Студопедия — ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Көбеюдің биологиялық мәні
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Көбеюдің биологиялық мәні






Жоспар:

1. Көбеюдің биологиялық мәні

2. Көбеюдің түрлері

3. Көпжасушалы жануарлардың көбеюі

Көбеюдің биологиялық мәні. Қарапайымнан бастап сүтқоректілерді қоса алғанда, барлық тірі ағзалар көбейеді. Тіршілік ету мерзімі бітіп немесе әр түрлі жыртқыштарға жем болып, паразиттер әрекетінен ауырып, қолайсыз жағдайлардан ағзалар өліп, жойылып жатады. Алайда көбеюдің, яғни артына дәл өзіндей ұрпақ (тұқым) қалдырудың нәтижесінде олар құрып кетпейді. Мысалы, өздеріңе жақсы таныс ит небары 14-15 жыл ғана тіршілік етеді. Олар көбеюдің нәтижесінде әр тұқым, әр түр ұрпақ беретіндіктен, жер бетінен жойылмай келеді. Көбеюдің биологиялық мәні де осында. Демек әрбір ағза – өсімдік не жануар – өзінің жеке тіршілігінде өмірге дәл өзіндей ұрпақ әкеледі.

Сонымен көбеюдің биологиялық мәні – ұрпақтар жалғасуы арқылы белгілі бір ағза түрінің сақталуы болып табылады.

Көбеюдің түрлері. Өсімдіктер сияқты жануарлар да екі түрлі жолмен (жыныссыз және жынысты) көбейеді.

Жыныссыз жолмен көбейгенде ұрпақ бір ғана ағзаның денесінен пайда болып, өсіп, дамып, жетіліп, өздігінен тіршілік ете алады. Мұндай көбеюдің мысалдарымен сендер өсімдіктерді оқығанда таныстыңдар.

Жыныссыз жолмен көбею жануарлар әлемінде де көп кездеседі. Мысалы: эвглена, амеба сияқты біржасушалы қарапайымдардың көбеюін еске түсірелік. Бұлардың әрқайсысының денесі (бір ғана жасуша ғой) екіге бөлінуі арқылы көбейеді.

Суқоймаларында қоректік зат көп болатын жылдың жайма-шуақ жылы мезгілінде гидра да бүршіктену арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Ең алдымен, оның денесінде бүршік пайда болады. Ол біртіндеп ұзарып өседі де, осы өсіндінің ұшында қармалауыштар, олардың ортасында ауыз пайда болады. Жас гидра алғашқы кезде аналық гидрадан бөлініп кете қоймайтындықтан, соның есебінен қоректенеді. Әбден өсіп жетілген соң одан үзіліп, өз алдына тіршілік етеді. Гидрада осындай бүршіктің пайда болуы, өсуі өсімдіктің бүршіктенуімен ұқсас. Сондықтан гидраның жыныссыз жолмен көбеюін бүршіктену дейді.

Жануарлар жынысты жолмен көбею кезінде міндетті түрде екі жыныс жасушасы: аналық жыныс жасушасы немесе жұмыртқа және аталық жыныс жасушасы немесе сперматозоид қатысады. Жыныс жасушаларын гаметалар деп атайды. Аналық гамета (жұмыртқа) мен аталық гамета (сперматозоид) өзара қосылып, жаңа бір жасуша түзіледі. Көп жағдайда аталық гамета аналық гаметаға түсіп қосылады. Сондықтан жаңа жасушаны ұрықтанған жұмыртқажасуша немесе зигота дейді. Осы зигота дамып, өсіп, жаңа жас ағзаға айналады. Көпжасушалы жануарлардың көпшілігінде аналық гаметалар аналық ағзаға (мысалы, тауық мекиені) дамиды, ал аталық гаметалар аталық ағзада (мысалы, қоразда) дамиды. Мұндай жануарлар дара жынысты жануарлар деп аталады.

Дара жынысты жануарлардың көпшілігін үй малдары атауларынан білесіңдер. Олар: сиыр, бұқа; бие, айғыр; інген, бура; ешкі, теке; қой, қошқар және т. б.

Даму деңгейі төменгі сатыдағы көпжасушалы жануарлардың, ішінде қосжынысты немесе гермафродитті түрлері де кездеседі. Себебі, гаметалардың екі түрі де (аналық және аталық гаметалар) бір жануардың өз ағзасында дамып жетіледі. Мысалы, адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететін таспақұрт өзін-өзі ұрықтандырады, яғни аталық, аналық жыныс жасушалары өзара қосылып, зигота түзеді. Одан жаңа таспақұрт шығады.

Осы бір мысалдан мынадай тұжырым шығады: гермафродитизм, яғни қосжыныстылық белгілі бір жануар түрінің жойылып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Көпжасушалы жануарлардың көбеюі. Гидра жынысты жолмен де көбейеді. Күз басында гидра денесінің сыртқы эктодерма қабатында ерекше төмпешіктер пайда болады. Бұл төмпешіктердің біреуінде жұмыртқажасушасы, екіншісінде сперматозоид дамиды. Пісіп-жетілген аталық жыныс жасушалар – сперматозоидтар суға төгіледі, ондағы әрбір жасушаның талшығы болды. Суда қозғалып жүрген сперматозоид басқа бір гидраның төмпешігіне еніп жұмыртқажасушасымен қосылады. Ұрықтанған жұмыртқажасушасының сырты қалың қабықшамен қапталады. Ал оның ішінде жасуша алғаш екіге, одан төртке, тағы солай екі еселеніп бөлінеді. Бірақ олар ажырап кетпей, өзара тығыз байланысып жатады. Күзде гидралар өледі, ал қалың қабыққа оранған көпжасушалы ұрық су түбіне түсіп, сонда қыстайды. Көктемде күн жылынып, қолайлы жағдай туғанда қабық ішіндегі ұрықтың дамуы қайта басталып, қабығы жарылады. Ал одан жас гидралар сыртқа шығып, тіршілік ете бастайды.

Шұбалшаң;– гермафродитті жәндік. Жұмыртқа салардың алдында екі шұбалшаң бір-бірімен жанасады. Олар дененің бас жағында орналасқан жұмыртқа және тұқым қабылдаушы түтікшелерінің сыртқа ашылатын саңылаулары арқылы ішінде сперматозоид бар сұйықтықтармен алмасады. Сұйықтық сол тұқым қабылдауышқа жиналады. Бұл кезде құрт денесінде жұмыртқажасушалары да пісіп жетіледі. Дененің алдыңғы бөліміне таяу бунағында қоймалжың шырыш бөлініп, сілемейлі, оңай жылжитын белбеуше түзіледі. Құрт денесін жиырып, белбеушені бас жағына қарай жылжытады. Белбеуше жұмыртқа бездері мен тұқым қабылдауыштың түтікшелері ашылатын саңылауларға келгенде, оған жұмыртқажасушалары мен сперматозоидтары бар сұйықтық бөлінеді. Ұрықтану осы белбеушеде жүреді. Белбеуше құрт денесінен сыпырылып түседі. Ішінде бірнеше ұрықтанған жұмыртқалары бар осындай белбеуше пілде деп аталады. Пілдеде жас құрттар дамып, сыртқа шығады.

Өрмекшілер – дара жынысты жәндіктер. Айқышты өрмекшінің аналығы аталығынан ірілеу болады. Айқышты өрмекші күзде нәзік өрмектен тоқылған пілдеге ұрықтанған жұмыртқа салады. Пілдені ағаш қабығының арасына, тас астына және т. б. сондай оңаша, таса жерлерге орналастырады. Күзде аналық өрмекшілер өледі. Жұмыртқалары жылы пілдеде қыстап, көктемде одан жас өрмекшілер шығады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1773. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия