Ішкі аурулар_ қаз. Келесі қан анализ нәтижелері алынды: натрий 150 ммоль/л, калий 4,1 ммоль/л, эритроциттер 4,5*10/12
$$$001 Келесі қан анализ нәтижелері алынды: натрий 150 ммоль/л, калий 4,1 ммоль/л, эритроциттер 4,5*10/12, гемоглобин 150г/л. Су-электролитінің бұзылуының типі: +A) Гипертоникалық дегидратация B) Гипертоникалық гипергидратация C) Изотоникалық дегидратация D) Изотоникалық гипергидратация E) Гипотоникалық дегидратация
$$$002 Науқасқа сибазонды көктамырішілік енгізгеннен соң «ине ұшында» клиникалық өлім дамыды. Клиникалық өлімінің ең мүмкін болатын себебі: +A) Анафилактикалық шок B) Жедел миокард инфаркты C) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы D) Септикалық шок E) Бас миының ісінуі
$$$003 Кеңірдек интубациясынан кейін науқаста дәрігер кеуде қуысының экскурсиясының, капнография нәтижелерінің жоқтығын, еріндерінің және тырнақтарының цианозын байқады. Өкпе аускультациясында – екі жағында да анық емес тыныс шулары, эпигастрий аймағының кебуі. Осы жағдайдың себебі: +A) Өңеш интубациясы B) Гиповентиляция C) Оң жақтағы негізгі бронхтың интубациясы D) Кеңірдектің перфорациясы E) Сол жақтағы негізгі бронхтың интубациясы $$$004 Стационарға циркуляторлы шок жағдайында жедел тыныс жеткіліксіздігі клиникасымен науқас жеткізілді. Тексеру кезінде науқас мәңгірген, ерінінің, тырнақ ұясының цианозы, қосымша бұлшықетпен минутына 32-36 шегінде ентігу байқалады, АҚ 75/40 мм с.б., ЖЖЖ минутына 102, олигурия. Кеуде қуысы рентгенограммасында – екі жақта инфильтративті көлеңкелер. Диагноз, шок генезі, емдеу тактикасы: +A) Ауруханадан тыс екі жақты пневмония, септикалық шок. Шокқа қарсы терапия, микробқа қарсы препараттар B) Өкпелік артерия тромбоэмболиясы, аритмиялық шок. Электроимпульсты терапия қажет, антиаритмиктер тағайындау C) Өкпенің инфильтративті туберкулезі, гепатореналды синдром. Туберкулезге қарсы препараттарды тағайындау керек D) Спонтанды пневмоторакс, плевропульмоналды шок. Өкпе қабығы қуысын дренаждау E) Миокард инфаркты, кардиогенді шок. Антиангиналды, тромболитикалық терапия
$$$005 60 жастағы науқаста клинико-инструменталды деректер бойынша S-T сегменті көтерілуімен жіті коронарлы синдром. Тромболитиктер тағайындалған. Препараттың дұрыс мөлшерін және атын көрсетіңіз: +A) Альтеплаза 100 мг B) Клопидогрель 75 мг C) Курантил 100 мг D) Гепарин 5000 ед. E) Аминокапронқышқылы 100 мл
Науқас 18 жаста, ауруханаға шоктың өте ауыр түрімен, қабырғаларының және екі аяғының сүйектерінің сынығымен жеткізілді. Тыныс жетіспеушілік белгілері бар. АҚ-80/60 мм сын.бағ. Науқасты ӨЖЖ-ге ауыстырғаннан кейін жағдайы лезде нашарлады, тахикардия өршіп, тері астының эмфиземалары пайда бола бастады. Осы асқынулардың себебі... болуы мүмкін. +A) Күштемелік пневмоторакс B) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы C) Жедел миокард инфаркті D) Бүйректің соқтылық жарақаты E) Жарақаттық шок
|