Клиникасы. Мондор триадасы – ауру сезімі, лоқсу, метеоризм.
Мондор триадасы – ауру сезімі, лоқсу, метеоризм. Эпигастрия аймағындағы, сол және оң қабырға астылық кеңестіктегі кенеттен қатты ауру сезімі, бел аймағында – белбеу буынын қуалай орналасады (басқа аурулар кезіндегі болатын ауру сезімімен салыстырғанда павнкреатитте өте жоғары дәрежелі ауру сезімі болып шок шақыру мүмкін, ал бұл 30-40 минут ішінде өлімге алып келеді). Жеңілдік келтірмейтін қайталамалы құсу, іштің шұрұлдауы, ентігу, ауыздың құрғауы, шөлдеу. Қарап тексеру: науқас шыдамсыз, қозғыш болуы мүмкін. Терінің гиперемиясы айқын болады, әсіресе беттің ісінуі. Тахикардия, АҚ төмен болуы, тәулігіне олигурия 50 мл/сағатына төмен, тахипное. Status localis: іштің тегіс кебуі, әсіресе жоғарғы бөлігінде, пальпация жасағанда ұйқы безі аймағында қатты ауру сезімі, іші жұмсақ. Ферментативті перитонит кезінде іштің қатаюы білінеді, іштің алдыңғы бұлшық еттерінің регидтілігі, перкуторлы тимпонит, аускультацияда ішек шулары естілмейді. Жедел панкреатиттің арнайы симптомдары 1. Мондор симптомы – беттің күлгін дақтар тәріздес цианозы 2. Грюнвальд симптомы – кіндік аймағындағы цианоз 3. Мейо-Робсон симптомы – пальпация кезіндегі сол жақ қабырға доғасындағы ауру сезім 4. Керте симптомы – эпигастрий тұсындағы байқалатын резистенттік 5. Воскресенский симптомы – эпигастрий тұсында қолқа тамыры пульсациясының анықталмауы
|