Студопедия — Оқу сабақтарының түрлері бойынша сағаттарды бөлудің тақырыптық жоспары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оқу сабақтарының түрлері бойынша сағаттарды бөлудің тақырыптық жоспары






БЕКІТЕМІН

Құқық жоғары мектебінің;

Директорыз.ғ.д, профессор

_______________У Шапақ;

Ж

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Sillabus)

 

Пәннің атауы: «ҚР Салық құқығы» (FPRK 3304)

 

Мамандық: 5В030100 - «Құқықтану»

(шифр, атауы)

 

Оқу нысаны: күндізгі

 

Оқу сабақтарының түрлері Курс/семестр
  Дәріс - 30 сағат 3/6
  Семинар/практика - 15сағат  
  Лаборатория-  
  СӨЖ - 67 сағат  
  СОӨЖ - 23 сағат  
  Емтихан - 5 семестр  
  Жиыны: 135 сағат  

 

 

Астана – 2014 ж.

1.1 Оқытушы туралы ақпарат:

Дәріс оқушы – Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,Хайбар Мәнейұлы

Тілдерді білуі:Қазақ, орыс тілдері.

Кафедра туралы мәлімет:Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндеркафедрасы, 226 каб.

Пререквизиттері:

«ҚР салық құқығы» пәнін игеру үшін студенттер мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Қазақстан Республикасының қаржы құқығы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, кеден құқығы пәндерін игеру қажет

Постреквизиттері: Оқытылатын пәннің бөлімдері келесі пәндерді менгеру кезінде қолданылады:
1. Кәсіпкерлік қызмет құқығы

2. Сыртқа экономикалық қызметтін құқықтық реттелуі

3. Халықаралық жеке құқық

4. Сауда құқығы

5. Халықаралық сауда құқығы

1.2Пәннің сипаттамасы:Салықтар мемлекет кірісінің негізгі түрі болып табылады және қоғам мүдделі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көзі ретінде қызмет етеді. Осы орайда мемлекет алдында салық жүйесінің тиімді жұмыс істеуін құқықтық камтамасыз ету механизмін құру міндеті туындайды.

Салықтық құқық ғылым ретінде және құқықтық құрылым ретінде көрініс табады.Салықтық құқық мемлекеттік салықтық кұрылымын айқындайтын, салық жүйесін белгілейтін, сондай-ақ салық салу аясында туындайтын қатынастарды реттейтін кұкықтық нормалардың жиынтығын білдіреді.

Қазіргі уақытта салықтық құқықты білу және игеру заңгерлерді кәсіби дайындау барысында маңызды. Өйткені салық заңнамасы қоғам өмірінің нақтылы аясындағы қатысушылар арасында кұрылатын тиісті құқықтық қатынас моделін қалыптастырады.

Осы бағдарлама салықтық құқық саласындағы теориялық және практикалық проблемаларды зерделеуге арналады.

Курстың мақсаты – салықтық міндетемелер, салықтық құқықтық қатынастарды, салық органдары мен агенттері, салық төлеушілер арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары мазмұны және мағынасын студенттерге түсіндіру.

Пәнді оқып-үйрену міндеттері:

1. салықтық заңдарды оқып білу және оның қолдану механизмін үйрену;

2. теориялық және іс жүзіндегі тәжірибені өмірде қолдануды меңгеру;

3. салық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыруға қажет салықтық құқықтық сананы тәрбиелеу.

 

Курсты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

- құқық жүйесіндегі салық құқығының орыны мен маңызы туралы түсінігі;

- пәннің мақсаты мен міндеттерін, оның өзге оқу пәндерімен арақатынасын, заңгерлерді дайындаудағы маңызын, салық саласындағы заңнамалық қызметтерде қолданылатын негізгі құжаттарды дайындау ережесін;

- салық құқығының түсінігін мен анықтамасын, негізгі категорияларын;

- салық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістерін;

- салық жүйесі элементтерінің даму ерекшеліктері мен қызмет етуін, қалыптасу заңдылықтарын олардың негізгі сипаттамасын, ҚР мемлекеттік органдарының құзыретті мен ұйымдастыруын;

-мемлекет қызметтінің бір бағыты ретіндегі салықтық құқықтың түсінігі мен мәнін;

- қазақстанның салық жүйесінің қазіргі даму үрдісін;

- салық қызметін реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін.

Теориялық ережелер көлімі мен проблемаларды игеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс:

- пән бойынша заңнамалық түсініктер мен категорияларды пайдалана алуы;

- салықтық құқықтық қатынаспен байланысты туындайтын және заңдық айғақтарды талдай алуы;

- мемлекеттің салық жүйесінің негізгі институттарына сипаттама беру мен олардың құқықтық қайнар көздерінің ерекшеліктерін талдай білу;

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдалана білу;

- әлеуметтік ғылыми әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдарын пайдалана білу;

- салық құқығын оқу нәтижесінде алған білімдерін қоғамдық және экономикалық мәселелермен байланыстыра білу;

- салықтық – құқықтық зерттеулерді құқықтың түрлі салаларын оқу барысында қолдана білу (қаржы құқығы нормаларын дұрыс қолдану мен талқылай білу, заңдық айғақтар талдау, зерттеу үшін сұрақтарды дұрыс қоя білу, нормативтік актілерге сараптама жүргізе білу);

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдаланып, заңнамалық құжаттарды дұрыс құрастыру мен рәсімдей білу;

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі тиіс:

- салықтық-құқықтың зерттеу объектісі болып табылатын түрлі құқықтық құбылыстарды талдауды, заңдық айғақтарды, құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, құқық қолдану тәжірибесін игеру;

- заңдық терминдерді қолдана отырып өз ойын еркін ойлау қабілетімен жеткізу;

- құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздене білуі;

- өзбетінше жұмыс жасай білу тәжірибесі арқылы салық салу саласындағы ұқсастықтар мен құқықтық мәселелерді шешуде пікір-сайыс және ғылыми шығармашылықта бола білу;

- салық құқығы нормаларын жүзеге асыра білу.

Курсты оқу нәтижесінде студент жетік білуі тиіс:

- мемлекеттің салық саласы барысында туындайтын шешімін таппайтын сұрақтар бойынша нақты салықтық дауларды шеше білетін болуы, мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне қарай оны қолдану мен сұрақтар бойынша қорытынды беруде жетік болуы тиіс.

Студенттердің міндеттері:

- салықтық құқықтық нормалар мен салықтық құқықтық қатынастар туралы, салық құқығының негізгі түсініктері туралы нақты болжамдай білуі;

- мемлекеттің салық қызметінің негіздері туралы болжамдай алуы;

- мемлекетпен бекітілген және өндіріп алынатын салық және міндетті төлемдердің жүйесі мен түрлерін меңгеру, салық салуға жататын объектіні анықтай білу;

- ҚР бюджет айналымының тәртібі мен валюталық қатынастардың ерекшелігін;

- салықтық құқықтық қатынас субъектілерінің заңды жауапкершілігі туралы оны қаржы заңнамаларын бұзғаны үшін жүзеге асыра алуы;

- нормативтік актілер мен ситуацияларды талдай отырып теориялық білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана алуы.


Оқу сабақтарының түрлері бойынша сағаттарды бөлудің тақырыптық жоспары

Бөлімдер / тақырыптар Оқу сабақтарының түрлері (сағаттармен)  
Дәріс Семинар/практика СОӨЖ СӨЖ Барлығы
  Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және түрлері          
  Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі          
  Салық құқығы құқықтық құрылым ретінде        
  Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар          
  Салықтық міндеттемелердің құқықтық негіздері        
  Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару          
  Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері          
  Корпоративтік табыс салығы          
  Жеке табыс салығы          
  Қосылған құн салығы          
  Акциз салығы        
  Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы          
  Әлеуметтік салық          
  Көлік құралы салығы        
  Жер салығы          
  Мүлік салығы          
  Арнаулы салық режимі          
  Ойын бизнесі салығы          
  Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер        
  Салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік        
  Барлығы:          
                 

Семинар/практикалық сабақтарды жүргізу және студенттердің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) орындауы үшін тақырыптық жоспар

Пәннің атауы: «ҚР салық құқығы»
тақ№ Семинар/практикалық сабақтар СӨЖ
Пәннің мазмұнын құрайтын тақырыптар мен сұрақтар сағаттар Өткізу нысаны Тақ-р Тапсырманың мазмұны Тапсыру мерзімі (аптасы мен сағаттар көлемі) және бақылау нысаны
  Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және түрлері. 1-сағат 1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары. 2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы. 3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық қатынастары. 4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары. 5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.   Ауызша сұрау карточкамен жұмыс Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және түрлері Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы 1 – апта, 4 сағ. Конспект  
  Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі 1-сағат 1. Мемлекеттің салықтык кызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. 2. Салық салудың ұғымы. Салық салу әдістері: тұрақты, пропорционалды, прогрессивтік, регрессивтік әдістер. 3. Салық салу принциптерінің жүйесі. 4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу   топты 5-6 адамнан командаға бөлу,әр командаға дайындалған сұрақтар мен тапсырмалар беру Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі Мемлекеттің салық қызметі саласын басқару жүйесі 2- апта, 5 сағ. Баяндама
  Салық құқығы құқықтық құрылым ретінде 1-сағат 1. Салық құқығының түсінігі мен пәні. 2. Салық құқығының жүйесі 3. Салық құқығының құқықтық реттеу әдістері 3. Салық құқығының қайнар көздері. 4. Салық заңнамасы, заңнамасының даму тарихы.   Топты шағын командаға бөлу арқылы жарыс түрінде ұйымдастырылады Салық құқығы құқықтық құрылым ретінде Салық құқығы оқу пәні құқық саласы ретінде 3– апта, 5 сағ. тест
  Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар 1- сағат 1. Салықтық құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы. 2. Салықтық-құқықтық нормалардың жіктелуі. 3. Салықтық құқықтық нормалардың жүзеге асырылуының нысандары. 4. Салықтық құқықтық қатынастың түсінігі мен түрлері. 5. Салықтық құқықтық қатынастардың объектісі. 6. Салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі. 7. Салықтық құқықтық қатынастардың мазмұны. 8. Салықтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы.   Презентация,топты 5-6 адамнан командаға бөлу,әр команда алдын ала дайындаған слайдтарын қорғайды Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар   Салықтық құқықтық нормалардың қолданылуы 4– апта, 5 сағ. реферат
  Салықтық міндеттемелердің құқықтық негіздері 1-сағат 1. Салық міндеттемесінің түсінігі және элементтері. 2. Салық міндеттемесінің орындалуы. 3. Салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу. 4. Салықтық міндеттеменің тоқтатылуы.   Топ командаға бөлініп кейс шешеді және қосымша ақпараттарымен бөліседі Салықтық міндеттемелердің құқықтық негіздері Салық міндеттемесін орындау 5– апта, 4 сағ. конспект
  Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару 1-сағат 1. Мемлекеттің салықтық құрылымының түсінігі және жүйесі. 2. Салық органдары қызметінің құқықтық негіздері.     Рөлдік ойын түрінде Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару   Салық органдарының жүйесі 6– апта, 4 сағ. тест
  Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері. 1. Салықтық бақылаудың түсінігі және элементтері. 2. Салықтық бақылаудың түрлері мен нысандары. 3. Қаржылық бақылаудың әдістері.   Рөлдік ойын түрінде әр топ жекелеген мелекеттік органдардың құзыретін ашады Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері Салықтық бақылау нысандары (бір нысанын толық анықтау) 7– апта, 5 сағ. тест
  Корпоративтік табыс салығы 1- сағат 1. Корпоративтік табыс салығының түсінігі. 2. Корпоративтік табыс салығының субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Корпоративтік табыс салығын төлеу тәртібі.   Топты командаға бөлу әр команда алдын ала дайындаған слайдтарын қорғайды Корпоративтік табыс салығы Корпоративтік табыс салығын салу тәртібі 8– апта, 4 сағ. тест
  Жеке табыс салығы 1- сағат 1. Жеке табыс салығының түсінігі. 2. Жеке табыс салығының субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Жеке табыс салығын төлеу тәртібі.   топты командаға бөлу әр топ баяндаманы слайд түрінде орындайды Жеке табыс салығы Жеке табыс салығын салу тәртібі 9– апта, 4 сағ. Кесте түрінде
  Қосылған құн салығы 1- сағат 1. Қосылған құн салығының түсінігі. 2. Қосылған құн салығының субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Қосылған құн салығын төлеу тәртібі.   Презентация,топты 5-6 адамнан командаға бөліп тапсырмалар беру Қосылған құн салығы   Қосылған құн салығын салу тәртібі 10– апта, 5 сағ. конспект
  Акциз салығы 1-сағат 1. Акциз салығының түсінігі 2. Акциз салығының субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Акциз салығын төлеу тәртібі.   «Шыңға шығу» ойынын жүргізу топ 4 командаға бөлініп бір төрағасын таңдап терминдерді айтады Акциз салығы Акциз салығын салу тәртібі 11– апта, 5 сағ. тест
  Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы 1-сағат 1. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығының түсінігі. 2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығының субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығын төлеу тәртібі.   кейс стади тапсырмасы Жер қойнауын пайдаланушының салықтары мен арнаулы төлемдері   Жер қойнауын пайдаланушының салықтары мен арнаулы төлемдері 12– апта, 4 сағ. схема
  Әлеуметтік салық 1-сағат 1. Әлеуметтік салықтың түсінігі. 2. Әлеуметтік салықтың субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Әлеуметтік салықты төлеу тәртібі.     Ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды қарастыру Әлеуметтік салық Әлеуметтік салықты салу тәртібі 13– апта, 5 сағ. баяндама
  Көлік құралы салығы 1. Көлік құралы салығының түсінігі. 2. Көлік құралы салығының субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Көлік құралы салығын төлеу тәртібі.   топты командаға бөліп сұрақтар беру Көлік құралы салығы   Көлік құралы салығын салу тәртібін анықтау 14– апта, 4 сағ. тест
  Жер салығы 1-сағат 1. Жер салығының түсінігі. 2. Жер салығының субъектілері, объектілері және ставкалары. 3. Жер салығын төлеу тәртібі.   Топ командағы бөлініп кейс стади тапсырмасын құрастырады оны қарсылас топ шешеді Жер салығы Жер салығын салу тәртібі 15– апта, 4 сағ. тест
  Жиыны          






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 554. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия