Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оқушылардың адамгершілік – рухани құндылықтарын қалыптастыру.





 

Педагогикалық сөздікте «құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым - қатынасы, іс - әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі»,- делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.

Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан.

Онда: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған [1].

Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл - ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл - ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс - әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер. [9]

Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез - құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой - санасы, бет-бейнесі болып табылады.

Рухани - адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы - педагогтар ой - пікірлері мен көзқарастары бар (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет-Иассауи, Абай Құнанбаев, Ш. Құнанбаев т.б). Мұстафа Шоқай «Ұлт мәдениетінен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажетіне пайдалы азамат шықпайды» деп ұлт болашағын, ұлттық рухты мектепте тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен екен. Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны тіпті ерекше. Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбырайлардың да тәлім - тәрбиелік ой - пікірлері қазіргі заман талабымен үндесіп жатыр.

Ш.Уәлиханов: «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек»,- деп өте орынды айтқан.

Ал Ж.Аймауытов: «Тәрбие екі түрлі: дене тәрбиесі және рух тәрбиесі. Хайуан көбінесе денесін тәрбиелейді, ал адам баласына дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбиелеуі керек. Дене мен рухы бірдей тәрбиеленген кісі сыңаржақтау болады»,- деп жазады.

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез - құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген.

«Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани - адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани - адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани - адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді»,- дейді.

Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды.

Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым - қатынасы ұштасады.[10]

Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер:

-біріншіден, рухани- адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы;

-екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау;

-үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани - адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру;

Халқымыз «Баланы – жастан» деп бекер айтпаған. Жаманнан жирендіріп, жақсыға үйретіп отырған. Қай заман, қай қоғамда болмасын, адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Осы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мектептердің үлесінде десек, қазіргі мектептердегі білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық қасиеттерді бойына жинақтаған жеке адамды қалыптастыру, дамыту.

Баланы рухани - адамгершілікке, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу өзі өскен ортада ата-анасы арқылы беріледі. «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас кезінде көрген өнеге» деген екен Ж.Аймауытов. Олай болса, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ата-ана отбасында баланы бауырмашылдыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, жақсы ізгі мінез-құлықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу керек.

Сонымен бірге, бүгінгі таңдағы басты міндет – білімді меңгеру ғана емес, оқушылардың рухани, адамгершілік құндылықтарын ашып, танып, ішкі жан-дүниесіне әсер ету. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, бала тәрбиесі мәселесіне айырықша көңіл бөлу мектептің ғана емес, отбасының да, қоғамның да міндеті болып қала бермек.

«Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызының еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы – «Өзін-өзі тану» жобасын дүниеге әкелуі, оны мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс. Бұл Сара Алпысқызының еліміздің дамуын, болашақты ойлаған көрегендігінің белгісі. Бұл пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады. Аталмыш пән оқушыны тек жақсылыққа, адамгершілікке баулиды, бірін-бірі түсінуге, айналасымен үйлесімді өмір сүруге, туған ел, туған жер, Отан туралы ұғымдарды құрметтеуге үйретеді. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін алдымен өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты рухани - адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу керек.

«Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын жүйе деп түсіндіреміз. Яғни, рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан–дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін - өзі танып, өзін - өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 9912. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия