Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Практикалық бөлімі




 

Тәрбие сағаты:« Жан қазынасы - адамгершілік негізі »

Мақсаты:

Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру.

Міндеті:

Білімділік: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау.Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру.

Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Түрі: Пікірталас

Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларға «Балам, анау не?» атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту. «Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.

ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.

1.Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға назар аударылады.

2.Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).

3.Ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну.(халық, заңгер, ғалым пікірлері).

4.Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?

6.Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы» термесін тыңдау.

7. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.

Сынып жетекшісі Нұрбек Бекбауовтың сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары!

(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)

Сынып жетекшісі сөзінен кейін «Балам, анау не?» атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі.

Жағдаят: «Балам, анау не?»

...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

-Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

-«Балам, анау не? » деп сұрапты.

-«Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

-«Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:

-«Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)

-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып орнымызға жайғасайық.

Мұғалім сөзі:

Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі » атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Шарамызды әрі қарай жалғастыра отырып арнайы дайындалған ата – ана мен бала қарым – қатынас туралы «Шындық пен сұмдық» атты бейнетаспаға зер салайық. Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)

Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы жалғасады.

« Көргені жақсы көш бастар », - демей ме , « халық айтса - қалып айтпас » деген тағы бар, олай болса адамнаң жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде енді пікір білдіруді көрермедерге де берсек, бағдарламамыздың арнайы қонағы ауылымыздың тұрғыны Б.Амантұрлы ағамыздың пікірін білсек.

-Кейін оқушылар да пікір білдіреді.

«Жүректің түріп құлағын ,

Ойланып тағы қарашы,

Кімсің сен? Қайда тұрағың?

-Енді қайда барасың?»,- деп Омар Һаям жырлап өткендей ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой-пікірлеріне назар аударалық. (Арнайы дайындалған бейнетаспа көрсетіледі).

- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.

«Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол »,- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?

Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейне түсірілімге берейік.

- Осы жерде оқушылар мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді.

«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,

Бүгінгім ертеңіме бастар тағы»,-дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы » термесі тыңдалады.

Осыдан кейін оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі:

1.Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті?

2.Адамның жан қазынасына сырттан келген әр-түрлі діндердің әсері қандай ? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?

3.Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?

4.Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?

(Тағы да басқа түрлі пікірлерге байлансты сұрақтар қойылып талқыланады).

Бүгінгі біздің пікірталасымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .

«Білгенге маржан»

Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:

Берілетін сөздер:

-Ақиқат

-Мәдениет

-Руханият

-Ақыл

-Парасат

-Жүрек тәрбиесі

-Имани сезім

-Жан дүние

-Қасиет

-Халық көзқарасы

Оқушылар осы шарада нені бойына сіңірді?

« Мен » атты топтастыру бөлімімен аяқталады.

Соңы.

Тәрбие сағаты: «Адамгершілік-асыл қасиет»

Мақсаты:

Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.

Міндеті:

Білімділік: Оқушылардың білімділік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік ұғыммен таныстыра отырып адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру.

Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау,топтастыру жұмысы,ой бөлісу, Венн диаграммасы,Презентация /слайдтар/

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,кеспе қағаздар,суреттер, слайдтар.

Түрі: Тренинг-сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастырубөлімі

а.Сәлемдесу

ә.Оқушылардыңсабаққадайындығынаназараудару

Мұғалім:

Қымбатты оқушылар, бар назарымызды тақтаға аударайықта, адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік. Адамгершілік деген не? Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай? Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады? Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толтырайық.

1-слайд:

Татулық

Кішіпейілділік

Шыншылдық

Мейірімділік

Аяушылық

Сенімділік

Сыйластық

Адалдық

Міне оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық. Сонымен сабақтың тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет» .

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниет пен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.

2- слайд: Тақырып

3-слайд:

Сабақтың мақсатымен таныстырып өтейін. Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдар мен қарым –қатынас дағдыларын жасауға баулу.

4-слайд. Тренинг:

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Ынтымаққа қосыл да,

Ықылас қой досыңа

Ар-мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.

Қазір оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып, әдемі әуеннің ырғағы мен ішімізден жақындарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік.

Көзімізді ашамыз. Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз. Бұл тілек орындалмайынша ешкімге тіс жарып айтуға болмайды. Себебі, ол орындалмай қалуы мүмкін.

Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып, мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз. Мысалы мен:« Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Лайым жүзіңнен күлкі кетпесін»,- деймін. Келесі оқушы әріқарай жалғастырады.

5-слайд.Маржан сөздер сыр шертеді:

1.«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады.» (Абай).

2.«Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе!»(Кабуснама)

3.Жақсы адам жолдасынан белгілі.

4.Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсы мен сөйлессең көңілің ашылады.

5.Бітер істің басына,

6.Жақсы адам-елдің ырысы.

Жақсы сөз – жанның тынысы.

Жақсы келсін қасына.

Дәулетін көрсең біреудің,

Қарама оған таңданып.

«Өзімде жоқ» деп опынып,

Күрсінбе әрі арманғып.

6-слайд:

Жақсы болу өзіңнен,

Мен қандаймын деп ойла.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен

Жақсылық көрсең біреуден,

Жаман болу өзіңнен.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

7- слайд: Көріністер: Асылшөп

8-слайд: Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды.

Келесі кезекте әр сан бойынша шағын мәтіндер беріледі. Мәтіндер оқылып, сұрақтарға жауап беруіміз керек.

9-слайд:Бала қиялы қалам ұшымен (Өлеңшығару).

10-слайд: «Ақыл жолы » Сюжеттік көрініс

11-12-слайд: Венн диаграммасы:

Алдымыздағы қағазға «Мен» деген сөзге әркім өзі туралы мына сұрақтарға жауап беру арқылы толтырады.

13-слайд: Қорытынды:

14-слайд:

Кішілерді аяла,

Кісілерден аянба.

Адамдығың көрінсін,

Анадай жансаяңда.

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты боп өссең сен

Нағыз адам боласың,- дей келе

15-слайд: Бар ынталарыңызбен қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын! Өмірде әрқашан жолдарыңыз болсын! Сәттілікте жүздесейік!

 

 


Поможем в написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой





Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1681. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.064 сек.) русская версия | украинская версия
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7