Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий. Антивирус– вирустардың бар жоғын анықтайтын және жоятын программа.





Антивирус – вирустардың бар жоғын анықтайтын және жоятын программа.

Атрибуттар – мәнді сипаттайтын элементарлы мәліметтер. Атрибут өз атауына және белгілі бір мәнге ие болуы керек. Мысалға, экономикада атрибут ретінде белгілі бір экономикалық көрстекіштің реквизит –сипаты болуы мүмкін, ал атрибут мәні ретінде бұнда реквизит - негізді аламыз. Атрибуттар бір-бірімен және объектімен белгілі бір байланыста болады.

Атқарылатын файлдар – файл атының *.com, *.exe, *.bat, *.pif кеңейтілуі бар файлдар.

Архив – сығылған күйде сақталатын мәліметтер жиынтығы.

Архивтеуші программа – файл көлемін тығыздау арқылы оны кішірейту.

Архивті файл – бір тұтас файлға тығыздалып орналастырылған бірнеше файлдардың жиынтығы.

Ауқымды желі – компьютерлік желілерді географиялық мекен-жайына тәуелсіз түрде интеграциялау.

Алушы – электрондық почтамен жіберілген хабарды алатын абонент.

ASCII (American Code for Information Interchange) - мәліметтер алмасудың американдық стандартты коды. Көптеген есептеу жүйелерінде мәтіндік (текстік) мәліметтерді бейнелеу үшін қолданылатын жеті разрядты екілік код.

Баспа диспетчері – принтер жұмысының ретін басқаратын программа.

Бағыттауыштар (маршрутизаторы) – желі тораптары болып келетін серверлерде жұмыс істейтін арнайы аппараттық-программалық жабдықтар жиыны. МІМЕ (Multipurpose Internet Main Extentions) – Интернет почтасын жалпы мақсаттарға байланысты кеңейту. Бұл беймәтіндік мәліметтерді, мысалы, графиканы, аудиомәліметтерді, факстерді, т.с.с. тасымалдай алатын электрондық почтаның кеңейтілген стандарты болып табылады.

Бит – екілік санау жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды).

Вирус компьютерлік - өздігінен басқа программаларға жабысып, зақым келтіретін программа.

Вирус желідегі – компьютерлік желі бойымен тарайтын вирус.

Виртуалды (елестейтін) байланыс – виртуальное соединение - virtual connection. Байланысатын компьютерлердегі бір деңгейдегі екі модулді біріктіру, негізінде ол мұның төмен орналасқан көптеген деңгейлерден тұратын көпсатылы мәлімет алмасудан тұрады. Осындай жолмен мәлімет алмасу кезінде әрбір деңгейде тасымалданатын информация бірнеше рет түрлендіруден өтеді.

Виртуалды арна – виртуальный канал – VC (Virtual Channel или Virtual Cireuit). Дестелерді (пакеттерді) байланыстыру желілерінде – мәліметтерді бастапқы кезегін сақтай отырып (маршруттары әртүрлі болса да), екі торап арасында дестелердің тасымалдауын қамтамасыз ететін арналар. Виртуалды байланыс шақыру кезінде орнатылады да, байланыс сеанс аяқталған кезде жойылады.

Windows жүйесінің стандартты қосымша программалары – күнделікті жұмысқа қажетті қолданбалы программа.

WWW (World Wide Web), web – дүниежүзілік кеңейтілген өрмек - әр жерде орналасқан мәліметтер базасындағы керекті ақпараттарды Internet-тегі гипермәтіндік логика арқылы іздеп табатын тармақталған гипермедиялық информациялық жүйе. Мұнда басқа файлдармен байланысты нұсқап тұратын белгіленген өзекті сөздер болады. Ол алғашқы рет CERN-дегі ядролық зерттеулер орталығында жасалған. WWW – Internet-тегі барлық құжаттар және мультимедиялық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар Internet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. «Гипермәтін» (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді.

bit – бит. Цифрлық информацияны кодтау бірлігі (0 немесе 1, ИӘ немесе ЖОҚ). «Binary digIT» cөзінің қысқартылған түрі.

Диаграмма – сандық шамалардың немесе геометриялық тәсілмен орындалған олардың қатынастарының шартты бейнесі.

Диск – файл түрінде берілген ақпаратты магниттік тасымалдаушы.

Дискет – иілгіш магнитті дискінің балама атауы.

Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.

E-mail (Elecrtonic Mail) – электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.

Желі торабы – узел сети – node. Бірдей хаттамаларды пайдаланатын желілерді байланыстыратын компьютер.

Информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мағлұмат, олар ЭЕМ –ге енгізіліп, сақталатын, қажет кезінде өңделетін мәліметтер.

Информатика – ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалануға байланысты ғылыми білімдер саласы.

Иілгіш магнитті диск – дербес ЭЕМ-де сыртқы жадпен тікелей қатынас құру үшін пайдаланылатын ауыстырмалы иілгіш диск.

Инфологиялық модель - қолдану саласының құрылымын және динамикасын, жүйені пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын пайдаланушыға түсінікті және нақты МББЖ ортасында жүзеге асыру ерекшеліктеріне тәуелсіз терминдер арқылы сипаттау.

IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.

Көрсеткі – browser– обозреватель, броузер (кейде браузер). Гипермәтінді (гипертексті) көру программасы. Ол «to browse» - парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау (зат есім). Қазіргі кезде бұл сөз WWW мәліметтері парақтарын аралап көру программаларының жалпы аты ретінде қалыптасты. Мысалы: Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator, Mosaic. Кейде мұндай программаларды навигатор деп те атайды.

Internet-те қызмет көрсету провайдері – провайдер Интернет – провайдер сервиса в Internet – ISP (Internet Service Provider). Internet – пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Мәліметтер базасы дегеніміз – ол арнайы орталықтандырылған программалық басқару астындағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты, бір – бірімен байланысқан және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.

Мәліметтер сөздігі - метамәліметтердің орталықтандырылған жиынтығы –

Мәліметтер базаларын басқару жүйесі (МББЖ) - ол көптеген қосымшаларға арналған жалпыланған мәліметтер базасын құру, оны әр кезде жұмыс жағдайында ұстау және пайдаланушылардың оларға берілген өкілеттіктер шеңберінен аспайтын ену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арнайы тұрғызылған программалық жүйе.

Мәліметтер базасын жобалау процессі – бұл, қолдану саласының ақпараттық құрылымын формальді емес сипаттаудан таңдап алынған модель терминдерімен қолдану саласы объектілерін формальді түрде сипаттауға көшу тізбектігі.

Мәтін – кез келген символдар жинағы, құжаттың, программалардың және хабарлардың ақпараттық мазмұны.

Мәліметтер базасы – қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.

Меню – дисплей экранына шығарылатын және пайдаланушы таңдау үшін ұсынылатын тізім нұсқалары.

Микропроцессор – орталық процессордың қызметін атқаратын интегралдық схема.

Модем – компьютер желілері жүйесінде цифрлық сигналдарды аналогты түрге түрлендіретін модулятор құрылғылары.

Мәнді бір мағынада идентификациялайтын (анықтайтын) атрибуттар жиынтығы кілттік деп аталады.

Пиксель – экрандағы графикалық кескіндердің ең кіші элементі.

Терезе – жеке экран ретінде пайдаланушы жұмыс істейтін дисплей экранының бөлігі.

Тышқан – дисплей экранындағы сілтеме көрсеткіш қалпын өңдеуге арналған құрылғы.

Тізімдер – келтірілген тізімнен бір немесе бірнеше вариантты таңдап алу мүмкіндігін беретін сұқбат терезелерінің стандартты элементі.

ТСР/ІР – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. Ол Internet технологиясы үшін іргелі ұғымдардың бірі болып саналады (ТСР хаттамасы ІР хаттамасына негізделген).

ТСР (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

Объекттік қарастыру — болашақ пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері қатал ескерілмейді. Объекттік қарастыруға қолдану саласына қатысты объектілерді және байланыстарды ескеру тән.

Ұя – берілген нұсқаға байланысты жұқа пунктир сызықпен қоршалған және символдарды енгізуге арналған тіктөртбұрыш.

Файлдық сервер – файлдар архиві мен оның иесі арасында қатынас құруды жүзеге асыратын программа.

Файл – программа немесе мәліметтер жиынтығы.

Файлдық жүйе – ат қойылған мәліметтер мен программалар терминдерінің жиынтығы.

функционалдық қарастыру —“мәселеден” қозғалу қағидасын жүзеге асыруды және қарастырылып отырған мәліметтер базасының қызметтері алдын-ала белгіленген ақпаратты пайдаланушылар жағдайында қолданылады;

Хаттамалар – хабарларды жіберу формалары мен тәсілдерін анықтайтын стандарттар.

HTTP (Hyper – Text Transmission Protocol) – гипермәтінді жіберу хаттамасы. WWW – да клинет пен сервер арасында қатынас болу үшін қолданылатын хаттама.

Шоғырлауыш – концентратор – hub. Жұлдыз тәрізді топологиялы желідегі орталық құрылғы. Бұларда жұмыс станциялары арасындағы мәлімет алмасу тек орталық құрылғы арқылы іске асырылады.

Site – сайт. Бір адам меншігіндегі өзіндік URL-адресі бар World Wide Web парақтарының жиыны. Тұтынушы белгілі бір сайтты көру үшін броузер- программада оның адресін көрсетуі тиіс, мысалы, Огонек журналы сайтының адресі мынадай: http://www.ropnet.ru/ogonek/.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1163. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия