Курс саясаты. Сіздің курсқа деген көз қарасыңыз және тәртібіңіз ТарМПИ студентінің Кодексіне сәйкес келеді деп
Сіздің курсқа деген көз қарасыңыз және тәртібіңіз ТарМПИ студентінің Кодексіне сәйкес келеді деп сенеміз. Сіз сабақтан қалмауға, кешікпеуге, аудиторияда тәртіпті бұзбауға, оқытушыны сыйлайтын студент болуға тиіссіз. Сіз сабаққа тақырып бойынша сұрақ қоюға дайын болып, практикалық сабақтан тәжірибе алып, оны жұмысыңызда толық пайдаланатындай мақсат қоюыңыз керек. Жазба жұмыстарын орындау және емтихан кезінде көшіруге қатаң түрде тиым салынады. Сіздің сабақтан қалмауыңызды өтінеміз Егер де себепті жағдаймен 15 минутқа дейін қалып қойсаңыз, онда аудиторияға есікті қақпай кіріп бос орынға отырыңыз оқытушыға жұмыс істеуге кедергі жасамаңыз. Қалған жағдайларда сізге аудиторияға кіруге рұқсат жоқ. Егер сіз сырқаттанып келмей қалған жағдайда жазылғаннан кейін 3 күн аралығында оқытушыға дәрігерден анықтама қағаз әкелуіңіз керек. Сабақтан себепсіз қалу келесі санкцияларымен қарастырылады: · Семинарлық сабақтардан қалу – минус 20 балл Білімгер міндетті: - сабаққа кешікпеуге - сабақ кезінде тәртіпті бұзбауға (сөйлеспеу, артық нәрсе жасамау, сағыз шайнамау) - ұялы талефонын өшіріп қою - сабаққа іскерлік киіммен келу - сабақтан қалса анықтама қағазын әкелу - жіберген сабақтарын оқытушы көрсеткен мерзімде қайта өту - үй тапсырмаларын мерзімінде орындау - оқытушыларғы, білімгерлерге, курстастарына ізгілік білдіру
|