Студопедия — Тақырып. Компьютерлік вирустар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Компьютерлік вирустар.






Жоспар:

1. Вирустар жайлы түсінік және олардың классификациясы.

2. Антивирустік бағдарламалық құрылғылар.

3. Жұмыс принципі және классификация.

Кілттік сөздер:Вирус, компьютерлік вирус, вирустардың түрлері, вирустың бүлдіруші әрекеттері, детектор, фаги, сүзгі-программасы, Norton AntiVirus, Касперлік AVP.

Иллюстрациялық материал:Уалиев М.С. «Защита информации» электрондық оқулық.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [36, 37, 38, 39, 40, 41]

1. Рязанцева Н. Самоучитель 1С: Бухгалтерия 7.7 / Н. Рязанцева, Д.Рязанцев.- СПб.: БХВ-Петербург, 2008.- 480с.: ил.

2. Филимонова Е.В. Практическая работа в 1С: Предприятие 8.0. Настройка,конфигурирование, программирование и эксплуотация: Учебное пособие / Е.В. Филимонова.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2005.- 384с.

3. Филимонова Е.В. 1С: Предприятие 8.0: Учебно-практическое пособие для бухгалтеров / Е.В. Филимонова.- 2-е изд.- М.: Издательско-торговая корпорация "Дашков и К", 2008.- 400с.

4. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. Краткий курс. / В.Э. Фигурнов.- Изд. 7- е.- М.: ИНФРА-М, 2003.- 480 с.

5. Черкесов Г.Н. Надежность аппаратно-программных комплексов: Учебное пособие / Г.Н. Черкесов.- СПб.: Питер, 2005.- 479с.

 

 

Қосымша әдебиеттер: [3, 14, 15, 16, 30]

1. Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері: Оқу құралы / Г.Ә. Жапарова.- Алматы: Экономика, 2006.- 296б.

2. Могилев А.В. Информатика: Учебное пособие для студентов вузов / А.В. Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; Под ред. Е.К.Хеннера.- 6-е изд., стер.- М.: Академия, 2008.- 848с.

3. Острейковский В.А. Информатика: Учебник для вузов / В.А. Острейковский.- 3-е изд., стер.- М.: Высшая школа, 2005.- 511с.

4. Степанов А.Н. Информатика: Учебник для вузов / А.Н. Степанов.- 5-е изд.- СПб.: Питер, 2008.- 765с.: ил.

5. Грузин В.В. Информатика: Учебник / В.В. Грузин.- Астана: Фолиант, 2007.- 276с.- (Профессиональное образование).

 

Жалпы мағынасында компьютерлік вирус - бұл пайдаланушыға қажетсіз, кездейсоқ белгілі бір нәрселерді(көбінесе жоюшы, бүлдіруші сипатындағы) кенеттен орындайтын прорамма немесе макрос.

Вирустар экрандағы ұрандарды, балағат (сыбау) сөздерді ұйымдастыруы ықтимал, қатқыл дискіден файлдарды алып тастауы немесе операциялық жүйені бүлдіруі мүмкін. Кейбір вирустық программалар пайда болғаннан кейін бірден емес, біршама кешігіп барып жұмыс істеуі мүмкін, себебі сіз оның жұмыс нәтижесін бір күн емес, бірнеше күн өткеннен кейін бір-ақ білуіңіз ғажап емес. Уақытты алатын әр қилы жағымсыз ұсақ-түйек құбылыстар, файлдардың кешігіп өңделуі- мұның ақырында, яғни күндердің бір «тамаша» күнінде компьютер мүлдем жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл арада әр түрлі нұсқалар болуы мүмкін, бірақ түпкі нәтижесі біреу-ақ: компьютер уақытша тоқтап қалады немесе жұмыс істеуін мүлдем тоқтатады.

Вирус - атауының өзі мұндай программаға бекер жапсырылып отырған жоқ. Компьютерлік вирустар «мінез-құлықтарымен» тірі организмдерді іске түсіреді. Тура осындай ауру тудыратын вирустар адам денесінің әр түрлі органдары мен клеткаларында жасырынып жатады, осыған ұқсас компьютерлік вирустарда орындалатын компьютерлік программаларда немесе басқа файлдарда жасырынып жатады.Әдеттегі вирустар сияқты компьютерлік вирустарда жұқпалы, бұл арада ол тірі организмдедегі вирустар тәрізді болады, ал кейбір вирустар көбейгіш болып келеді, яғни көбеюге бейім.

Вирустардың көптеген түрлері болады. Оның кейбіреулері нақты уақыт аралығында (мәселен, «қара жұма»- «черная пятница» вирусы) белсенділік танытатын болса, енді біреулері тек белгілі бір программаны іске қосқанда немесе нақты функцияның программасын орындау барысында «бой көрсетеді». Компьютерді жүктеу сәтінде белсенділік танытатын вирустарда бар.

Вирустар деректерді бүлдіреді, информацияны бұрмалап көрсетеді, компьютерлік программаның орындалу барысы мен тәртібін өзгертіп жібереді, компьютердің өздігінен жүктелуіне әкеліп соғады немесе монитордағы кескінді бұрмалап көрсетеді.

Компьютердің вирус жұқтырғаны белгілі болған жағдайда мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет.

Компьютермен ұмыс істеу барысында күдік тудыратын жағымсыз белгілер алғаш пайда болғанда мыналарды істеу қажет:

- компьютерді сөндіру;

- дискеттің икемді жүйесіндегі жазбадан қорғалып, таза екендігіне кепілдігі бар машинаны қайта жүктеу;

- тиімділігі жоғары антиврустық программаларды іске қосу;

- антивирустық программалардың көмегімен тек қатқыл дискілерді ғана емес, сондай –ақ программаның барлық архивін тексеру;

- вирустан құтыла алмаған жағдайда білікті арнайы маманның көмегіне жүгініңіз, яғни оны көмекке шақырыңыз.

Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.

Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

- резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

- резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әселене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай жұққанын адамдар білмей де қалады. Ал, резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды; бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.

Вирус дискідегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді.

Вирустардан қорғайтын программалар мыналарға бөлінеді:

Детектор- программасы вирустарды табады; иммуназатор- программасы вирустар оны бүлдірдік деп санайтындай етіп программаны өзгертеді. Көптеген вирустар екінші мәрте файлды бүлдіре алмайды, өйткені иммуниттеу вирустардың мұндай «бір жолғы» әрекетінен қорғауға мүмкіндік береді;

Фаги- прораммасы вирустарды тауып қана қоймай, олардың көзін құртады, яғни оларды жояды. Егер программа әр түрлі вирустарды құрта алатын болса, онда оны әдетте полифаг деп атайды. Кейде вирустарды жойғаннан кейін бүлінген файлы бұрынғы қалпына келтіруге болады. Ал, бастапқы қалпына келмеген файлды емделмейтін, яғни жөнделмейтін файл деп атайды. Мұндай жағдайда емделмейтін файлды жойып, жоқ қылу керек. Сонымен қатар, мұндай жағдайда дискетке жазып алудан қорғалатындай етіп орналастырылған программаның таза резервтік көшірмесі қажет болады;

Сүзгі- программасы (программа фильтрі)- компьютер қосылғаннан кейін ұдайы жұмыс жағдайында болады және қалыпты жұмыс істеп тұрған компьютерде сәл ауытқу пайда болса қатер төнгенін білдіріп, бірден дабыл қағады. Бұл компьютерге, яғни программаға еніп кеткен вирусты ерте тауып, сол кірген сәттегі алғашқы кезеңінде- ақ оның бүлдірушілік әрекеттерін асқындырмай, алдын алып, неғұрлым залалсыздандыруға ұмтылады.

Бүгінгі таңда ең танымал антивирустық құралдарға Norton AntiVirus, AVP, Aidstest, Adinf, DoctorWeb және DSAV. DoctorWeb дестелерін жатқызуға болады. DoctorWeb антивирустық программа құралы компьютердің жадында сақтау программадағы белгілі вирустарды іздестіріп. Табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай- ақ компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтық және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрынғы және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға мүмкіндік береді. DoctorWeb антивирустық программасы 1994 жылы шығарылған. Дәл қазіргі уақытта бұл программалардың нұсқалары көптеп шығарылған.

Norton AntiVirus 2000. Windows үшін осы заманға антивирустық программалардың ішінде Symantec Corporation фирмасының вирустарды тауып, залалсыздандыру бойынша үлкен мүкіндіктерге ие, сондай- ақ аса қолайлы пайдалану интерфейсі бар Norton AntiVirus программасы кеңінен танымал. Вирустардың бар жоғын тексерудің ең қарапйым түріне Іздеу кнопкасын басудан кейін іздеу процесі орындалатын дискідегі NAV бас терезесіндегі мүмкіндік беретін барлық параметрлардің мәні дыбыс шығармауы бойынша белгіленеді.

AntiViral Toolkit Pro (AVP). Соңғы уақытта Касперлік AVP антиврустық естесі өте әйгілі деп саналады. Бұл программа вирустарды іздестіріп, жоюға арналған. Аса қолайлы пайдалану интерфейсіне, көптеген әр түрлі баптуларға, сондай- ақ антивирустық деректердің көлемді базасына ие AVP пакетінің қолданбалары бүгінгі күні белгілі болыа отырған барлық антивирустарды дер уақытында залалсыздандыру арқылы пайдаланушының еш алаңсыз тапжылмай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-04

 

 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

(пәнің атауы)

 

Кафедра _______ Информатика ______________________________________________

Тьютор __ Исаева Г.Б. ______________________________________________________

Мамандық ______ 050703 – ақпараттық жүйелер ________________________________

Кредит саны ______ 2 ______________________________________________________

Пән циклі ______ Таңдау курсы ______________________________________________

Студенттер саны ___ 12 ____________________________________________________

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 953. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия