Ішкі аурулар_ қаз. Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады
$$$001 Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 37С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейкоциттер– 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген көру аймағында 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эритроциттер – 1000, лейкоциттер – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз: +A) Пиелонефрит B) Бүйректің қатерлі ісігі C) Бүйрек амилоидозы D) Бүйрек поликистозы E) Гломерулонефрит
$$$002 24 жастағы науқас С., басының ауыруы, шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, мұрыннан қан кетулер, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы мазалайды. 10 жыл бойы ауырады. Объективті: бозғылт, теріде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта оң. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ – минутына 100 рет. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 көру аймағында, эритроциттер – 20-25 көру аймағында. Науқаста дамыған неғұрлым мүмкін асқыну: +A) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі B) Жедел бүйрек жетіспеушілігі C) ДВС-синдром D) Бауыр жетіспеушілігі E) Гипертониялық криз $$$003 24 жастағы науқас қызды беті мен аяқтарының ісінуі, бел тұсы мен ұсақ буындарының ауырсынуы, лихорадка мазалайды.Теңізде демалғаннан кейін ауырған, бет ұштары мен мұрын үсті қызарған, қызба, буындық синдром пайда болған. Қанда: Нв-81 г/л, эритроциттер-2,8 млн., лейкоциттер-3,2 мың, тромбоциттер – 136 мың, эозинофилдер-8, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++, гамма-глобулиндер - 25%. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейкоциттер -10 көру аймағында, эритроциттер – 20 – 25 көру аймағында, гиалиндік цилиндрлер-10 дейін көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау: +A) Глюкокортикоидтар B) Диуретиктер C) Уросептиктер D) Метаболиктер E) Антибиотиктер $$$004 30 жастағы науқас айқын ісінуге, тәулігіне зәр бөлінуінің 300 мл-ге дейін төмендеуіне, басының ауырсынуына, жүрек айнуына, күрт әлсіздікке, терісінің қышынуына, көзінің көруінің күрт төмендеуіне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖЖЖ- 125 рет/мин. Қанда: мочевина–35 ммоль/л, креатинин – 1450 мкмоль/л, калий – 9,0 ммоль/л. Зәрде: салыстырмалы тығыздығы -1005, белок – 10,0 г/л, лейкоциттер – 1-2 көру аймағында, эритроциттер –1-2 көру аймағында. Емдеу тактикасын таңдаңыз: +A) Гемодиализ жүргізу B) Плазмоферез тағайындау C) Антибиотик тағайындау D) Антикоагулянт енгізу
|