Студопедия — ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. Жануарлардың жеке-дара және топтық мінез-қылығын, тіршілік қалпын зерттеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. Жануарлардың жеке-дара және топтық мінез-қылығын, тіршілік қалпын зерттеу






Жануарлардың жеке-дара және топтық мінез-қылығын, тіршілік қалпын зерттеу, балық өсіру, құс, аң, мал шаруашылықтарын дамыту, құстардың жылы жаққа қайту кезінде әуеде ұшақтармен қақтығысып қалуын болдырмау сияқты аса маңызды шараларды сауатты түрде іске асыруға мүмкіндік береді.

Мысалы, жылына 2 рет орын ауыстырып ұшатын жыл құстары ұшақтар ұшатын әуе жолдарына шығып, елеуілі қауіп туғызады.

Қазір 35 елде авиациялық-орнитологиялық қызметпен шұғылданатын комитеттер, басқа да ұйымдар бар. Олардың қолында топтасып тіршілік ететін немесе топтасып ұшатын құстардың мінез-қылығын зерттеп, соған сәйкес жасалған радиолокатор сияқты қуатты техника бар. Осындай техниканыңы көмегімен әуе жолындағы құстардың топтарын тауып, оларды үркіту арқылы ұшақтың әуе жолын тазартады.

Құстардың топтасып ұшу кезіндегі ұшу бағыттарын бағдарлайтын сезім мүшелерін, олардың бағдарды анықтаудағы рөлін зерттеп, нысандарын жасынды түрде өзгерту арқылы да құстардың ұшу бағытын өзгертеді. Мысалы, қараторғай, ұзақ, шағала сияқты құстардың қауіп-қатерді сезген кездегі шығаратын шартты дыбысын арнайы аспап арқылы қайталап, үркітумен бау-бақшаны, егістікті, балық шаруашалығын, саябақты қорғайды.

Дегенмен бұл жұмыс нағаз ғылыми негізде дұрыс жолға қойылған деу қиын. Жыл сайын әуе жолдарында 4 000-ға жуық ұшақ құстармен соқтығысады екен. Көп жағдайда құс ұшақтың маторына түседі де, оны істен шығарады. Ұшақ кейде ебін тауып қонғанымен, жанағы моторды жөндеу құны миллиондаған теңге шығын әкеледі.

Сол сияқты балықтардың, құстардың сүтқоректілердің түрлерін жаппай құртып алмау үшін адам олардың аулау мерзімін жақсы білуі керек. Мысалы, теңізден түщы суларға қарай өрістеп келе жатқан бекіре балығын аулауға тиым салынады. Ұя салып балапан шығару үшін туған жеріне топ-топ болып қайтадан жыл құстарын дәл осы мерзімде ауламайды.

Ал арқар, марал, тау ешкісі, түлкі және осылар сияқты аңдарды буаз кезінде аулауды біздің халық «үлкен күнә» деп есептеген. Бұған заңмен де тиым салынған.

Әрине жануарлардың топтық мінез-қылығының әлі де толық зерттелмеген, ашылмаған сыры көп. Мысалы, жұмыртқаны тауық мекиені басатынын жақсы білеміз. Ал кейбір жабайы құстардың қораздары ұя салумен, жұмыртқа басып, балапан шығарумен, балапандарды өргізіп, оларға қамқорлық жасайтынын көпшілік біле бермейді. Мысалы, жұмыртқаны түйеқұстың (эму) қоразы 2 айдай басады. Бұл кезде ол қоректенбейді.

Дегенмен ұя басып, балапан өргізу негізінен мекиеннің міндеті. Көптеген құстардың қораздары ұя орналасқан аумақты «жан аямай» қорғайды, ұяда жатқан мекиенді, балапандарды қоректендіреді. Мысалы, тамаша әнші құс – бұлбұлдың қоразы балапандар жұмыртқадан шыққан соң оларды тек өзі ғана қоректендіріп, олар ұядан ұшқанға дейін мекиенмен бірге тұқымтоп болып, ұрпағына қамқорлық жасайды. Оларды сайрауға үйретеді, ұшуға баулиды.

Қараторғайдың мекиені балапандарын ұядан шығарған соң, өзі келесі ұрпағын шығаруға қам жасап, жұмыртқа сала бастайды. Ал қанаты бекіп қатаймаған, бірақ ұяны тастап шыққан балапандарды қосымша қоректендіріп, оларға қорек іздеуді қораз үйретіп баулиды. Егер осындай кезенде қораздарды аулап құртса, қаншама балапан қиындыққа душар болар еді. Тіпті ашығып қырылып та кететіні сөзсіз.

Міне, жануарлар әлемін қорғауда олардың бұл сияқты биологиялық мінез-қылық ерекшелігінің білінудің пайдасы зор.

Біз тек жануарлар әлеміндегі топтасып, бірлесіп тіршілік етуді ғана әңгімеледік. Ал табиғатта тірі ағзалардың бірлесіп тіршілік ететін, ондай бірлестіксіз тіршіліктің жойылатынын әркім біле бермейді.

Өздерін еске түсіріп ойландаршы! Табиғаттың бір кішірек үлескісінде өсімдіктер жапырақ жайып, гүлдеп жеміс салып өсіп тұр. Өсімдіктен өсімдікке көбелектер, түкті аралар ұшып-қонып сайрандап жүр. Көгал арасындағы ылғалды, сулы жерде бақалар бақылдауды. Бұта маңында қоян да жүр. Әне, басқа бір бұта арасынан құрыйығын бұлаңдатып түлкі көрінеді.

Өсімдіктер, бунақденелілер, бақалар, қоян, түлкі - бәрі осы үлескіде тіршілік етеді. Әрқайсысының тіршілігі бір-бірімен байланысты. «Түлкінің өсімдікке не қатысы бар?» деген ой тууы мүмкін. Кәне, талдап көрелік. Түлкі қоян аулап күн көреді. Қоян өсімдікпен қоректенеді. Өсімдік бунақденелілір арқылы тозаңданып, жеміс-тұқым береді, көбейеді. Бунақденелілер өсімдікпен қоректнеді. Бақа бунақденелілерді аулайды. Түлкі бақа, кесірткелермен қоректенеді.

Егер осы қоректік тізбектің бір буыны, мысалы, бунақденелілер үзіліп қалды делік. Бұдан тізбек түгел жойылады. Өсімдік жеміс тұқым бермейді де көбейіп өспейді. Өсімдіктің қурап кетуінен қояндар ашығып өледі. Бунақденелер болмаса бақалар да тіршілігін жояды. Қоян, бақа болмағандықтан, түлкінің де қорексіз қалатыны белгілі.

Осы үлескіде, яғни бірінсіз-бірі бола алмйтын біртұтас табиғи бірлестікті тіршілік жойылады.

Бұл мысал табиғатта ешбір тірі ағза жеке-дара, өзінше оқшау тіршілік ете алмайтынын көрсетеді. Кез келген табиғи бірлестік – біртұтас жүйе болып саналады. Оның тірі ағзалардың бір бөлігі су мен көмірқышқыл газынан, минералды тұздардан қоректік органикалық заттарды түзеді. Бұлар - өндірушілер, оларға жасыл өсімдіктер жатады. Ал қалғандары жануарлар, адамдар – тұтынушылар. Жануарлар да, адам да дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Жануарлардың жылыстап, таралуының заңдылықтарын білудің де табиғат қорғауда маңызы зор.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 812. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия