Критерий
| Деңгейлер
|
|
|
|
|
Кроссвордтың мазмұнының тақырыпқа сәйкес келуі, тақырыптың толық ашылуы Максимум –30б
| (27-30б)
Барлық алынған терминдер толығымен тақырыпқа сәйкес келеді, зерттелген материалдың мазмұны толық қамтылған.
| (23-26б)
Терминдер материал мазмұнын толық ашпаған, терминдердің бір бөлігі тақырыпқа сәйкес келмейді
| (15-22б)
Терминдер материалдың 50% қамтиды
| (0-14б)
Терминдер материалдың 50% аз бөлігін қамтиды, терминдердің көпшілігі тақырыпқа сәйкес келмейді
|
Сұрақтарды құрастыруда сауаттылығы, мазмұны
Максимум – 40б
| (36-40б)
Сұрақтар қысқа, анық, толық, терминнің мағынасына толық жауап беретін, қазіргі кездегі мәселелік жағдайға сәйкес келеді.
| (30-35б)
Кейбір сұрақтар мағынасын ашу үшін үлкен ауқымды қамтиды және дұрыс жауапқа сәйкес келмейтін қажет емес артық түсініктемелер келтірілген
| (20-29б)
Сұрақтар шашыраңқы, келтірілген сұрақ бойынша қазіргі кездегі түсініктермен сәйкес келмейді.
| (0-19б)
Сұрақтар сауатты құрастырылмаған, келтірілген сұрақ бойынша дұрыс жауап табу мүмкін емес.
|
Кроссвордтың жасалуы
Максимум – 30 б
| (18-20б)
Кроссвордтың жасалуы мына талаптарға сәйкес:
· дұрыс құрастырылған сұрақтар саны 20 кем болмау (тақырыпқа сәйкес);
· эстетикалық безендендірілу жасалынған
· қазіргі кездегі ақпарат көздері тізімінің болуы
| (15-17 б)
Кроссвордтың жасалуы негізінен көрсетілген талаптарға сәйкес, бірақ кейбір қателіктер мен дәлденбеген жерлері бар:
· терминдердің барлығы бірдей қазіргі талаптарға сәйкес келе келмейді;
· әдебиеттер тізімі толық емес
| (10-14б)
Кроссворд жасау барысында нақты қателіктер жіберілген
| (0-9б)
Кроссвордтың жасалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді
|