Курстың сипаттамасы.
Философия пәнінің негізгі мүддесі студенттердің дүниетанымының қалыптасуына, теориялық-әдістемелік дайындығын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Философияны түбегейлі пән ретінде оқып үйренудің барысында философияның пәнімен, ќұрылымымен, ќызметімен және философиялық ойлаудың алуан түрлі негізгі бағыттарын, отандыќ және әлемдік философияның даму тарихын игерумен қатар, философиялық білімнің онтология, гносеология, әлеуметтік философия және философиялық антропология, аксиология сияқты тарауларын игеру болып табылады. Қазіргі білім беру саласында философияның диалектикалық негізде қабылданатын үлгілерін әлемге таныту беталысы дәстүрлікпен қатар, білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын инновациялық әдістер, ақпараттық технология-лар екендігі белгілі. Философияны пәнін игеру негізінде шыдамсыздық, фанаттық, жалған төзімділік сияқты ескірген рухани ауруларды және жеке ұлттық, таптық немесе діни фанатизмдік ойды жеңуге жағдай жасайды. Сол себептен оқу барысында міндетті түрде, бұрынғы және қазіргі әр түрлі қарама-қарсы идеялардан құралған философиялық тәжірибелерді өзің-дік обьективтілік тұрғыда қарастыруға бағыт ұмтанамыз. Курс 15 сағат лекция және 30 сағат практикалық сабақтан тұрады.Онда қазіргі заманғы білім беру әдістемесінде қолданатын ойындар, тренингтер, дебаттар, коллоквиум арқылы жүргізілетін сабақтар мен қосымша СӨЖ және аудиториялық СӨЖО кіреді. СӨЖО – реферат жұмысы ретінде, нәтижесінде қорғалатын, білімгерлерге жеке консультация ұсынылатын рейтйнгтік түрде жүргізіледі. СӨЖ – бұл білімгердің лекция, семинар, түрлі жеке тақырыптағы тапсырмаларды орындау мақсатында орындалатын жеке өз бетінше орындайтын жұмысы. Білімгерде арнайы лекция, конспекті жазатын дәптері болуы қажет. Аталған дәптерде білімгерлеге берілетін үй тапсырмасы, әдебиеттер тізімі, глоссарий, түрлі ақпараттар енеді.
|