Студопедия — Тағам гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тағам гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары 1 страница






Мамандықтың атауы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

 

Құрастырушы: м.ғ.к., доцент м.а. Ескерова С.У.

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., доцент м.а. Ескерова С.У.

 

Кафедра мәжілісінің хаттамасы: № 8 20.04.2015 ж.

150 сурақ;

 

~ 6 жастағы бала көзінің қасаң қабығында сұр және көбікті үшбұрышты пішіндегі түйінді анық кескіндер табылды, көздің шырышты қабығында ксероз, қараңғыға бейімделу бұзылысының көріністері бар.

Қандай дәруменнің жетіспеушілігінен берілген симптомдар байқалады?

| Рибофлавин

| Ретинол

| Тиамин

| Никотин қышқылы

| Пиридоксин

~ Түскі астан соң университет асханасынан тамақтанған студенттің іші бүріп ауырып, жүрегі айнып қайта-қайта сасық нәжісті іші өткен. Дене температурасы қалыпты.

Берілген улану түрі қандай қоздырғышпен шақырылған?

| Перфрингенс клостридиясынан

| Протейден

| Алтын түсті стафилакокктан

| Энтерококктан

| Энтеропатогенді ішек таяқшасынан

~ Дерматолог дәрігер қабылдауында 35 жастағы ер адамды тексеру барысында анықталды: эпителийдің мүйізделуі, бөксе, балтыр, сан етінің беттерінде және қолдың майысқақ беттерінде түйіндер.

Аталған тері өзгерістері қандай заттың жетіспеушілігімен байланысты?

| Макроэлементтердің

| Антиоксиданттардың

| В тобының дәрумендерінің

| Аскорбин қышқылының

| Микроэлементтердің

~ Мол тамақтанудан соң ер адамның көз бұлшықеттері сал болып, біртіндеп офтальмоплегия белгілері дамыған - қарашығының кеңеюі, диплопия, жарыққа әсердің жоқтығы, ішектің моторлы қызметінің күрт бұзылысы.

Қандай улануда берілген симптомдар байқалады?

| Ботулизм

| Микотоксикоз

| Эрготизм

| Фузариотоксикоз

| Саңырауқұлақтармен улану

~ Дәрігер стационардан шыққан соң науқасқа азотты экстративті заттарға бай өнімдерді, пуриндерді, холестеринді, қымыздық қышқылын, эфир майларын және қуыру кезінде пайда болатын май қышқылды өнімдер шығарылған емдәмді тағайындады. Тағамды қабылдау жиілігі күніне 5 рет.

Қандай ауруда берілген емдәм тағайындалады?

| Жедел гепатит

| Жедел нефрит

| Туберкулез

| Қант диабеті

| Семіздік

~ Cүт фермасында құрамында хлорорганикалық пестицидтің болуына сүт сынамалары алынды. Партия мөлшері 1000 литр. СЭС-ның токсикологиялық зертханасында құрамында пестицидтің қалыптан 4 есе артық екендігі анықталды.

Сүт сапасы бойынша қандай болып табылады?

| Сапасыз

| Сапалы

| Шартты жарамды

| Жарамды

| Ашыған

~ Ядролық сынақтар өткізілген ауылда санитарлық дәрігерлер жергілікті сүт және картоп өнімдерінің құрамындағы радионуклеидтердің (цезий-137, стронций-90) мөлшеріне зерттеу жүргізді және сүттегі цезий-137-нің мөлшері уақытша рұқсат етілген деңгейден артық екендігін анықтады.

Қандай технологиялық тәсіл берілген жағдайда тиімдірек?

| Сүтті қорытылған май алу үшін қолдану

| Сүтті пастерлеу

| Сүтті жұмсақ ірімшік жасау үшін пайдалану

| Сүттен қатты ірімшік жасау

| Сүтті қаймақ алу үшін пайдалану

~ Семей аймағы елдімекенінің тұрғындары үшін, ағзадан радионуклеидтерді шығару мақсатында дәрігерлер тағам рационына пектиндерді енгізуді ұсынды.

Төмендегі берілген өнімдердің қайсысы ағзадағы радионуклеидтердің шығуына жақсы әсер етеді?

| Көкөніс мен жемістер

| Балық өнімдері

| Сүт өнімдері

| Ет өнімдері

| Теңіз өнімдері

~ Несеп қышқылды диатезі бар науқасқа 60 г көк пияз, 120 г қызыл тәтті бұрыш, 50 г салат жапырағы, 130 г қызанақ, 150 г шырғанақтары бар өсімдік емдәмі тағайындалды.

Төмендегі көрсетілген қандай тағамдық өнім ағзадағы каротиннің негізгі көзі болып табылады?

| Шырғанақ

| Көк пияз

| Тәтті қызыл бұрыш

| Қызанақ

| Салат жапырағы

~ Миокард инфарктымен ауырған науқасқа, негізі антиатерослеротикалық емдәм болып табылатын, кешенді ем тағайындалды.

Аталған заттардың қайсысы берілген жағдайға сәйкесірек келеді?

| Пектин

| Крахмал

| Көмірсулар

| Майлар

| Клетчатка

~ 4 курс студентінде негізгі зат алмасу 900 ккал, тәулік бойғы іс-әрекеттің барлық түріне энергия шығыны 2100 ккал құрайды.

Студенттің тағам рационының энергетикалық құндылығы нешеге тең?

| 3090 ккал

| 1090 ккал

| 1545 ккал

| 2100 ккал

| 900 ккал

~ Салмағы 70 кг ер адамның негізгі энергия алмасуы 1700 ккал құрайды. Әр түрлі іс әрекеттерге энергия шығыны 930 ккал.

Тәуліктік энергия шығынын анықтау үшін қосымша қанша ккал есептеу қажет?

| 170 ккал

| 85 ккал

| 255 ккал

| 340 ккал

| 425 ккал

~ Алдын-ала тексеру барысында завод жұмысшыларынан еңбек қарқындылығы 3-топтағы ер жұмысшылар топқа бөлінді. Берілген топтың ағзасына энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін тағам рационы дайындалуда.

Тағамның энергиялық құндылығы нешеге тең болуы керек?

| 2950-3200 ккал

| 2500-2800 ккал

| 2100-2450 ккал

| 3400-3850 ккал

| 3750-4200 ккал

~ Жедел панкреатиті бар науқас стационарлық ем алуда. Ұйқы безін максималды қорғау мақсатында дәрігер оған 1-3 күн толық ашығуды тағайындады.

Ашығу тәртібін тоқтатқаннан соң денсаулық жағдайы жақсару кезеңінде науқасқа не рұқсат етіледі?

| Картоп-сәбіз езбесі

| Сүт және сүт өнімдері

| Қайнаған ет

| Сорпа

| Жүзім шырыны

~ 70 жастағы ер адамның тәуліктік рационын зерттеу барысында, рацион құрамындағы ақуыз мөлшері 68 г, май -57 г, көмірсулар- 335 г, кальций- 1000 мг, фосфор 1200 мг екендігі анықталды. Рационның энергетикалық құндылығы 2300 ккал құрайды.

Тағам рационына қандай өзгеріс енгізу қажет?

| Майдың мөлшерін арттыру

| Ақуыздың мөлшерін арттыру

| Көмірсудың мөлшерін азайту

| Кальцийдің мөлшерін азайту

| Микроэлементтердің мөлшерін көбейту

~ 40 жастағы жүкті әйелдің тағам рационындағы дәрумендердің құрамын зерттеу кезінде, рационда С дәрумені -70г, А дәрумені-400мг, Д дәрумені-5 мг, 14мг ниацин бар екендігі анықталды.

Дәрумендердің қайсысы өзгерісті қажет етеді?

| А дәруменінің мөлшерін арттыру

| С дәруменінің мөлшерін арттыру

| Е дәруменінің мөлшерін азайту

| Д дәруменінің мөлшерін азайту

| Ниацинның мөлшерін көбейту

~ Медик - студенттер тағам гигиенасы бойынша тәжірибеде бала-бақшадағы 4-6 жасар балалардың тамақтануын бағалады және тексерілген балалардың тағам рационының энергетикалық құндылығы I-топта1500 ккал, II-2000 ккал, III-2200 ккал, IV-2300 ккал, V-2400 ккал құрайтынын анықтады.

Қайсы топтағы тексерілген балалар рационының энергетикалық құндылығы физиологиялық талаптарға сай?

| II

| I

| III

| IV

| V

~ Алысқа жүзетін теңізшілерді медициналық тексеру барысында: хейлоз, ангулит, терісінің құрғауы, еріндерінің сілемейлі қабығының барлық жерінде эпителийдің қабыршақтануы байқалған. Кейбір теңізшілердің еріндері ісінген, ашық-қызыл түсті. Дене салмағы шартты қалыпты.

Теңізшілердің тағамдық статусын қалай бағалауға болады?

| Жеткіліксіз

| Адекватты

| Қалыпты

| Үйлесімді

| Артық

~ Аудандағы санитарлық дәрігерлер бала-бақшадағы балалардың тамақтануын зерттеді. Күндік ас мәзірі келесідей тамақтардан тұрған: бұршақ сорпасы, сүтті қарақұмық ботқасы, тартылған ет қосылған макарон, қиярдан жасалған салат, кисель, қара нан.

Төмендегі көрсетілген тағамдардың қайсысы мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың тамақтануы үшін рұқсат берілмейді және не үшін?

| Тартылған ет қосылған макарон, өйткені тартылған ет тағамнан улануға алып келу мүмкін

| Бұршақ сорпасы, өйткені В тобының дәрумендері көп

| Сүтті қарақұмық ботқасы, өйткені құрамында кальций мен темір бар

| Қияр салаты, өйткені ас қорытуды бұзылуына алып келеді

| Кисель, өйткені ас қорытуды жақсартады

~ 25 жастағы емізулі әйелдің тағам рационындағы минералды заттардың мөлшерін зерттеу барысында, рацион құрамында 1000 мг кальций, 1000 мг фосфор, 18 мг темір, 400 мг магний, 15 мг мырыш анықталды.

Минералды заттардың қайсысы өзгерісті қажет етеді?

| Фосфордың мөлшерін арттыру

| Кальцийдің мөлшерін азайту

| Мырыштың мөлшерін көбейту

| Магнийдің мөлшерін азайту

| Темірдің мөлшерін арттыру

~ 29 жастағы оташы дәрігердің тәуліктік рационын зерттеу барысында, рацион құрамында 94 г ақуыз (оның ішінде 39-ы жануар текті), 110г май (оның ішінде 40-ы өсімдік текті), 484г көмірсу анықталды. Рационның энергетикалық құндылығы 2300 ккал құрайды.

Тағам рационында қандай өзгерісті енгізу қажет?

| Жануар текті ақуыздардың мөлшерін арттыру

| Көмірсулар мөлшерін арттыру

| Тағам құрамының құндылығын азайту

| Өсімдік текті майлардың мөлшерін арттыру

| Тағам құрамының құндылығын арттыру

~ 23 жастағы әйелдің тәуліктік тағам рационында ақуыз, май және көмірсулардың арақатынасы 1:1,1:5,6 құрайды.

Гигиеналық оңтайландыру мақсатында рацион құрамына қандай өзгерістер енгізу қажет?

| Көмірсулардың мөлшерін азайту

| Ақуыздың мөлшерін арттыру

| Майлардың мөлшерін көбейту

| Көмірсулардың мөлшерін көбейту

| Майдың мөлшерін толығымен жою

~ Гигиена кафедрасының қызметкерлері балалар үйінің тәуліктік азық-түліктер жинағына талдау жасады және ас мәзіріне сүт, сары май, ет, саңырауқұлақ, балық кіретінін анықтады.

Кафедра қызметкерлері ас мәзірінен қайсы азықты алып тастауды ұсынды?

| Саңырауқұлақты

| Балықты

| Етті

| Сары майды

| Сүтті

~ Тағам гигиенасы сабағында студенттердің тамақтану тәртібіне талдау жүргізілді және нәтижесінде студенттердің таңғы асының құндылығы 40%, түскі ас - 40%, кешкі ас- 20% құрайтыны анықталды.

Гигиеналық оңтайландыру үшін студенттердің тамақтану тәртібіне қандай ұсыныс берілді?

| Таңғы ас құндылығын азайту

| Түскі ас құндылығын азайту

| Кешкі ас құндылығын азайту

| Кешкі ас құндылығын арттыру

| Таңғы ас құндылығын арттыру

~ 40 жастағы ер адам терапевтке еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, тез ашығу және шаршау сезімдеріне, кезеңді бас аурулары шағымдарымен келді. Ол бұлардың барлығын тиімсіз тамақтанумен байланыстырды.

Дәрігер оған тамақ қабылдау арасынының қандай ұзақтығын ұсынды?

| 3-4 сағат

| 1-2 сағат

| 0,5 сағат

| 5 сағат

| 6 сағат

~ Саяжайға барған бала-бақшаның орта тобындағы балаларда дәрігер әлсіздікті, адинамия, кейбір балалардың бас ауруына шағымданғанын байқады. Барлық топтың тамақтану рационы бірдей. Азық-түліктер орталық қоймадан арнайы көлікпен әкелінген. Зерттеу барысында ата-аналардың өтініші бойынша бұл топтың тәрбиешісі балаларға жеке тұлғадан бұталары алдын-ала дәріленген құлпынайды сатып алғаны анықталды.

Берілген жағдайдағы ауруды тағамдық уланулардың қай тобына жатқызуға болады?

| Химиялық заттармен улану

| Тағамдық токсикоинфекция

| Бактериалды токсикоз

| Микотоксикоз

| Ауыр металдармен улану

~ Қала аумағын тазалауға қатысқандардың барлығы эпигастральды аймақтағы ауырсынуға, жүректің айнуына, құсуға, субфебрильді температураға, бас ауруы мен әлсіздікке шағымданды. Күні бойы жұмысшылардың барлығы үзіліс кездерінде салқындатылған газды сусындарды, кремді тәтті нанды, қытырлақ картопты, Привет печеньесін және тосап пен мак қосылған бөлке нанын сатып алған.

Төменде көрсетілген қай азық-түлік тағамдық уланудың себебі болуы мүмкін?

| кремді тәтті нан

| қытырлақ картоп

| газдалған сусындар

| тосап пен мак қосылған бөлке нан

| Привет печеньесі

~ Аудандық ауруханаға жедел жәрдем бригадасымен дене қызуы 37 С, тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған 56 жастағы әйел жеткізілді. Науқас сұрақтарға салғырт жауап берді, көз алдының тұмандануына, бір нәрсенің қосарлануына шағымданды. Таңғы асқа ол мейіз қосылған сүзбелі бәлішті, шәй, түскі асқа- борщ, үй жағдайында дайындалған саңырауқұлақ пен қайнатылған картоп, компот, кешкі асқа – лимонмен шәй, тосап қосылған бөлішке жеген.

Берілген жағдайда қандай тағамдық улану тіркелген?

| Ботулизм

| Микотоксикоз

| Эрготизм

| Токсикоинфекция

| Химиялық заттармен улану

~ Реалити – шоуға қатысушылар жергілікті балықшылардан алынған, 3 тунец балығынан кешкі ас дайындады. Уланудың алғашқы белгілері қалтыраумен, әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы, дем алудың қиындауы, көз алдының «тұмандануы» (бір адамда), ауыз қуысының кебуі және ащы дәмнің келуі, беттің айқын қызаруы, артериялық қысымның төмендеуімен көрінді. Барлығының дене температурасы қалыпты. Уланған үш адамның екеуі есінен танды.

Дәрігердің асқазан шаюынан кейін зардап шегушілердің жағдайлары жақсарды.

Берілген жағдайда қандай тағамдық улану тіркелген?

| ботулизм

| эрготизм

| микотоксикоз

| токсикоинфекция

| эшерихиоз

~ Қалааралық автотрасса бойында тұратын, елдімекен тұрғындары тамаққа өз аулаларында өсірілетін өнімдерді пайдаланады. Мектеп оқушыларын диспансерлеу барысында: зейіннің бұзылуы, сөздік қорларының шектеулігі, қимыл-жүрістерінің бұзылысы, хат тану кезіндегі қиындықтар, сәйкесінше мектептегі үлгерімдерінің төмендігі анықталды. Тағамдық азық-түліктерден ауыр металлдар табылды.

Берілген уланудың түрі тағамдық уланудың қай түріне жатады?

| Химиялық заттармен улану

| Токсикоинфекциялар

| Токсикоздар

| Табиғи улы өнімдермен улану

| Микроб текті, этиологиясы аралас уланудың түрі

~ Сауда желілеріндегі пастерленген сүтті талдау барысында: температурасы – 14 С, органолептикалық қасиеттерінде ешқандай өзгеріс жоқ; үлес салмағы – 1,024; қышқылдылығы 20 %; майдың мөлшері – 3,2 %; құрғақ қалдық - 12% екендігі анықталды.

Гигиеналық қорытынды беріңіз:

| барлық көрсеткіштер гигиеналық талаптарға сай, бірақ қышқылдылығы % емес, Тернер градусымен көрсетілуі қажет.

| температурадан басқа барлық көрсеткіштер гигиеналық талаптарға сай.

| сүтке су араластырып, кпахмал қосқан.

| сүт содамен фальсификацияланған.

| сүттің барлық көрсеткіштері МЖСТ сай.

~ Ауылдан тамақ зертханасына 1000 тонна ірі қара мал еті жеткізілді.

Еттің балғын екенін бағалау үшін зертханада қандай әдіс қолданылады және қолжетімдірек?

| ыстық пышақпен байқау

| қуырып көру

| шанышқымен байқау

| микроскоптың көмегімен зерттеу

| бактериологиялық зерттеу

~ Облыстық аурухананың ас блогына майсыз айран әкелінді. Әкелінген ыдыстың қақпағында сақтау мерзімі көрсетілген.

Айранды сақтаудың оңтайлы мерзімі қанша болып табылады?

| 36 сағат

| 30 сағат

| 20 сағат

| 40 сағат

| 48 сағат

~ Етке сараптама жүргізу барысында, тамақ зертханасының қызметкерлері еттің сібір күйдіргісімен залалданғанын анықтады.

Берілген жағдайда сарапшы қандай шешім қабылдауы керек?

| толығымен жою қажет

| техникалық утилизациялау қажет

| еш өңдеусіз пайдалануға болады.

| шұжық өнімдерін өндіруде пайдалануға болады

| жылумен өңдеуден кейін пайдалануға болады

~ Санитарлық дәрігер тұздалған көксерке балығының партиясына қауіпсіздігін анықтау және таратуға мүмкіндік беру мақсатында сараптама жүргізді. Сараптау барысында балықтан әлсіз аммиак иісі сезіліп, терісінде қызыл түсті сілемей бар екендігі анықталды.

Берілген жағдайда сарапшы қандай шешім қабылдауы керек?

| Ащы тұздықпен жуып, тез арада сату қажет

| техникалық мақсаттарға пайдалануға болады

| тағамдық мақсатта шектеусіз пайдалануға болады

| Жою қажет

| Жақсылап жуып, пісіргеннен кейін пайдалануға болады.

~ Студентке сабақ кезінде келесі көрсеткіштермен негізгі зат алмасуды есептеу ұсынылды: бойы – 160 см, салмағы – 48 кг. Тамақтану мен ұйқыны қосқандағы энергия шығыны – 2610 ккал.

Негізгі зат алмасуды есептеу үшін тағы қандай мәліметтер қажет?

| жасы

| тұрмыс жағдайы

| бос уақытын өткізу жағдайы

| Білім деңгейі

| Жанұядағы кіріс мөлшері

~ Санитарлық дәрігер тамақ өнімдерінің санитарлық сараптамасының актін толтырды, онда акт толтырылған уақыт пен орыны, қызметі, сарапшының және де сараптауға қатысқан мамандардың ТАЖ; партия туралы жалпы дерек, тексеру нәтижелері; өнім туралы қорытынды мен өнімді пайдалану шарттарын көрсетілген.

Актіде қандай мәліметтер қалып қойды?

| гигиеналық сараптау жасаудың негізі

| Тамақ өнімінің құны

| СЭҚБ бастығының аты-тегі

| гигиеналық сараптау жүргізудің кезеңдері

| құжатты ұсынған мерзім

~ 60 жастағы әйелдің тәуліктік тамақтану рационын зерттеу барысында, рацион құрамында 61 г ақуыз, 66 г май, 284 г көмірсу, 700 мг кальций, 1200 мг фосфор, 10 мг темір, 150 мкг йод анықталды.

Гигиеналық оңтайландыру мақсатында рацион құрамына қандай өзгерістер енгізу қажет?

| кальцийдің мөлшерін көбейту

| темірдің мөлшерін көбейту

| Йодтың мөлшерін азайту

| Ақуыз бен майдың мөлшерін көбейту

| Рационнан майды алып тастау

~ Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері облыстық ауруханаға жоспарлы түрде кешенді тексеру жұмысын жүргізді.

Табылған кемшіліктер қандай құжаттарда көрсетілуі қажет?

| Актіде

| Хаттамада

| Қаулыда

| Хабарламада

| Қорытындыда

~ Тіс дәрігеріне келген 8 жасар балада тіс жегісі, тіс эмалінің эрозиясы және оның бұзылу белгілері анықталды.

Мұндай өзгерістер қандай минералды заттардың тапшылығынан шақырылады?

| Фтордың

| Йодтың

| Кальцийдің

| Магнийдің

| Натрийдің

~ Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері диеталық асхананы тексерді және акт толтырды, онда асхананың мекен жайы, отыратын орындықтар саны, бөлмелердің тізімі, олардың санитарлық жағдайлары көрсетілді. Технологиялық үдерістің гигиенасы, термиялық өңдеудің тәртібі, көкөністердің аспаздық өңдеулері. Шыбындар мен кемірушілермен күресу іс-шаралары.

Санитарлық дәрігерлер берілген жағдайда нені ескерусіз қалдырды?

| медициналық бақылаудың нәтижесін тексеруді

| қызметкерлердің жұмысқа шығу тәртібін

| тамақтың құрамындағы негізгі дәрумендер құрамын

| тамақтағы кальций мен магний құрамының арақатынасын

| өкім мен бұйрықтар кітабын тексеруді

~ Стационардан шыққан соң дәрігер науқасқа емдәм тағайындады; ащы, сүрленген, холестеринге бай тағамдарды, метеоризмді тудыратын көкөніс түрлерін шектеуді ұсынды. Калий тұздарына, дәрумендерге бай тағамдарды пайдалануға кеңес берді. Аспаздық өңдеуде барлық тағамдарды тұзсыз, ет пен балық өнімдерін суға немесе буға пісіру. Майлы тағамдарды жемеу.

Қандай патологияда берілген емдәм тағайындалады?

| жүрек-қан-тамыр жүйесі ауруларында

| эндокриндік жүйе ауруларында

| асқазан-ішек жолдары ауруларында

| жыныс-несеп жүйесі ауруларында

| тірек-қимыл аппараты ауруларында

~ Сәуір айының соңында қайнатылған шұжықты пайдалану салдарынан қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жаппай тамақтан улануға ұшырады. Балалар жүрек айнуына, құсу, іш ауру, жалпы әлсіздікке, дене қызуы 37,5 – 39,2 С көтерілуіне шағымданды. Барлық аурулар ауруханаға жатқызылды. Зертханалық зерттеуге шұжықтың қалдығы, құсықтар, нәжіс пен асхана құрал-жабдықтарынан сынамалар алынды. Барлық сынамаларды бактериологиялық талдауда протей анықталды.

Берілген қоздырғыш тағамдық уланудың қай түрін шақырады?

| Тағамдық токсикоинфекция

| химиялық заттармен улану

| Этиологиясы аралас улану

| Этиологиясы анықталмаған

| Тағамдық токсикоз

~ Жұқпалы аурулар ауруханасына ауылдық жерден 35 жастағы әйел сарып диагнозымен түсті. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижесінде науқастың фермада 3 жыл сауыншы болып жұмыс істегендігі, күнделікті таңертең жаңа сауылған сүт ішетіндігі мәлім болды. Зерттелген 20 сиырдың 3-нен сарып қоздырғыштары табылған.

Берілген жағдайда санитарлық қызмет мамандары осы ферманың сүтіне қатысты қандай шешім қабылдауы қажет?

| Термиялық өңдеуден кейін пайдалануға болады

| Тағамға пайдалануға болмайды, жою қажет

| Алдын ала өңдеусіз-ақ пайдалануға болады

| Жануарларды сойып, сүтті тағамнан басқа мақсатта қолдану қажет.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3404. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия