Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сүйектің сынуының белгілері.





Жабық сынық белгілері:

- сүйек сынған жердің сырқырауы;

- аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

- сүйек сынған жердің қанталауы мен домбығуы;

- аяқ-қол қызметінің бұзылуы;

- буындар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.

Ашық сынық белгілері:

- аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

- жарадан сүйек жарықшақтарының болуы;

- жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;

- аяқ-қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.

Аяқ-қол сынған кездегі алғашқы медициналық көмек. Сүйек сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі зақымданған сүйектің ұш жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шендеуіш қолданылады немесе қолда бар заттар; таяқ, үйеңкі, тұрмыстық заттар пайдаланылады.

Тыныштық болу үшін шендеуіш немесе қолда бар зат жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады немесе байламаға, белбеуге іліп қояды.

Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шендеуішті сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп қою қажет. Сүйектің шығынқы жерінде шендеуішті астына жұмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.

Шендеуішті мақтамен жауып, дәкемен орайды, бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.

Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:

- Иммобилизация үшін пайдаланатын қалыптар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.

- Қалыптарды бірден жалаңаш аяқ-қолға қоюға болмайды. Олардың үстіне алдын ала мақта қойылуға тиіс.

- Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай, сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек.

Сан сынған кезде аяқ-қолдың барлық буындарын бекем байлау қажет.

Саусақ түйіспелері мен буын сүйектерінің ашық сынығы кезінде жараға тазартқыш таңғыш қойғаннан кейін алақанға саусақтың жартылай бүгіліп тұру үшін дәкемен оралған тығыз мақта түйірін қояды. Білекке, қолдың шашақты ұшына және саусақтарға үйеңкі, картон немесе саты шинасын қояды, қолды орамалға асып қояды.

Білек сүйегі сынған кезде қалыпты саусақтарды қамти отырып, иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалуын қадағалап, байламға асып қояды.

Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік сынған кезде саты қалыпымен немесе қолда бар құралдармен иммобилизация жүргізіледі. Қалыпты зақымдалған қолға қоюға ыңғайлы болатындай ретпен қиюластырады. Қолды байламға орайды.

Табан сүйектері мен сирақ-табан буындары сынған кезде иммобилизация үшін саты қалпын немесе қолда бар құрал пайдаланады. Қалыпты әуелі табанның өкшесі мен сирақтың арты жақ үстіне қоюға ыңғайлы болатындай етіп бүгеді. Өкше сүйегі үшін ұнғыма жасайды, оған өкше сүйегіне қысым түспеу үшін мақта салады. Бұдан кейін қалыпты аяқ-қолға салады және сирақтың төменгі тұсы мен табан арқылы бинттің сегіздік тәріздес орамдарымен бекітеді, оны бинттің шеңберлі орамдарымен сирақтың үстіңгі тұсында аяқтайды. Табан тік бұрышпен сираққа мығым байлауға тиіс.

Үйеңкі кесіндісімен және ағаш рейкалармен иммобилизациялау кезінде оларды сирақтың үстіңгі тұсынан бүйірлей табанның өкшесіне дейін қояды: біреуін сыртқы жағынан, екінші ішкі жағынан, содан соң табанды мықтап бекітіп аяқ-қолды орайды.

Үйеңкі кесінділері сүйек ұшына тиетін жерге мақта салады.

Сирақ сүйегі сынған кезінде иммобилизацияны сирақ-табан және тізе буындарының қозғалуын қамтамасыз ете отырып, сирақ-табан буындары зақымданған кездегідей жүргізеді.

Егер төңіректе иммобилизация үшін ыңғайлы зат кездеспесе, зақымдалған аяқ-қолды сау аяқ-қолға байлап тастауға болады.

Санның сүйегі сынған кезде ең жақсы көлік қалыбы Дитерихс-қалыбы болып табылады. Қалып ұзындығын оңай өзгертуге болатын екі ағаш қалыптан тұрады және бұрмасы бар ағаш өкшеден тұрады.

Омыртқаның сынуы – қатерлі жарақаттардың бірі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдануы ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай сырқаттардың тағдыры көп жағдайда оқиға орнында көрсетілген алғашқы көмекке байланысты. Жұлын буын сабақтарымен омыртқа денелерден құрылған арнайы қуыста орналасқан.

Омыртқаның мойын тұсының жарақаттануы аса қауіпті жұлын, әсіресе, оның жоғарғы тұстары деңгейіндегі зақымданған кезде кеуденің тыныс талшықтарының салдануы пайда болады, оның нәтижесінде тыныс алуы тарылады.

Алғашқы медициналық көмек ретінде: жұлынның зақымдануы аса қауіпті, сондықтан аса қажетсіз жағдайда оны мазалауға болмайды. Егер омыртқаның маңайында жара болса, оны тазартқыш таңғышпен жабады. Омыртқасы сынған зардап шегушіні омыртқаны бүгілтпейтін қалқаны бар зембілмен әкеткен дұрыс, ал егер арнайы зембіл жоқ болса, сырқатты етпетінен жатқызады.

Зардап шегушіні тыныштандыру үшін оған валериян тұнбасынан 20 тамшысын, аналгин, демидрол ішкізген дұрыс.

Зардап шегуші жақсы қымталуға және суықтан қорғалуға тиіс. Оның аяқтарын орамалға бүктелген ыстық жылытқы мен ыстық су құйылған шөлмек арқылы жылыту қажет.

Жамбас сүйектер сынығы. Жамбас сүйектерінің зақымдалуы әдетте санның айналасына қандай да бір заттардың тиюінен, заттардың соққысынан, құлаудан, санның әртүрлі бағытта сәтсіз қысылуының салдарынан болып табылады.

Оларға байланысты жанбас сүйектерінің ашық және жабық сынықтары пайда болады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 5255. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия