Ішкі аурулар_ қаз. Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа
$$$001 Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, жылдам оң нәтижелі динамика... тән. +A) саркоидозға B) пневмокониозға C) ошақты пневмонияға D) милиарлы туберкулезге E) инфильтрациялық туберкулезге
$$$002 Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімдері пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін себебі: +A) Инфекциялық-токсикалық шок B) Сепсис C)Кардиогенді шок D) Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы E) Жіті респираторлық дистресс-синдром
$$$003 55 жастағы науқас анда – санда болатын тұншығу ұстамасына, айқын ентігуге, қиын бөлінетін шырышты жөтелге шағымданады. Ұстмалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «дабыл таяқшалары» және «сағат әйнегі» симпомдары оң мәнді, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс анықталады. Сіздің диагнозыңыз: +A) Өкпе эмфиземасы B) Пневмония C) Пневмоторакс D) Жіті бронхит E) Созылмалы бронхит
$$$004 М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 бірлік/л, АСТ–78 бірлік/л. Неғұрлым мүмкін диагноз: +A) Саркоидоз B) Өкпе амилоидозы C) Ауруханадан тыс пневмония D) Фиброздаушы альвеолит E) Өкпенің қатерлі ісігі
$$$005 Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика: +A) Кларитромицин + амброксол + ипратропиум бромиді B) Тетрациклин + метрогил + лазолван C) Амоксиклав + гентамицин + бромгексин D) Кларитромицин + преднизолон + бромгексин E) Цефуроксим + амброксол + ипратропиум бромиді $$$006 Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика: +A) Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу B) Ампициллин + гентамицин C) Плазмаферез курсы + цефтриаксон D) Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон
$$$007 22 жастағы студентте ЖРВИ ауырғаннан кейін іріңді қақырықты жөтел, денесінің қызуы 38,50 С дейін көтерілуі, әлсіздік пайда болды. Объективті: өкпелерінде тынысы қатқыл, бірең - сараң құрғақ сырылдар естіледі. Тексергенде: лейкоциттер – 9,7 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Емдеу жоспарына енгізуге қажетті препараттар жиынтығы. +A) Ампициллин, лазолван B) Эуфиллин, карбоцистеин C) Химотрипсин, фенотерол D) Бромгексин, преднизолон E) Ацетилцистеин, гидрокортизон
|