Б-да интерфейсті ұймдастыру.
Кілттік сөздер:программалық қамсыздандыру, программа, команда, қолданбалы программалар, мәтін редакторлары, графикалық редакторлар, электрондық кестелер (таблицалар), оқыту және ойын программалары. Иллюстрациялық материал:слайд. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 7, 10, 12] 1. Microsoft Excel 97 кестелi процессоры: Лабораториялық практикум.- Алматы: ЖТИ, 2003.- 72 б. 2. Microsoft Word 2000: Справочник.- СПб.: Питер, 1999.- 352 с: ил. 3. Бойер Питер. Использование Adobe Photoshop и Illustrator. Специальное издание. / П. Бойер; Пер. с англ и ред. П.А.Минько.- М.: Вильямс, 2006.- 1312с (с компакт диском). 4. Дженнингс Роджер. Использование Microsoft Office Access 2003. Специальное издание / Р. Дженнингс; Пер. с англ. И.Тараброва.- М.: Вильямс, 2005.- 1312с (с компакт диском). 5. Журин А.А. Работа на компьютере: Практическое руководство для начинающих пользователей. / А.А. Журин.- М.: Лист Нью, 2003.- 704с. Қосымша әдебиеттер: [3, 4, 5, 14, 18] 1. Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері: Оқу құралы / Г.Ә. Жапарова.- Алматы: Экономика, 2006.- 296б. 2. Исаев С.Ә. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы / С.Ә. Исаев, А.Н. Мұхамади, О.С. Ахметова.- Алматы: Абай атындағы Алматы мемл.ун-ті, 2000.- 235 бет. 3. Байжұманов М.Қ. Информатика: Оқу құралы / М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева.- Астана: Эверо, 2004.- 224бет. 4. Могилев А.В. Информатика: Учебное пособие для студентов вузов / А.В. Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; Под ред. Е.К.Хеннера.- 6-е изд., стер.- М.: Академия, 2008.- 848с. 5. Брябрин В.М. Программное обеспечение персональных ЭВМ. – М.: Наука, 1990ж. Программалық қамсыздандыру дегеніміз – электронды есептеуіш машиналарды есептер шығару үшін қолдануға мүмкіндік беретін программалар, процедуралар және ережелердің құжаттар жиынтығы. Программалық қамсыздандыру: Базалық және қолданбалы программалық қамсыздандыру болып бөлінеді. Базалық программалық қамсыздандыру - ОЖ және олардың ортасы, программа-лау тілі және трансляторлар және бақылаушы және диагностикалық құралдар. Қолданбалы программалық қамсыздандыру - белгілі бір есептерге арналған программалар, жалпы қызметтік қолданбалы программалар пакеті. Программа дегеніміз – магниттік дискілерде файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадында жүктеліп орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Команда дегеніміз – компьютерде атқарылатын нақты әрекет. Программалар атқаратын қызметіне байланысты үш топқа: қолданбалы, жүйелік және аспаптық болып бөлінеді. Қолданбалы программалар – түрлі қызмет атқаратын программалар. Қолданбалы программалық жабдықтар – белгiлi бiр мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Оларға қарапайым программадан бастап күрделi есептердi шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелердi (мәтіндік процесссор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшiлiкке қызмет ету кешендерiн де жатқызуға болады. Қолданбалы программалық жабдықтамалар арнаулы, яғни белгiлi бiр мақсатта пайдаланылатын, біріктірілген және жалпы болып үшке бөлiнедi. Мәтіндік мәлiметтердi терiп, оларды өңдеуге арналған программалар мәтін редакторлары деп аталады. Өмiрде кез келген ЭЕМ-де жұмыс iстейтiн адам есеп беру кезiнде құжат дайындау, мақала жазу, бiр нәрсеге сипаттамалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дердi осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнiмдiлiгi күрт өсетiнi талас тудырмаса керек. Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады. Графикалық редакторлар график түрiндегi информацияны дайындау және өңдеу үшiн қолданылады. Олар өмiрде жиi кездесетiн есептеу нәтижелерiн график түрiнде шығаруда өте қолайлы. Оның үстiне графикалық редакторлар бейнелердi әр түрлi етiп – схемалар, сызбалар, суреттер т.б. түрлерiнде жасай алады. Графикалық редакторлар мәлiметтердiң есептелу нәтижесiн график бейнесiнде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлi сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктердi әр түрлi қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрiнде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесiнде алуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгiзуге, керек болса координата өстерiне сандар мен атауларды жазып қоюға да бола бередi. Күрделi графикалық бейнелер тұрғызу кезiнде түрлi-түрлi фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әр түрлi түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкiндiктерi бар графикалық редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator т.б. жатады. Электрондық кестелер жүйесiнде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелер арқылы енгiзу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесiнде толтырылады. Мұнда кестелiк мәлiметтердi түзету, оларды дискiлерде жазып сақтау, түрлендiру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелерiне Lotus 1-2-3, SuperCalc, Excel сияқты программалар жатады. Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегi қызғылықты, кез келген жан әуестенетiн топқа жатады. Дербес компьютерлерiнiң кеңiнен тарауына да себепшi болған ойын программалары едi. Компьютерлiк ойындар – демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудiң зиян екенiн есте сақтау жөн. Оқыту программалары оқу-үйрену iстерiн ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тiлден, биологиядан, математика, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезiнде өте ыңғайлы екенi талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрiнде, лабораториялық аспап әрi информациялық анықтамалық жүйе есебiнде кеңiнен пайдаланылады. Iс программалары қызметте керектi әр түрлi информацияларды дайыңдау, сақтау, және өңдеу үшiн кеңiнен қолданылып жүр. Бұлар iс қағаздарын жүргiзудi компьютерлендiру кезiнде де – құжаттар дайындау, жұмыс кестелерiн жасау, кезекшiлiк графиктерiн салу сияқты әрекеттерге де өте ыңғайлы болып табылады. Қолданбалы программалық жабдықтар дербес компьютерлермен жабдықталып, әр түрлi мамандық иелерiнiң жұмыс орындарын автоматтандыруды iске асырып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасауды дайындауды, экономикалық және бухгалтерлiк жұмыстарды автоматтандыру iстерiн жатқызуға болады. Инженерлiк практикада қазiр осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңiнен қолданылып жүр.
|