Семестр 9.
Социометрическая таблица
Оқу жылына емтихан тапсыруға арналған Әлеуметтану пәнінен барлық мамандықтар бойынша қортынды бақылаудың сұрақтары.
1? Әлеуметтік жүйедегі элементтердің орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.Тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары қалай аталады? -координация; +субординация; -элемент; -функция; -жүйе; 2? Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Әлеуметтанудың ең негізгі категорияларын көрсет? -сұрыптау, бақылау; -адам, сараптау; +тұлға, қоғам; -қоғам, бақылау; -тұлға, сұрау; 3? Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп – тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Әлеуметтанудың арнаулы әдістеріне қандай әдістер жатады? -қосу, азайту, бөлу; -экономикалық, бақылау, сұрау; +бақылау, сұрау, құжаттарды талдау; -рухани, әлеуметтік, құжаттарды талдау; - бақылау, сұрыптау, әлеуметтану; 4? ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты қандай? - елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту; +елдің тұрақты әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту; - медициналық кадрларды дайындау сапасын жақсарту; - Қазақстан азаматтары үшін көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту - елдің дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту; 5? Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдірудің мақсаты неде? -денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру; -денсаулық сақтау саласын қаржыландару тетіктерін жетілдіру; +медициналық көмек көрсетудің тиімді және қол жетімді жүйесін жетілдіру; -медициналық көмектің жоғарғы сапалы жәек қол жетімді болуын қамтамасыз ету; -әлеуметтік бағдарламаны денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
6? О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл – ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының кезеңдерін атап көрсеткен. Мына кезеңдердің қайсысы соларға жатады? + теологиялық, метафизикалық, позитивистік; - теологиялық, ғылыми; - метафизикалық, ғылыми; - метафизикалық, теологиялық; - теологиялық, құрылымдық; 7? Қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап – тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б. отбасының береке-бірлігінің қалыптасуына ықпал ететін күштердің қайсысына жатады? -ішкі күштер; +сыртқы күштер; -экономикалық күштер; -саяси күштер; -қоғамдық күштер; 8? О. Конттың ізін жалғастырушы ағылшын әлеуметтанушысы, қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен ойшыл Г. Спенсер. Г. Спенсерге тән қасиетті көрсет? + Эволюциялық тоқталым; - Тарихи тоқталым; - Динамикалық тоқталым; - Рационалды тоқталым; - Детерменистік тоқталым; 9? Г. Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден,яғни, қоғамды биологиялық организм ретінде қарау және әлеуметтік эволюция идеясынан тұрады. Оның эволюциялық концепциясының негізінде кімнің идеялары жатыр? + Ч. Дарвин; - Т. Дрейк; - Дж. Миллс; - Р. Вагнер; - К. Маркс; 10? Г.Спенсер әлеуметтанушылардың бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Г.Спенсер қоғамды және онда болып жатқан құбылыстарды қандай құбылысқа теңеп қарастырды? - физикалық дене; + биологиялық организм; - әлеуметтік психология; - индивидтік психология; - биологиялық әлеуметтану; 11? Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі нені қамтамасыз етеді? - дәріхананы еркін таңдау және медициналық құралдарды еркін босату; +науқастарға дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау; - дәрігерлерге науқасты және жұмыс орнын еркін таңдау; - халықтың барлық топтарына ақысыз медициналық тексеру; - ақысыз медициналық қызмет; 12? Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Г. Спенсер бойынша әлеуметтік институттар-дегеніміз? + әлеуметтік әрекеттің тұрақты құрлымы; - түрлердің қандайы болсада; - болмыстың ерекше тәсілі ретінде сенімді, барлық тәртіпті көрсететін топтың ұстанымы; - әлеуметтік ұстаным; - діни наным мен көзқарастар жүйесі; 13? Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі Э. Дюркгейм ынтымақтың қандай әлеуметтік түрлерін белгіледі? - органикалық, органикалық емес; + механикалық, органикалық; - механикалық, органикалық емес; - механикалық, әлеуметтік; - әлеуметтік, органикалық; 14? Адамзат қоғамының дамуы әлемдік шеңберде үш кезеңге бөлінген. ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталған постиндустриалды қоғам концепциясының қалыптасуына үлесін қосқан әлеуметтанушы? - Дж. Мид; - Г. Кули; - Т. Кун; - М. Фуко; + Д. Белл; 15? Танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың тікелей тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы, зерттеу процесі неге бағытталады? + зерттеудің объектісіне; - зерттеудің міндетіне; - зерттеудің пәні; - зерттеудің проблемасына; - зерттеудің мақсатына; 16? Зерттеуге қажетті теориялық немесе тәжірибелік жағынан объектінің қасиеттері, жақтары, ерекшеліктері – неге жатқызылады? - зерттеудің объектісіне; + зерттеудің пәніне; - зерттеудің міндетіне; - зерттеудің проблемасына; - зерттеудің мақсатына; 17? Анкета – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценариі, бұл осы әңгіменің тікелей немесе сырттай болуына байланыссыз болады. Анкета арқылы әлеуметтік зерттеуді жүргізетіндер кімдер? - Модератор; - Монитор; - Актер; + Анкетер; - Оператор; 18? Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне 2010 жылы 1 қаңтарда қандай жүйе енгізілді? +денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі; - тестілеудің бірыңғай жүйесі; - жаңа технологияны енгізу жүйесі; - демографияны дамыту бағдарламасы; - инновациялық технологияны енгізу бағдарламасы; 19? Баланың тұлғалық рухани адамгершіліктік негіздерін анықтау көбіне көп қоғамда орын алып жатырған құбылыстарға тікелей байланысты болып келеді. Сондықтанда қазақ халқы осыған сәйкес «ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілесің» деп өз ойларын айтады. Баланың тұлғалық әлеуметтенуіне төмендегі жауаптардың қайсысы сайкес келеді? - үлкендерге тәуелділігіне байланысты; - үлкендердің беделдік күшіне байланысты; - қорқынышқа байланысты; +өмір салтына, үлкендер мінез-құлқына; - физиологиялық бейімделуіне байланысты; 20? Әлеуметтану өзінің зерттеу барысында халықтың өсуіне аса көп көңіл бөледі. Ал демографияның қарқынды етек алуы үшін жас отбасыларының берік болуы ол факт. Бірақта бүгінгі таңда бұл мәселе қоғамды ойландырып отырған дүние. Отбасылардың ажырасуына мұрындық болып отырған себептерге жатпайтын мәселе? - материалдық қиыншылықтар; +мінездердің сәйкес келу; - мінездің сәйкес келмеуі; - өмірлік мақсаттардың әртүрлі болуы; - отбасында баланың болмауы; 21? Қоғамда әлеуметтік институттардың алатын орны өте маңызды. Бірақ институттардың атқаратын, тигізетін пайдасына қарай қоғамнан алар өз дәрежелері бар. Осыған байланысты көптеген әлеуметтанушылардың көзқарасынша бірінші орында қандай институт қоғамдық манызға ие? - адвокатура институты; - жекеменшік институты; - билік институты; +отбасы институты; - дін институты; 22? Халықтың саны, оның құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылымын ғылыми ұйымдастырылған қандай жолмен есептеу әдісі қолданылады? -демография; +статистика; -миграция; -стратификация; -классификация; 23? Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі нені қамтамасыз етеді? - дәріхананы еркін таңдау және медициналық құралдарды еркін босату; +науқастарға дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау; - дәрігерлерге науқасты және жұмыс орнын еркін таңдау; - халықтың барлық топтарына ақысыз медициналық тексеру; - ақысыз медициналық қызмет;
24? ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге не себеп болды? - 2010 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі; +«Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы Қазақстан Президентінің бұйрығы; - «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» 2005 жылғы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы; - «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» 2009 жылғы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы; - 2010 жылға Қазақстан Республикасының білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы; 25? Әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтанулық танымның объектісі-қоғам. Ал әлеуметтанудың пәні не? +тұрақты әлеуметтік құрылымдар; - адамның ішкі әлемі және индивидуалды мінез-құлқы; - тапшы ресурстардың өңдірілуі, тұтынуы және бөлінуі; - қоғамдағы үлкен топтардың мінез-құлықтары; - халықтың мәселелері, жеке алғанда, туу, өлім және миграция; 26? Демократиялық тұрғыдан алып қарағанда қоғам ашық және жабық қоғам болып бөлінеді. Қоғамдарды “ашық” және “жабық” деп бөлген кім? - П.Сорокин; - Т.Парсонс; - М.Вебер; - Г.Спенсер; +К.Поппер; 27? Қай ойшылдың теориясы бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал – жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады? - П.Сорокин; - Т.Парсонс; - М.Вебер; - Г.Спенсер; +К.Маркс; 28? Кімнің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек? - К. Маркс; - Г. Спенсер; - И. И. Гофман; +М. Вебер; - Ю. Хабермас; 29? ХХ ғасырдағы әлеуметтану-әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуымен байланысты болады. Екіншіден, жаңа тұжырымдамалар мен бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық және эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде біріктіруге бағыт алумен сипатталады.Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары қай әлеуметтанудан басталады? -теориялық; +эмпирикалық; -тұжырымдамалық; -бағдарламалық; -зерттеушілік; 30? Мәдениет негізінен материалдық және рухани болып бөлінеді. Жалпы мәдениет өлшемдері мен құндылықтарына қарсылығы бар мәдениеттің бір бөлігі қалай аталады? - Субмәдениет; +контрмәдениет; - этникалық мәдениет; - басымдылық мәдениет; - кәсіби мәдениет; 31? ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шегінде медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдірудің, медицинаға жаңа технологияны енгізудің және дамытудың мақсаты не болып табылады? +денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті құру және жаңа технологияны дамыту; - бәсекеге қабілетті медициналық білімді және инновациялық технологияны құру; - медицина ғылымын басқарудың және қаржыландарудың жаңа принцптерін енгізу; - «Назарбаев Университеті» базасында алдыңғы қатарлы халықаралық стандартқа сәйкес дәрігерлер дайындаудың инновациялық жүйесін енгізу; - университеттердің материалдық- техникалық базасын жақсарту; 32? Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің мақсаты не? - ҚР демографиясын жоғарылату; - санитарлық- эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазіргі заманғы техноголиясын әзірлеу және енгізу сферасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; +медициналық қызмет көрсетудің тиімді және қол жетімді жүйесін құру; - халықаралық талаптарға сәйкес лабораториялық зерттеудің стандарттарын әзірлеу; - медициналық сараптама саласында лабороторияларды халықаралық аккредиттеу бойынша шаралар өткізу; 33? Адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш,не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау т.б. адамның еркі мен сипатын, темпераментін, т.б. қамтитын өлшемі қалай аталады? -биологиялық өлшем; +психологиялық өлшем; -әлеуметтік өлшем; -саяси өлшем; -жабайы өлшем; 34? Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Қоғам – дегеніміз? +әлеуметтік құрылым негізі болатын әлеуметтік ұйым; - шекарасы мен тәуелсіздігі бар территория; - саяси ұйым; - тұлғалардың қызығұшылықтарына қарай бірігуі; - билік тәртібі мен басқару органдары анықталған жүйе;
35? Дәрілік заттардың қол жетімділігін және сапасын жоғарылатудың, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жабдықтауды жақсартудың мақсаты не? +халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шегінде олардың қол жетімділігін жоғарылату; -медициналық қызметтің сапасын үздіксіз жақсарту принцптері негізінде, медициналық қызметтің сапасын басқарудың аурухана ішілік жүйесін енгізу; -халықаралық принцптерге негізделген медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеуді дамыту; -денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтерінің тиімділігі туралы халықты ақпараттау жүйесін әзірлеу және енгізу; -денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту процесіне науқастардың және жалпы қоғамның қатысу потенциялын жоғарлату; 36? ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық білімді дамытудың мақсатына жету үшін не жоспарланып отыр? -пациенттердің және медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін көрсететін нормативтік базаны жетілдіру; +денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау, соның ішінде магистратура және PhD докторантура шегінде ғылыми- педогогикалық кадрларды дайындау бағдарламасын жетілдіру; -денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық техникамен жабдықтау жүйесін қалыптастыру; -халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналының ролін және потенциалын күшейту; -дәрігерлердің кәсіби дамуының республикалық және аймақтақ бағдарламасын әзірлеу,сонымен қатар кәсіптік бедел және кәсіптік бәсеке институттарын дамыту; 37? Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың бірі, әлеуметтануда әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл бөлген, “Самоубийство” еңбегінің авторы кім? + Дюркгейм - Вебер - Зиммель - Конт - Маркс 38? Қоғамның жіктелуін 5 қоғамдық - экономикалық формацияға бөлген әлеуметтанушы.“Капитал” еңбегінің авторы кім? - Э. Дюркгейм - М.Вебер - Г.Зиммель - О.Конт +К.Маркс 39? Әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген иеалистік ойдың жақтаушысы, әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт қай еңбектің авторы? - "О разделении общественного труда" - "Капиталистическая революция" - "Приглашение в социологию" +"Курс позитивной философии" - "Протестантская этика и дух капитализма" 40? М. Вебер әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының суъективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек деген. М.Вебердің ғылымға еңгізген түсінігін көрсет? - аномия +идеалды тип - әлеуметтік мобильділік - габитус - әлеуметтік динамика 41? Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б.- бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктерінің қозғаушы күштері. Ал атқаратын қызметтері, адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б. нені көрсетеді? +әлеуметтік статус; -әлеуметтік құндылық; -әлеуметтік нормалар, -әлеуметтік құрылым; -әлеуметтік топ; 42? Белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу, мәлімет жинау әдісі. Бұл әдіспен үлкен әлеуметтік топты зерттеу қажет болғанда, сол топтың ішінен бірнеше адам әңгімелесу үшін іріктеп алынатын зерттеу әдісін қалай атаймыз? -эксперимент; +интервью; -бақылау; -тест; -анкета; 43? ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасна сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында кадрлік саясатты жетілдіру үшін не жоспарланып отыр? +медициналық қызметкерлердің әлеуметтік дәрежесін және мамандығының беделін жоғарылату -денсаулық сақтауды қаржыландарудың механизмдерін жетілдіру -денсаулық сақтауды басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру -санитарлық- эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу -білім беру сферасында халықаралық қарым- қатынасты дамыту 44? Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің әрекет ету сферасы: +ҚР азаматтарының конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қарым-қатынас -Қазақстан Республикасы Үкіметі қарамағындағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара қарым-қатынасы -халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі сұрақтарын тікелей және жанама қозғайтын нормативтік, құқықтық актілер және нормативтік құжаттар -денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру сферасы -медициналық қызмет көрсету сферасында медициналық мекемелердің өзара қарым- қытынасы 45? Әлеуметтану ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік-экономикалық белгілерге аударады. Бұл ретте ХХ ғасырда американ әлеуметтанушысы Д. Белл қоғамның қандай түрлерін көрсеткен? - индустриалды, постиндустриалды, архаикалық; - дәстүрлі, өндірістік; - әскери және өндірістік; +индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды; - архаикалық және қазіргі кездегі;
46? Өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машиналар келген болатын. Өндірістік революция қандай қоғамға өтуді білдіреді? +индустриалды - постиндустриалды - социалистік - дәстүрлі - қазіргікездегіқоғам 47? Адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғымы қандай? -индивид; -тұлға; +адам; -отбасы; -бала; 48? Аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ деп тұжырымдаған ойшыл кім? -М.Вебер +Э.Дюркгейм -А.Құнанбаев -Ы.Алтынсарин -Т.Парсонс 49? Қоғамды ғылыми негізде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды. Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану неше негізгі кезеңнен өтті? -5 -2 +4 -6 -3 50? Э.Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін – өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Оның бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық мінез – құлық әлеуметтануының негізін салды. Э.Дюркгейм өзін – өзі өлтірушіліктің типтерін қалай бөлген? -эгоистік, психологиялық; +эгоистік, альтуристік, экономикалық, фаталистік; -альтуристік, экономикалық, варварлық; -фаталистік, қоғамдық, маркстік; -эгоистік, өзіндік, тұрпайы; 51? Барлық адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Олар надандық, еріншектік, залымдық. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде ешнәрсені оларсыз біліп болмайды деп айтқан ойшыл кім? +А.Құнанбаев -Ы.Алтынсарин -Ш.Уәлиханов -М.Мақатаев -Ш.Құдайбердиев 52? Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар,яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс – әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз. Әлеуметтік қоғамдастықтар қалай жіктеледі? -тұрақтылығына қарай, білгірлігіне қарай, көлеміне қарай; -құрылымына қарай, жіктелуіне қарай, мазмұнына қарай; + тұрақтылық дәрежесіне қарай, көлеміне қарай; мазмұнына қарай; -отбасына қарай, беделіне қарай, рөліне қарай; -мазмұнына қарай, байланысына қарай, әлеуметтілігіне қарай; 53? Отбасының қызметінің қай түрі отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің, олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттарлығынан тұрады? -әлеуметтік бақылау қызметі; -сексуалды-эротикалық қызметі; -рухани қарым-қатынас қызметі; -тәрбиелік қызметі; +шаруашылық-тұрмыстық қызметі; 54? Бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобын қалай атаймыз? -неке; -каста; -тап; -қоғамдастық; +отбасы; 55? Медициналық қызмет көрсету сферасында мемлекеттік бақылау обьектісіне не жатады? -ақпараттық ресурстар; -жаңа өнім, технология, құрал- жабдық; +жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін медициналық қызметтер; -балаларға арналған тауарлар, тағамдық қоспалар; -дәрілік заттарды сату; 56? Таптың және оның өкілдерінің халықаралық салада алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған саналы әрекеті қалай аталады? +сыртқы саясат; -ішкі саясат; -әлеуметтік саясат; -халықтық саясат; -партиялық саясат; 57? Ана мен әке болуда, балалармен қарым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардын өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан түратын отбасынын қызметі қалай аталады? + тәрбиелік қызметі - шаруашылық-тұрмыстық қызметі - эмоциональдық қызметі - қарым-қатынас қызметі - бақылау қызметі 58? Отбасынын жеке мүшелерінің белгілі бір қоғамдағы ереже-нұскауларға, әдет-ғұрыптарға тағы басқаларға негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын қалай атаймыз? + отбасының рөлдік құрылымы - отбасының идеологиясы - некенің жиынтығы - отбасындағы билік - отбасының қарым-қатынасы 59? Салауатты өмір салтын қалыптастыруға не жатады? -медициналық көмектің сапасын әрдайым жоғарылату -ерікті өтеусіз донорлыққа сыйақы -халықтың қажеттілігін, мұқтаждығын қанағаттандыруға және өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытталуы +өмір салтымен байланысты, денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу сұрақтары барысында халықты гигеналық оқыту және тәрбиелеу, ақпараттық қамтамасыз ету жолымен салауатты өмір сүру салтын, дұрыс тамақтану және аурудың алдын алу жағдайын насихаттау -денсаулық сақтау жүйесін дамыту 60? Медициналық қызметтер сапасына сараптама қалай бөлінеді? -ашық және жабық -біріншілік және екіншілік +ішкі және сыртқы -бірлік және жаппай -негізгі және қосымша 61? Адамдарның арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары ұқсас, діні бір, тілі бір адамдардын жиынтығын қалай атаймыз? - халық - ұжым + ұлт - тап - ел 62? Аурудың алғашқы алдын алу неге бағытталған? +аурудың пайда болуын алдын алу мақсатында өмір сүрудің қолайлы жағдайын жасау -медициналық көмектің қол жетімдлігі -халықтың санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын қастамасыз ету -жеке және қоғамның денсаулығын сақтау және жақсартауға мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі -аурудың алғашқы ошақтарын анықтау 63? Қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын қалай атаймыз? - рөлдік жүйе - рөлдік мінез - айнадағы мен + әлеуметтік рөл - саяси рөл 64? Қоғам мүшелерінің арасындағыәлеуметтік теңсіздіктін табиғатын, себептерін, оның заңды құбылысы ретінде мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясынын маңызы зор. Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи 3 типін көрсет. - каста, адам, қоғам; + каста, сословие, тап; - жүйе, тап, страта; - топ, индивид, сословие; 65? Феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жүктеу типі, қоғамдағы адамдарды жоғарғы және төменгі страталарға жіктейтін стратификацияның түрі + сословие; - каста; 66? В.И.Ленин өзінің «Ұлы бастама» еңбегінде «қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал – жабдықтарының қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобын» қалай атаған? - сословие; - жабық қоғам; - ашық қоғам; - қоғамдық өндіріс; 67? Таптық айырмашылықтар тек меншік болу, болмауына ғана байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғарғы білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесімен шеберлектеріне де байланысты деп айтқан кім? + М. Вебер; - К. Маркс; - О. Конт; - Р. Дарендорф; - Н. Мейрамова; 68? Қоғамдағы жекелеген индивидтар мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын қалай атаймыз? + әлеуметтік мобильдік; - әлеуметтік стратификация; - әлеуметтік мәртебе; - әлеуметтік статус; - әлеуметтік роль; 69? Медициналық тексерулер: +міндетті және алдын алу -ашық және жабық -кезеңді -бақылау және жалпылама -алғашқы және екінші 70? «Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің ар- намыс Кодексі» көрсетілген нормативтік құжатты атаңыз: -«ҚР халқының денсаулығы туралы» заң +«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі -ҚР Конституциясы -денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы -ҚР медициналық қызмет ұйымдарының типтік ережесі 71? Әлеуметтанудағы алғашқы бағыт қалай аталады?: - материализм - идеализм +позитивизм - интернационализм - марксизм 72? Объективтік эмпирикалық шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінің жемісінің теориялық құрылымы деп Вебер не туралы айтқан? - дін; - адам; + идеалды тип; - түсіну; - ұғыну; 73? Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, саяси билікті үш түрге: харизматикалық, дәстүрлік, бюрократтық деп бөлген қай ғалым? + М. Вебер - К. Маркс - Т. Парсонс - Р. Мертон - П. Сорокин 74? Әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып әлеуметтік құбылыстардың қоғамда әлеуметтік тәртіпті сақтау және оны қолдау функциясын емес, керісінше, олардың дисфункциясы туралы айтқан ойшыл кім? - Т. Парсонс - О. Конт - Э. Дюркгейм + Р. Мертон - К. Маркс 75? Әлеуметтану ғылымын 19 ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы О. Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Қазіргі әлеуметтану терминінің анықтамасы қандай? - табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым - саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылықтары, жолдары мен формалары туралы қоғамдық ғылым - қоғам және қоғамдық қатынастар туралы ғылым + жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым - қоғамның құрылымы, ондағы адамдардың мінезқұлқы туралы ғылым 76? Өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі қалай аталады? + әлеуметтік құрылым; - қоғамдық сана; - әлеуметтік норма; - әлеуметтік статус; - әлеуметтік ықпал;
77? Адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданатын О. Конттың қай теориясы? - Метафизикалық саты; - Позитивистік саты; + Теологиялық саты; - Ақыл- ой сатысы; - Абстрактілі саты; 78? Денсаулық сактау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар өзінің құзыреттілігі шегінде қай мемлекеттік органда реттеуді жүзеге асыруға әсер етуге міндетті: -ақпараттандыру +денсаулық сақтау -денсаулық са&
|