Хирургиялық ем.
Операцияның негізгі мақсаты – ішектің түйілу себебін жойып, өткізгіштік қасиетінқалпына келтіру (ішек иілімдерін жабыспа байламаларынан босату, бұралған, түйінделіп қалған ішектерді қалыпты жағдайда келтіру, ісік болған жағдайда ішекті резекциялау немесе айналма анастомоз салу және т.с.с.). Операция жалпы жансыздандыру арқылы жасалынады және көбінесе ортанғы орталық лапаротомиясы қолданылады. Странгуляциялық ішектің түйілуі кезінде қысылып, бұралып немесе түйінделіп қалған ішек иілімдерінің тіршілік қабілетін анықтаудың маңызы зор (ішектің түсі, перистальтикасының сақталуы, сероза қабатынның жылтырауы және ішек шажырқайында орналасқан қан тамырларының пульсациясының сақталуы). Бұл белгілер анықталмаса немесе олардың бар-жоғы күдік туғызса, онда ішекті резекциялау қажет. Оның өзгерген аймағынан «әкелгеш» иілімінен 30-40 см, ал «әкеткіш» иілімінен 15-20 см алшақ резекция жасу керек. Өйткені ішектегі өліеттену процесі шырышты қабаттан басталады, сондықтан операция үстінде сероздық қабат жағынан ол өзгерістер көрінбейді де, сол себептен операциядан кейін салынған анастомоздың жетіспеушілігі сияқты қауіпті асқыну пайда болады. Ісіктен туатын тоқ ішектің механикалық іш түйілуінде гемиколэктомия, Гартман операциясы, айналма анастомоздар салу операциялары орындалады. Ащы ішекті интубациялау қажеттілігіне қарай қолданылады. Қазіргі кезде ішекті интубациялау үшін, көбінесе, әртүрлі назоинтестиналды зондтар қолданылады. Егер бұл әдісті әртүрлі себептерге байланысты орындау мүмкіншілігі болмаса, Ю.М. Дедерер (гастроэнтеростомия), И.Д. Житнюк (энтеростомия) тәсілдері немесе цекоэнтеростомия қолданылады. Операциядан соңғы кезеңде организмнің гомеостаз жүйесін қалыпты жағдайға келтіруге, интоксикацияны жоюға, инфекцияға қарсы бағытталған және ішек парезін емдейтін комплексті шаралар қолданылады. Әдебиет: 1. Нұрмақов А.Ж. Хирургия //Алматы: Эверо, 2009. – 420 с. 2. Кузин М.И. Хирургические болезни //М.: «Медицина», 2005. – 784с. 3. Гринберг А.А. Неотложная абдоминальная хирургия //М.: «Триада-Х», 2000. – 560 с. 4. Алиев М.А., Нурмаков А.Ж. Симптомы и синдромы хирургических заболеваний //Алматы: «Асем-Систем», 2005. – 200 с. 5. Нурмаков А.Ж., Нурмаков Д.А. Хирургические болезни //Алматы: Эверо, 2009. – 476 с. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 1. «Ішектің жедел түйілуі» анықтама түсінігі 2. Ішектің жедел түйілуінің этиологиясы 3. Ішектің жедел түйілуінің патогенезі 4. Ішектің жедел түйілуінің жіктелуі 5. Ішектің түйілуінің клиникалық көрінісі 6. Ішектің жедел түйілуінің рентгенологиялық белгілері 7. Обтурациялық ішек түйілуі анықтама түсінігі 8. Странгуляциялық ішек түйілуі анықтама түсінігі 9. Ішектің жедел түйілуін емдеудің негізгі принцптері 10. Хирургиялық емнің мақсаттары
|