық вакулит

D) Біріншілік антифософолипидті синдром

E) Екіншілік антифософолипидті синдром

{Дұрыс жуауп} = D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Ревматология: Нац. рук-во / ред.Насонов Е.Л.; ред Насонова В.А. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007, 2008. - 720 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

39 жасар науқас «бетінің маска тәрізділенуіне», қол басы маңы терісінің қатаюына, саусақтарының қысқаруына, дисфагия, жиі бас айналуға, олигоурияға шағымданады. Сырқаттанғанына 2 жыл, суықтанумен байланыстырады. Соңғы аптада жағдайының нашарлап, АҚ 220/100 мм сын.бағ. жоғарылауымен, бел аймағында ауырсынулар, аяғында массивті ісінулер пайда болған. Қан анализінде: Нв - 82 г/л, эритр. - 3,1*1012г/л, лейк.- 3,8*109/л, ЭТЖ- 45 мм/сағ. Зәр анализінде: оксипролин экскрециясының жоғарылауы, белок- 1,65г/л. Эр – 8-10, цил-5-6. Биохимиялық сынамада: креатинин 283 ммоль/л, несепнәр 18,9 ммоль/л, жалпы белок 50 г/л. Осы жағдайда науқастың жағдайының ауырлауын немен түсіндіруге болады:

A) Шынайы склеродермиялық бүйректің туындауы

B) Жегілік нефриттің туындауы

C) Созылмалы пиелонефриттің өршуі

D) Гемолитико-уремиялық синдромның дамуы

E) Бүйрек артериясының тромбозы туындады

{Дұрыс жуауп} = А

{Күрделілігі}=3

Каз

Терапия 01

Тақырыбы «Ішкі аурулар» 01

Тақырып ішілік «Ревматология» 04_

$$$001

Жүректің ревматизмдің ауруы, стеноз басымдылығымен жұптасқан митральді ақау, ЖШ ФКII (NYHA) диагнозымен ем қабылдап жатқан науқаста кенеттен тұншығу, аз мөлшердегі шырышты қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Обьективті: ортопноэ, ТАЖ 33 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды майда көпіршікті ылғалды сырылдар, ЖСЖ 120 рет мин., АҚ 110/70 мм сын.бағ. Дамыған асқыну:

A) Үлкен қан айналым шеңберіндегі іркіліс

B) Өкпе шемені

C) Бронхоспазм

D) Коронар тамырларының түйілуі

E) Ми сауыты ішілік қысымның жоғарылауы

{Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Национальное руководство. Ревматология. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой. Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

40 жастағы науқас, ауызының, көзінің құрғауына, көздеріндегі «құм» сезіміне, құрғақ жөтелге, аяқтарында майда нүктелі бөртпелердің пайда болуына, құлақ маңы және жақ асты сілекей бездерінің ісініп ауырсынуына шағымданады. Тексеру барысында лимфоаденопатия және гепатомегалия анықталды. ҚБА: жалпы белок - 85г/л, гипергаммаглобулинемия, СРБ+++, РФ 1:1280. қанның иммундық тексеруінде (ИИК) криоглобулинемия. Сиалография: көлемі 1,5 мм сиалоэктазалар. Қолдануға тиімді дәрмек:

A) Азатиоприн

B) Преднизолон

C) Ритуксимаб

D) Сульфасалазин

E) Метотрексат

{Дұрыс жауабы}=С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Ревматология. Под ред.Е.Л. Насонова. М.:2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

24 жасар науқаста сол тізе, тобық буындарының ауыруы, ісінуі, қозғалысының шектелуі; дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, кіші дәретінің ауырсынумен бөлінуі байқалады. Обьективті: сол тізе, тобық буындары ісіңкі, сипағанда ыстық, ауырсынады; оң өкше сүйегі мен сіңірі де ауырсынады. Қан анализінде: Нв-130 г/л, эр-3,8 млн., лейк-10 мың., ЭТЖ-46 мм/сағ, СРБ (+++). РФ латекс тестпен 1:10. Осы жағдайда емдеуге қажет дәрмек:

A) алтын дәрмегі

B) Қабынуға қарсы дәрмек

C) Цитостатик

D) Макролид тобының антибиотигі

E) хинолинді дәрмек

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(А.Н.Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Том-2. Москва. Мед.литература. 2010.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

Каз

Терапия 01

Тема «Ішкі аурулар» 01

Тақырып ішілік «Ревматология» 04_

$$$001

30 жасар науқаста тұмаудан кейін бұлшық еттерінің ауыруы, бұлшық ет әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аз физикалық күштемеде ентігу, жоғарғы қабақтарында эритемалық бөртпе, дауысының қарлығуы, дисфагия анықталды. Обьективті: аяғын сүйреп басады, қабақтары ісіңкі, жоғарғы қабағында, мұрын қанаттарында, «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер анықталды. Иық, сан бұлшық еттерін сипағанда ауырсынады, қолды жоғары көтеруі қиын. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 мин. Қан анализінде: эр. 4,5 млн., Нв110 г/л, лейк.7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ. Диагнозды қою үшін арнайы және сезімталдылығы жоғары тексерулерді көрсетіңіз:

A) КФК, КФК БЕ фракциясының, ЛДГ деңгейінің артуы

B) ЭТЖ жоғарылауы

C) қос спиральді ДНҚ антидененің артуы

D) ревматоидты фактор титрінің жоғарылауы

E) лейкоцитоз

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Национальное руководство. Ревматология. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой. Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

16 жастағы науқасты ірі буындарының ауыруы, субфебрильді температура мазалайды. Басының ауыруы, айналуы, көз көруінің күрт нашарлауы, дене қызуының 380С дейін көтерілуі қосылды. Об-ті: жүрек шекаралары солға ығысқан, барлық тыңдау нүктелерінде мойын тамырларына, құрсақтық аортаға таралатын систолалық шу естіледі. Сол жақ білезік артериясында пульс әлсіз, АҚ оң қолында 230/130 мм.сын.бағ., сол қолында 150/130 мм.сын.бағ., аяқтарында 220/110 мм.сын.бағ. Көз түбі тамырларының өзгеруі. Осы жағдайда тағайындаған дұрыс:

А) Қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектерді

В) Цитостатиктерді

С) Антикоагулянттарды

D) Аминохинолин туындыларын

Е) Кортикостероидтарды

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Ревматология. Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

23 жастағы науқас арқасының төменгі бөлігінің және жамбас-сан буындарының күшті ауыруына шағымданды. Рентгендік зерттеуде сегізкөз-мықын қосындыларының жіктерінің тарылуы мен контурларының біркелкі еместігі анықталды. Ең тиімді емдік тактьика:

A) преднизолон + метотрексат

B) преднизолон + диклофенак

C) ритуксимаб + метотрексат

D) алтын дәрмектері + ҚҚСЕД

E) циклоспорин + преднизолон

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(А.Н.Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Том-2. Москва. Мед.литература. 2010г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

Каз Ревматология 1 вариант

Каз

 

$$$001

36 жастағы науқас буындардың және бүйректің (нефротикалық синдром) зақымдануымен жүретін жүйелі қызыл жегі ауруының өршуіне байланысты үш аптадан бері 60 мг тәулігіне преднизолон қабылдайды. Төмендегі аталғандардың қайсысы емдеудін асқынуы болып табылады:

A) Гипергликемия

B) Рейно синдромы

C) Мұрын мен ұрттағы эритема

D) Қандағы ақуыз мөлшері 55г/л (5,5г %)

E) Тромбоцитопения

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі} -2

{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Ревматология. Под.ред. Е.Л.Насонова М.:2006г., 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$002

38 жастағы әйел адамда 10 жылдан бері салқынға қол саусақтарының ауырсынуы, бозаруы болады. Соңғы жылда осы өзгерістер айқындала түскен, қол басы ұсақ саусақтарының және білезік буындарындарының артритінің белгілері, қою тамақты жұтынуының қиындауы пайда болған. Қан сараптамасында:ЭТЖ 40мм/сағ, бірен- саран жегілік жасушалар. Жүргізілген зерттеулерге байланысты қандай болжам диагнозын негіздеуге болады:

A) Ревматоидты артрит

B) Өңеш ісігі

C) Дерматомиозит

D) Жүйелі склеродермия

E) Жүйелі қызыл жегі

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі} -2

{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Ревматология. Под.ред. Е.Л.Насонова М.:2006г., 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$003

28 жастағы жүйелі қызыл жегімен ауратын науқас, ұзақ уақыт бойы тәулігіне

15 мг преднизалон қабылдайды. Қызба, бет эритемасы, бас ауру, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, парестезия шағымдарымен стационарға жақызылды. Тексеру кезінде нефротикалық синдром, қандағы комплементтердің құрамының төмендеуі, нативті ДНҚ антиденелерінің жоғары титрі, лейкопения анықталды. Жағдайының нашарлауына эндометритпен асқынған медициналық түсік себеп болған. Қандай дәрілік ем тағайындаған дұрыс?

A) Д – пеницилламин

B) Метотрексат

С) Метилпреднизалонмен пульс-терапия

D) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

E) Инфлексимаб

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі} -2

{Оқулық}=Клинические рекомендации. Ревматология. Под.ред. Е.Л.Насонова М.:2006г., 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$004

22 жастағы әйел оң жақ шынтақ білезік, оң жақ тізе және балтыр табан буындарының қатты ауырсынуына шағым айтады.Аяқ және қол терілерінде петихиальдық және везикулапустулездік бөртпелер бар. Қарау кезінде буын айналасы тканінің ісінуіне байланысты ауырсыну және ісік анықталады, бірақ буын көлемі ұлғаймаған. Алғашқыда қандай зерттеулерді жүргізген дұрыс?

A) Буындардың рентгенографиясы

B) Синовий сұйықтықтығын зерттеу

C) АНФ (антинуклеорлы факторды) анықтау

D) РФ (ревматоидтық факторды) анықтау

E) Cl.trachomatis анықтау

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі} -3

{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Ревматология. Под.ред. Е.Л.Насонова М.:2006г., 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$005

62 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, қабақтардың үстіндегі,екі қол саусақтардағы эритематозды бөртпелерге шағым айтады. Осы көріністердің пайда болуын 3 ай болған, соңғы екі аптада проксимальды бұлшықет тобының әлсіздігінің күшейюіне, миалгия мен артралгияның пайда болуына көңіл бөлген. Қан анализінде: АСТ,АЛТ және КФК аздап жоғарылаған. Диагнозды нақтылау үшін негізгі тексеру әдісін жүргізу керек:

A) Бұлшық еттік биопсия

B) Магнитті-резонанысты томография

C) Электромиография

D) Қан тамырларынін допплерографиясы

E) Капилляроскопия

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі} -3

{Оқулық}= (Клинические рекомендации. Ревматология. Под.ред. Е.Л.Насонова М.:2006г., 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

40 жастағы әйел, білезіктегі ісінуге және ауырсынуға, қол саусақтарының және аяқ басының таңертеңгілік мезгілде екі сағаттан көп құрысуы, жалпы әлсіздікке, шаршаудың күшеюі 8 аптадан бері мазалайды. Ибупрофен 800 – 1200 мг /тәулігіне мөлшерде қабылдайды, тұрақты әсері болмайды. Қарағанда: Білезік аймағының жәнеекі қол саусақтарының ісінуі және ауырсынуы,жүрісінің өзгеруі. Қан талдауы:анемия, ЭТЖ - 56 мм/сағатқа дейін жоғарлауы.АНФ 1:40, РФ теріс, анти-ЦПП антидене оң мәнді. Рентгенограммада саусақтардың периартикулярлы остеопениясы анықталады. Мүмкін болатын базистік терапия

A) Преднизалон (монотерапия)

B) Сульфасалазин(монотерапия)

C) Метотрексат(монотерапия)

D) Гидроксихлорохин(монотерапия)

E) Метотрексат және инфликсимаб (антагонист ФНО)

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі} -3

{Оқулық}= (Клинические рекомендации. Ревматология. Под.ред. Е.Л.Насонова М.:2006г., 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1173. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия