Студопедия — БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ






 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

 

Тыныс тұншықпасының ұстамасы мен бірінші сатыдағы астмалық статустың арасында екшеу диагнозын жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі://

айқын цианоз//

экспираторлық тұншығудың ауырлық дәрежесі//

науқастың мәжбүрлік қалпы//

эуфиллинді көк тамырға енгізудің нәтижесіздігі//

+ бета 2-агонистерге рефрактерлік

***

Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну://

өкпе ателектазы//

+ пневмоторакс//

өкпе инфаркты//

өкпе эмфиземасы//

экссудациялық плеврит

***

48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз://

пневмония//

өкпе туберкулезі//

бронхоэктаз ауруы//

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы//

+ созылмалы іріңді бронхит

***

Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән://

саркоидозға//

пневмокониозға//

+ошақты пневмонияға//

милиарлы туберкулезге//

инфильтрациялық туберкулезге

***

Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://

ципрофлоксацин, амброксан//

метрогил, гентамицин//

+ лазолван, теплое питье//

амоксиклав, бронхолитин//

бромгексин, тетрациклин

***

Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктік пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат://

эритромицин//

экстенциллин//

метронидазол//

+ левофлоксацин//

амоксициллин

***

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас ентігудің, жөтелдің күшейе түсуіне, жасыл-сары түсті қақырық көлемінің көбеюіне, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: ТЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ – минутына 92 рет. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді тағайындау://

гентамицин б/е//

+ кларитромицин per os//

сальбутамол к/т//

вентолин ингаляциялық//

сальбутамол ингаляциялық

***

М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу қстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз://

+ тыныс тұншықпасы, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II//

тыныс тұншықпасы, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II//

созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ II//

созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III//

тыныс тұншықпасы, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

***

К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз://

жүрек тұншықпасы, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі//

+ тынсы тұншықпасы, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II//

тыныс тұншықпасы, жеңіл дәрежесі, өршуі, ТЖ I//

тыныс тұншықпасы, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III//

тыныс тұншықпасы, астмалық статус, ТЖ IV

***

38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия://

теотард//

атровент//

+ будесонид//

сальмотерол//

дексаметазон

***

Науқас 42 жаста, тыныс тұншықпасымен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://

фенотерол к\т, оттегі//

вентолин небулайзер арқылы, оттегі//

преднизолон к\т 30-60 мг, оттегі//

преднизолон к\т 30 мг, эуфиллин к\т, оттегі//

+ метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі

***

Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән://

пиелонефритке//

бүйрек поликистозына//

+ гломерулонефритке//

зәр тас ауруына//

бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

***

27 жастағы науқас жүректің жиі соғуына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

эхокардиография//

вентрикулография//

коронароангиография//

велоэргометрия//

+ ЭКГ тәуліктік мониторлау

***

Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «дабыл таяқшалары» және «сағат әйнегі» симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9млн, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

бронхоскопия//

сцинтиграфия//

+ эхокардиография//

буындар рентгенографиясы//

өкпенің компьютерлі томографиясы

***

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді://

кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау//

+ іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау//

кардиоверсияға дейін 3 күн бұрын жүрек гликозидтерін тағайындау//

ЭИТ жүргізгеннен кейін антикоагулянттарды және дезагреганттарды бермеу//

кардиоверсия жүргізер алдында бір күн бұрын антиаритмиялық препараттарды бермеу

***

68 жастағы науқас тыныш күйде және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде – миокард инфарктісі болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау://

кетонал//

+ кардикет//

дигоксин//

коринфар//

эуфиллин

***

А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді://

+ алғашқы 6 сағатта//

алғашқы 24 сағатта//

екінші тәулікте//

тыртықтану кезеңінде//

жіті кезеңінде

***

Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика://

медикаментозды ем//

митральды комиссуротомия//

трикуспидальды қақпақшаның пластиксы//

+ қолқалық қақпақшаны протездеу//

митральды қақпақшаны протездеу

***

Науқастың беті амимикалы, ауыз қуысы тарылған, аузының айналасында кисет тәрізді қыртыстар, саусақтардың дистальды фалангалары қысқарған, жұтынуы қиындаған. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу://

ревматоидты факторды анықтау//

LE-жасушаларын анықтау//

+ тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелерді анықтау//

қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау//

антинуклеарлы антиденелерді анықтау

***

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика://

преднизолонның мөлшерін тәулігіне 40-50 мг дейін көтеру//

+ метил-преднизолонмен пульс-терапия//

азатиоприн//

циклофосфамид//

кризанол

***

23 жастағы бойжеткен көз өткірлігінің нашарлауына, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу анықталды. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика://

+ индометацин + стугерон//

преднизолон + диклофенак//

триамцинолон + продектин//

метотрексат + преднизолон//

метилпреднизолон + плазмаферез

***

Гипербилирубинемия неғұрлым тән://

созылмалы панкреатиттің ауырсыну формасына//

созылмалы панкреатиттің латентті формасына//

созылмалы панкреатиттің склероздаушы формасына//

созылмалы панкреатиттің рецидивті формасына//

+ созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды формасына

***

Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз://

өңештің қатерлі ісігі//

кардия ахалазиясы//

өңештің дивертикулі//

өңештің пептикалық жарасы//

+ диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

***

45 жастағы науқас асқазанэзофагеальды-рефлюксті ауруымен ұзақ уақыт ауырады, соған байланысты тұрақты түрде протон помпасының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 апта бойы тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің болуы және іштің құрылдауы мазалайды. Емдік ашығу және левомицетин көмектеспеген. Диагнозды нақтылаудың неғұрлым деректі әдісі://

копрограмма//

колоноскопия//

ирригоскопия//

нәжісті жасырын қанға зерттеу//

+ нәжісті бактериялогиялық зерттеу

***

45 жастағы науқасты 10 жыл бойы жұтынудың кезеңді бұзылуы, әсіресе қатты тамақты жұтудың қиындауы, мазалайды. Жұтынуды жеңілдету мақсатында тамақтану кезінде денесін артқа қарай шалқайтуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, құсуға, физикалық күштемеге байланыссыз пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://

метоклопрамид//

лактулоза//

домперидон//

цизаприд//

+ нифедипин

***

Науқас 28 жаста, екі жақты аднекситке байланысты антибактериялық массивті терапия курсын 24 күн бойы қабылдағаннан кейін, кенеттен ішінің төменгі жағында және бүйір бөліктерінде толғақ тәрізді ауырсыну, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді сұйық нәжіс, дене қызуының 38одейін көтерілуі пайда болды. Тексергенде: іші жұмсақ, пальпацияда тоқ ішек бойында ауырсыну анықталады. Анализдерінде: Нв 124 г/л, лейкоциттер 1 мкл-де 12 мың, лейкоциттік формуланың солға ығысуы т/я 12%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика://

метронидазол + амикацин + бактисубтил//

бацитрацин + пефлоксацин + бифиформ//

+ ванкомицин + метронидазол + бацитрацин//

левомицетин + гентамицин + платифиллин//

цефтриаксон + цизаприд + линекс

***

72 жастағы науқасты эпигастрий аймағында тұйық керіп ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін асқазанының аса толу сезімінің пайда болуы; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт және құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлы стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://

сорбифер + алмагель + гепабене//

фамотидин + панзинорм + но-шпа//

цизаприд + алмагель + мезим-форте//

домперидон + креон + бифидумбактерин//

+ табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

***

32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар және экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограмма: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлінуінің бұзылуы. Неғұрлым мүмкін диагноз://

гемофилия//

жіті лейкоз//

апластикалық анемия//

Рандю-Ослер ауруы//

+ иммунды тромбоцитопения

***

53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, т-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика://

+ қан ағызу + дезагреганттар//

дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма//

дезагреганттар + хлорбутин//

дезагреганттар + алкеран//

дезагреганттар + гепарин

***

40 жастағы науқас ІІІ дәрежелі үсу белгілерімен түсті. Объективті: тежелген, бозғылт. Терісі «мәрмәр», акроцианоз. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 120 рет/мин. Пульс жіп тәрізді, аритмиялы. АҚҚ 85/55 мм с.б.б. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: қан ұю уақыты 4 мин, тромбоциттер 430 мың, фибриноген-4,1 г/л, этанол және протаминсульфатты тесттері оң. Фибрин деградациясы өнімдерінің және антитромбина III деңгейі жоғарылаған. Неғұрлым тиімді тактика://

контрикал + курантил//

VIII фактор концентраты + викасол//

аминокапрон қышқылы + дицинон//

+ гепарин + жаңа мұздатылған плазма//

тромбоциттер концентраты + эритроциттік масса

***

2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі://

HbA1с деңгейі< 8,0%//

HbA1с деңгейі < 9,5%//

зәрдегі глюкоза деңгейі > 0,5%//

қандағы холестерин деңгейі < 6,0 ммоль/л//

+ глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі < 7,0 ммоль/л

***

Науқас 17 жаста, дене салмағының жоғарылауына, бір жыл бойы менструация циклінің бұзылуына шағымданады. Сүт бездерінің, ішінің, санының терісінде қошқыт түсті стриялар. АҚҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық тестті: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен жүктеме жасалғаннан кейін 2 сағат өткенде – 8,6 ммоль/л. КТ: екі жақ бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8-де -1060 нг/л (қалыптыда – 260-720 нг/л), сағат 14-те -1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз://

церебральды семіздік//

+ Иценко-Кушинг ауруы//

гипоталамиялық синдром//

Штейн-Левенталь синдромы//

экзогенді-конституциялық семіздік

***

Науқас АҚҚ 300/130 мм с.б.б. дейін көтерілуімен қабылдау бөліміне жеткізілді. Криз тахикардиямен, полидипсиямен, бұлшық еттік дірілдеумен, қорқыныш сезімімен бірге өтеді. Қан анализінде: глюкоза 20 ммоль/л дейін. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Конн синдромы//

Иценко-Кушинг синдромы//

+ феохромоцитома//

эссенциальды артериялық гипертензия//

екіншілікті гиперальдостеронизм

***

К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,9% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау://

бигуанидтер//

сульфаниламидтер//

инсулинді қоспалар//

+ қысқа әсерлі инсулин//

ұзақ әсерлі инсулин

***

17 жастағы жасөспірімде І дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты жағдай. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://

левотироксин қабылдау//

мерказолил және в-блокаторлар//

күніне 100 мкг мөлшерде йод препараттарын өмір бойы//

левотироксин және йод препараттары//

+ күніне 200 мкг мөлшерде йод препараттарын 6 ай бойы

***

45 жастағы науқаста АҚҚ 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты көтерілуі, бұлшық еттік әлсіздік, тырысулар, жиі зәр шығару мазалайды. Осы симптомдар мазалағанына бір жыл болған. Компьютерлі томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің үлкеюі анықталған. Неғұрлым тиімді тағайындау://

конкор//

физиотенз//

фуросемид//

индапамид//

+ верошпирон

***

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз://

бүйректің қатерлі ісігі//

+ пиелонефрит//

бүйрек амилоидозы//

бүйрек поликистозы//

гломерулонефрит

***

36 жастағы науқасты бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде – туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://

хромоцистография//

экскреторлы урография//

бүйректің компьютерлі томографиясы//

бүйректі ультрадыбыстық зерттеу//

+ тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

***

М. атты науқас, 47 жаста, айқын әлсіздікке, бас ауыруына, шөлдеуге, тәбетінің нашарлауына, арықтауына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Об-ті: төмен нәрлі, терісі сарғыш реңді бозғылт, беті ісіңкіреген, балтыры, табандары ісінген. Қанда: эр-2,0 млн, Нв-70 г/л., лейк-5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Зәр анализі: сал. тығ.-1012, белок-1,5 г/л, лейк-4-5 к/а, эр-18- 20 к/а. Неғұрлым тиімді тағайындау://

цитостатиктер//

антибиотиктер//

+ дезагреганттар//

антикоагулянттар//

глюкокортикоидтар

***

В. атты, 42 жастағы науқаста созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, АҚҚ - 200/ 120 мм с.б.б., креатинин - 0,670 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тактика://

антибактериялық терапия//

преднизолонмен пульс-терапия//

+ цитостатиктер//

гемодиализ//

бүйрек трансплантациясы

***

В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс://

сүйек кемігінің босауы//

сүйек кемігінің өзгермеуі//

қан түзудің барлық өсіндісінің гиперплазиясы//

+ қан түзудің мегалобластты типі//

қан түзудің нормобластты типі эритроидты өсіндінің тітіркенуімен

***

Науқас 35 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырлық сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивасы субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, пальпацияда сезімтал. Талағы пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л, тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 ед., АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферментті анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесін көрсететін неғұрлым мүмкін көрсеткіш://

HBcorAg болуы//

жалпы билирубин деңгейі//

тікелей билирубин деңгейі//

+ трансаминазалар деңгейі//

IgM болуы

***

Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://

+ d-ксилозамен сынама//

глюкозотолерантты тест//

ацидотест//

нәжісті бактериологиялық зерттеу//

Helicobacter pylori – ге зерттеу

***

30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік»симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпацияда иық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

+ креатинфосфокиназаны анықтау//

қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау//

ревматоидты факторды анықтау//

кардиолипинге антиденелерді анықтау//

жегілік антикоагулянтты анықтау

***

Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш://

хламидиялар//

+ клебсиелла//

микоплазма//

ішек таяқшасы//

пневмококк

***

Науқас 32 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу://

сілтілі фосфатаза деңгейі//

трансаминазалар деңгейі//

зәр қышқылы деңгейі//

НbsAg//

+ полимеразалық тізбекті реакция

***

52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмау мазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу://

Шиллинг сынамасы//

d-ксилозамен тест//

+ копрограмма//

глюкозаға толеранттылық тестті//

сутегілік тест

***

С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу://

сүйек кемігі жасушаларын цитохимиялық зерттеу//

сүйек кемігі жасушаларын иммунофенотиптеу//

спленопортография//

+ трепанобиопсия//

талақтың пункциясы

***

Науқас 50 жаста, жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясы және гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия. ТV1-V4 тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блокаторлар қабылдаған, бірақ жағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау://

ТТГ деңгейін анықтау//

Т3 деңгейін анықтау//

Т4 деңгейін анықтау//

+ кольпоцитограмма//

пролактин деңгейін анықтау

***

24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, шылқып терлеу пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатыр маңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия жүргізілді. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында неғұрлым анықталуы мүмкін://

тромбоцитоз//

гиперфибриногенемия//

активтенген тромбопластин уақытының қысқаруы//

протомбин уақытының қысқаруы//

+ РФМК жоғарылауы

***

Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20-25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу://

АСЛ-О, АСГ//

тропоизомеразаға антиденелер//

+ антинуклеарлы антиденелер//

ревматоидты фактор//

кардиолипинге антиденелер

***

К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқалады. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу://

+ АСЛ-О, АСГ//

Райта-Хеддльсона реакциясы//

ревматоидты фактор//

антинуклеарлы антиденелер//

LE-жасушалар

***

Қарапайым жасырын клиникалық зерттеу://

дәрігер де, науқас та тағайындалған емді біледі//

+ тағайындалған емді науқас білмейді//

дәрігер де, науқас та тағайындалған емді білмейді//

ни врач, ни пациент, ни исследователь не знают назначенной терапии//

дәрігер, науқас, зерттеуші тағайындалған емді біледі

***

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, қарыншалар дилатациясы, жыбыр аритмиясы, шоқырақ ырғағы және іркілісті сырылдар анықталған науқастарды емдеу бағдарламасында неғұрлым тиімді тағайындау://

диуретиктер//

кортикостероидтар//

β-адреноблокаторлар//

кальций антагонисттері//

+ жүрек гликозидтері

***

20 жастағы науқасты жарты жыл бұрын тізе және білезік буындарының ісіңкіреуі және ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, бел омыртқалары аймағында, сол жақ жамбас-сан буынында ауырсыну пайда болған. Объективті: омыртқалар бойында ауырсыну анықталады, омыртқада және сол жақ жамбас-сан буынында бүгілу шектелген, сол жақ төс-бұғана байламында деформация; ирит белгілері. Неғұрлым тиімді тактика://

стероидты емес қабынуға қарсы препараттар//

+ глюкокортикоидтар//

кризанол//

Д-пеницилламин//

хлорохин

***

30 жастағы науқас әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы алты айда меноррагиялардың болуына шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаты бозғылт, тырнақтары көлденең жолақты, койлонихиялар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,7, лейк-4,2 тың, тромб-192 мың. ЭТЖ-22 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сары сулық темір – 11 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика://

+ сорбифер тәулігіне 200 мг 3 ай бойы Нв деңгейі қалыптанғанша//

феррум-лек 2,0 б/е 1 апта бойы//

феррум-лек 5,0 к/т 1 апта бойы//

тұтас қан құю//

эритроциттік масса құю

***

Науқас 28 жаста, диабеттік кетоацидоздық кома жағдайында ауруханаға жеткізілді. Ең алдымен тағайындау тиімді://

реополиглюкин//

5% глюкоза//

40% глюкоза//

7,5% калий хлоридін//

+ 0,9% натрий хлоридін

***

Бүйрек функциясының жіті жетіспеушілігінің ерте олигуриялық сатысында неғұрлым тиімді тағайындау://

жаңа мұздатылған плазма//

антибиотиктер//

+ диуретиктер//

тұзды ерітінділер//

плазма алмастырушылар

***

Науқас 46 жаста, екінші қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға және ентігуге шағымданады. Дәрігер тәулігіне 100 мг аспиринді күн ара ішуді тағайындады. Бір айдан кейін науқаста эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған. ЭФГДС жүргізілген: эрозиялық гастродуоденит. Неғұрлым тиімді тактика://

+ аспириннің орнына тиклопидин//

аспириннің орнына диклофенак//

аспириннің орнына пентоксифиллин//

аспириннің тәуліктік мөлшерін 50 мг дейін азайту//

аспириннің тәуліктік мөлшерін 25 мг дейін азайту

***

Артериялық гипертензиямен ауратын науқаста 2 жыл бұрын миокард инфаркты болған, эналаприл тәулігіне 10 мг қабылдайды. Емдеу барысында аз өнімді ауыр жөтел пайда болған. Неғұрлым тиімді тактика://

эналаприлдің мөлшерін азайту//

эналаприлдің орнына каптоприл//

эналаприлдің орнына периндоприл//

+ эналаприлдің орнына карведилол//

муколитиктер және қақырық түсіретін препараттар беру

***

43 жастағы науқасты дене қызуының 38,5°С дейін көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, аз өнімді жөтел мазалайды. Объективті: жартайы орташа ауырлықта. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: екі жақ өкпеде инфильтрация. Қанда: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігі анықталған. Көлемді антибактериялық терапия нәтижесіз болған. Неғұрлым тиімді тағайындау://

муколитиктер//

бронхолитиктер//

туберкулостатиктер//

аминохинолин туындылары//

+ глюкокортикостероидтар

***

40 жастағы науқасты ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. Объективті: өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, жүрек ұшында – систолалық шу; жыбыр аритмиясы, тахисистолалық форма. ЭхоКГ: сол қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі- 8,2. Айдау фракциясы-21%. Неғұрлым тиімді тактика://

милдронат//

преднизолон//

ретаболил//

+ перифериялық вазодилататорлар//

АПФ ингибиторлары

***

48 жастағы нау







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2832. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия