Студопедия — Жарықтарды емдеудің жалпы принциптері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жарықтарды емдеудің жалпы принциптері






Жарық сырқатының өзінен өзі жоғалып, ауру адамның одан өздігінен айығып кетуі өте сирек кездесетін жәй. Ғылым мен тәжірибенің бүгінгі таңдағы жағдайларына жүгінсек, жарықты емдеудің негізгі және радикалды тәсілі ол хирургиялық жол болып табылады. Операция тек жаңа туған сәбилер мен жас балаларда (3-5 жасқа дейін) бірден қолданылмайды, бірақ оларды дәрігерлік бақылауға алынып, сырқаттың барысын қадағалау қажет. Көп жағдайларда жас балалардың өсіп даму барысында бұлшық ет-апоневоз құрылыстары жетіле келе жарық қақпасы тарылып, жарық өздігінен жоғалады. Әрине, бұл жарықтың асқынбаған түріне қатынасты екені түсінікті, өйткені жарықтың асқынулары, әсіресе олардың өмірге қауіп туғызатын түрлері пайда бола қалса, ауру адамның жасына қарамай, дереу операция жасалынуы керек.

Ересек пациенттерде де жарық ауруында хирургиялық операцияны қолдануға болмайтын жағдайлар кездеседі. Ондай көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады. Біріншісі абсолютті, яғни операцияны мүлдем қолдануға болмайтын жағдайлар және абсолютті емес (салыстырмалы немесе уақытша) қарсы көрсеткіштер.

Абсолютті қарсы көрсеткіштер қатарына мына жағдайлар жатады:

а. Жедел инфекциялық аурулар

б. III-IY сатыдағы қатерлі ісіктер

в. Декомпенсация сатысындағы қосымша сырқаттар

Абсолютті емес немесе уақытша қарсы көрсеткіштер:

а. Жасы үлкен адамдарда созылмалы сырқаттардың анықталуы

б. Жүктіліктің екінші жартысы

в. Жөтел белгісімен білінетін сырқаттар (бронхит, созылмалы пневмония т.б.)

г. Операция жасалатын аймақтағы іріңді процестер (пиодермия, іріңді лимфаденит, сыздауық, шиқан т.б.).

Операция жасауға қарсы көрсеткіштері бар пациенттерге сырқаттың асқынулары туралы түсінік беріп, олардың алдын алу жөнінде кеңес айту керек және оларға ем ретінде жарықтың шығуына кедергі тудыратын арнайы белбеуді (бандаж) тұрақты қолдану қажеттілігі мұқият айтылады.

Жарық ауруында орындалатын операциялар, көбінесе, жергілікті жансыздандыру тәсілімен іске асырылады. Бірақ, жансыздандыру тәсілдерін іріктеп, оларды таңдау көп жағдайлармен байланысты болып келеді. Мысалы, егер операция жарықтың түріне қарай күрделі болатыны және оны орындау барысында әртүрлі қиындықтардың кездесуі алдын–ала (операция алдындағы кезеңде) болжанылса (мыс. қайталанған, яғнирецидивті немесе үлкен көлемді вентральді жарықтар т.с.с.) немесе ауру адамның жеке (индивидуальдік) қасиеттеріне қарай жергілікті жансыздандыруды қолдануға болмайтын көрсеткіштер анықталса, әрине, оларға жалпы жансыздандыруды (наркоз) қолдану керек.

Операция үстінде көзделетін негізгі мақсат жарықты жойып, оның шыққан жерін (жарық қақпасын) бітеу тігіп жабу немесе көлемін кішірейту болып табылады. Жарық ауруында орындалатын операция барысын бірнеше белестерге (этаптарға) бөлуге болады.

1. Жарыққа жету үшін іш қабырғасының тері және тері асты қабаттарын жарық томпашығының үстінен немесе соған жақын маңайдан кесу;

2. Жарық қабын оның мойын бөлігіне дейін жарық қабықтарынан бөліп, жеке шығару;

3. Жарық қабын ашып, ішіндегі құралымдарды (ағзаларды немесе олардың бөліктерін) іш қуысына қарай ығыстырып, іш қуысындағы орнына орналастыру;

4. Жарық қабының мойын бөлігінде (саға тұсынан) тігіп байлаған соң оны кесіп алып тастау;

5. Жарық қақпасын физиологиялық қалыпты жағдайға келтіру (шап жарығында) немесе бітеп тігу (герниопластика).

Бесінші белесті орындау үшін жергілікті анатомиялық құралымдар (бұлшық еттер, апоневроздар) қолданылады. Бірақ көлемі үлкен вентральді немесе қайталанатын, яғни рецидивті жарықтарда, аталған құралымдар көп өзгеріске түседі, сондықтан олар көзделген мақсатқа жарамсыз болуы мүмкін. Осы себептен жарық қақпасын қалыпқа келтіру үшін ауру адамның өз тіндері (аутопластика), әлде жануарлардан алынған тіндер (гетеропластика) немесе жасанды, синтетикалық заттар пайдаланылады (аллопластика). Аталған әдістердің арасында аллопластика (синтетикалық торлар) тәсілі жиі қолданылады, ал гетеропластиканың тек тарихи маңызы ғана қалды деуге болады.

Кейінгі кездерде жарық ауруын хирургиялық жолмен емдеуде, операцияны эндоскопиялық аспаптарды қолдану арқылы іске асыру орын алып келеді (лапараскопиялық герниопластика).

Әдебиет:

1. Нұрмақов А.Ж. Хирургия //Алматы: Эверо, 2009. – 420 с.

2. Гриценко В.В. Хирургия //СПб: «Манускрипт», 1997. – 288 с.

3. Кузин М.И. Хирургические болезни //М.: «Медицина», 2005. – 784с.

4. Гринберг А.А. Неотложная абдоминальная хирургия //М.: «Триада-Х», 2000. – 560с.

5. Алиев М.А., Нурмаков А.Ж. Симптомы и синдромы хирургических заболеваний //Алматы: «Асем-Систем», 2005. – 200 с.

6. Нурмаков А.Ж., Нурмаков Д.А. Хирургические болезни //Алматы: Эверо, 2009. – 476 с.

7. Тоскин К.Л., Жебровский В.В. Грыжи живота //М.: Медицина, 1983. – 337 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. «Іштің сыртқы жарықтары» анықтама түсінігі

2. Жарықтың этиологиясы мен патогенезі

3. Жарықтардың жіктелуі

4. Сыртқы жарық құрамалары

5. Асқынбаған жарықтың клиникалық көрінісі

6. Жөтел түрткісі симптомын анықтау

7. Қиғаш шап жарығының даму сатылары

8. Жарықтың асқынулары.

9. Қысылу түрлері

10. Жарықтың емдеу принцптері.

 

 

Тақырыбы№5: Жедел аппендицит

Дәрістің мақсаты: Студенттер науқастың шағымдарын сұрау арқылы, аурудың объективті симптомдары мен лабораторлы-құраласпаптық белгілерін игеріп, сонымен қатар құрсақ қуысындағы ағзалардың жедел хирургиялық ауруларымен ажыратпа диагноз жүргізу арқылы өз бетінше диагноз қоюы тиіс, жедел аппендициттің жіктелуін, оның әртүрлі клиникалық формалары кезіндегі хирургтың тактикасын білуі керек.

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі): ЖА – құрт тәрізді өсіндінің спецификалықемес жедел қабынуы және құрсақ қуысындағы ағзалардың хирургиялық ауруларының ішіндегі жиі тарағаны болып табылады. ЖА жиілігі әртүрлі жаста бірдей кездеспейді. Ол жас және орта жастағы адамдарда жиі кездеседі. Қартайған және кәрі науқастар лимфоидты аппараттың инволюциясына байланысты орта жастағы адамдармен салыстырғанда жедел аппендицитпен сирек ауырады. Ерлермен салыстырғанда әйелдер ЖА біржарым-екі есе жиі ауырады (Гринберг А.А., 2000). ЖА ауыратын науқастардың саны хирургиялық сала бойынша ургентті науқастардың 40-50% құрайды және құрсақ қуысына жасалған барлық шұғыл операциялардың 50-75% ЖА тиесілі (Грищенко В.В. және басқ., 1997; Нұрмақов А.Ж. жәнек басқ., 1998). ТМД аумағында жылына шамамен 1 млн аппендэктомия жасалынады, ал Қазақстанда ЖА ауыршаңдық 1000 тұрғынға шаққанда 5 адамды құрайды (Тайғұлов Е.А., 2000). ЖА асқынулары 2-37%, ал ЖА кезіндегі өлім саны 0,1-0,3% құрайды (Колесов В.И., Русанов А.А., 1999).

Этиологиясы мен патогенезі. Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін ЖА жалпыға бірдей этиопатогенетикалық теориясы жоқ. ЖА микроорганизм мен адам организмі арасындағы биологиялық өзарақатынастың бұзылуы салдарынан пайда болатын спецификалықемес қабыну процесі. Көптеген авторлардың мәлімдеуінше, ішекте қоректенетін микробтар қандай-да бір себептерге байланысты патогенді флораға айналады және құрт тәрізді өсіндінің қабырғасына енеді. ЖА патогенезінің бірнеше теориялары белгілі: тұну тероиясы (перистальтиканың бұзылуы); механикалық теория (өсінді қуысының нәжіс және өт тастарымен, бөгде денелермен бітелуі және т.б.); ішек құрттары инвазиясының әсері; ангионевротикалық тероия, инфекциялық, нейрорефлекторлы, аллергиялық теориялар, сонымен қатар рефлекторлы жол (асқазанның, ішектердің, өт қабының және басқ. аурулары), организмнің қорғаныс қабілетінің төмендеуі, тамақтану шарттарының бұзылуы (интернет мәліметтеріне сәйкес: ас құрамында белоктың басым болуы аурудың этиологиясында үлкен рөл атқарады, ал қандай-да бір себептерге байланысты ас құрамында белоктың мөлшері аз болса (Африка мемлекеттерінде), аппендицит өте сирек кездеседі екен, құрт тәрізді өсіндінің анатомиялық құрылымының ерекшеліктері, кейбір жағдайларда a.appendicularis-тің тромбозы байқалады (әсіресе қартайған және кәрі адамдарда).

Жоғарыда аталған себептерге байланысты құрт тәрізді өсіндінің нервтік-реттегіш аппаратының дисфункциясы дамиды, ол өз алдына қанайналым мен иннервацияның бұзылуына әкеліп соғады, құрт тәрізді өсіндінің қабырғасы ісінеді және жиналып жатқан сұйықтықпен оның қуысы бітеліп, қабырғасы созылады, соның салдарынан өсінді қабырғасының трофикасы бұзылады. Шырышты қабаттың беріктілігі бұзылады және микроорганизмдер құрт тәрізді өсіндінің қабырғасына ене отырып қабыну процесін тудырады.

Қорыта келгенде, ЖА патогенезінің негізінде инфекциялық процесс жатыр. Барлық қалған факторлар бейімдеуші болып есептеледі (В.И.Колесов, 1959).







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1892. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия