Терроризм қалай пайда болды
Терроризм деген не? Бұл туралы Британ энциклопедиясында мына төмендегіше анықтама бар: «Терроризм белгілі бір саяси мақсат үшін жүйелі түрде озбырлық жасау арқылы жұртшылық арасында жалпылама үрей туғызу. Террорды – оңшыл, сондай-ақ солшыл саяси ұйымдар да, ұлттық және діни топтар да, революционерлер де, тіпті қарулы күш, қауіпсіздік қызметі, полиция сияқты мемлекеттік мекемелер де пайдаланып келеді». Бұл айтылғандардан терроризмнің тек дін ұстаушыларға ғана қатысты емес екенін көреміз. АҚШ-тың Федералдық құқықтық ережелінде терроризмге былайша анықтама беріледі: «…Жеке басына, не мүлкіне заңсыз күш жұмсау арқылы үрей туғызу, сондай-ақ мемлекетті, жұртшылықты, солардың бір құрамын қандай да бір саяси немесе әлеуметтік талаптарды орындауға мәжбүрлеу». Пайда болуы әрі көздеген мақсатына қарай АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы терроризмді ішкі және халықаралық деп екіге бөледі. Ішкі терроризм – тек Құрама Штаттардың немесе сол мемлекеттердің аумағында, шетелдіктердің қатысуынсыз тек Құрама Штаттардың ішінде ғана жеке тұлғаларға, не топтарға заңсыз күш жұмсау арқылы қауіп төндіре отырып, жұртшылықты немесе олардың бір бөлігін қандай да бір саяси немесе әлеуметтік талаптарды орындауға мәжбүрлеу. Халықаралық терроризм – АҚШ немесе басқа мемлекеттердің қылмыстан қорғау заңдылықтарын бұзатын, не бұза алатын, адам өміріне қауіпті зорлық әрекет. Осындай әрекетпен жұртшылықты үрейлендіре отырып, үкіметтің саясатына ықпал ету, белгілі тұлғаларды не ұрлап, не өлтіріп кету арқылы үкіметтің шешімін өзгерту. Террор терминін ХVII ғасырдың аяғында француз революционерлері өздерінің қарсыластарын жазалау кезінде Якобин партиясының жетекшісі Макимелена Робиспиера қолданды. Якобондықтар 12000 адамды өлтірді. Олардың көбісі түкке тұрмайтын айыптың құрбаны еді. Террорлық әрекет әскери жауапкершілік немесе партизандық әрекеттерден өзгеше. Терроризм – тұрақты түрде зорлық-зомбылық көрсету арқылы туады. Террористер жұртшылықтың көңілін өзгеше аудару үшін, грамматикалық жақсы дайындалған шабуылдармен ұшақты және басқа көлік түрлерін алып кету, адамдарды ұрлау және кепілдікке ұстау әр қандай көліктер мен ғимараттарды қопару, жағып жіберу, т.б. әрекеттермен ұшындыра түседі. Террористер өздерін еркін сезінетін – дүкендер, мектептер, вокзалдар, түнгі клубтар сияқты неғұрлым көбірек бас қосқан көпшілік орындар, олардың террорлық әрекеттерінің нысандары болып табылады. Террористердің бағытталған әрекеттерінің нәтижесінде адамдар қауіпсіздік жағдайын түгелдей жоғалтып, үкіметтен террористердің ұсыныстарын орындауды талап ете бастайды. Террористер зорлық әрекеттеріне өз ұйымдарының мақсаттарын уағыздау тұрғысынан да қарайды. Олар үшін жазықсыз жандарды өлтіру, банкілерді тонау, адамдарды ұрлап кету, қақтығыстар ұйымдастыру саяси күрестің бір түрі. Сондықтан олар үшін бір күннің ішіндегі болған топалаңның дақпырты, миллиондаған парақтар арқылы тараған даңғаза хабардан әлдеқайда мәнді. Бұқаралық ақпарат құралдарының «Терроризм ХХ ғасыр обасы» деп айдар тағып, бадырайтып көрсететіндей терроризм – адамзат тарихындағы жаңа көрініс емес. Терроризм дүние жүзіндегі барлық тарихи кезеңдерде пайдаланып келген. Гректің ежелгі тарихшысы Ксенофен дұшпан еліне психологиялық соғысты қолданудың да жақсы нәтиже беретінін айтқан. Рим императорлары Гиберий мен Калигула оппозициялық қарсыластарын түбегейлі басып тастау үшін, оларды қудалап қана қоймай, жаппай өлтіріп, мал-мүлкін таратып алуды сенімді тәсіл ретінде пайдаланған. Сонымен дәлелді мысал ретінде, терроризмнің еш ұлтқа немесе дінге тән еместігіне айғақ болатын соңғы ғасырлардағы оқиғалар желісіне көңіл аударуға болады: 1886 жылы Чикагода көшеге шыққан көпшілік шеруенде американдық террористердің жарған бомбасы 7 полиция қызметкерін өлтіріп, 67 адамды жарақаттады. 1946 жылы еврей террористері Иерусалимдегі «Кинг-Дэвид» қонақ үйін қопарып, 90 британдық жауынгерлердің тағы басқа британдық, еврей және араб бейбіт азаматтарының өліміне себепкер болды. 1970 жылдан бері Испаниядағы баскиндік террористер бомба жару, кісі өлтіру сияқты лаңкестік әреттерін күні бүгінге дейін жалғастыруда. ХХI ғасырдың басында әлемдік саяси–мәндегі басты ерекшелік - ланкестіктің адам өміріне қаупінің бұрын-сонды болып көрмеген дәрежеде етек алуы. Тіптен мемлекетаралық этникалық қақтығыстар мен локалды соғыстарға қарағанда қандай мемлекетке болмасын терроризм қаупі басым бола түсуде. Ол әлемдік тарихтың жаңа қауіпті феноменіне айналды. Оның шексіз әділетсіздігі көп жағдайда жазықсыз, бейбіт адамдардың өмірлеріне қауіп төндіруінде. Соңғы он жылдықта лаңкестік әрекеттер ондаған мың адам өмірін киып, миллиардтаған доллар материалдық шығындар әкелгені белгілі. Ресми деректер бойынша 2002 жылы 8 айда ғана 390 болып, онда 4776 адам каза болған 1992 жылдан бастап терактілер саны жыл сайын шамамен 10 пайызға жуық артып отырған. Терактілер құрбандары АҚШ-тың, Ресейдін, Пәкістанның, Индонезияның, Жапонияның, Ирактың, Түрқияның, Испанияның т.б. елдердің бейбіт халқы, бейқам тұрғындары. Жазықсыз жандар саяси текетірестің құрбаны болуда. Халықаралық лаңкестік, ең алдымен, кез келген мемлекеттің саяси демократиялық негіздеріне орасан қауіп төндіреді. Олардың ешкімді аямайтындығын, айуандыққа салынған қара долы күш екендіктерін Россияның Солтүстік Осетиясындағы Беслан қаласында болған 2004 жылы 1 қырқүйектегі оқиғалар дәлелдеп береді. Лаңкестердің 1150-ден астам нәрестелер, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналарды кепілдікке алуы бүткіл әлемді түршіктірді. Жазықсыз жандар мектеп ішінде лаңкестер мен мемлекеттік билік теке-тіресінің құрбандығына айналды 33 лаңкес 3 күн осыншама адамды. Жазықсыз қорлықта ұстаған, әсіресе әққ1 жылы 11 қырқүйекте НьюөЙорк қаласындағы «Бүкіләлемдік Сауда Орталығына» жасалған ланкестік шабуылдан кейін, плаентамыздың әр жерінде қайғылы жағдайдаға ортақтасы болады. Кейінгі жылдарда террористік әрекеттерге қатысы бар, діни экстремистік идеологияны басшылыққа алатын халықаралық діни ұйымдардың біздің еліміздегі қызметтері тым белсенді бола бастады. Діни ұйымдардың идеологиясына, іс-әрекеттеріне баға бере келе Республиканың Жоғарғы Соты жеті халықаралық ұйымға террористік деп баға беріп, олардың ендігі қызметтеріне тыйым салды. Бұл ұйымдар «Асбат-аль Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Истлах», т.б. Қазіргі ланкестік тамыры күрделі, оның себептері, қаржыландыру көздері де әртекті. Қазіргі терроризмнің екі қайнар көзі деп есептейміз: - б іріншісі, әр елдің ахуалына қатысты ішкі себептері. Мысалы, Шешенстандағы Ресейдің саясатына қарсылық. Өзбекстандағы саяси басшылықтың іс-әрекеттеріне қарсылық сияқты; - е кіншісі, лаңкестік халықаралық қатынастарды жаңаша реттеу мақсатында пайдалану. Бейбіт адамдар ойламаған жерден лаңкестіктердің мақсатының құрбанына айналады. Кепілдікке алынған адамдар тағдыры толық солардың билігіне көшті. Мұның табиғаты аса қорқынышты, тұтқұыл және қатерлі болуы осыған байланысты. Одан құтылудың жолын іздестіру: - біріншіден, терроризмге қарсы идеологиялық күрес қажет; - е кіншіден, лаңкестікті ауыздықтау тетіктерінің бірі елдегі қарулар мен қару-жарақ қоймаларында сақтау тәртібін күшейту. Бірде бір автомат, бір де бір оқ, бір грамм динамит бөтен адамдар қолына түспеуі керек; - үшіншіден, паспорттық режімді күшейту, күдіктілерге виза бермеу, елге кездейсоқ адамдарды кіргізбеу, әр үйді, әр мекемені, әрбір адамдар көп жиналатын орынды қатаң бақылау, күзету қауіпсіздік орындарының негізгі шараларына айналуы қажет; - төртіншіден, ашық қоғам орнату жағдайында Қазақстанда жуздеген мын шетелдіктер жүр. Оларды есепке алу, мұқият тексеру, күдіктілермен қажетті жұмыстар жүргізуді қою қажет. Жалпы әрбір мемлекет өз ішінде ғана емес, халықаралық кеңістіктерде де лаңкестікке қарсы күрес жолдарын бірлесіп қолға алған жөн.
|