Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Клиникалық көрінісі мен диагностикасы





Іштің жедел түйілуінің негізгі симптомдары: іштің бүріп ауруы (іште пайда болатын ауру сезімі ішектің перистальтикасымен байланысты), іштің кебуі, желдің шықпауы мен үлкен дәреттің (нәжістің) болмауы және құсу.

Аталған симптомдар ішек түйілуінің барлық түрлерінде байқалады, бірақ олардың айқын анықталуы аурудың түрі мен сипатына, ішектің түйілу деңгейі мен мерзіміне байланысты.

Іште пайда болатын ауру сезімі ішектің жедел түйілуінің ең бастапқы белгілерінің бірі. Ішектің обтурациялық түйілуі кезінде іштегі ауру сезімі аяқ астынан басталып, ішек перистальтикасына байланысты, толғақ тәрізді бірде күшейіп, бірде бәсеңдеп отырады, тіпті аз уақыт (2-3 мин) аралығында ауру сезімінің болмауы да мүмкін. Ал, странгуляциялық ішектің түйілуі кезінде ауру сезімі күштірек және тұрақты болады, ішек перистальтикасына байланысты белгілі бір уақыттан кейін күшейіп отырады.

Іштің кебуі – ішектің жедел түйілуіне тән негізгі симптомдардың бірі. Ол ішек қуысында газдың көп мөлшерде жиналуынан пайда болып, іштің сыртқы пішінінің ұлғаюымен сипатталады. Оның айқын байқалуы ішектің түйілу деңгейіне байланысты. Ащы ішектің жоғарғы бөлігінің түйілуі кезінде іштің кебуі аз байқалады немесе болмайды, ішектің түйілуі ащы ішектің төменгі бөлігінде орналасқан жағдайда іштің біркелкі (симметриялы) кепкенін көруге болады, ал тоқ ішектің оң немесе сол бөлігі түйілген жағдайда іштің ассиметриясы айқын байқалады.

Іштегі желдің шықпауы мен үлкен дәреттің (нәжістің) болмауы аурудың абсолюттік белгілеріне жатпайды. Аурудың алғашқы уақыттарында ішек қуысының толық бітелмеуінен немесе кедергіден төмен орналасқан ішек бөліктерінен нәжіс пен желдің шығуы мүмкін. Бірақ, желдің шыққанына және үлкен дәреттің болғанына қарамастан науқастардың жағдайы жеңілдемейді. Кейбір науқастар нәжістері желе тәрізді қызғылт сұйықтықпен («шие желесі») қапталғанын айтады. Бұл белгі инвагинацияға тән симптом, ол жас балаларда жиі кездеседі.

Құсу белгісі ішектің жедел түйілуімен келіп-түскен науқастардың көпшілігінде (70%-да) байқалады. Құсу жиілігі ішектегі кедергінің орналасу деңгейіне байланысты және науқастың жалпы жағдайын жеңілдетпейді. Егер, кедергі ащы ішектің төменгі бөлігінде орналасқан жағдайда – сирек болады (аурудың бастапқы кезеңінде құсу болмауы да мүмкін). Аурудың соңғы сатысында ішек қуысындағы заттардың шіруіне байланысты, құсық нәжіс типтес болып келеді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1698. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия