Студопедия — Комиссия шартының мазмұны.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Комиссия шартының мазмұны.






Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыру бойынша сыйақы үшiн омитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мəмiле жасауға мiндеттенедi (ҚР АК 865бап, 1т). Комиссия шарты да материалдық емес қызмет көрсетулердi туындататын шарттарға жатады, осыдан оның тапсырма шарттарымен ұқсастығы байқалады. Сонымен бiрге комиссия шарты тар аяда əрекет етедi, ол комиссионермен комитенттiң арнайы барлық заңды маңызы бар iсəрекеттердi емес, ал тек мəмiлелердi ғана жасауды реттеуге арналған. Кеңестiк азаматтық құқықтың əрекет ету кезеңiнде нарықтық қатынастардың тапшылығы кезiнде комиссия шарты азаматтардың кəсiпкерлiк қызметпен айналысуға деген құқық қабiлеттiлiгiнiң жоқ болған элементтерiнiң орнын толтыратын. Олар өз тауарларын (өз өнiмдерiн) базарларда, ал қалған тауарларды мемлекетпен құрылған комиссиялық сауда дүкендерi арқылы сатуға тиiс болды. Осы сауда кəсiпорындарының қызмет ету мүмкiндiгi бiрқатар тауарлардың, соның iшiнде киiмкешектiң жетiспеушiлiгi немесе жеткiлiксiз ассортиментiмен себептелетiн қазiр, кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерi əртүрлi тауарларға деген сұранысты толығымен қанағаттандыратын кезде комиссиялық сауда дүкендерiнiң қызмет ету негiздерi бұрынғы күйiндегiдей өмiр сүрмейдi. Осы айтылған сөз комиссиялық сауда немесе өзге де комиссиялық қатынастар қазiргi жағдайларда өз маңызынан айыру дегендi бiлдiрмейдi. Комиссиялық қатынастар ендi жаңа шектерде анықталды. Мысалы, еркiн қоғамға өтуiмiзге орай шығармашылық кəсiп (суретшiлер, халықтық кəсiп мамандары, скульпторлар жəне т.б.) адамдары белсендiлiк таныта түстi. Жеке сурет салондары, өнер салондары, халықтық кəсiп заттарын сататын дүкендер пайда болды. Мұнда комиссия қатынастары толық қандықолданылуға ие болады. Бұл сирек кездесетiн заттарды, кiтаптарды ювелирлiк бұйымдарды сатумен айналысатын дүкендерге де қатысты. Кейбiр жағдайларда, олар аталған заттарды сатып алып, содан кейiн оларды қайта сатады, ал кейбiр жағдайларда олар меншiк иелерi мен комиссия шартын бекiтедi. Бұл орайда меншiк (өнер туындысының) иесi сатылатын заттың профессионалмен бағаланатындығына сенiмдi болады. Əрине, меншiк иесi затты бағалауға ғана жүгiнiп, оны өз бетiнше сату туралы шешiм қабылдауы мүмкiн, бiрақ бұл ол үшiн жоғары қауiптi тəуекел мен байланысты болуы мүмкiн, өйткенi аса жоғары құндылығы бар объектiге құқылы қайшы қолсұғушылық жасай алатын қара ниеттi тұлғалар пайда болуы əбден мүмкiн. Комиссия шарты комиссионер шартты орындауға байланысты комитентке затты сақтау бойынша қызмет көрсетуге тиiс болатын қатынастарды бекiтуге мүмкiндiк бередi. Кəсiпкер коммиссионер комиссияға тапсырылған мүлiктi сақтандыруға мiндеттенуi мүмкiн. Комиссия шарттары бағалы қағаздардың табиғи ресурстардың – мұнай, газ, көмiр жəне т.б. айналымы кезiнде қолданыла алады. Олар бiздiң кəсiпкер азаматтар сатып алушылардың “тапсырысы бойынша” автокөлiк сатып алу үшiн шетелге жүретiн кезде де бекiтiледi. Осы жағдайларда азаматтардың, кəсiпкерлердiң қызмет көрсетуiне жүгiнулерiнiң себебi болып шетелдiк мемлекеттiң нарықтық конъюктурасын бiлмеу, автокөлiктi таңдап алу үшiн қажеттi арнайы бiлiмдердi бiлмеу, уақыт жетiспеушiлiгi жəне т.б. факторлар табылады. Комиссия қатынастары аралас шарттар аясында да орын алуы мүмкiн. Мəселен, заказ берушi өзiнiң кəсiптенген маман екенiне сүйене отырып онымен оның өз атынан бiрақ заказ берушiнiң есебiнен құрылыс материалдарын сатып алатындығы туралы келiсе алады. Комиссиялық келiсiмдердi бекiтудiң осыған ұқсас жағдайлары мүмкiн болады. Комиссияның заңдық құрылымы тапсырмамен өтелмелi қызмет көрсету сияқты аралас азаматтық құқықтық институттар мен ортақ белгiлерге ие. Оның өтелмелi қызмет көрсетудi туындататындығынан басқа, оны тапсырмамен жақындастыратындығы комиссия кезiнде комиссионер де комитент мүддесi үшiн əрекет ететiндiгiнде. Бұл өз кезегiнде оны өтелмелi қызмет көрсету шартынан ерекшелендiредi. Өтелмелi қызмет көрсету кезiнде атқарушы өз бетiнше əрекет етедi, оның көрсететiн қызметi сырттай орын алады, ал комиссия қызметi “комитент еркiнiң жалғасы” сияқты болып табылады. Комиссияның өтелмелi қызмет көрсетуге ұқсастығы мынада: екi жағдайда да тиiстi субъектiлердiң, яғни комиссионермен атқарушының қызметтерi (қызмет көрсетулерi) мүлiктiк құндылықпен жүзеге асырылатын болып табылады. Комитенттiң мүддесi үшiн əрекет ету екi жағдайда да тапсырма мен комиссия шарттарының мазмұнына əсер етедi, оларда бiрбiрiне сəйкес келетiн тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бар. Комиссия шартын тапсырма шартынан ерекшелендiретiнi – комиссионердiң заңдық аспектiде комитенттiң өкiлi болып табылмайтындығы. Комиссия қатынастары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 43тарауының 865882баптарымен реттеледi. Соңғы жылдары комиссиялық саудаға қатысты нормативтiк актiлер онша көп қабылданған жоқ. Бiрақ биржалық сауданың ұйымдастыруға қатысты заңнаманың бiрқатар актiлерiнiң нормалары комиссиялық шарттарға да қатысы бар екенiн ескерген жөн. Комиссия қатынастарын реттейтiн арнайы актiлердiң бiрiне 2 қазан 1995 жылы Қазақстан Республикасы өнеркəсiп жəне сауда министрлiгiнiң 195 бұйрығымен бекiтiлген. Көлiк құралдары мен ауылшаруашылық техникасымен жəне олардың қосалқы бөлшектерiмен комиссиялық сауда жасау Ережелерiн жатқызған жөн. Комиссиялық сауда кезiнде жекелеген тауарлардың, соның iшiнде азаматтық қаруды көркемдiк жəне тарихи құныдылығы бар бұйымдарды жəне т.б. сату тəртiбiн реттейтiн заңнама нормаларын сақтау талап етiледi. Комиссия шарты консенсуалды ақылы жəне екi жақты шарт. Тапсырма шартына қарағанда ол жеке сенiм бiлдiрушiлiк сипатқа ие емес. ҚР АК 865бабының 2тармағына сəйкес ол жазбаша нысанында жасалуға тиiс. Заңнамамен көзделген сол бiр немесе өзге жағдайларда комиссия шартының бекiтiлген нысандары қолданылуы мүмкiн. Осындай нысандардың (комиссиялық келiсiмнiң) бiрi Қазақстан Республикасының өнеркəсiп жəне сауда министрлiгiнiң жоғарыда аталған бұйрығына тiркелген 2 қосымшада келтiрiледi. Комиссия шартының элементтерi. Жоғарыда бiрнеше атап өтiлгендей, комиссия шартының тараптары – комиссионер жəне комитент деп аталады.

49.Мүлiк жалдау шартының элементтерi. Мүлiк жалдау шартының тараптары жалға алушы жəне жалға берушi, жалға берушi жəне жалға алушы ретiнде кез келген тұлға, заңды жəне жеке тұлға бола алады. Егер шарт мемлекет атынан не əкiмшiлiкаумақтық бiрлестiк атынан жасалса мүлiктi жалға берушi болып өкiлеттi мемлекеттiк орган, ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру бойынша комитетiнiң аумақтық органдары келедi.

Жалға берушi – бұл пайдалануға берiлген мүлiктiң иесi, ал заңды тұлға – оқшауланған мүлiкке

меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығы бар субъект. Кейбiр жағдайларда мүлiктi жалға берушi болып оған өзге де құқықтары бар жеке немесе заңды тұлғалар келуi мүмкiн, олар мүлiктi жалға беруге заңмен немесе шартпен өкiлденуi тиiс (мысалы, бұл мүлiктi сенiмгершiлiкпен басқаратын болуы мүмкiн).

Жалдаушы (арендатор) – мүлiктi уақытша иелену жəне пайдалануға, немесе тек пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға. Мысалы, станокты жалдаушыға онда белгiлi сағаттарда немесе күндерде қажеттi жұмыстарды жасау (орындау) мүмкiншiлiгi берiлуi мүмкiн. Мүлкiне оралымды басқару құқығы бар коммерциялық емес заңды тұлғалар, олардың мүлкiнiң меншiк иесiмен мүлiктi жалдау құқығында шектелуi мүмкiн.

Тараптар құқықтары мен мiндеттерiнiң өзге тұлғаларға ауысуы iшiнара жəне де əмбе бап құқықтық мирасқорлық негiзiнде болуы мүмкiн. Жалға берiлген мүлiкке меншiк құқығының немесе шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқықтарының өзге тұлғаға ауысуы мүлiктi жалдау шартын өзгерту немесе бұзу үшiн негiз болмайды.

Басқаша айтатын болсақ аренда құқығы жалға берiлген мүлiкке ауыртпалық тудырады.

Азамат өлуiмен жалға алушының құқықтарына қатысты мұрагерлiк трансмиссия егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше қарастырылмаса жалпы тəртiп бойынша болады. Заңды тұлғалар қайта құрылған кезде де əмбебап мирасқорлықтың бұл тəртiбiн қолдану керек.

Мүлiктi жалдау шартын жасасу жалдаушының тұлғасына жеке байланысты болмаса, жалға берушi оның қалған мерзiмiне шартқа мұрагердiң (құқықтық мирасқордың) жалдаушы ретiнде кiрiсуiне кедергi жасай алмайды.

 

50.Құрылыс мердiгерлiгi шарттың элементтері субъектiлiк құрамының ерекшелiктерi бар, яғни шартта əрқашан мердiгер жағынан кəсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi, əртүрлi лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргiзу үшiн рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кəсiпкерлер қатысады.

Кейбiр жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары ережелер қолданылады.

Құрылыс мердiгерлiгi шарты нысанасының ерекшелiктерi жəне осы мердiгерлiк шартымен байланыста пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердiгерлiк түрдiң мазмұнының ерекшелiктерiне мiндеттi түрде белгi қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттелуiне бағытталған нормалармен анықталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32тарауының § 3 “Құрылыс мердiгерлiгiнiң ерекшелiктерi”).

 

52.Мүлiк жалдау шартының мазмұны. Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сəйкес, келетiн күйде беруге мiндеттi (АК 547б. 1тармағы). Мүлiктiң күйi бiрiншi кезекте шартпен анықталуы тиiс. Мысалы, жалға қоймалар берiлгенде, олар өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына бөлмелердегi ауаның ылғалдылығына не құрғақтығына қойылатын талаптарға жəне басқаларға сəйкес болуы керек екенi болжанылуы мүмкiн.

Шарттың мүлiктiк күйiне талаптар анықталмаса, онда олар мүлiктiң тағайындалуы жəне мүлiктi пайдаланудың болжамды (мақсаты ескерiлiп мүмкiн күйiне талаптар туралануы мүмкiн. Бiрақ мүлiктi жалдау шарты бойынша мүлiкке талаптарды анықтау сатып алусату шарты бойынша заттың қажеттi сапасын анықтаудан ауырға түседi. Жалға берiлетiн мүлiктiк күйiне қатысты талаптар өте субъективтi болып келедi. Олар жөнiнде келiспеген тараптар араларында қиын жолмен шешiлетiн даулар пайда болуы мүмкiн. Сондықтан, жалға алушы мүлiктiң кейбiр ерекше қасиеттер бар болуын қаласа, оның бұл туралы жалға берушiмен келiскенi аса қажеттi болады. Жалға берiлетiн мүлiктiк кемiстiктерi болмауы керек, немесе кемiстiктер тiкелей шартта ескертiлуi керек. Бұл жасалмаса жалға берушi берiлген заттардың кемiстiктерi үшiн жауапты болады.

Кейбiр жағдайларда заттың кемiстiктерiмен байланысты тараптардың құқықтары мен мiндеттерi туралы мəселе басқаша шешiмiн табады. Жалға берiлген заттың кемiстiктерiн оны қараған кезде бiрден табуға мүмкiн болса, немесе затты жалға алғанға дейiн жалдаушы затпен пайдаланып үлгерген болса, онда жалға берушi заттың кемшiлiктерi үшiн жауапты болмауы тиiс.

Затты тұтынудың одан құтылу мүмкiн емес (сөзсiз) салдары болып оның белгiлi дəрежеде нашарлауы (тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтуы) келедi. Сондықтан бiрнеше жыл пайдалануда болып келген мүлiктiң (заттардың) күйi тиiстi емес тiптi қанағаттанатындай болмай шығуы мүмкiн. Осыған байланысты шарттың екi тарабы бiрдей белгiлi бiр шешiмдердi қабылдап əрекеттердi жасауға мəжбүрлi болады. Осы себептен А. А. Иванов автордың ешқандай күдiкке жол бермей мына айтқанымен (жазғанымен) келiсуге қиын (болмайды): “… обязанность обеспечить надлежащее состояние имущества действует на протяжении всего срока аренды, хотя вещь и передается арендатору, как правило, вскоре после заключения договора”1. Аталған мiндет мүлiк жалдау шарты тараптарының арасында бөлiнедi. Жалға берушiнiң жəне жалға алушының құқықтары мен мiндеттерiн одан əрi қарағанда осыны анық көруге болады.

Мүлiк жалға оның барлық керекжақартарымен жəне оған қатысты құжаттарымен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тəртiбiн куəландыратын жəне т.б. құжаттармен) бiрге берiледi. Сатып алусату шарты (мысалы қозғалмайтын мүлiктi сатып алусату шарты) бойынша затқа (мүлiкке) құқықтарды растайтын құжаттар табыс етiлуi мүмкiн қаралып тұрған шартта негiзiнен əңгiме мүлiктi тұтыну (пайдалану) үшiн қажеттi құжаттар жөнiнде жүргiзiледi. Шартта құжаттар жалға берушiде қалатыны, жалдаушы олармен таныса алатыны жəне т.б. қарастырылуы мүмкiн.

Құжаттар, керек жарақтар берiлмесе жəне оларсыз жалға алушы мүлiктi мақсаты бойынша пайдалана алмаса, немесе ол шартты жасасуы кезiнде үмiттенуi мүмкiн болған нəрселерден (игiлiктен, пайдадан) едəуiр дəрежеде айырылса, онда өзiнiң қалауы бойынша ол жалға берушiден керек жарақтардың жəне құжаттардың берiлуiн немесе шарттың бұзылуын талап ете алады.

Жалға алушыда көрсетiлген жағдайға қатысты бiр ғана құқығы болып келмейдi. Жалға алушы құжаттарды жəне керек жарақтарды олар жалға берушiмен берiлмеген өзге реттерде де талап ете алады. Басқаша айтқанда, жалға алушының мүлiктi пайдалану мүмкiншiлiгiнен айырылуы, оған ұтымсыз нəтижелердiң (салдардың) туындауы немесе туындамауы сол құқықты жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде ескерiлетiн нəрсе емес. Бiрақ, əрине, жалға берушi тарабынан жасалған бұзушылықтың ауырлығы қолданылатын шараларға (мысалы шартты бұзу мүмкiншiлiгiне) əсер етедi.

Жалға берушi мүлiктi шартпен қарастырылған мерзiмде беруi керек, егер бұл мерзiм шартта қарастырылмаса, онда ол қисынды мерзiмде берiлуге жатады. Жалға берушi шартқа қайшылық жасап мүлiктi бермесе жалдаушы бұл мүлiктi ҚР АК 355бабына сəйкес талап ете алады немесе шарт бұзылуын талап ете алады. Екi амалды қолданған кезде де жалға алушы өзiне келтiрiлген шығындарды өндiрiп ала алады.

Затты бергеннен кейiн, меншiк иесi оған меншiк құқығына байланысты кейбiр ауыртпалықтарды сақтап қалады. Сондықтан, меншiк иесi мүлiк жағдайына жауапты болады, сонымен қоса жалға алушының да заттық құқығын есептеп алып тастамау керек. Затқа қатысты құқықтар тараптар арасында бөлiнгесiн меншiк иесiнiң ауыртпалықтары ол өзiне жататын мүлiктi өзi иеленген, пайдаланған жағдайда сияқты толық болмайды.

Ертерек айтылғандай мүлiк жалдау шартының тараптары арасында мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы бөлiнедi. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнде не шартта өзгеше көзделмесе, өз есебiнен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi. Жалға алушы жауап бермейтiн мəнжайларға байланысты пайда болған шұғыл қажеттiлiк талап ететiн жөндеудi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушi қисынды мерзiмде өз есебiнен жүргiзедi (АК 552б 2бөл.).

Шарт жасау кезiнде жалға берушi жалға алушыға жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепiл құқығы) туралы ескертуге мiндеттi. Бұл жағдайда бiз бiрiншi кезекте мүлiкке ауыртпалық тудыратын құқықтары туралы айтамыз. Мүлiктi жалға беру мүлiкке үшiншi тұлғалардың заттық құқықтарын тоқтату не өзгерту үшiн негiз болып табылмайды.

Бiрақ, бiрқатар жағдайда бiз құқықтардың бəсекесi мəселесiмен соқтығамыз. Бұл жағдайда, бiр құқықты басқа құқық иеленушiнiң алдында басымдылығы туралы мəселенi шешу қиынға түседi. Бiр субъектi құқықтарының екiншi субъектi құқықтарының алдындағы артықшылығын анықтау үшiн тиянақты негiздер болуы керек.

 

53. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны. Атқарушы тапсырысшының тапсырмасына яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптаскан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. Әдетте, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (қосалқы мердігерлік катынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. Бірақ, өтелмелі кызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда субмердігерлік туралы ережелер қолданылуға тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының кызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай-күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. Өйткені кызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект (біздің ұсынған түсіндірмемізге сәйкес) шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету кажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.

Тапсырысшының тапсырмасына сәйкес қызмет көрсету міндетінің болуы, егер шартты бекіту кезінде, ол жалпы түрде берілсе, соңғысына атқарушының тапсырмасын нақтылау міндеті жүктелуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тапсырысшының өз міндеттерін орындамауы оның жауапкершілігіне және аткарушымен шартты бұзу мүмкіндігіне алып келуге тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшелігі тапсырысшы тапсырмасының көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілетін тапсырысшының тапсырмасына қарағанда, нақтырақ болмауында. Тапсырманы нақтылау дәрежесі атқарушыға өзі жүзеге асыруға тиіс әрекеттерді олардың көлемін бірізділігін және т.с.с. жеке дара анықтауға мүмкіндік беруге тиіс.Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей, атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндеті белгіленбейді. Тапсырысшы аткарушының қызметіне, өтелмелі кызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру аванстық төлемдер және т.б. жүргізу жоққа шығарылмайды. Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметтерге ақы төлеуге міндетті. Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет керсету шарттары тұтынушы шарттар қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкала-рына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольді органмен келісіл-ген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.Өтелмелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке акы толық көлемінде төленуге жатады. Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарын өтейді.

54. Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері. Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді.

Тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-әрекеттерді анықтау үшін арналады. Тапсырма шарты жазбаша ны-санда жасалуға тиіс.

Тұрмыстық (кәсіпкерлік емес) тапсырма шарты жалпы ереже бойынша ақысыз болып табылады. Тапсырма шарты шарттың бір немесе екі тарабымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болған жағдайларда, ол жалпы ереже бойынша ақылы болып табылады. Тапсырма шарты консенсуалды шарт. Ол оның мәнді жағдайы бойынша келісімге келген сәттен бастап бекітілуі деп есептеледі. Оның мәнді жағдайы болып шарт пәні туралы жағдай табылады.

55. Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушы меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.

Сондықтан, лизинг мақсаттары үшін екі құқықтық қатынас жүзеге асады:

1) лизинг берушінің сатушының (үшінші тұлға) қатысуымен сатып алу-сату;

2) лизинг берушінің және лизинг алушының қатысуымен мүлік жалдау.

Осымен, лизинг шартына қатысушылардың құқықтық байланыстары шектелмейді, белгілі құқықтар мен міндеттер лизинг берушінің және лизинг алушының араларында пайда болады.

Қаржылық лизингтің мәнісі және ерекшелігі оның түрлік сипаттамасы арқылы көрінеді. Қаржы лизинг нысандарын ажыратады. Оларға мыналар жатады: а) ішкі лизинг, оны жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады: б) халықаралық лизинг, оны жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды. Егер сатушы резидент болмаса, заң лизинг қандай нысанға жататынын айтпайды, біздің ойымызша, ол халықаралық лизингке жатуы мүмкін.

Қаржы лизинг түрлері мыналар: 1) қайтарымды лизинг. Ол орын алса сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады; 2) банктік лизинг, мұнда лизинг беруші банк болып келеді; 3) толық лизинг - ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады. 4) таза лизинг лизингтің бұл түрі бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.

Лизинг шартында үш субъект қатысса да: сатушы, лизинг беруші, лизинг алушы, ол екі тарапты шарт болып табылады. Егер сатушы болмаған жағдайда, шарттық қатынас анық ерек-шелігі жоқ қай мүлік талдау болып табылады. Лизинг шартын жасасқан кезде екі шарттық құқықтық қатынас пайда болады сатып алу-сату шарты және мүлік жалдау шарты.

Лизинг шартыныц элементтері. Лизинг шартының тараптары ретінде лизинг беруші және лизинг алушы қатысады. Лизинг беруші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне қатысушы. Лизинг беруші ретінде заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер ретінде танылатын жеке тұлғалар болуы мүмкін. Лизинг шарттарында коммерциялық емес заңды тұлғалардың лизинг беруші ретінде қатысуы шектеледі, ол олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді, себебі, алдында көрсетілгендей лизинг шарты мамандандырылған мінезі бар қаржылық (кәсіпкерлік) кызметті қамтамасыз етеді.

Лизинг алушы-лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы. Олар, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.

Мәміленің үшінші қатысушысы - сатушы, лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты және (немесе) лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің өткізетін лизинг мәмілесіне катысушы.

Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады. (Қазақстан Республикасының Қаржылық лизинг туралы Заңының 2-6).

Лизинг шартының пәні ретінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын жарамды, тұтынылмайтын заттар болуы мүмкін. Оларға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және т.б. жатады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Лизинг шартының мазмұны. Лизинг беруші:

1) лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатып алушыға лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға міндетті. Сондықтан, сатушыға лизинг алушының жеке басы және лизинг шартының жағдайы мәнге ие. Олар жөніндегі көзқарас сатушыға өзінің мүмкіндік қауіп-қатерін есептеуге, мүлік тағайындауды бағалауға мүмкіндік береді;

2) лизинг нысанасын лизинг алушыға беруді қамтамасыз етуге міндетті. Лизинг нысанасын оған нақты беру сатушымен жүзеге асырылады.

Лизинг беруші лизинг алушыдан лизинг нысанасын мынадай жағдайларды талап етуге құқылы:

а) егер лизинг алушы нысанасын пайдаланылуы лизинг шартының жағдайларына немесе лизинг нысанасын қызметіне сәйкес келмесе;б) егер лизинг алушы берушіге лизинг нысанасын көруге шектеу жасаса;в) егер лизинг алушы лизинг шартымен белгіленген мерзімі өткеннен кейін екі және одан да көп лизинг төлемдерін төлемесе.

Лизинг алушының құқықтарының ерекшелігі мынадай:

1) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға құқылы;

2) егер лизинг нысанасы тиісті кемшіліктермен жеткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануына кедергі жасаса, лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуте құқылы. Лизинг алушы нысанасын көруі не кедергі жасамауға міндетті.

56. Жекелеген тұрғын үй құқықтық қатынастары. Тұрғын үй құқықтық қатынастарының пайда болу негiздерiн, элементтерi мен мазмұнын қарастырмас бұрын тағы бiр рет тұрғын үй қорын пайдалану режимiне тоқталып өтейiк. Тұрғын үйдi (тұрғын үйжайды) тұрғын емес мақсатқа пайдалануға тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана жол берiледi. Тұрғын үй қорын мақсаты бойынша жəне басқа да мақсаттар үшiн пайдаланған жағдайларда тұрғын үй қорын бұзуға немесе бүлдiруге жол бермеу талап етiледi. Тұрғын үйлердi пайдаланушылар басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс. Тұрғын үйдегi тұрғын үйжайлар тұрғын емес үйжайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үйжай иесiнiң келiсiмiмен жəне жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сəйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Үйжайларды қайта жабдықтау жəне қайта жоспарлау басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын жағдайда олардың алдынала жазбаша келiсiмi талап етiледi. Бiр тұрғын үйге бiрнеше құқықтардың болуы оны бiрлесiп пайдалану мiндетiне алып келедi. Үйжайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн заңдарда тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы. Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тəртiппен мемлекет үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады. Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын барлық дауларды шешу сот тəртiбiнде жүзеге асырылады.

57 Сақтандыру шартының мазмұны. Сақтандыру шарты көбiне нақты (реалды) шарт болғандықтан, оның мазмұнын талдауды сақтанушының мiндетiнен жəне оған қарама қарсы болып келетiн сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында (бiрiншi кезекте) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйақысын төлеуге мiндеттi. Сақтанушы осы өзiнiң мiндетiн сақтандырылған адамға да, пайда алушыға да жүктей алмайды. Мұндай мiндет оларға заңды актiлерiмен де жүктелмейдi. Сақтандыру сыйақыларының мөлшерлерi шартпен белгiлi ақша сомасы ретiнде қарастырылады. Сақтанушы шартпен сəйкес, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тəуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасының көлемiне (мөлшерiне) қарап есептелетiн сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерiн белгiлейтiн сақтандырушы əзiрлеген сақтандыру тарифiне байланысты сақтандыру сыйлық ақыларын төлеуге мiндеттенедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру сыйлық ақыларының мөлшерлерi заңды актiлерiмен орнатылған олардың мөлшерлерiнен көп болмауы керек. Мысалы, автокөлiк құжаттарының иелерiнiң азаматтыққұқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi түрде сақтандыру жөнiндегi Ережелерге сəйкес, жеңiл көлiк иелерiнiң, 1200 кубтық сантиметрге дейiнгi двигатель мөлшерi бар микроавтобус иелерiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру үшiн, үш айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде сыйлық ақысы алынады, ал 1200ден 1600 кубтық сантиметрге дейiн кiргiзiлетiн сақтандыру сыйлық ақысы төрт айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде орнатылады жəне т.б. Сақтандыру компаниялары клиенттердi мiндеттi түрдегi сақтандырудың осы түрлерiне тарту мақсатында алынатын сақтандыру сыйлық ақыларының мөлшерiн азайтып тұрады. Сақтандыру сыйлық ақыларын төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен белгiленуi мүмкiн. Сақтандыру сыйлық ақысы əдетте бiруақтылы төлемдi. Шартта сақтандыру сыйлық ақысын бөлiпбөлiп төлеу көзделуi мүмкiн. Тараптар кезектi сақтандыру жарналарын белгiленген уақытта төлемеуге байланысты жауапкершiлiктi қарастыра алады. Содан басқа, сақтандырушының осы жағдайда шартты мерзiмiнен бұрын бұзу құқығы да бекiтiлуi мүмкiн. Бiрақ сақтандырушымен бұл шартты бұзу мүмкiндiгi жинақтау сақтандыру шарттары үшiн қарастырылмайды. Азаматтық кодексiнде енгiзiлген өзгерiстерге сəйкес, жинақтау сақтандыру шартымен орнатылған мерзiмде сақтандырушы сақтандыру жарналарын (бiрiншiсiнен басқаларын) алмаған жағдайда сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiлiгi жөнiнде сақтанушыға хабардар беруге мiндеттi. Хабарландырудың iшiне кiредi: 1) сақтандыру жарнасын (сақтандыру сыйлық ақысын кейiнге қалдыру мезгiлi) төлеу мерзiмi; 2) сақтандыру жарнасын төлеудiң мерзiмiн асырып алу үшiн өсiм мөлшерi; 3) сақтандыру сыйлық ақысын кейiнге қалдыру мерзiмi iшiнде сақтандыру жарнасын төлемеу жағдайларында сақтандырушының бiр жақты тəртiппен шартты тоқтату құқығы. Сақтандыру сыйлық ақысын кейiнге қалдыру кезеңде сақтандыру жағдайы орын алып қойса сақтандырудың шарты бойынша сақтандырушы берешек сомасын ұстап қалып, сақтандыру төлемiн жасауы тиiс. Сақтанушыға сақтандыру жарнасын төлеуi қажет екендiгiн ескертетiн хабарлама, оның жiберiлгендiгiн растауға мүмкiндiк беретiн жолмен жiберiледi. Сонымен қатар сақтандырудың басқа да түрлерiнде, егер сақтандыру жағдайы сақтандыру жарнасын төлегенге дейiн болса, оны төлеу мерзiмi жiберiлiп алынса сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындап, төлену мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасын есептеп оны тиесiлi са







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 4533. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия