Модуль. Әдеби сын және оның міндеттері мен мақсаттары.
1-практикалық сабақ;. Әдеби сын және оның міндеттері мен мақсаттары. Cынның әдебиет тарихымен, теориясымен байланысы және айырмашылықтары. Сынның эстетикаға, журналистикағажақындығы. Сыншылдық өнермен сыншының принциптілігі. Әдеби сынның қоғамдық ой пікірде алатын орны 2-практикалық сабақ;. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері. Халықтық эстетика. Фольклор халық әдебиетіндегі көркем сөздің ролі.Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің көркемдік танымы, Абайдың эстетикалық көзқарасы 3-практикалық сабақ;. Қазақ баспасөзінің әдеби сынды дамытудағы ролі. Баспасөз және сын. ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында қазақ баспасөзінің тууы. Баспасөз бетіндегі әдебиеттік материалдар. Олардың эстетикалық тәрбиедегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті. 4-практикалық сабақ;. Жазба әдебиет және сын. Сын жанрының жазба әдебиетке тән жанр екендігі. Жазба әдебиет өкілдерінің сын жанрын дүниеге әкелудегі ролі. Жазба әдебиет өкілдерінің әдеби сынды дамытудағы тарихи ролі. 5-практикалық сабақ;. ХХғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы. Коммунистік партияның әдебиет саласындағы саясаты. Пролетариат жазушылары ассоциацияларының құрылуы. Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар 6-практикалық сабақ;. Дарынды тұлғалардың қазақ әдебиеттану ғылымындағы сын жанрын қалыптастыруға қосқан үлесі. С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармаларына қатысты сынның дамуы. 7-практикалық сабақ;. 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары. Жазушылар одағының құрылуы. СССР жазушыларының және Қазақстан жазушыларының бірінші съезі.
|