Ішкі аурулар_ қаз. Қарашықтардың әр түрлі болуы деп аталады.
$$$001 Қарашықтардың әр түрлі болуы … деп аталады. +A) Анизокория B) Миоз C) Мидриаз D) Амблиопия E) Амавроз $$$002 33 жастағы науқаста суық тигеннен соң және ауыр жүк көтергеннен кейін сол аяғының алдыңғы сыртқы бетінде қатты ауырсыну пайда болды, ахиллов рефлекс жоқ, гипестезия Л4-Л5-S1 аймағында. Компьютерлік томографияда - Л4-Л5-S1деңгейінде парамедиандық типтегі протрузиялар. Мүмкін болатын диагноз: +A) Диск жарығы B) Құм сағаты типі бойынша ісік C) Жұлын қан айналымының бұзылуы D) Омыртқадағы метастаздар E) Гийен-Барре синдромы $$$003 52-жастағы әйелде 6 ай бойы үдемелі деменция, атаксиялық жүпіс, діріл және миоклониялық тырыспалар дамыған. Сөйлеуі баяулап, түсініксіз, қол-аяқтарының қимылы қолайсыз болды. Жанұясында ешкімде осындай аурулар жоқ. Бас миының магнитті-резонансты томографияда ауытқулар жоқ. ЭЭГ-зерттеулерде фондық белсенділіктің бұзылыстары, кезеңдіүшкір разрядтар, бір интервалдан кейін қайталанатын және бастың екі жағына жайылатын өзгерістер анықталды. Ангиограммада бас ішілік өзгерістер табылмаған. Мүмкін болатын диагноз: +A) Менингоэнцефалит. B) Мультиинфаркты деменция; C) Жұлын семуі; D) Фридрейх атаксиясы; E) Субарахноидалды қан құйылу; $$$004 50 жастағы ер адам күнделікті болатын бас ауруына шағымданады, ол таңертеңгі уақытта күшейеді. Бас ауруы төрт ай аралығында мазалайды және біртіндеп күшейеді, соңғы апталарда таңертеңгі уақытта қатты бас ауруы әсерінен құсу болған. Тексерген кезде: сол жақ аяқ- қолдарда бұлшықет күші 3 баллға төмендеген, сіңір рефлекстері жоғарылаған және сол жақтан Бабинский симптомы оң мәнді. Эхоэнцефалоскопия жүргізгенде бас миының ортаңғы құрылымының оң жақтан сол жаққа қарай 7 мм- ге ығысуы анықталған. Көз түбінде: көру нервтері дисктерінің айқын іркілісі. Тағайындау қажет: +A) Маннит B) Аминокапронды қышқыл C) Церебролизин D) Прозерин E) Имунноглобулин 48 жасар ер адам, оң жақ шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігіне шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Объективті: ауызын ашқанда төменгі жақ оң жаққа ығысады. Оң жақ шайнау бұлшықеттерінің гипотрофиясы және гипотониясы. Төменгі жақ рефлекстері оң жақтан төмендеген. Сезімталдық бетте сақталған. Патологиялық процесстің орналасқан жері: +A) Үшкіл нервтің оң жақ қозғалыс ядролары B)Тілжұтқыншақ нервтің оң жақ қозғалыс ядролары C)Үшкіл нервтің III тармағы D)Оң жақтағы бет нервісі E)Оң жақтағы кезбе нерв $$$006 Науқаста тетрапарез, әсіресе дисталды бөліктерінде айқын білінеді, қол аяқтарында атрофиялар, карпорадиалдық және ахилл рефлекстерінің болмауы, m.biceps жәнес м.triceps тізелік және сіңірлік рефлекстердің төмендеуі. Қол аяқтарының дисталды бөліктерінің сезімталдықтың барлық түрлері төмендеген, жоғары қолғап, шұлық түрінде. Ласег, Вассерман, Нери симптомдары білінеді. Жүйке жүйесінің зақымдалған бөлімдері: +A) Шеткері жүйкелердің көптеген зақымдануы B) Алдыңғы мүйіздер C) Артқы түбіршіктер D) Артқы мүйіздер E) Шеткері жүйкелердің біржақты зақымдануы $$$007 Қабылдау бөліміне он жыл бойы жоғары АҚ - гипертоникалық аурумен зардап шегетін, физикалық күш түсіруден кейін қатты бас ауруы пайда болған, қайталама құсу, сосын есінен айырылған 55 жастағы науқас әкелінді. Неврологиялық статуста: кома 2, анизокория, сол жақ қарашық кең, оң жақ мұрын-еріндік қатпары тегістелген, жоғары бұлшықеттік тонус, сіңірлік рефлекс және Бабинский симптомымен оң жақтық гемиплегия. Желкелік бұлшықеттің ригидтілігі 1 см, Керниг синдромы екі жақтан 160 бұрышта. Жетекші синдром: +A) Жалпы милық B) Менингеальді C) Қыртыстық D) Ошақтық E) Пирамидтік $$$008 Науқас 32 жаста, жарты жыл бұрын жұмыс уақытында басынан соққы алған. Артынша басы қатты ауырып, құсу пайда болған. Ақырындап бас ауруы азайып, жарты айдан кейін науқас жазылып кеткен. Екі күн бұрын эмоционалдық күйзеліс кезінде тағы да басынан соққы алғандай күйге енді. Аяқ астынан қатты бас ауруы пайда болды. Сосын жүрек айну және бірнеше рет құсу болды. Клиникаға жатқызылды. Объективті: АҚ 150/70 мм.сын.бағ., пульс минутына 50, ырғақты. Жүректің үні таза, анық. Желке бұлшықетінің ригидтілігінің айқындылығы және екі жақтан Керниг симптомы анықталады. Көз тереңдігінде патология жоқ. Қол-аяқта парез жоқ. Профилактика әдістері: +A) Аневризманы клипстау B) Артериялық гипертензияны емдеу C) Тамырлық мальформацияны емдеу D) Салауатты өмір салтын сақтау E) Гиполипидемиялық терапия
|