Ндірісті басқару ғылымының мазмұны
ГОУВПО «Воронежский государственный технический университет» 394026 Воронеж, Московский просп., 14
Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері Ндірісті басқару ғылымының мазмұны Басқару әдістерінің жиынтығы Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды. Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны - бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс. Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады. Қорытындысында адамдардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулері - басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасыретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бірі қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара ықпалдасуының жиынтығы басқару субъектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады. Басқару қатынасы қандай түрге немесе тұрпатқа (типке) жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады. Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің - басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретіңде қарастырылады. Оның алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын - мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды және т.б. білдіреді. Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі - Ф. Энгельс заттарды бақару деп анықтаған еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады. Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі: а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару; ә) еңбек құралдарын (затты) басқару. Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді.Басқарудың қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша айтқанда, өндірісті басқару - бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару. Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша ерекшелігі мынада: ол коғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен айналысады. Мұның себебі, адам өндірістік процесте бірлескен еңбек процесінің тек қатысушысы ғана болып қалмайды, сонымен бірге ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да. Ал, адам әлеуметтік тұлға болғандықтан оған әр қилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. тән. К. Маркс өзінің «Фейербах туралы тезисінде»: адам - қоғамдық қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген. Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай-басқару қатынасы басқару ғылымының мазмұны болып табылады.Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал ету процесінде адамдардың және адамдардың тұрақты өзара байланыстары мен өзара әрекеттсрінің күрделі кешенін білдіреді. Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша жіктеледі. Олар мыналарға бөлінеді: басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің арасықдағы қатынасқа; басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (бас- Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді: салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас; территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас; салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың арасындағы қатынас; аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың арасындағы қатынас; территориялық-салалық. Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойьнша жай және күрделі деп бөлуге болады. ндірісті басқару ғылымының мазмұны Өндірісті басқару процесінде адамдардың мақсатты қызметінің формалары мен әдістерін, міндетті істерін (функцияларын), принциптерін әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару ғылымының мазмұны болып табылады. Өндірісті басқару ғылымының міндеті - өндірісті басқару қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу. Өндірісті басқару теориясы - кешенді білім жүйесі. Ол мына бөлімдерге бөлінеді: • Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың заңдылықтары мен принциптері ашып көрсетіледі. • Өндірістің басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару жүйесінің ұйымдастыру формалары, басқару функциясы мен кұрылымы, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру сөз болады. • Ықпал етудің тұтқалары мен кұралдарының жиынтығы ретінде басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім. Мұнда басқарудың әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық экономикалық тетіктері, олардың жиынтығы және ықпалдасуы қарастырылады, • Басқару процестері, олардың ерекшеліктері, басқару процесінің динамикасы, әдістері туралы ілім; басқару процесінің синтезі секілді ақпаратпен қамтамасыз ету және шешім. • Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару өнері, сондай-ақ тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары сөз болады. Өндірісті басқару ғылымы теориясының даму негізін құрайтын іс-тәжірибенің талап етуі арқылы пайда болады. Өндірісті баскару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады. Басқару - бұл ғылым мен өнер, онда объективтілік пен даралық (индивидуальность) ұштастырылады. Тұтастай алғанда XX ғасырдағы басқару туралы ғылымның дамуын шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады: - 50-ші жылдары - таза басқарушылық шешімдер кезеңі; - 60-ші жылдары - фирма ішіндегі ұзақ мерзімді жоспарлау; - 70-ші жылдары - стратегиялық жоспарлау; - 80-ші жылдары - стратегиялық менеджмент; - 90-ші жылдары - стратегиялық процестерді зерттеуге
|