Ішкі аурулар_ қаз. Науқас Д., 34 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданады
$$$001 Науқас Д., 34 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданады. 2 жыл бойы геморроймен ауырады. Объективті: тері жабындары мен шырышты қабықтарының бозғылттануы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолдиялық шу. ЖЖЖ 119 соққы /мин. Қанда: эритроциттер-2,7 млн., Нв-82 г/л, ТК-0,75, лейкоциттер-4,8 мың., тромбоцитер-200 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,4 мкмоль/л. Тағайындалатын тиімді препарат. +A) Сорбифер пероральды B) Преднизолон пероральды C) Феррум-лек көк тамырға D) Десферал бұлшықетке E) Эритроцитарлы масса көк тамырға
$$$002 53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эритроциттер-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-9,3 мың, т-7%, сегметті ядролық-60%, эозинофильдер-4%, лимфоциттер-25%, моноциттер-4%, тромбоциттер-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика: +A) Қан ағызу + дезагреганттар B) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма C) Дезагреганттар + хлорбутин D) Дезагреганттар + алкеран $$$003 Науқас 36 жаста, тұмаудан кейін пайда болған бел аймағындағы ауырсынуға, қызбаға, зәр түсінің қараюына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: эритроциттер-3,1 млн. Нв-93 г/л, ТК-0,8 лейкоциттер-3,4 мың. тромбоциттер-96 мың. ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-35 мм/сағ. Лейкоцитурия, гематурия. Неғұрлым тиімді тактика: +A) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма B) Десферал + ион алмастырушы шайыр (смола) C) Глюкокортикоидтар + гепарин D) Глюкокортикоидтар + цитостатиктер E) Спленэктомия
|