Курс құрлымы
Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Химия және химиялық технология факультеті « 5В071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы » Мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Негізгі міндетті пән SPHSMTRS 2202 - «Органикалық химия»// Органическая химия// Organic chemisty, Кредит бойынша СИЛЛАБУС* 2 курс, қ/б, семестрі (күзгі) Пәнді жүргізетін оқытушы туралы МӘЛІМЕТ: Дәріскер және семинар сабақты жүргізуші: Бурашева Гаухар Шахмақызы,химия ғылымдарының докторы, профессор, қызметі: профессор, Телефондары (үй, ұялы байланыс): 275-13-59; 87772454751 e-mail: gauharbur @mail ru. каб.: 520 Зертханалық жұмысты жүргізуші:х.ғ.к., аға оқыт. Қайралапова Г. және х.ғ.к., аға оқыт Дюсебаева М.А. e-mail: gufa.83@mail.ru. к аб.510. Moldyr_1982@mail.ru. кaб.525 Пәннің мақсаттары мен міндеттері: Мақсаты: Қазақстанның көмірсутек және өсімдік шикізатын пайдаланып, соның негізінде жаңа туындылар жасау, алынған заттарға бағытталған химиялық түрлендірулер жүргізу, биологиялық белсенді және беттік активті заттар синтездеу, олардың негізінде жаңа белсенді субстанциялар қала береді. Осыған орай қазіргі кезде органикалық химия саласы болашағы бар дәрілік препараттарды, түрлі биологиялық белсенді заттар кешендерін, кең көлемді қамтитын белсенді қосылыстарды туғызу үлкен қызығушылық тудырып, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Органикалық химияның фундаментальді негізін беру. Дайын заттарды сараптау. Сондықтан ««Органикалық химия» пәні бакалаврларға қажетті пәндердің бірі. Студенттер химиялық түрлендіруді шығарумен айналысады, лабораториялық жұмысты жасар алдында теориялық білімдерін пайдаланып, синтезді жүргізу үшін қандай жұмыстар атқару керектігін анықтайды. Көрсетілген пән, үйретілген жұмыстар, сараптау нәтижелері органикалық химия және химиялық технологияда, тағы басқа салаларда өзекті мәселе болатын тиімді және отандық белгілі қасиеті бар заттар жасауға, жаңа заттарды тудырғанда қажет болады. § Міндеттері: Органикалық химия пәні. Органикалық химияның алатын орыны. Классификация. Көміртек атомының электрондық құрлысы. Ковалентті байланыс түрлері. s,p-байланыс сипаты. Гомолитті және гетеролитті ыдырау. Пайда болатын бөлшектер табиғаты. Органикалық реакция классификациясы. Радикалды, нуклеофилды, электрофилды реакциялар. Реакция механизмі жайлы түсінік. Алифатты, циклды, ароматты және гетероциклды заттар және олардың туындыларының номенклатурасын, алу жолдарын, химиялық қасиеті, пайдаланатын орындарын білу. Алифатты, циклды, ароматты және гетероциклды көмірсутектер және олардың туындыларының арасындағы байланыс. Жалпы құзырет: құралдық;: Идея мен мағлұматты түсіну және пайдалана білу. Заттар туралы және оларды синтездеу немесе алу жайында мағлұматты білу, экономикадағы, өмірдегі орынын, органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында жұмыс жүргізетін болашақ маманға негізгі органикалық класты анықтауды өздері сараптау жасауға тиіс, шешім қабылдап соны шеше білу; тұлғааралық;: Командада жұмыс істеу, өз ойын дұрыс жеткізу, басқалардың ескертілерін қабылдай білу. Бұл пәнде студент органикалық қосылыстардың, соның ішінде циклды, ароматты және гетероциклды заттардың, олардың туындыларының реакцияланушы қабілеті және құрлысының арасындағы логикалық байланысты түсіну,; жүйелік: Құбылыстарды, процестерді жүйелі түсіну, жаңа жүйелерді тудыруды жоспарлауды үйрену. Алифатты, циклды, ароматты және гетероциклды заттарды алудың оптимальды /тиімді/ варианттарын таба білу.
Пәндік құзырет: Бұл пәннің құзыреті - химиялық өндіріс салаларының негізгі теориялық база екенін жеткізу, алатын орнын және маңызын көрсету. Көмірсутек шикізаты және өсімдік шикізаты негізінде алынатын заттардың қасиетімен таныстыру, заттарды алудағы негізгі аппараттармен жұмыс жүргізуге ие болу. § - Пререквизиттер: негізгі биоорганикалық заттар класының химиялық қасиеті, алифатты қатардағы органикалық заттар химиясы, циклды қосылыстар химиясы, спецификалық сапалық және хроматографиялық талдаулар, т.б. - Постреквизиттер: химиялық технологияның теориялық негіздері, биохимия және биотехнология, негізгі органикалық синтез технологиясы т.б. Болашақ бакалаврларға бұл курсты игеру үшін алифатты қатардағыорганикалық заттар химиясы бойынша білімі, органикалық заттардың фунционалды топтарына тән реакцияларды білуі қажет. Білім және құзырет жүйесіндегі пәннің негізгі ұғымы: (Пәннің мазмұнын игеру және құзыретті қалыптастыру үшін қажетті негізгі ұғымдардың, үдерістердің, құбылыстардың тізімі). Полярлы байланыстар – көмірсутек атомының элементтердің көпшілігімен байланыстары, олардың электрон жұбы электртерістігі жоғары атомға ығысады. Индуктивті эффект – басты себебі байланыс дипольдері болып табылатын эффектілер. Электрон ығысуының индуктивтік механизмдері – электр терістік немесе электрондық нәтижесінде пайда болатын электрлік ассиметрия байланысқан атомдар тізбегі бойымен электростатикалық индукция механизмі бойынша таралатын механизм. Электрон тығыздығының ығысу дәрежесі сәйкес атомдардың электртерістіктері шамаларының айырмасына тәуелді. Электронакцепторлық орынбасарлар – электрондарды өздеріне тартатын орынбасарлар (- I - эффект). Электродонорлық орынбасарлар – электрондарын өздерінен тебетін орынбасарлар (+ I - эффект). Қосарлану эффектілері (С - эффект) немесе мезомерлік эффектілер (М - эффектілер) – еселік байланыстар электрондардың қос байланыстары бір жай байланыспен бөлінген қосылыстарда ығысу қабілеті. Мұндай қосылыстарда көрші π- және ρ- орбитальдердің бүйірлік бүркелуі мүмкін. Полярлану эффектілері – уақытқа тәуелсіз, яғни негізгі күйге тән индуктивтік және мезомерлік эффектілер. Байланыстың полярланғыштығы – молекулалардағы байланыстар электрондық бұлттарының сыртқы электр өрісі,реагент немесе еріткіштің әсерінен полярлануы. Бұл әсер нәтижесінде пайда болатын эффектілерді полярланғыштық эффектілері деп атайды. - Курсты біткеннен соң алатын білімі және нені үйренеді: білетіні - СНГ және Қазақстан территориясындағы өндіріс өнімдерін алудың химиялық өндіріс спецификасын, кешендер немесе заттар алудың өндіріс ерекшелігін. жасай білетіні – заттардың химиялық қасиетін біле отыра, белсенді кешен алудың технологиялық жүйесін қарастыруды, өндіріс процесін оптимизациялау шараларын жоспарлауды. Курстың әдістемелік жағы: ойлау қабілетті жетілдіру, белгілі әдіспен алынған кешенді немесе затты сараптау-доклад жасау, өндіріс шығымын жақсарту үшін, оптимизациялау үшін ұсыныс жасауды үйрену; құрлым және активтілік; берілген мәселе бойынша дискуссия жүргізу; жеке теориялық және практикалық тапсырма – ақпаратпен алмасу және мәліметтерді талқылау, технологиялық қателерді анықтау. - Нақты танысатын материалдар: алифатты,циклды, ароматты және гетероциклды заттардың, олардың туындыларының реакцияланушы қабілеті және құрлысы; органикалық заттар және материалдар бойынша өндірістің технологиялық блок-жүйесі. Курс құрлымы
|