Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Клиникасы





Ойық жараның тесілуі кезінде классикалық үш белгі бар: ішке пышақ сұққандай ауру сезім, тақтайдай қатты іш, анамнезінде жараның болуы.

Ойық жараның тесілуі кезінде анамнез жинау маңызды және мұқият жиналу керек. Ойық жаралардың тесілуі асқынуының клиникалық көрінісі әдетте үш фазаға бөліп қарастырылады: шок, жалған жақсы сезіну және іріңді перитонит.

Бірінші фазасы (6 сағатқа дейін) физикалық зерттеу нәтижесінде шок анықталады. Науқас мәжбүрлі қалыпта, екі аяғын ішіне тартып, еш қозғалыссыз жатқаны байқалады, суық тер басқан, бет әлпеті бозарған. Анамнезінде: ауру сезімі кенеттен басталады, қарқыны күшті (ішке пышақ сұққандай), ауру сезімі оң жауырынға, оң жақ иыққа беріледі.

Объективті: Жүректе брадикардия (кезбе нерв пульсі), гипотония, тахипное. Тілі таза, ылғалды. Құрсақ қуысы тыныс алуға қатыспайды, тақтайдай қатты іш, эпигастрий аймағында кенеттен пайда болатын ауру сезімі, перкуссияда іш қуысының бүйір аймағында бос сұйықтықтың жиналғанын және бауыр үстінде қалыпты жағдайда анықталатын тұйық дыбыстың жоғалып оның орнына сол жерлерде тимпанит пайда болғаны анықталады (Спижарный белгісі). Ішті тітіркендіру Щеткин – Блюмберг, Раздольский, Воскресенский, тік ішектік және қынаптық зерттеуде жамбас қуысының тітіркенуі оң болады.

Екінші фазасы (6 сағаттан 12 сағатқа дейін). Науқастың бет әлпеті қалыпты болып жоғарыда көрсетілген белгілердің көбі әсіресе ауру сезімінің күші төмендейді немесе біржола жоғалуы мүмкін. Міне сол себептен ауру адам өзін біршама жеңіл сезінеді. Сондықтан бұл белгіні «жалған жақсы сезіну» сатысы деп атайды.

Объективті: пульс, АД, температура қалпына келеді. Тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Эпигастрий аймағын пальпациялағанда ауру сезімді, тақтай тәрізді іш белгісі жоғалған. Перкуссияда іш қуысында көп мөлшерде сұйықтық пен ішек қуыстарында газ жиналғаны анықталады. Аускультацияда ішек перистальтикасы нашар немесе болмайды.Ішті тітіркендіру әсіресе жамбастық тітіркену оң болады.

Үшінші фазасы (ауырғаннан 12 сағаттан кейін). Науқастың жалпы жағдайы нашар, мазасызданған. Жайылған перитониттің бірінші белгісі құсу, бірнеше рет іркілген құсу. Шырышты қабаттардың, терінің құрғауы, тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен, іштің барлық аймағында кенеттен пайда болатын ауру сезімі. Перкуссияда сұйықтықтың жиналуына байланысты перкуторлық дыбыс тұйықталған. Аускультацияда ішек перистальтикасы анықталмайды. Ішті тітіркендіру симптомы оң.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1792. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия