Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. Мінез-қылық және жүйке жүйесі.Жануарлардың мінез-қылығы тіршілік әрекетіне тікелей байланысты





Мінез-қылық және жүйке жүйесі.Жануарлардың мінез-қылығы тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тіршілік әрекеті жануарлардың даму деңгейіне қарай күрделене түсетіні мәлім. Өзін қорекпен, жылумен, ауамен, жарықпен, қамтамасыз ету, жауларынан өзін қорғау, ал ұрпағына қамқорлық жасайтын жануарлардың ұрпақтарын сақтап, қорғап, баулып өсіруі – өте күрделі құбылыс.

Міне, кірпікшелі кебісшежай ғана қозғалып жүр. Ол жүрген бір тамшы судың қасына тамызылған тамшыны ішінде таяқша бактериялары көп тамшымен қосып едік, кірпікшелі кебісшелер көрші тамшыға қарай ағылып өте бастады. Бұл нені білдіреді? Кірпікшелі кебісшенің өзіне қажет қоректің жақын маңда бар екенін сезінетінін, тіпті оның қай жақта екенін дәл табатынын еске түсіріңдер. Бұл сияқты сыртқы орта жағдайларын сезіну үшін, оған жауап ретінде дене (жасуша) сыртындағы мыңдаған кірпікшелерді бір мезгілде толқытып, олардың жұмысын қажетті бағытқа денені бұрып қозғалатындай етіп үйлестіру үшін ерекше тетік керек. Кірпікшелі кебісшенің денесіндегі (жасушасындағы) сондай үйлесімді сезімталдық қызметті арнайы талшықтар атқарады. Бұл талшықтар жасушаның (дененің) алдыңғы бөлігінен басталып, бүкіл кірпікшелерге тарамдалады.

Ішек қуыстылардашын мәнісіндегі жүйке жүйесі жоқ. Жүйке жасушалары бір-бірімен тармақталған өсінділер арқылы жанасып, жүйке торын ғана құрайды. Гидраныңжүйке торының бір тарамдары қозуды қабылдайтын жасушаларға, екіншілер жиырылғыш жасушаларға барады. Гидраның сырттан болатын әсерге жауабы тітіркендіргіштің әсер ету күшіне байланысты. Бір қармалауышына инемен әлсіз ғана түртіп әсер етсе, сол қармалауышы ғана жиырылады. Тек қаттырақ шаншып, әсер етсе ғана барлық қармалауыштары денесі жиырылып, домаланып қалады.

Бунақденелілерде, өрмекшілерде, шаяндарда, ұлуларда, буылтық құрттардажоғары деңгейде орталықтанған жүйке жүйесі бар.

Мысалы, шұбалшаңныңжүйке жүйесі бір жұп жұтқыншақ үсті, бір жұп жұтқыншақ асты жүйке түйіндерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Бұл тізбек асқорыту жүйесінің астымен денені бойлай созылып жатады. Мұны құрсақ жүйке тізбегі дейді. Жұтқыншақ асты, жұтқыншақ үсті жүйке түйіндері бір-бірімен сақина тәрізденіп байланысады. Бұл түйіндерді «ми» деп те атайды. Сырттан болатын әр түрлі әсерді қабылдап, ажыратып, оған берілуге тиісті «жауап» жайындағы «бұйрық» осы түйіндер арқылы құрсақ тізбектеріне беріледі. Құрт зиянды әсері бар кедергілерді айналып өтеді, пайдалыларына (ылғал, қорек) қарай бұрылады.

Ағзаның тітіркендіргішке жүйке жүйесі арқылы қайтарған жауабын рефлекс дейді.

Ал өрмекшілер мен бунақденелілердің жүйке жүйесі денедегі орналасуы мен құрылысы жағынан шұбалшаңның жүйке жүйесімен ұқсас; ерекшелігі: құрсақ жүйке тізбегіндегі түйіндерінің саны аз, оның есесіне жүйке түйіндері, әсересе жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты түйіндері жақсы дамыған.

Шаяндардың, ұлулардың жүйке жүйесі негізінен осы жәндіктердің жүйке жүйесіне ұқсас.

Балықтарданбастап жүйке жүйесі ми және жұлын болып екі ірі бөлімнен тұрады. Ми бассүйектің ішінде орналасқан. Ол бес бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Сопақша ми омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлынмен жалғасады. Ми мен жұлын көптеген жүйке тармақтары арқылы балық денесінің барлық мүшелерімен байланысады.

Балықтың мінез-қылығында шартсыз және шартты рефлекстер білінеді. Балық уылдырықтан шығып, өздігінен тіршілік ете бастағанда жемін іздеп, тауып жейді. Бұны оған ешкім үйреткен жоқ. Бұл туа пайда болған шартсыз рефлекс. Егер аквариумдағы шабақтарды әуелі шам жағып, содан кейін аквариумның бір бұрышына жем тастаса, шабақтар ол жемді бірден көреді де, келіп жей бастайды. Осылай 2-3 рет қоректендіріп, келесіде жем тастамай-ақ тек шам жанса, олар сол бұрышқа жүзіп келіп, жиналып жем іздейді. Мұны шартты немесе жүре пайда болған рефлекс дейді.

Балықтардың мінез-қылығы өте күрделі, олар шартты және шартсыз рефлекстер арқылы айналадағы орта жағдайларын жақсы бағдарлап, соған сәйкес жауап қайтарады. Балық миының біршама жақсы дамуы сезім мүшелерінің де жетілуіне әсер еткен. Оның екі көзі бар. Көзі бұлшықеттер арқылы жоғары, төмен, алға, артқа қимылдап, төңірегін толық көре алады. Бастың алдыңғы жағындағы екі танау тесігі арқылы иісті сезеді. Аузында, бүкіл денесінің сыртында сезімтал жасушалар көп болғандықтан дәмді, жолында кездесетін кедергілерді, т. б. жақсы ажыратады. Мұрты сипап сезу қызметін атқарады.

Балықтың есту мүшесі бассүйектің ішінде болады, сырттай қарағанда байқалмайды. Ол қатты дыбысты естиді.

Балықтардың бәрінде ерекше мүше – бүйір сызығы болады. Бүйір сызығы су ағынының бағытын, күшін, сүңгу тереңдігін сезінуге мүмкіндік береді. Осы мүше арқылы су астындағы кедергілерді түйсініп, олардан айналып өтеді.

Қосмекенділердіңжүйке жүйесінің құрылысы, бөлімдері жағынан балықтікімен бірдей, тек әр бөлімнің мөлшерінде ғана аздаған ерекшелігі болады. Мысалы, қосмекенділердің біркелкі ғана қимылдауы мишықтың нашар жетілгендігінен. Бірақ алдыңғы миы оң және сол ми сыңарларына жіктеліп, балықтарға қарағанда ірі келеді.

Осындай ерекшеліктеріне байланысты қосмекенділердің кейбір сезім мүшелері жақсы дамыған. Мысалы, көзі айналадағыны жақсы көреді. Көздің қасаң қабығы дөңес, ал терілі қабақтары көзді ылғал мен ластанудан қорғайды. Көз бұршағы қос дөңесті линза пішінді.

Бақа дыбысты жақсы естиді. Құлағы дабыл жарғақшасынан, есту сүйекшелері бар ортаңғы құлақтан және іші сұйықтыққа толы иірілген үш түтікшелі ішкі құлақтан тұрады. Дыбыс жарғақшаны тербеліске келтіреді де, бұл тербеліс есту сүйегіне өтеді. Одан ортаңғы құлақ қуысы арқылы ішкі құлақ иірімдеріндегі сұйықты тербетеді. Дыбыс жүйке жүйесіне жетіп, қабылданады. Бақа (құрбақа) соған сәйкес әрекет жасап қозғалады.

Жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердіңде жүйке жүйесінің бөлімдері, атаулары балықтар мен қосмекенділердікіндей. Тек кейбір бөлімдерінің күрделенуіне байланысты мінез-қылығы да, тіршілік әрекеттері де күрделенеді. Олардың ми бөлімдерін өздерің атап, әңгімелеңдер.

Жануарлардың тіршілік әрекеттерінің мінез-құлығы күрделенуіне жекелеген мысалдар келтірейік.

Австралияда тіршілік ететін жабайы қоқыс тауығы деген тауықпен туыстас құс бар.

Жұмыртқа салуға байланысты ұя дайындау, ондағы жұмыртқаларға қолайлы жағдайлар жасап бақылау, ұя орналасқан жерді қору сияқты жұмыстармен қоқыс тауығының қоразы айналысады.

Қораз көктемде тереңдігі 1,5 м, көлемі 2,5 м2 шұңқыр ін қазып, оны шөп-шаламмен толтырады. Алғашқы жаңбырмен үйінді ылғалданған кезде құс оның үстін майда құммен жабады. Осының бәріне 3,5-4 айға жуық уақыт кетеді. Қоқыс үйінді шіріп, ұяның қызуы тез көтеріледі. Тек тамыздың аяғында ғана қораз жұмыртқа салу үшін ұяға қоқыс тауықтың мекиені келеді. Ол үшін үйіндінің ортасын үңгіп, шұңқыр жасайды да, мекиен соған әр 4 күн сайын келіп жұмыртқалайды. Қоразы келіп ұяны ашады да, мекиені кеткен соң жұмыртқаларды мұқият жабады. Жұмыртқа саны 20-30-ға жеткенде мекиен қайтып ұяға оралмайды. Қораз ұя қасындағы бұта басында қонақтайды, әрі осы төңіректе қоректенеді.

Таң қылаң бере қораздың жұмысы басталады: қоқыстың үстін жапқан құм қабатын тазартып, ұяның үстін ашады. Ұя іші сәл салқындаған кезде оны қайтадан құммен үйіп жабады. Құм қабатының қалыңдығы 30-40 см болады. Күз басталғанға дейін қораз күн сайын әдетін қайталайды. Осы арқылы қоқыс арасындағы, ұядағы қызуды қалыпты күйде (тым салқын, не тым ыстық болып кетпеуін) сақтайды. Оны қораз тұмсығымен анықтайды.

Күзде күн сайын түс кезінде қораз үстіңгі құм-қоқыс қабатын сырып алып тастайды да, тек жұмыртқа үстіндегі 4 см ғана қалыңдықтағы қабатты қалдырады. Күннің жылуы ұядағы жұмыртқаны біраз қыздырғаннан кейін құс ұя үстін қайта жабады. 60 күн дегенде ең алғашқы салынған жұмыртқадан ширақ балапан шығады. Ол бірден үйіндіні үңгіп, ұяның үстіне көтеріледі де, дереу таяу жердегі бұталы тоғай, орманға жүгіре жөнеледі. Бұл балапан дәл сол күні кешкілікте ұшып, өздігінен қорегін таба алады. Әр жұмыртқадан 60 күнде балапан шығады. Жұмыртқалардың бәрінің бір күнде ұяға салынбағанын да естен шығармаңдар. Сондықтан 20-30 жұмыртқадан балапан шыққанша едәуір уақыт кетеді. Ең соңғы балапан шыққан соң қораз ұяны жаңадан қайта жұмыртқа салуға дайындау жұмысына кіріседі.

Сүтқоректілердің жүйке жүйесі жақсы дамыған. Оларда шартсыз рефлекстер жетілген. Шартты рефлекстер де тез және берік қалыптасады. Сондықтан олардың мінез-қылығы орта жағдайына қарай өзгеріп тұрады. «Көңіл күйі» деген сөзді бұлардың кейбір түріне қолдануға болады. Мысалы, мысықтың ашуланған немесе көңілденген кездерін көрген боларсыңдар.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1172. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.019 сек.) русская версия | украинская версия