Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Курс жұмысын орындаудың тәртібі





Керекті ақпараттарды жинақтап, жан-жақты және терең зерттегеннен кейін курс жұмысының жоспарын қайта қарап, кейбір сұрақтарын толықтырып, оларды ой елегінен өткізіп, ақпараттарды әр кезеңге бөліп, нақты және сандық мәліметтерді талдау үшін кесте мен суреттерді енгізіп, орналасуы тәртібін қарастыру керек. Жоспар құруды бітірген соң оның мазмұнын жазуға кіріскен жөн. Жинақтаған мәліметтерді жұмыс жоспарының бөлімдеріне сай жүйелеп жазып, одан соң сандық мәліметтерді кесте ретінде немесе суретке келтіріп талдаған дұрыс. Одан кейін соған қатысты студент өз ойын дәлелдеп, баяндауы қажет. Сонда ғана тақырыптың мазмұны ашыла түседі. Мәтінді студент өз сөзімен жазуы керек. Ал басқа авторлардың еңбегінен келтірілген үзіндіні сөзбе-сөз тырнақшаға алып, номерлеп көшіріп, сілтемені курс жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне енгізіп, тік жақша ретінде жазу қажет. сілтеме жасаған кезде тік жақша ішіндегі реттік номер қолданылған әдебиет тізімінде сәйкесінше қойылады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде қаралып отырған сұрақ бойынша бірыңғай көзқарас болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда бірнеше авторлардың ғылыми көзқарастарын келтіріп, студент өз тұжырымын дәлелдеп келтіре білу керек. Осылайша экономикалық тұжырымдарды салыстырып қарап, өз ойын дәлелдеу курс жұмысының сапасын арттыруға және қаралып отырған мәселені терең түсінуге мүмкіндік береді.

Курс жұмысының мазмұны оның тақырыбын толық ашуы керек. Әрине, тақырып өте кең болып бір курс жұмысының шеңберіне сыймауы мүмкін, сол үшін жұмыстың жоспарында көтерілген сұрақтар төңірегінде қараған жөн.

Тақырыптың мазмұнын зерттегеннен кейін оның маңыздылығын 1-1,5 бет көлемінде кіріспеде көрсету керек. Сонымен қатар, кіріспеде тақырыпты құрастырудың бастапқы мәліметтері мен тақырыптың өзекгілігі және берілген жұмыстың маңызы, мақсаты мен міндеттері көрсетілуі келтіріледі. Біздің мысалда зерттелетін тақырып – Қазақстан Республикасындағы инвестицияның мәні мен маңызы. зерттеу мақсаты – мемлекетіміздегі инвестиция және инвестициялық жүйенің қалыптасуы мен дамуы кезеңдеріне ғылыми сипттама.

Жұмыстың бірінші бөлімінде орындалатын жұмыстың мәнін, мазмұнын және негізгі нәтижелерін сипаттайтын мәліметтер келтіріледі.

Жоғарыда келтірілген «Қазақстан Республикасындағы инвестицияның мәні мен маңызы» тақырыбында орындалатын курс жұмысын қысқаша мынадай ретпен ашуға болады. Мысалы, бірінші бөлімде, жалпы инвестиция түсінігі, оның мәні, құрылымы және маңызы, мәні қарастырылады. Екінші бөлімде, инвестиция деген ұғымды талдап, мәнін айқындап инвестиция жүйесінің Қазақстанда қалыптасу және даму кезеңдерін мазмұнды сипаттау керек. Сұрақтарды тарихи тұрғыдан қарап, немесе басқа мемлекеттермен салыстырып, инвестиция жүйесінің құрылымының өзгеруін сан және сапа жағынан схема түрінде көрсетсе, әрине курс жұмысының мазмұны тереңдей түсері анық. Үшінші бөлімде, соңғы сұрақ болып ерекше бөлініп тұрған инвестиция жүйесінің негізгі кезеңдері. Бұл бөлімді нарық субъектілерінің инвестициялық қызметтері аясында орындау керек және бұл бөлімде нақты мәліметтерді көбірірек келтірген дұрыс.

Курс жұмысының негізгі мазмұны аяқталған соң қорытынды жазылады. Онда курс жұмысы тақырыбының әрбір бөлімі бойынша негізгі мәселелерді қорытындылай келе, қойылған міндеттердің шешімдерінің толықтығын анықтап, осы тақырыптың маңыздылығына байланысты ұсыныстар жасалады.

Соңынан қолданылған әдебиеттер тізімі қойылған талаптарға сай келтіріледі.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 609. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия