Тақырып. Электрондық кестелер.
Жоспар: 1. Электрондық кестелер туралы түсінік. 2. MS Excel интерфейсінің жалпы характеристикасы. Ортаны баптау. Excel-де құжаттарды жасау, сақтау және шығару. MS Excel-де деректерді енгізу технологиясы. 3. Формуллар, функциялар, функция мастері. Деректер қорының бастапқы және құрылымдық құралдары. 4. Деректерді статистикалық өңдеу және жобалау. 5. Финанстік экономикалық есептеулер. Кредиттерді, қарызды және инвестициялық бағалауларды есептеу үшін қолданылатын финанстік функциялар. Кілттік сөздер:электрондық кестелер, жұмыс кiтабы, ұяшық, ұяшықтар жиыны, ұяшық сілтемесі, формулалар енгізу, формула қатары, функция шеберi және диаграмма. Иллюстрациялық материал:Балапанов Е. «Информатикадан 30 сабақ», Жаролдина Г.Қ.Абдилдаева М.М. Тертюбаева С.С. «Информатика» электрондық оқулықтары Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: [1, 6, 11, 17, 21, 27, 30] 1. Microsoft Excel 97 кестелi процессоры: Лабораториялық практикум.- Алматы: ЖТИ, 2003.- 72 б. 2. Блаттнер Патрик. Использование Microsoft Office Excel 2003. Специальное издание / П. Блаттнер; Пер. с англ. и ред. А.Соколенко.- М.: Вильямс, 2005.- 864с (+CD). 3. Долженков В.А. Microsoft Excel 2003 / В.А. Долженков, Ю.В. Колесников.- СПб.: БХВ-Петербург, 2006.- 1024с. 4. Лавренов С.М. Excel: Сборник примеров и задач: Учебное руководство и пособие / С.М. Лавренов.- М.: Финансы и статистика, 2006.- 336с.- (Диалог с компьютером.). 5. Рычков В. Самоучитель Excel 2002 / В. Рычков.- СПб.: Питер, 2002.- 320с. 6. Excel 97 программасын пайдалану: Лабораториялық практикум.- Алматы: Баро, 1999.- 65 б. 7. Excel для экономистов и менеджеров / Дубина А.Г.,Орлова С.С.,Шубина И.Ю.,Хромов А.В.- СПб.: Питер, 2004.- 295с. Қосымша әдебиеттер: [20, 21, 22, 23] 1. Левин А. Excel - это очень просто! / А. Левин.- СПб.: Питер, 2004.- 74с. 2. Попов А.А. Excel: практическое руководство. / А.А. Попов.- М.: Десс, 2004.- 301. 3. Пузырев В.В. Microsoft Excel 2000: Руководство для начинающих и опытных пользователей / В.В. Пузырев.- М.: Майор, 2001.- 176с. 4. Тим Тофель. Excel 7.0 для Windows 95. Секреты и советы / Т. Тим; Под ред. С. Молявко, Пер. с нем. Яблочковой Е.- М.: БИНОМ, 1996.- 336с.
Электрондық кестелер немесе кестелік процессорлар деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады. Басқаша айтсақ, электрондық кестелер – кесте ішінде есеп-қисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, деректер қорын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер. Excel құжаты жұмыс кiтабы деп аталады. Бір жұмыс кітабы бір файлға жазылады, ал әр файлдың бiр немесе бiрнеше кестесi болуы мүмкiн. Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың саны –65536, ал бағаналар саны –256. Ұяшықтар жиыны (диапазоны – ауқымы). Қатар орналасқан көршi ұяларда бiртұтас мәліметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сiлтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды. Ұяшық (тор) - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әр бір ұяшық бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады. Ұяшық сілтемесі (көрсеткіші) – жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тік төртбұрышты теңбіл тор. Теңбіл тор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады. Ағымдағы ұяшық – теңбіл тормен белгіленіп тұрған екпінді ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді. Блок (ұялар жиыны, аумағы) – тік төртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан үялар жиыны. Ол бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан немесе тік төртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе ұялар аралығы деп атауға болады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2-ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі. Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу – Excel электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан тұратын 16 парақ кітап тәрізді. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Формулалар енгізу. Формула ретінде арифметикалық амалдар немесе функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді жазуға да болады. Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, 2*3 теңдігін есептеу үшін =2*3 формуласын жазу керек. Ұялар жиыны адресі терілгенде оларды бөліп тұратын: (қос нүкте) қолмен енгізіледі. Формуланы енгізгеннен кейін, сол ұяшықта бірден нәтиже көрінеді. Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз – іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары – амалдары шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады. Формула қатары – ұяларға мәліметтер және формулалар енгізуге немесе оларды түзетуге арналған қатар. Жолдар: 1 2 3 4 5 6... 65536 Бағаналар: A B C... Z AA AB AC... AZ BA BB BC... ІU Функция шеберiн пайдалану функция топтарын немесе Басқа функциялар пунктiн таңдағанда, Функция шеберi (Мастер функций) программасы жiберiлiп, керектi функцияны таңдап алу жеңiлденедi. Функция атын формулаға кірістіру үшін Функция шеберін пайдалануға болады, ол Кірістіру=>Функция (Вставка=>Функция) командасымен немесе fх бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның ішінен керектісін таңдап алып Қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберінің; келесі терезесі экранға шығады да одан аргументті таңдап алуға болады. Диаграмма – жұмыс кiтабының кез келген бетiне кестелер арқылы салынатын графикалық объект. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн. Ехсеl-дің бұл функциясы төрт сұхбат терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
|