Студопедия — MS Power Point бағдарламасы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

MS Power Point бағдарламасы.






2. MS Power Point құрылғыларының көмегімен презентацияларды ұйымдастыру.

Кілттік сөздер:MS Power Point, көрме, көрініс, слайд, түстер сұлбалары, сызбалық нысандарды кірістіру, сурет салу тақтасы.

Иллюстрациялық материал:Балапанов Е. «Информатикадан 30 сабақ» электрондық оқулық.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [2, 5, 28]

1. Microsoft Power Point 2002. Русская версия. Шаг за шагом.- М: Эком, 2002.- 368 с.

2. Power Point программасын пайдалану: Лабораториялық практикум: Оқу құралы.- Алматы: ЖТИ, 2003.- 40 б.

3. Power Point программасын пайдалану: Оқулық.- Алматы: БАРО, 1999.- 40 б.

Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 5, 8, 16, 17, 19]

1. Дубовиченко С.Б. Основы информатики. Часть 1: Учебник для вузов / С.Б. Дубовиченко.- Алматы: Дәнекер, 2004.- 366с.

2. Дубовиченко С.Б. Основы информатики. Часть 2: Учебник для вузов / С.Б. Дубовиченко.- Алматы: Дәнекер, 2004.- 370с.

3. Байжұманов М.Қ. Информатика: Оқу құралы / М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева.- Астана: Эверо, 2004.- 224бет.

4. Беркінбаев К.М. Информатика: Оқулық / К.М. Беркінбаев.- Алматы: Заң әдебиеті, 2007.- 421б.

5. Степанов А.Н. Информатика: Учебник для вузов / А.Н. Степанов.- 5-е изд.- СПб.: Питер, 2008.- 765с.: ил.

6. Информатика. Учебное пособие для ВУЗов. Е.К.Хеннера редакциялығымен. – М.: «Академия» баспалық ортасы, 2003ж.

7. Миронов Д.Ф. CorelDRAW 12: Учебный курс / Д.Ф. Миронов.- СПб.: Питер, 2005.- 442с.

 

MS Power Point - көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме - Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.

PowerPoint-тың негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың жэне есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау жэне өңдеу. Көрме - бүл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сэйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және әсерлермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа әсерлерін қосуға мүмкіндік береді.

Microsoft PowerPoint-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен баска да әсерлерді қолдану сияқты әрекеттерден түрады.

Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер жэне еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады.

Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.

Сызбалық нысандарды кірістіру,сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар тақтасы қолданылады.

Сурет салу құралдар тақтасы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.

Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар тақтасында Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды - Өзкескіндердіпайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жүлдызшалар, таспалар, тілше деректер жэне т.б. жатады.

PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру - Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.

Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бүл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет сапу құралдар тақтасынде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді таңдау керек.

PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды - бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.

PowerPoint карапайым нысандарға жан бітіруге мүмкіндік береді. Өзгертпелі жан бітірім (10.9-сурет) тапсырмалар аймағының камегшен көрмені көрсету кезінде слайдтағы кай элемент қай кезде және калай шығуы керек екенін - мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектін артынан уліып шығуын таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес әсерлер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырьш бірден емес, жеке-жеке эріптер түрінде пайда болады. Бұл үшін Слайдтарды көрсетумэзірінің Жан бітірімді баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім әсерлерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар тақтасы пай да болады. Есіңізде болсын: жан бітірім әсерлері әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, содан кейін Әсерлерді үстеу батырмасын шерту керек. Қажет болса, әсерлер параметрлерін (басы, жол, жылдамдық) баптап алыңыз.

Көрмеге музыканы жэне басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Филъмдер және дыбыстар тармағын таңдау керек.

Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің кажетті параметрлерін баптау қажет. Осы тақтада Сіз сондай-ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады.

Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті параметрлерді баптау қажет.

Егер Сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдың слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар тақтадның төменгі жағында орналасқан.

Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету - Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе <Ғ5> пернесін басу керек.

Слайдтар көрсетілімі режимін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін <Esc> пернесін басуға болады.

 

Тақырып. Бағдарламаны ұйымдастыру. Бухгалтерлік қызметтегі бағдарламалық жүйені автоматтандыру.

Жоспар:

1. Жалпы характеристика.

2. Классификация, ұймдастырушы бағдарламалармен жұмыс жасаудың жалпы принциптері.

Кілттік сөздер:1С Бухгалтерия жүйесі, реквизиттері, типтік амалдар, «амалдар» кітабы, «сотрудники» анықтамасы, жалпы міндеттегі құжаттар, резидент, валюталық бақылау, кассир.

Иллюстрациялық материал:слайд.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [31, 32, 33, 34, 35]

1. 1С: Бухгалтерия 7.7 с нуля! Книга + Видеокурс: Учебное пособие / Под ред. Селищева Н.В.- М.: Лучшие книги, 2006.- 528+ 1СD.

2. Microsoft Power Point 2002. Русская версия. Шаг за шагом.- М: Эком, 2002.- 368 с.

3. Балашов А.Д. Самоучитель 1С: Бухгалтерия 7.7: Быстрый старт + видеокурс / А.Д. Балашов, Н.В. Михайлов.- М.: Технический Бестселлер: Триумф, 2009.- 208с.: ил. + CD-ROM.- (Серия "Быстрый старт + видеокурс").

4. Гладкий А.А. 1С: Предприятие 8.0. / А.А. Гладкий.- СПб.: Тритон, 2005.- 256с.

5. Дубянский В.М. 1С: Предприятия. Конфигурирование и дминистрирование для начинающих: Экспресс-курс / В.М. Дубянский.- М.: БХВ-Петербург, 2005.- 176.

Қосымша әдебиеттер: [6, 7, 9, 10, 16]

1. Балапанов Е.Қ. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 - сабақ: Жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарына, техникумдарға, колледждерге және ЖОО- ның төменгі курс студенттеріне арналған оқулық / Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Қ. Дәулетқұлов.- 4-ші басылым, жөнделіп, толықтырылған.- Алматы: ЖТИ, 2005.- 400 бет.

2. Бауэр Ф.Л. Информатика. Вводный курс: В 2-х ч. Ч.1 / Ф.Л. Бауэр, Г. Гооз; Пер. с нем. М.Валиева, В.Кербеля и В.Сабельфельда под ред. А.Ершова.- 2-е полностью переработанное и расширенное издание.- М.: Мир, 1990.- 336с.

3. Каймин В.А. Информатика: Учебник / В.А. Каймин.- 5-е изд.- М.: ИНФРА-М, 2008.- 285с.

4. Камардинов О. Информатика: Оқу құралы / О. Камардинов.- 3-ші басылымы.- Алматы: Ғылым, 2008.- 360бет.

5. Степанов А.Н. Информатика: Учебник для вузов / А.Н. Степанов.- 5-е изд.- СПб.: Питер, 2008.- 765с.: ил.

 

1С Бухгалтерия жүйесіндегі тұрақтылар жалпы сипаттағы ақпаратты сипаттауға арналған. Бұл ақпарат жүйені пайдалану процессінде өзгермейді немесе сирек өзгереді. Мысалы, тұрақтыда ереже бойынша өзгермейтін «Негізгі ұйым» («Оснавная организация») атауы сақталады. Конфигурацияда тұрақтылардың мәні құжаттарды енгізуде, амалдарды автоматты түрде құрастыруда, әртүрлі есеп жүргізулерді құрастыруда пайдаланады.

Тұрақтылардың бір бөлігі периодикалық болып табылады. Олардың мәндері әртүрлі мерзімдерде беріледі, яғни тұрақты мәндердің өзгеру тарихын сақтайды.

Конфигурацияда пайдаланатын тұрақтылардың тізімін шығару үшін негізгі менюдағы Операции Константы пунктын таңдаймыз. Сонда тұрақтылар тізімі формасы шығады. Кәсіпорыннның шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді енгізудің қарапайым тәсілі «амалдарды қолмен енгізу». Енгізілген амалдардың барлығы «Амалдар журналында» (Журналы операции) белгіленеді. Сонымен қатар Действия Показать проводки режимінде барлық проводкалар көрінеді.

Документы менюінде Ввести операцию вручную пунктын таңдағанда амалдарды енгізу формасы ашылады.

Амалдар құрамы. Амалдар үшін конфигурацияда:

· Номер операции;

· Дата операции;

· Содержание операции;

· Сумма операции

реквизиттері пайдаланады. Барлық амалдар өсу реті бойынша автоматты түрде номерленеді. Келісім бойынша амалдардың мерзімі жұмыс күгіге сәйкес келеді. Мерзімді жүйенің құрамындағы күнтізбе көмегімен орнатады.

Типтік амалдар. Жиі қолданылатын жеке бухгалтерлік амалдар үшін өзіңіздің типтік амалыңызды құруға болады. Құрылған типтік амалдарды енгізу үшін Документы Ввести типовую операцию пунктын таңдау керек.

Типтік амалдарды таңдауда реквизиттері толтырылған амалды енгізу формасы ашылады. Жетіспеген реквизитті толтырып амалды жазу керек.

«Амалдар» кітабы қолымен енгізілген барлық амалдарды құрайтын барлық құжаттаржы қамтиды.

Қызметкерлер туралы мәліметтерді есепке алу үшін жүйеде «Сотрудники» анықтамасының қызмет ететінін білеміз. Анықтама периодты өзгеріп тұратындықтан мұнда ұқыптылық қажет. Сондықтан Сотрудники анықтамасына қызмет көрсетуге арналған құжаттар жиынтығы типтік конфигурацияға қосылған. Оларға:

· Жұмысқа алу туралы бұйрық;

· Кадрлық өзгерістер туралы бұйрық;

· Жалақының өзгеруі туралы бұйрық;

· Жұмыстан босату туралы бұйрық

жатады.

Жалпы міндеттегі құжаттарға «шот» құжаты және «сенім хат» жатады.

Реквизиттер мен реквизит еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түрлеріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Реквизиттер мен реквизит еместердің өкілеттік банктері арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.

24 желтоқсан 1996 жылы «валютаны реттеу туралы» заң және 31 наурыз 2001 жылы №88 ҚРҰБ басқаруының қауылысымен бекітілген «капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің ережелеріне» сәйкес қаражатың резидент еместеріне резидентердің пайдасына көшуін қарастыратын капитал қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қауылымен белгіленген.

Заңды тұлғалар резервті еместерімен шетелдік валюталарда есеп айырысулары олардың есебі шоттардағы қолында бар валюталық қаржылардың шегінде есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаржылардың шегінде қолма-қолсз тәртіппен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалар резидетінің банк шоттарында шетелдік валютада қолма-қол ақшасын резидентік емес еңбектеріне жалақы төлеу үшін және қызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапкрға шығаруына байланысты кеткен шығындардын жабуға алынуы мүмкін.

Резидент – заңды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасына несие алуына болады және шетел валюталарда банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды.

Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысынң жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкетшілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1403. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия