Аз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз. Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом:
01_01_05_қаз. $$$001 Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом: A) Қыжылдау B) Жүрек айну C) Тез тою сезімі D) Аш қарынға және түнгі ауырсыну E) Тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағында керу сезімі {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 1 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Гастроэнтерология. Под ред. В.Т.Ивашкина. М.: 2006) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_05_қаз. $$$002 Науқас 54 жаста, тамақтан кейін 40-60 минут өткенде эпигастрий аймағында басып ауырсынуға және ауырлық сезіміне, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікк, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализінде: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде және синусы аймағында привратникке шығып тұрған алып қыртыстар. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс: A) Асқазанішілік манометрия B) Ирригоскопия C) ЭФГДС нысаналы биопсиямен D) Ректороманоскопия E) Колоноскопия биопсиямен {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Гастроэнтерология. Под ред. В.Т.Ивашкина. М.: 2006) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_05_рус. $$$003 Науқас 39 жаста, дефекациядан кейін басылатын іштің төменгі бөліктеріндегі толғақ тәрізді ауырсынуға; тәулігіне 3-4 ретке дейін үлкен дәреттің жиілеуіне, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағына таман, аздап ауырсынады. Анализінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Неғұрлым мүмкін диагноз: A) Тоқ ішектің дивертикулезі B) Гиршпрунг ауруы C) Тітіркенген ішек синдромы D) Псевдомембранозды колит E) Созылмалы дизентерия {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Гастроэнтерология. Под ред. В.Т.Ивашкина. М.: 2006) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_05_қаз. $$$004 Науқас 47 жаста, ішімдікті, цитрустыларды және кофені қабылдаумен байланысты қыжыл және төс артында ауырсыну мазалағанына бір жыл болған. Ауырсыну еңкейіп жұмыс істегенде күшейеді. Кейде құсу болады. Спазмолитиктер және аналгетиктер нәтижесіз. Неғұрлым тиімді тағайындау: A) Маалокс + фамотидин B) Гастроцепин + сукральфат C) Фамотидин + висмут субцитрат D) Домперидон + рабепразол E) Омепразол + метронидазоа {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Болезни органов пищеварения. Медпресс-информ: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_05_қаз. $$$005 32 жастағы науқасты тамақтан кейін бір жарым сағат өткенде пайда болатын эпигастрий ай мағындағы ауырсыну; қышқылмен кекіру, қыжыл мазалайды. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты айқын гиперемияланған, санаулы эрозиялар. Неғұрлым тиімді тактика: A) Домперидон + алмагель + де-нол B) Маалокс + фамотидин + домперидон C) Амоксицилин + кларитромицин + рабепразол D) Омепразол + гастроцепин + тетрациклин E) Амоксиклав + метронидазол + висмута субцитрат {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Болезни органов пищеварения. Медпресс-информ: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_05_қаз. $$$006 Науқас 56 жаста, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, өт аралас құсуға, таңертеңгілікте пайда болатын ауыздағы ашы дәмге шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрийде және оң қабырға доғасы астында ауырсынады. Оң жақ төс-бұғана-емізікше бұлшықеттері аяқшаларының арасын басқанда ауырсыну анықталады. ЭФГДС: эрозиялық гастрит. Неғұрлым тиімді тактика: A) Алмагель + урсофальк + дюфалак B) Домперидон + одестон + сукральфат C) Мизопростол + алмагель + омепразол D) Висмута субцитрат +маалокс + фамотидин E) Амоксицилин +кларитромицин + рабепразол {Дұрыс жауап}= В {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Болезни органов пищеварения. Медпресс-информ: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14
|