Студопедия — Азақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі.






Сот құрылысында барлық деңгейдегі судьялар айрықша орын алады, өйткені судья – бұл Қазақстан Республикасындағы сот билігінің өкілі. Ол конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындау өкілеттіктеріне ие. Обьективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында судьяларға белгілі бір талаптар қойылады:

Ол талаптар төмендегідей:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын бұлжытпай сақтау;

2) Сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің Конституциялық міндетін орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болу;

3) Сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласудың кез келген әрекеттеріне қарсы тұру;

4) Судьялар кеңесінің құпиясын сақтау;

Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сайыспайды.

Судьялар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайды.

Осы көрсетілген аса жоғары талаптарға байланысты, Алматы облыстық және аудандық соттар тәжірибесінен төмендегі мысалды келтіруге болады.

1999 жылы Алматы облысының аудандық(қалалық) соттарында шешім шығару жолымен барлығы 10804 азаматтық іс қаралған.

Ал облыстық сотқа кассациялық сатыда қарау үшін 536 іс келіп түсіп, істерді қараудың нәтижесінде 152 сот шешімдері бұзылып, 44 сот шешімі өзгерген(тиісінше 28,35 және 8,2).

Азаматтық істерді бақылау тәртібімен қараған кезде 236 сот шешімі бұзылып, 119 сот шешімі өзгерген.

Сот шешімдерінің бұзылуы мен өзгеруіне судьялардың теориялық дайындықтарының төмен болғандығы, тәжірибелерінің аздығы, материалды және іс жүргізу заңдырының талаптарын сақтамау сияқты жағдайлар себеп болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес судьялар Сот төрелігін жүргізген кезде ешкімнің де алдында есеп бермейді. Олар қаралған немесе өндірісте жатқан істер жөнінде қандай да түсініктер беруге, заңда көзделген жағдайлар мен тәртіп ретінде болмаса, ол істерді танысу үшін әлдекімдерге беруге міндетті емес. Егер судья сауатты және аса тәжірибелі болса, онда Конституцияның бұл ережесінің іске пайдасы тиеді, яғни сот қызметіне араласуға болмайды. Егер судьяның білімі жеткіліксіз болса, онда сот процесінің нәтижесі күткендегідей болмайды.

Орыстың осы заманғы көрнекті ойшылдарының бірі судьяның қызметін тарихшының қызметімен салыстарған болатын. Тарихшыға да ірі қорытындылар мен тұжырымдар жасау үшін салмақты да сындарлы фактілер қажет, судьяға да шешім шығару үшін айғақты, күмәнсіз фактілер керек. Судья мен тарихшы арасындағы айырмашылық мақсаттарында (ақиқатқа көз жеткізуде), құралдарында да (фактілер мен логикалық ойлауларында) емес – айырмашылық сендіру нәтижелерінде ғана. Тарихшы қателесті делік, ол өзінің, негізсіз айыптауларымен немесе масқара жаласымен ұлы адамның атына кір келтіреді, мұның зардабы сонша ауыр болмаса керек-ті. Мұндай үкімнің дұрыс еместігі туралы барлық кезде келешек ұрпаққа шағымдануға жол беріледі: сөйтіп, екінші бір тарихшы деректерден ғасыр шаңын қайта қағып, қателікті түзетіп, шындықты қалпына келтіреді. Ал сот үкіміне сотталушының ар-ожданы, бостандығы мен өмірі тікелей байланысты. Судьяның қателігін асығыс ойламай жасаған шешімінің зардабын күнәсіз жан көз жасымен, қайғы-қасіретімен, төгілген қанымен өтейтін болады.[3]

Нәтижесінде кінәсіз адамдар зардап шегуі немесе керісінше, қылмыскер ақталып кетуі мүмкін, сот қателіктеріне жол бермеу мақсатында кезінде сот қызметкерлеріне аттестация да жүргізілген болатын, бұл судьялардың заңдарды білуін қаматамасыз етуге және олардың сапалық жағынан жаңа сот құрылысын қалыптастыру ісіне қолдануына, соның негізінде сот төрелігінің шынайы құндылығын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады, тиісті органдар судьялар мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағдайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Судьяға және оның мүлкіне, кәсіптік қызметіне байланысты келтірілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

Судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасының Президентінің келісіміесіз, ал Конституцияның 55-бабыныңт 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяларға қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады.

Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік береді.

Заң адал, өз ісіне қалтықсыз берілген, заңдылықты сақтаудың озық үлгісін көрсеткен судьяларды қорғау жағдайларын, ал өз қызмет бабына салақ, немқұрайлы қарайтын, судьялар әдебі кодексін, заң талаптарын бұзуға жол берген судьяларды қызметтен босатудың себептерін қарастырған.

Судьяны қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтатудың негіздері мына жағдайларда орын алады:

1) орнына түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

3) судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетте қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;

4) судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтағынан айырылғанда;

6) Судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

7) Судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

8) Егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, сот таратылған немесе оның өкілеттік мерзімі өткен жағдайда.

Судьяны қызметтен босату туралы шешім:

1) Жоғары Соттың Төрағасы, алқа төрағалары мен судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысымен;

2) Облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен қабылданады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер енгізу көзделген:

1) судьяның кәсіпқойлығына талаптарды күшейту;

2) әділеттілікті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтаудағы жауапкершілікті арттыру;

3) Сот жүйесінде жаңа институт – Жоғарғы Сот негізінде Сот қазылар алқасын құру. Бұл орган судьялардың кәсіпқойлық жарамдылығын бағалайды. Оның қорытындысы судьяны қызметінен босатуға, әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруына негіз бола алады.

4) Судьяға кандидаттар туралы мәліметтерді бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы көпшілік қауымға жеткізу.

Республиканың сот құрылысы ұдайы жетілу үстінде. 1994 жылы-ақ елде құқықтық реформа басталды. 1999 жылғы тамызда реформаның екінші кезеңін жүзеге асыруға байланысты бағдарламалар талқыланды. Оның мақсаты – қол жеткенді баянды етіп, Қазақстан Республикасында сот құрылысын одан әрі жетілдірі. Бұл, сөзсіз, демократиялық мемлекеттегі басты Конституциялық кепілдік – сот немесе нақты сот төрелігі деп тұжырым жасайтын жалпы жұрт таныған ережелерден туындайды. Сот мемлекеттік орган ретінде әрекет ете отырып, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының сақталуына әлеуметтік бақылау жасау, өмірдің кез келген саласында қоғам мүшелері мен мемлекет арасындағы дауларды шешу сияқты өзіндік ерекшілігі бар функцияларды жүзеге асырады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1147. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия