Анның ағза үшін манызы қандай?
Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді – фагоциттер, яғни «обыр» жасушалар. Олардың микробтарды жоюын фагоцитоз деп атаған. Қан плазмасында ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын антидене деп аталатын нәруыздар бар. Бұлар лимфада, көкбауырда және басқа жерлерде түзіледі. Микробтар (бактериялар, вирустар) ағзада аурудың бір түрін (қызылша, көкжөтел, шешек және т. б.) туғызса, осы микробтарды, олардың зиянды әсерін жоятын антидененің түрі пайда болады. Ауру жазылған соң да олар ағзада сақталып қалады. Антиденелер ауруды туғызатын микробтардан ағзаны қорғайды. Жануар немесе адам ол аурумен қайталап ауырмайды. Ағзаның осындай қасиетін жүре пайда болған иммунитет дейді. Ал көптеген ағзаларда ата тегінен ұрпағына тұқым қуалау жолымен өтіп (беріліп) отыратын антиденелер де бар. Мысалы, жануарда болатын кейбір аурулармен (жануар обасымен) адам ауырмайды. Себебі адамда ол ауруды болдырмайтын антиденелер бар. Ағзаның ауру қабылдамайтын мұндай қасиетін табиғи иммунитет дейді. Елімізде кейбір жұқпалы және қауіпті ауруларды болдырмау үшін жануарды, адамдарды жас кезінде әдейі егеді. Олардың ішінде әлсіретілген ауру қоздырғыштары бар дәрі болады. Егілген ағза жеңіл ғана ауырады. Есесіне ағзада өмір бойы немесе көп уақыт сақталатын жасанды иммунитет қалыптасады. Адам ол аурумен ауырмайды.
|