Кафедра мәжілісінің хаттамасы: № 8 20.04.2015 ж. 2 страница
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай профилактикалық іс-шаралар жүргізілуі керек? | Ауыз суын фторлау | Ауыз қуысының гигиенасын сақтау | Фтормен ингаляция жасау | Санитарлық - ағарту жұмысын жүргізу | Құрамында фторы бар азық-түліктерді қолдану ~ Кен-металлургиялық комбинаттың іркінді суларынан төгетін жерден төмен орналасқан қала тұрғындары коммуналдық - ауыз су мақсатында өзен суын пайдаланады. Су алатын орында зертханалық талдау нәтижесінде кадмийдің мөлшері – 0,01. Берілген елді мекеннің тұрғындары арасында қандай патологияның даму қаупі бар? | Итай-Итай ауруы | Юшо ауруы | Минамат ауруы | Гафф ауруы | Уров ауруы ~ Ірі қаланың өндіріс аймағында 3 өндірістік кәсіпорын, жеміс-жидектер базасы, әмбебап базар, депо, қоймалар, жұмысшыларға арналған жатақхана, 2 балалар мекемесі орналасқан. Санитарлық нормаларға сай қандай сәйкессіздік орын алып отыр? | Балалар мекемелері мен жатақхананың орналасуы | Әмбебап базар мен қоймалардың орналасуы | Депо мен жеміс-жидектер базасының орналасуы | Өндірістік кәсіпорындардың орналасуы | Автомагистральдің орналасуы ~ Қалада қыс мезгілінде екі ЖЭЦ-да мазут пен көмір жағылады. Атмосфералық ауада жер бетіне түсетін түтін шлейфі мен күл байқалады. Қала үстінде қатты тұман, температуралық инверсия байқалады. Атмосферада қалқыма шаңның (күл) жоғары мөлшері - 1,5 мг/м3 (ШРЕМ - 0,05), көмір тотығы - 5,4 мг/м3 (ШРЕМ - 3,0), күкірт қос тотығы - 0,5 мг/м3 (ШРЕМ - 0,05), күкірт қышқылы - 0,15 (ШРЕК - 0,1) анықталды. Қауіптілік класы: шаң - 3, СО - 4, SO2 - 3, H2SO4 - 2. Берілген жағдайда қандай санитарлық-гигиеналық шаралар қолдану қажет? | Атмосфералық ауа сапасының мониторингі | Санитарлық-қорғау аймағын қолдану | Нысанды санитарлық тексеру | Заманауи технологиялар қолдану | Сүзгілер мен скрубберлер орнату ~ Қалада шілде айында күнді, ыстық және желсіз ауа-райы болды. Ауа массаларымен алмасуы бірден төмендеген, қала атмосферасының инверсиялық қабатында зиянды заттар жиналуда. Көзбен көру төмендеген, тұрғындарда мыналар байқалады: тамақтың жыбырлауы, көз бен мұрын шырыш қабаттарының тітіркенуі, бас ауыру, әлсіздік. Атмосфераның жерге жақын қабатында СО – 6,0 мг/м3 (ШРЕМ – 3,0), NO2 – 0,4 мг/м3 (ШРЕМ – 0,04) жоғары мөлшерлері анықталған. Ауа ластануының қандай түрі туралы сөз болып отыр? | Фотохимиялық смог | Қышқыл жаңбырлар | Парниктік эффект | Озонның тесілуі | Трансаймақтық ластану ~ Қалада шілде айында күнді, ыстық және желсіз ауа-райы болды. Ауа массаларымен алмасу төмендеген және қала атмосферасының инверсиялық қабатында зиянды заттар жиналуда. Көзбен көру төмендеген, тұрғындарда байқалады: тамақтың жыбырлауы, көз бен мұрын шырышының тітіркенуі, бас ауыру, әлсіздік. Жер бетіндегі атмосфера қабатында СО – 6,0мг/м3 (ШРЕК – 3,0), NO2 – 0,4 мг/м3 (ШРЕК – 0,04) жоғары концентрациялары анықталған. Берілген жағдайда тұрғындарды қорғау шараларының қайсысы тиімді? | Адамдардың көшеге шығуын шектеу | Ұжымдық қорғаныс заттарын қолдану | Жеке қорғаныс заттарын қолдану | Бұқаралық ақпарат арқылы хабарлау | Медициналық тексерулер жүргізу ~ Мұнай өндіру мен мұнай өңдеу өнеркәсібінің аймағынан 1-3 км радиуста атмосфералық ауада анықталған: күкірт сутегі - 0,08 мг/м3 (ШРЕМ - 0,008), күкіртті газ – 0,1 мг/м3 (ШРЕМ - 0,05), көміртегі тотығы – 1,0 мг/м3 (ШРЕМ - 3,0), азоттың қос тотығы – 0,02 мг/м3 (ШРЕМ - 0,04). Апаттық дүркін шығарыстарда тұрғындар «шіріген жұмыртқа» иісіне, бас айналуға, әлсіздікке, көздің шырышты қабатының тітіркенуіне шағымданады. Қауіптілік кластары: H2S – 2, SO2 – 3, CO – 4, NO2 – 2. Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай санитарлық-техникалық шаралар қолдану қажет? | Сүзгілер орнату | Санитарлық - қорғау аймағын қолдану | Нысанды санитарлық тексеру | Заманауи технологияларды қолдану | Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу ~ Кәріз жүйесіндегі апат салдарынан оның құрамындағы заттар қалалық типті елді-мекеннің сумен қамтамасыз ету жүйесіне түсті. Бірінші кезекте қандай жұқпалы патологияның артуын күтуге болады? | Іш сүзегінің | Сальмонеллездың | Лептоспироздың | Туляремияның | Вирустық В гепатитінің ~ Өндірістік қаланың іркінді сулары жинағыш-тоғанға және өзенге түседі. Іркінді суларды тастау нүктесінен төмен өзен суында анықталды: сынап – 0,0006 мг/л, (қауіптіліктің 1 класы); қорғасын– 0,06 мг/л, кадмий – 0,003 мг/л, цианидтер – 0,5 мг/л (2 класс); мырыш – 2,0 мг/л, мыс – 1,5 мг/л (3 класс); жалпы микроб саны - 255, иісі – 4 балл, ОБҚ (БПК) – 10 мг/л, еріген оттегі – 0,5-1,0 мг/л. Берілген жағдайда топырақты қорғау мақсатында қандай санитарлық-техникалық шаралар қолдану қажет? | Іркінді суларды тазарту және залалсыздандыру | Санитарлық қорғау аймақтарын бекіту | Өндірістік нысандарды санитарлық тексеру | Заманауи технологияларды қолдану | Іркінді су құрамына мониторинг жүргізу ~ Қорғасын-мырыш комбинатынан 1 км қашықтықта орналасқан өндірістік қаланың ық жағында (құбырдан шығатын түтінді факел астында) жеке тұрғын үйлер орналасқан. Зауыт аумағындағы топырақ сынамасында анықталды: жоғары мөлшерде қорғасын - 800 мг/кг (ШРЕМ - 32), мырыш - 1500 мг/кг (ШРЕМ – 23), мыс - 50 мг/кг (ШРЕМ- 3), кадмий - 6 мг/кг (ШРЕМ - 1), топырақ рН - 4,6. Берілген жағдайда санитарлық талаптар бойынша қандай сәйкессіздік орын алып отыр? | «Жел раушаны» қағидасын сақтамау | Қала территориясын аймақтарға дұрыс бөлмеу | Өндірістік аймақты дұрыс орналастырмау | Топырақ сынамасын алу тәртібін сақтамау | Санитарлық-қорғау аймағының көлемін сақтамау ~ Қорғасын-мырыш комбинатынан 1 км қашықтықта орналасқан өндірістік қаланың ық жағында (құбырдан шығатын түтінді факел астында), тұрғын үйлер орналасқан. Зауыт аймағындағы топырақ сынамасында анықталды: жоғары мөлшерде қорғасын– зауыттан 1 км қашықтықта (тұрғын үйлер) – 600 мг/кг (ШРЕМ - 32), мырыш - 1 км - 450 мг/кг (ШРЕМ - 23), мыс -1 км - 27 мг/кг (ШРЕМ - 3), кадмий - 1 км - 4 мг/кг (ШРЕМ - 1), никель - 1 км - 10 мг/кг (ШРЕМ - 4), кобальт -1 км - 9 мг/кг (ШРЕМ - 5), мышьяк - 1 км - 5 мг/кг (ШРЕМ - 2), топырақ рН– 4,6. Берілген жағдайда газ тазалаудың қандай химиялық әдістерді қолданған жөн? | Абсорбциялық, адсорбциялық, каталитикалық | Аналитикалық, тондық, инфузиондық | Каталитикалық, импульстік, шаңұстағыштық | Конвективті, адсорбциялық, фотохимиялық | Суммативтік, спецификалық, корреляциялық ~ Өндірістік қалада хром қосылыстарының және ЖЭО санитарлық қорғау аймағында тұрғын үйлер, мектеп, бала-бақша орналасқан (зауыттан 1,5 – 2 км). Мұржалардың түтінді факелы тұрғын үйлерге қарай бағытталған. Санитарлық қорғау аймағының, зауыттың, селитебті аймақтың топырағының сынамасын зерттегенде металдардың келесідей мөлшерлері анықталды: хром - 25/15 мг/кг (ШРЕМ - 0,5), марганец - 2000/1000 мг/кг (ШРЕМ - 1500), кобальт - 30/10 мг/кг (ШРЕМ - 5), мырыш - 54/30 мг/кг (ШРЕМ - 23), мыс – 10/5 (ШРЕМ - 3). Берілген жағдайда атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған қандай шаралар кешені қажет? | Технологиялық, техникалық, жоспарлы | Әкімшілік, құқықтық, экономикалық | Экологиялық, эргономикалық, эпидемиологиялық | Гигиеналық, әлеуметтік, қоғамдық | Алдын алу, мемлекеттік, эстетикалық ~ Ауылдық елді-мекенде малшаруашылық кешені бар, қалдықтарды жою ретсіз жүргізіледі. Кешенде түйіршікті және сұйық минералды тыңайтқыштар қолданылады. Зертханалық талдау мәліметтері бойынша: коли-титр – 0,01, анаэробтар титрі – 0,001, гельминт жұмыртқалары – 1 кг топыраққа 36. Топырақтың қандай санитарлық-гигиеналық сипаттамасы туралы сөз болып отыр? | Қауіпті, ластанған | Салыстырмалы қауіпсіз, әлсіз ластанған | Қауіпсіз, таза | Жоғары қауіпті, ластанған | Аса қауіпті, қатты ластанған ~ Облыстық аурухананың хирургия бөлімшесі палаталарын қыс мезгілінде тексеру кезінде, науқастарын палаталардағы ауаның температурасы - 19°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,25 м/сек екендігі анықталды. Науқастардың табан терісінің температурасы 30-31°С, маңдайдың температурасы - 32-32,5°С. Ауадағы СО2 мөлшері - 0,1%, ауаның тотығуы - 4-5 мг/м3. Палаталар терезелерінің 80% оңтүстік-шығысқа бағытталған. 6 кереуеттік палатаның ауданы 38 м2, биіктігі - 3 м. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/5, ТЖК - 1%. Операциялық блоктағы ауаны санациялау үшін бактерицидтік шам орнатылған. Берілген бөлімше палаталарындағы микроклимат қандай? | Қолайсыз | Қолайлы | Оңтайлы | Минималды | Критикалық ~ Онкологиялық аурухананың терезелері оңтүстік-батысқа бағытталған. Палата ауданы 26м2, биіктігі 3,5 м. Палатадағы жарық коэффициенті - 1/4, ТЖК - 1,1%. Жасанды жарықтану үшін 2 люминесценттік жарықшамдар қолданылады. Жаз мезгілінде палатадағы ауа температурасы 24 - 25°С, температураның вертикальді және горизонтальді төмен түсуі 20С аспайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 80%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/сек. Палата ауасындағы СО2 мөлшері - 0,08% құрады. Берілген палатаның микроклиматтық жағдайын жақсарту үшін қандай гигиеналық шара жүргізу қажет? | Жиі желдету | Ылғалды жинастыру | Қосымша жарықтандыру | Озондау | Кондиционирлеу ~ 30 кереуетке арналған хирургиялық бөлімше көпсалалы аурухананың 5-ші қабатында орналасқан. Таза жаралардың іріңдеу пайызы жоғары болуына байланысты қала ауруханасына тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде мыналар анықталды: 6 кереутке арналған 5 палатада 42 науқас жатқызылған. Палаталардың ауданы 42 кв.м., биіктігі 3 м. Палата терезелері оңтүстік - шығысқа бағытталған. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/6, ТЖК= 1%. Ауа алмасу жиілігі - 3. Берілген шартта микроклиматтық жағдайды қандай гигиеналық шара айтарлықтай жақсарта алады? | Желдету жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру | Күнделікті ылғалды жинастыру жүргізу | Бөлмені жиі желдету | Жаңа желдету жүйесін орнату | Кондиционерлер орнату ~ Терапевтік бөлімше палаталарында ауа температурасы термометр көрсеткіші бойынша 23°С, температураның көлденең және тігінен өзгеруі 2°С құрады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%, ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,08 м/сек. Палаталар панельді жылыту жүйесімен жабдықталған. Микроағзалар саны - 1 м3-та 850 колония. Науқастар көктемгі мезгілде палатадағы қолайсыз жағдайға шағымданады. Шағым ауаның қапырық болуына, көп терлеуге айтылды. Берілген жағдайда микроклиматты жақсарту үшін бірінші кезекте қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет? | Жиі желдету | Ылғалды жинастыру жүргізу | Ауа тазартқыш қондырғылар орнату | Бактерицидті шамдар орнату | Кондиционер орнату ~ Балалар ревматологиясы палаталарының терезелері солтүстік-батысқа қарай бағытталған. 4 кереуттік палата ауданы 28 м2, биіктігі 3,3 м. Жарық коэффициенті 1/6, ТЖК = 1,0%, ауа температурасы 18°С. Палатадағы салыстырмалы ылғалдылық 50%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,4 м/сек. Балаларда маңдай мен табан температурасының айырмашылығы 5°С. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері - 0,06%. Қысқы мезгілде микроағзалар саны 1 м3-та 900 құрады. Берілген жағдайда микроклиматты жақсарту үшін бірінші кезекте қандай гигиеналық шара қолданған жөн? | Жылыту жүйесінің жұмысын жақсарту | Күнделікті ылғалды жинастыру жүргізу | Қосымша жарық орнату | Ауа иісінін жақсартқыш қондырғыларды орнату | Қосымша кондинционерлерді орнату ~ Эндокринология бөлімшесінің науқастары тұншығу мен ауаның қозғалыссыздығына шағымданады. Қалқанша безінің гиперфункциясымен ауыратын науқастарға арналған палата оңтүстік-шығысқа бағытталған, шынылану типі ленталы және панельді жылыту жүйесімен жабдықталған. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/6, ТЖK = 1,0%. Ауданы 42 м2, биіктігі 3 м болатын палатада 7 науқас жатқызылған. Үрмелі-сормалы желдету жүйесі жұмыс істемейді. Жаз мезгілінде температура - 25°С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,05 м/сек. Берілген жағдайда қандай санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалмауы науқастар жағдайының нашарлауына алып келді? | Температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарылауы | Терезелердің ұтымсыз орналасуы және шыныланудың ленталы типі | Панельді жылыту жүйесімен жабдықталу | Жарық коэффициенті деңгейінің сәйкессіздігі | Аудан мен биіктіктің сәйкессіздігі ~ Эндокринология бөлімшесінің науқастары тұншығу мен ауаның қозғалыссыздығына шағымданады. Қалқанша безінің гиперфункциясымен ауыратын науқастарға арналған палата оңтүстік-шығысқа бағытталған, шынылану типі ленталы және панельді жылыту жүйесімен жабдықталған. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/6, ТЖK = 1,0%. Ауданы 42 м2, биіктігі 3 м болатын палатада 7 науқас жатқызылған. Үрмелі-сормалы желдету жүйесі жұмыс істемейді. Жаз мезгілінде температура - 25°С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,05 м/сек. Берілген жағдайда микроклимат жағдайын жақсарту үшін қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет? | Желдету жүйесін қосу | Ауа иісін жақсартқыш қондырғыларды орнату | Терезелерге жалюзи орнату | Палаталарды желдету | Өтпелі желмен желдетуді максималды қолдану ~ Терапевтік бөлімшедегі науқастар ағымдық жөндеу жұмыстарынан кейін бас ауыруына, көз бен жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының тітіркенуіне, терінің қышынуына шағымданды. Өкпе патологиясына арналған бөлімшедегі 4 орындық палатадағы науқастардың жағдайын тексеру барысында келесі нәтижелер алынды: палаталардың жалпы ауданы 28 м2, палата биіктігі 3,3м. Палата ауасында СО2 0,2 мг/м3, флоримицин – 0,1 мг/ м3, аммиак – 0,035 мг/м3, формальдегид – 0,02 мг/м3, ампициллин – 0,04мг/м3 мөлшерде. 1 м3 ауада 1300 микроағзалар колониясы анықталды (қысқы мезгілде). Берілген жағдайда қандай гигиеналық көрсеткіштің жоғарылауы науқастардың өзін нашар сезінуіне алып келді? | Көмірқышқыл газының жоғары мөлшері | Аммиактің жоғары мөлшері | Ампициллиннің жоғары мөлшері | Формальдегидтің жоғары мөлшері | Флоримициннің жоғары мөлшері ~ Балалардың жұқпалы аурулар бөлімшесі ауданы 27 м2 және биіктігі 3 м болатын жартылай бокспен жабдықталған. Қыс мезгілінде жартылай бокстағы ауаны талдау 1 м3-та 4500 микроағзалар, яғни жалпы бактериалды залалданғанын көрсетті. Көмірқышқыл газының мөлшері 0,2%, тотығуы 4 мг/м3. Термометр көрсеткіші бойынша ауа температурасы 22°С, салыстырмалы ылғалдылық 60%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3 м/сек. Гигиеналық талаптардың қандай сәйкессіздігі туралы сөз болып отыр? | Көмірқышқыл газы мөлшерінің жоғары болуы | Салыстырмалы ылғалдылықтың жоғары болуы | Ауа қозғалысының жылдамдығының төмен болуы | Бактериалды залалданудың жоғары болуы | Көмірқышқыл газы мөлшерінің төмен болуы ~ Аурухананың хирургиялық бөлімшесінде операциядан кейінгі іріңді-қабыну асқынулары артқан. Операциялық блок 6 қабатта орналасқан. Операциялық залдың терезелері батысқа бағытталған. Операционлық блоктың ауданы 25 м2, биіктігі 3,3 м. Операция басталғанға дейінгі ауа құрамын талдау: микроағзалар - 1 м3-та 750, операция кезінде 250 л ауада патогенді стафилококктың 5 колониясы аықталған. Операциялық блок ауа алмасуы еселігі – 10, үрмелі-сормалы желдетумен жабдықталған. Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай санитарлық-гигиеналық шара қолдану қажет? | Ауаны санациялау | Ылғалды жинастыру жүргізу | Қосымша жарықты орнату | Ауаны иісін жақсартқыш қондырғыларды орнату | Персоналды медициналық тексеруден өткізу ~ 2 қалалық терапевттік аймақта ескі өнеркәсіптер орналасқан: моторлы зауыт (автодвигательдер) және гаражы бар 2 автобус паркі. Учаскелік терапевт - дәрігерлер соңғы жылдары тұрғындар арасында жөтел, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, жүрек пен тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары жиі тіркелуін байқаған. Берілген жағдайда қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет? | Жаңа технологиялар қолдану және санитарлық-қорғау аймағының көлемін сақтау | Тұрғындар арасында санитарлық - ағарту жұмыстарын жүргізу | Қосымша тазартқыш қондырғыларын орнату | Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына мониторинг жүргізу | Тұрғындарға тереңдетілген медициналық тексеру жүргізу ~ Тұрғын кешеннің құрылысын салуға бөлінген жер телімінің топырағын зертханалық зерттеу нәтижесінде анықталды: ішек таяқшасы - 120 кл/1 гр. топырақта, энтеробактериялар - 150кл/1гр. топырақта, гельминт жұмыртқалары – 10 экз./ 100 гр.топырақта. Топырақтың қандай гигиеналық сипаттамасы туралы айтылып отыр? | Өте жоғары қауіпті, қатты ластанған | Салыстырмалы қауіпсіз, әлсіз ластанған | Қауіпсіз, таза | Аса қауіпті, айтарлықтай ластанған | Қауіпті, ластанған ~ Қорғасын-мырыш комбинатынан қалаға дейінгі 5 км қашықтықта тұрғын аймақтың ық жағында (факель асты бекеті) металдардың мөлшері келесідей: қорғасын - 100 мг/кг (ШРЕМ - 32), мырыш - 80 мг/кг (ШРЕМ - 23), мыс 10 мг/кг (ШРЕМ - 3), кадмий - 4 мг/кг (ШРЕМ - 1), мышьяк - 3 мг/кг (ШРЕМ - 2). Берілген жағдайда химиялық элементтер мөлшерінің артуы қандай патологияның дамуына алып келеді? | Улануға | Тіс жегісіне | Вирустық А гепатитіне | Эндемиялық жемсауына | Несепте тас пайда болу ауруына ~ Қорғасын-мырыш комбинатынан, мышьяк текті заттардың көмілген жерінен, ЖЭЦ-дан 20 км қашықтықта орналасқан тұрғын аймақтың ық жағында (факель асты бекеті) металдар шектеліп рұқсат етілген нормадан артық: қорғасын - 1,5 есе (ШРЕМ - 32), мырыш 2,0 есе (ШРЕМ - 23), мыс 1,8 есе (ШРЕМ - 3), никель - 1,0 есе (ШРЕМ - 4), кадмий 2 есе (ШРЕМ - 1), мышьяк - 1,9 есе (ШРЕМ - 2). Берілген жағдайда қандай санитарлық-техникалық шаралар қолдану қажет? | Шаң ұстағыштарды орнату | Санитарлық-қорғау аймағының көлемін ұлғайту | Тұрғын аймақты көгалдандыру | Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу | Жаңа технологиялық үдерістер қолдану ~ Өндірістік қалаға жақын орналасқан елді-мекен территориясында атмосфералық ауаны ластайтын цемент зауыты орналасқан. Учаскелік дәрігерлердің айтуы бойынша соңғы 3 жылда балалар мен ересектер арасында жөтел, тамақтың жыбырлауы, жұқпалы ауруларға қарсылығының төмендеуі, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары көбейген. Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай санитарлық-гигиеналық шаралар қолдану қажет? | Жаңа технологиялар мен тазартқыш қондырғыларды қолдану | Тұрғындар арасында ағарту жұмысын жүргізу | Санитарлық-қорғау аймағының көлемін ұлғайту | Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу | Тұрғындар арасында тереңдетілген медициналық тексеру жүргізу ~ Өндірістік қалаға жақын орналасқан елді-мекен территориясында атмосфералық ауаны көп жылдар бойы ластап келе жатқан цемент зауыты орналасқан. Елді-мекен тұрғындары цемент шаңының киімдерде, терезелерде тұнып қалатындығына, желдету кезінде бөлме ішіне енетініне және тұрмыстық санитарлық жағдайға кері әсер ететіндігіне шағымданады. Берілген жағдайда қандай санитарлық-техникалық шаралар жүргізу қажет? | Шаңұстағыш-циклондарды орнату | Жаңа технологиялық үдерістер қолдану | Аймақтағы желдің негізгі бағыттарын анықтау | Елді-мекеннің атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу | Санитарлық-қорғаныс аймақтарының көлемін бекіту ~ Атмосфералық ауа ластануын қадағалау мақсатында қандай бақылау бекеттері ұйымдастырылады? | Стационарлық, бағыттық және факель асты+ | Жылжымалы, бақылаушы және факель үсті | Санитарлық, экологиялық және көліктік | Әуелік, құрлықтық және су | Масштабтық, аймақтық және жергілікті ~ Пәтердегі тұрмыстық газ плитасы бар асханаға санитарлық-гигиеналық тексеру жүргізілді. Асхана ауасының сынамасын зертханалық талдау нәтижесінде, жану өнімдерінің келесі мөлшерлері анықталды: көміртегі тотығы 15 мг/м3, формальдегид 0,037 мг/м3, азот тотығы 1,0мг/м3 көп. Берілген жағдайда қандай гигиеналық шара қолдану керек? | Сормалы желдету жұмысының тиімділігін анықтау | Жаңа газ плитасын қолдану | Үрмелі желдету жұмысының тиімділігін анықтау | Бөлмедегі ауа сапасына мониторинг жүргізу | Күнделікті ылғалды жинастыру жүргізу ~ Ғылыми зерттеу мақсатында қыс мезгілінде көп қабатты үйдегі пәтер микроклиматына санитарлық-гигиеналық тексеру жүргізілді. Пәтердегі ауа сынамасын зертханалық зерттеу нәтижесінде мыналар анықталды: 1 м3-та жалпы микроб саны - 8500, 1мл ауадағы шаң көлемі– 430.
|