Курстың саясаты және іс шаралары.
Пәнді айтарлықтай жақсы меңгеру үшін және жоғары қорытынды бағалар алу үшін қажет: - сабаққа (дәрістер, зертханалық сабақтар, ОСӨЖ) кешікпеу; сабаққа белгілі бір себептермен қатыспаған болсаңыз, оқытушыға өз уақытында (біраз уақыт өткеннен кейін емес) сабақты жіберген себептер көрсетілген түсіндірме қағаз әкелу; - сабақ уақытында тыныштық сақтау: оқытушының рұқсатынсыз сөйлеспеу, ұялы телефондарды пайдаланбау; - аудиторияда сырт киімсіз болу (сырт киімді киімілгішке тапсыру); - сабаққа белсенділікпен қатысу: ол үшін сабақ басталмай тұрып дәріс сабағының, зертханалық және семинарлық сабақтардың, ОСӨЖ-ның басты кезеңдерін оқып дайындалу; - белгіленген уақытта үй тапсырмаларын (СӨЖ) тапсыру және бақылау жұмыстарын (тест түрінде және ауызша) орындау. Өз уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмен - 0,8 коэффициентімен бағаланады; - білімдеріңізді тексеруге үнемі дайын болу. Бақылау алдын ала ескерлмей жүргізілуі мүмкін; - қатыспаған сабақтарыңызды оқытушы көрсеткен мерзім ішінде өз беттеріңізбен орындап меңгеру; - сыпайы, шыдамды, ашық, шынайы болу; - оқытушымен және бірге оқитын жолдастарыңызбен кішіпейіл және ақ жарқын болу.
Әдебиеттер: Негізгі:
Қосымша:
|