Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ситуациялық есептер





1.50 жастағы науқас дисфагиямен түсті,рентгенологиялық зерртеу нәтижесінде өңештің құрсақ бөлігінің асимметриялық тарылуы, өңеш қабырғасы тегіс емес, тістелген тәрізді,өңештің тарылған бөлігінде қабырғасы қалыңдаған регидті, перисталтикасы жоқ, қатпары тегістелген тарылу аймағының үстінде өңештің супрастениялық астениялық кеңейген.Зақымданған аймақ жұтынғанда және дене қалпын өзгерткенде ығыспайды.Өңештің абдоминальді бөлігі ұзарған, асқазанда газдық (ауалық) көпіршік сақталған.Ацетилхолиндік және карбохолиндік тест сынағы теріс.

Болжама диагноз?

Диагнозды негіздеу мақсатында(жүргізу) қажетті зерттеу әдістері.

Жауабы:Өңеш рагы. Эзофагоскопия биопсиямен.

 

2. 47 жастағы науқас эмоциональді лобильді, қанғаттанарлық тамақтанады.Шағымы тағам өтуінің қиындауы,тәулігіне 1-2 рет регургитация,төс артында кезеңді ауру сезімі. Кейде сұйық тағам өтпецйді,ал дөрекі қатты зат өтеді. Қан анализі қалыпты, өңешті рентгенконтрасты зетпен зерттегенде патология жоқ.

Болжама диагноз?

Диагнозды қандай зерттеу әдістері дәлелдейді.

Жауабы:Кардидің ахалазиясы.Эзофаготонокимография.

 

3. 40 жастағы науқас төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Бірнеше жыл ЖИА-мен емделген бірақ,медиаментозды ем нәтиже бермеген.ЖИА дәлелдейтін ЭКГ мәліметтері жоқ.Ауру сезімі тамақтан кейін мойын аймағындакейін төс артында пайда болады.Құсу және көп лоқсу жеңілдік әкелмейді.

Болжама диагноз?

Диагнозды (дәлелдейтін) толықтыратын зерттеу әдістері.

Жауабы: Дивертикул.Өңешті рентгеноконтрасты зерттеу.

 

4. 20 жастағы науқас суцидальді мақсатта сірке эссенций қышқылын 3 ай алдын ішкен. Қазіргі кезде жедел үдемелі дисфагия.Рентген нәтижесінде өңештің ортаңғы үштен-бірінде тыртықтық стриктура анықтвлды.Диаметрі 2-3 мм аспайды.

Диагноз. Емдік әдісіңіз.

Жауабы: Күйіктен кейінгі өңеш стриктурасы.Өңешті буждау.

 

5. 34 жастағы науқас сілекейдің көп бөлінуі, тамақта қырнау сезіміне, жұтынғанда қолайсыз жөтелге шағымданады. Тамақтан кейінгі кезеңді дисфагия не мойнының ісігі, кейде тағамды жұту үшін мәжбүрлі қалыпта болады.Осы кезде бүлкілдеген дыбыс естілуі, ол ісік жоғалады. Қан анализі қалыпты.

Диагнозыңыз. Зерттеу әдісіңіз.

Жауабы: Цинкер дивертикулы.Өңешті рентгеноконтрасты зерттеу.

 

6.30 жастағы науқас дисфагияға шағымданады(тамақтан кейінгі төс артындағы тұйық ауыру сезімі, кейде регургитация) 2 жылдан беі ауырады.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз-аздан тамақтанады.ЖҚА-де өзгерістер жоқ.Рентгенологиялық көрінісінде ІІ дәрежелі ахалазия белгілері анықталады.

Емі?

Жауабы: кардиодилятация

7.44жастағы науқас төс артындағы ауыру сезіміне, енжарлыққа, ден қызуының 39⁰С-қа дейін жоғарылауына шағымданады. 3 күн бұрын ФЭГДС жүргізілген, содан кейін төс артындағы ауыру сезімінепайда болған.Жалпы жығдайы ауыр, тахикардия 110/мин,лейкоцитоз 23-ке дейін.Рентгенограммада көкірекаралық шекараларының кеңеюі мен контрасттың плевра қуысына құйылуы анықталған.

Диагнозы? Емдеу тактикасы?

Жауабы: медиастинитпен асқынған өңештің энтерогенді зақмдануы. Операция.

 

8. 65 жастағы науқас тамақтану кезінде балық қылтанағын жұтып қойған, төс артындағы ауыру сезімі, бөгде зат тұрғандай сезім мен гиперсаливация байқалған.2 сағаттан кейін хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген.

Диагнозы? Емдеу тактикасы?

Жауабы:өңештегі бөгде зат. ЭФГДС, балық қылтанағын алу.

 

9.46 жастағы науқас төс артындағы ауыру сезіміне және жауырын аймағындағы көлемді құсудан кейінгі пайда болған күшті ауыру сезіміне шағымданып клиникаға жеткізілген.Науқас шок жағдайында, дене қызуы – 39,4⁰С, лейкоцитоз 20 сол жақ плевра қуысы мен көкірек аралығында ауа мен сұйықтық жиналған.

Алдын-ала қойылған диагноз?қосымша зерттеу, емі?

Жауабы:өңеш перфорациясы, эзофагоскопия,операция.

 

10.45 жастағы науқас тамақтан соң еңкейгенде, жатқан қалыптапта күшейе түсетін төс артындағы күйдіру сезімі мен қыжылдауға шағымданады. Жиі ас содасын қабылдайды, ол қиналғанын азайтады.

Алдын-ала қойылған диагноз?диагностикалық тәсілдері?

Жауабы:рефлюкс эзофагит. Эзофагоскопия.Трен-2 қалпында контрастты зерттеу.

 

11. Клиникаға 32 жастағы науқас ауыр жағдайда әкелінді. Жалобы на Әлсіздік пен тамақ жүрмеуіне шағымданады. 5 жыл бойында ауырады. Ауруханада кардия бөлігінің жиырылуы ауруымен дәрі дәрмекпен емделген. Арық, қоректенуі азайған. Қан қысымы - 100/60 мм. рт. ст. жүрек соғысы – 82. Қан құрамында қан аздық, протеин жетіспеушілігң. Рентгендік зерттеуде өңештің құрсақ бөлігі тарылуынан үстіңгі бөлігі S-тәрізді кеңейгені анықталды (төңкерілген май шам тәрізді).

Ауру түрі. Емдеуі.

Жауабы: Кардия бөлігі жиырылуының 4 сатысы. Өңешті алып тастап алмастыру.

 

12. 26 жастағы науқас ауруханаға аракідік тамақ жүрмей қалуымен шағымданды. 1 жыл бұрын бәстесемін деп бірден бір шөлмек арақты ішіп қойған. Содан кейін аракідік тамақ жүрмей қалатынын байқаған. Қан құрамы бір қалыпты. Рентген зерттеуі мен ФГДС-те бұзылыс жоқ.

Алдын - ала ауру түрі. Қосымша зерттеу қандай?

Жауабы: Кардия бөлігі жиырылуының 1 сатысы. Эзофаготонокимо-графия.

 

13. 17 жастағы науқас өлемін деп жарты сағат бұрын сірке қышқылы ерітіндісін ішкен.

Қандай алғашқы жәрдем көрсету керек? Қандай дәрігерлік көмек керек? Қандай арнайы көмек керек?

Жауабы: 1) Сұйықтық көп ішу керек (су, сүт), асқазанды жуу, қарсы дәрі ішуі керек.

2) шокқа қарсы ем.

3) уыттануға қарсы емдер, жіті бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу.

14. 43 жастағы науқаста рентгендік зерттеу кезінде өңештің төменгі бөлігінде дивертикул анықталған, көлемі 2,5х1,5х2,0см. Шағымы жоқ. Қоректенуі біршама, қан құрамында бұзылыс жоқ.

Ауру түрі. Емдеуі.

Жауабы: Көкет үсті дивертикулі. Диета.

 

15. 43 жастағы науқас ауруханаға тамақ жүрмей қалуымен, әлсіздікке шағымданып түскен. Науқас бірнеше рет күйіктен кейінгі өңештің тарылуымен емделген. Өңешті түтікшемен кеңейтуден кейін тамақ ішуі жақсарып отырған. Өңешті соңғы кеңейту 3 ай бұрын жасалған. Рентгендік зерттеуде өңештің кеуде бөлігінде ұзындығы 15см. тыртықтан тарылуы бар.

Емдеу шарасы.

Жауабы: Өңешті алып тастап алмастыру.

 

16. 35 жастағы науқас ауруханаға тамақ жүрмей қалуымен, төс артындығы ауру сезімімен, тамақ қайтаруымен шағымданып түскен. 3 жыл бойында ауырады. Бұрын аракідік тамақ жүрмей қалуы болғанын айтады. Қою тамақ еркін өтетін, ал сұйық тамақ қиындықпен отеді. Рентгендік зерттеу кезінде кардия бөлігі жиырылуының 2 сатысы белгілері бар. Қан құрамында өзгеріс жоқ.

Емдеу шарасы.

Жауабы: Кардиодилятация.

 

17.Науқас 38 жаста. Ауруханаға әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып түсті. Соңғы 3 тәулікте әлсіздіктің өршуімен бас айналуы мазалады. Аспирпн қабылдаған. Бронхитпен ауырады, анамнезінде гастрит бар. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 100/60 мм.сб. Пульсі 94 рет мин. Hb-84 г/л.

Болжама диагноз. Диагностика.

Жауабы: Эрозивті гастрит, қан кетуімен асқыну. ФГДС.

 

18. Науқас 70 жаста,20 жылдан бері асқазанның ойық жара ауыруымен зардап шегеді. Бірнеше рет амбулаторлы және стационарда емделіп шыққан. Бір жыл бұрын асқазан-ішектен қан кетудің жеңіл дәрежесіне консевативті ем қабылдаған. Ауруханаға түскен кезде 5 сағ бұрын қою кофе түсті құсық, мелена және қысқа уақытқа есінен айырылу болған. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы бозғылт. АҚ70/40 мм.с.б.б. Пульсі 100 рет мин. Эритроциттері -2,4 мин.Hb-64г/л. ФГДС те асқазанның кіші иінінде каллезді жара қызыл тромбпен, астынан қан ағады. Қосымша аурулары: ЖИА, гипертониялық ауру, қант диабеті.

Диагноз. Емдеу тактикасы.

Жауабы;Қан кетумен асқынған, асқазанның ойық жара ауруы. Жедел операция.

 

19. Қабылдау бөліміне 32 жасар науқас, әлсіздікке бас айналуға, кофе тәрізді құсыққа, қара түсті нәжіске шағымданып түсті. Бұл шағымдар көп мөлшерде ішімдік ішкеннен соң пайда болды. Бұрын бұндай жағдай болмаған, дені сау болған. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары бозғылт. Іші пальпация кезінде жұмсақ, эпигастральді аймақта ауру сезімі бар. Перитониальді симптпом бар. АҚ120/70 мм.сбб. Пульс-96 рет мин. Эритроциттер-3.2 мин, гемоглабин 82г/л.

Алдын ала диагнозының. Диагностика. Жауабы: қан ағумен асқынған, эрозивті гал. Трит.ФГДС.

 

20. Науқас 36 жаста ауруханаға жедел түрде ауру басталысымен 3 сағ соң түсті. 5 жылдан бері он екі ішектің ойық жара аурумен зардап шегеді. Ішіндегі қатты ауру сезіміне шағымданады. Оң жақ бүйірімен екі аяғы ішіне бүгілген күйінде мәжбүрлік қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт,пульсі-160 рет мин. АҚ 90/60 мм.сб. Іші демалу актісіне қатыспайды. Пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасында тақтай тәрізді кернелуі, барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жалпы шолу ренгенографияда диафрагманың оң жақ күмбезі астында орақ симптомы бар.

Диагноз. Емдеу тактика.

Жауабы: он екі ішектің ойық жарасы. Перфорациямен асқынған. Жедел операция жасау.

 

21. Науқас 45 жаста. Ауруханаға эпигастральды аймақтағы ауру сезімімен, ауру басталған соң, 7 сағ соң түскен. Анамнезінде он екі елі ішектің ойық жарасымен тіркеуде тұрады. 2сағ бұрын қанжар сұққандай ауру сезімі байқала бастады, бірақ толығымен жоғалған жоқ. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Науқас оң жақ бүйірімен аяғын ішіне бүгіп, ыңғайлы мәжбүрлік қалыпта жатуға тырысады. АҚ -100/60мм.сбб. Пульс -96 рет мин. Іші керілмеген, симметриялы пальпацияда эпигастри аймағында ауру сезімі және осы жердегі бұлшықеттердің кернелуі байқалады. Тітіркену симптомы байқалмайды. Лейкоцитоз-10000.

Диагностика.

Жауабы:Жабық перфорациямен асқынған он екі елі ішектің ойық жара ауруы.

ФГДС және пневмо гастроскопия.

 

22. Науқас34 жаста ауруханаға іштегі қатты ауру сезімімен түсті. 5 сағ бұрын кенеттен ішінде қанжар сұққандай қатты ауру сезімі пайда болды. Ұзақ уақыт бойы периодтты түрде эпигастриде ауру сезімі, қыжыл байқалған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. АҚ-110/70 мм.сбб, пульсі-86рет мин.Тілі құрғақтау, ақ жабындымен жабылған. Іші кернелген, ішке тартылған, пальпация кезінде эпигастриде және Щеткин-Блюмберг симптомы байқалады. Лейкоцитоз-12мың.

Алдын ала диагноз.Диагностика.

Жауабы: перфорациямен асқынған, ойық жара ауруы. Іш қуысына жалпы ренгенография жасау.

 

23. Науқас 50 жаста ауруханаға эпигастрий аймағындағы, арқаға таралатын ауру сезіміне және құсуға шағымданып түсті. 6 күн бойы өзі емделген. 10 жыл бойы он екі елі ішек ойық жарасымен зардап шегеді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тамақ ішуі азайған. Тері жабындаларының түсі қалыпты. АҚ-130/80 мм.сбб, пульс-82 рет мин. Іші кернелмеген, жұмсақ, эпигастриде ауру сезімі. Іш астардың тітіркену симптомы жоқ. Лейкоциттер-11000. Зәр диастазасы -1024 ед. Іштің жалпы шолу ренгенографиясында патология жоқ. Алдын ала диагноз. Зерттеу әдістері.

Жауабы: он екі елі ішектің ойық жара ауруы. Стеноз белгісімен. ФГДС, асқазан ренгенографиясы.

 

24. Науқас 44 жаста.Эпигастрий аймағында тамақ ішкен соң 3сағ кейін пайда болды. Аш қарында периодты ауру сезіміне шағымданып, дәрңгерге қаралды. Айына бірнеше асқазан аймағында айқын дискомфорт және жіңілдік әкелетін құсу байқалады. Диета сақтағанда жағдайының жақсаруы байқалады. Жарты жыл ішінде 6кг салмақ тастаған. 6 жылдан бері аурудың мезгілдік сипаты байқалады, түңгі және аш қарынға. Осы уақытқа дейін медициналық көмекке жүгінбеген.

Алдын ала диагноз. Диагностикалық әдістер.

Жауабы: Стеноз пайда болған, он екі елі ішектің ойық жара ауруы.

 

25. Науқас 56 жаста ауруханаға әлсіздікке, арықтауға, құсуға шағымданып түсті. Тамақтан соң құсу болатындықтан науқас бір ай бойы дұрыс тамақтанбаған. 14 жыл бойы он екі елі ішек ойық жара ауруымен зардап шегеді, бірнеше рет амбулаторлы және стационарлы ем қабылдаған. Бір жыл ішінде 20 кг салмақ тастаған. Жалпы жағдайы ауыр. Тері тургоры төмендеген, тәбеті төмендеген. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ-100/60 мм.сб, пульс-74 рет мин.

Алдын ала диагноз.Диагностика.

Жауабы: Он екі елі ішектің декомпенсция сатысындағы ойық жара ауруы. Асқазанның ренгенографиясы.

 

26. Науқас 48 жаста ауруханаға жүрек айнуы, лоқсуға, оң жақ қабырға астының ауырсынуына және кернеуіне шағымданып түсті. Бұл жағдайды тамақ қабылдап болғаннан кейін пайда болатынын байқады. Қабылдаған тағамды бөлшектерімен лоқсуын айтады. Өтпен көп мөлшерде құсу болады, содан кейін жағдайы жақсарады. Жарты жыл бұрын асқазан жарасына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз-аздап тамақ танумен. Қан талдауында патология жоқ. Іш қуысының УДЗ патология анықталған жоқ.

Болжама диагноз. Диагностика.

Жауабы: Ішектің әкелуші ішек синдромы. АІЖ рентгеноконтрасты зерттеу.

 

27. Науқас 34 жаста, ауруханаға эпигастрий аймағының ауырсынуға, қыжылдауға, кекіруге шағымданып түсті. Өткен жылы 12 елі ішектің ойық жара ауруына, тарылуымен асқынған, Бильрот-1 бойынша резекция жасалған. 5 айдан соң операциядан кейін ұзақ уақыт бойы мазалаған белгілер қайталаған. Үш айда 2рет қара түсті нәжіс болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз тамақтанумен. Қан талдауында патология жоқ.

Болжама диагноз. Зерттеу әдістері.

Жауабы: анастамоздық пептикалық жарасы. ФГДС.

 

28. Науқас 36 ж, ауруханаға әлсіздікке, бас айналуына, ыстықтық сезіміне, ішінің толу сезіміне шағымданып түсті. Бұл жағдай сүт өнімдерін қабылдағаннан кейін көрініс береді. Тағам қабылдағаннан соң науқас горизонтальді қалыпқа келуге мәжбүр және 15мин соң ауру көріністері жоғалады. 1 ай бұрын асқазан жарасына Бильрот-2 бойынша операция болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз тамақтанумен. Қан талдауы қалыпты мөлшерде.

Болжам диагноз. Емі.

Жауабы: Демпинг синдром жеңіл дәрежесі. Диета(Емдәм)

 

29. Науқас 42 ж, ауруханаға эпигастий аумағының ауруына, өтпен құсуға, немесе өтпен қосылған асқазан заты, лоқсуға шағымданып түсті. 2ай бұрын асқазанның пилорикалық бөлімінің жарасының тыртықты тарылуына Бильрот-1бойынша резекция жасалған. Ауру сезімі және құсудан науқас тамақ қабылдауды шектеген және салмағы азайған. Кейде қан аралас құсу және нәжіс болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тамақтануы төмен АҚ 120/80 мм. с.б.б, пульс 86'. Эр 3,7 млн. Hb 90 г/л. ФГДС-те асқазанның культиясының шырышты қабатының эрозиясы, өттің асқазанға өтуі.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Сілтілі рефлюкс-гастрит. Консервативті ем.

 

30. Науқас 56 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, салмағының азаюына шағымданады. Операциядан соң еш қалпына келе алмай жатыр. Жарты жыл бұрын асқазан жарасына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тамақтануы төмен. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 120/80 мм. с.б.б, пульс 78' рет, Эр 2,8 млн. Hb-62 г/л. ФГДС-те, рентгенологиялық зерттеуде, УДЗ іш қуысы ағзаларының органикалық өзгерістер жоқ.

Диагноз. Емі.

Жауабы: резекциядан кейінгі анемия. Емі консервативті.

 

31. Науқас 48 ж, тамақтан соң күшейетін оң жақ қабырға асты ауырсынуына және кернеуіне шағымданады. Жиі өт аралас құсудан болады, құсудан соң жеңілдік сезінеді. Бір жыл бұрын асқазан жара ауруына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Рентгеноконтрасты зерттеуде ішектің әкелуші ілмегі контрсты затпен тез толады және ұзақ ұсталады.

Диагноз. Емі.

Жауабы: әкелер ішектің ілмек синдромы. Консервативті емі тиімсіз болса операция.

 

32. Науқас 36 ж, ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Әлсіздік және арықтауға шағымданады. 3 жыл бұрын 12 елі ішектің жара ауруына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Сүт өнімдерін қабылдағаннан соң ыстықтық сезім, діріл, жүрек соғуығ бас айналуын байқаған. Горизантальді қалыпқа келуге мәжбүр болған. 20 мин соң бұл көріністер жоғалған, бірақ соңғы айларда кез-келген тағамға бұл көріністер қайталана берген науқас тағамнан бас тартқан. Науқас арықтаған, тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 100/60 мм. с.б.б, пульс 78' рет. Эр-3,6 млн. Hb 86 г/л. Рентгенологиялық зерттеуде контрастың ішек ілмегіне тездетілген пассажы анықталды.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Демпинг синдромы ауыр дәрежесі. Оперативті ем.

 

33. Науқас 54 ж, ауруханаға кофе тәрізді құсуға, нәжіске, әлсіздікке, бас айналуына шағымданып түсті. Өткен жылы қан кетумен асқынған асқазанның жара ауруына Бильрот-1 бойынша резекция жасалған. жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 70/40 мм. с.б.б, пульс 120' рет, Эр 2,3 млн, Hb 54 г/л. ФГДС-те мөлшері 1,5˟1,0см жара анықталды.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Анастамоздық пептикалық ойық жарасы. Операция.

 

34.Науқас 30 ж, жұқпалы аурулар ауруханасынан диареямен түскеннен соң ауыстырылған. Жұқпалы аурулар ауруханасында тексерілген, жұқпалы ауру анықталмаған. Жарты жыл бұрын Финней бойынша 12 елі ішектің пиязшығына пилоропластикамен селективті-проксимальді ваготомия операциясы жасалған. Операциядан соң тұрақсыз нәжіс, іш өту байқалған. Соңғы уақытта кез-келген тағам түрінен соң іш өту көп мазалайтын болды. Көп мөлшерде салмақ жоғалтты. ФГДС-те патология жоқ.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Ваготомиядан кейінгі диария. Асқазан резекциясы.

 

35. 47 жастағы науқас ауруханаға іш қуысындағы қатты ауру сезіміне шағымданып түскен. 4 сағат бұрын шамасында бірден қатты ауру сезімі болған «пышақпен ұрғандай» тәрізді. Бір жыл бұрын асқазанның ойық жарасы ауруымен асқазанды Бильрот – 2 әдісімен кесу операциясы болған. Жалпы жағдайы ауыр. Іші қатты тірелген, ағаш тәрізді, Щеткин-Блюмберг белгісі іштің барлық бөлігінде оң. Іш қуысының шолу рентген зерттеуінде іш қуысында ауа бар.

Ауру түрі. Емдеуі.

Жауабы: Тесілумен асқынған пептикалық ойық жара. Операция.

36. Науқас В. 55 жаста. Анамнез: кешкі асты ішкеннен кейін 3-4сағат өткенде сау отырып кенеттен оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болып, оң жақ жауырынға берілген. Екі рет өт аралас құсық болған.
Қабылдау бөлімінің хирургі науқастың бетінен қиналғандығын және дене қызуының 38, 5°С болғандығын, тахикардия, тіліндегі ақ жабындысын анықтаған. Ішін тексеру барысында оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезімін, бұлшық етінің қатайғандығын және Ортнер симптомы мен френикус-симптомы оң болғандығын анықтаған. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, басқа аймақта ауру сезімі жоқ.

Алдын ала диагноз қойыңыз.

Жауабы: Жедел холецистит.

 

37. Науқас, М. 34 жаста ұзақ уақыт бойы созылмалы калькулезды холециститпен ауырады, бірнеше рет қысқа мерізімді аурудың өршуі болған. Екі рет терісінің сарғаю болған. Науқасқа бірнеше рет операция нұсқалған.
Өт тас ауруының қандай асқынулары болуы мүмкін? Операцияға дейін қандай зерттеулер жүргізілуі керек?

Жауабы: ӨТА. Созылмалы калькулезды холецистит. Холедохолитиаз.

РХПГ,ЭПСТ.

38. Науқас, К. 45 жаста. Тексеру кезінде өт қалтасының үлкейгендігі, аздап ауру сезімі байқалуда. Үш апта бұрын оң жақ қабырға астында қысқа мерізімді ауру сезімі болған. Содан бері оқта-текте оң жақ қабырға астында тұйық ауру сезімі және ауырлық пайда болған. Сарғаю көрнісі жоқ. Пальпация барысында оң жақ қабырға астында тегіс және қозғалысы шектеулі, қатты түйін табылған. Перитонит белгілері жоқ. УДЗ –де өт қалтасының кенеттен үлкейгендігі, қуысында және мойнында тас анықталған. Жалпы өт өзегі қалыпты.
Алдын ала қойылатын диагноз. Емдік тактикаңыз қандай?
Жауабы:Жедел окклюзиялық холецистит. Науқасқа операциялық ем көрсетілген.

 

39. Науқас Т., 63 жаста. Науқас көп жылдар бойы ӨТА ауырған, қолында бірнеше рет жасалған УДЗ қортындысы бар. Екі күн бұрын сондай шаншу оң қабырға астында қайталаған, дене қызуы көтеріліп, құсқан.
Науқастың жалпы жағдайы ауыр, тері жабындысы бозарған. А/Д120/80, пульсі 120 рет минутына. Пальпация кезінде ішінің оң жақ жартысында қатты ауру сезімі бар және бұлшық етінің қатайғандығы анықталған. Перкусия: тұйықталған дыбыс анықталуда. Іштің оң жағында Щеткин –Блюмберг симптомы айқын. Қан құрамында - лейкоцитоз (19, 6х109/л), нейтрофильдердің сол жаққа ығысқан.


Алдын ала қойылатын диагноз.

Жауабы: Жедел деструктивті холецистит. Перитонит. Науқасқа шұғыл түрде операция көрсетілген.

40. Науқас Т., 80 жаста, соңғы кездері бауыр шаншуына жиі шалдығатын болған. УДЗ жасалған – ӨТА. Науқастың қосалқы аурулары
инфарктен кейінгі кардиосклероз, ЖИА, гипертония, жыпылықтау аритмиясына байланысты операция жасалмай, консервативтік ем жасалған. Сол жасалған емге ауру сезімі басылмаған. Оң жақ қабырға астында ауру сезімі жалғасуда және дене қызуы жоғары. УДЗ жасалған- жедел калькулездыхолецистит.Емдіктактикаңызқандай?
Жауабы:Науқасқа азинвазивті микрохолецистостомия жасалуы тиіс.

41. Науқас К., 62 жаста, алты күн бұрын тері жабындысы сарғайған, зәрі өзгерген және нәжіс түсі ақшыл. Ішінде ауру сезімі болмаған. Дене қызуы 36. 6°С. Тексеру барысында оң жақ қабырға астында кенеттен үлкейген өт қалтасы анықталған.

Аталған қандай симптом, алдын ала қойған диагноз.

Жауабы: Курвуазье симптомы. Ұйқы безінің басының қатерлі ісігі.

 

42. Науқас, А., 48 жаста, қабылдау бөліміне жедел флегманозды холецистит, жергілікті перитонит диагнозымен келіп түскен. Науқасқа консервативтік ем тағайындалған. Алты сағаттан кейін, ішінде қатты ауру сезімі пайда болып, денесінен мұздай тер шыққан. Пульс 120 минутына. Тексеру барысында іші қатты, бұлшық еті керілген, ішастардың тітіркендіру Щеткин—Блюмберг симптомы барлық аймақта оң.

Науқаста қандай асқыну пайда болды? Емдеу тактикаңыз қандай?

Жауабы: Өт қалтасының тесілуі. Науқасқа шұғыл операция жасалуы тиіс.

 

43. Науқас, У., 49 жаста. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалуда, жедел флегманозды холецистит, механикалық сарғаю диагнозына байланысты. Жалпы өт өзегі кеңійген, көлемі 13 мм, өт қалтасы өзегінен тұнық емес өт және фибрин шөгіндісімен өт құмы шығуда. Интраоперациалық холангиография жасалған, холедохтың төмнгі бөлігінің өтімділігі жақсы, бұзылмаған.

Бауырдан тыс өт жолдарында қандай патологиялық процесс? Қандай шара қолданасыз?

Жауабы: Науқаста калькулезды холангит. Операцияны холедохты дренаждаумен аяқтау керек.

 

44. Науқас У.,57 жаста, операция жасалуда жедел флегмонозды холециститке байланысты. Тексеру кезінде өт қалтасының мойнында қатты қабыну инфильтраты және гепатодуоденальды байламдағы элементтер көрінбейді.

Қандай тәсілмен холецистэктомия жасалуы тиіс?
Жауабы: Өт қалтасының түбінен холецистэктомия жасалуы тиіс.

 

45. Науқас У., 68жаста, 3 күн бұрын оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болып, өз бетінше басылған. 10 сағаттан кейін ауру сезімі қайтадан басталған. Бірнеше рет құсқан. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Бұрын УДЗ жасалып, өт қалтасында тас анықталған. Науқас жағдайы орташа дәрежеде, тілі құрғақ, пульс 98 минутына. Іш пішіні дұрыс, оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, өт қалтасы анықталуда. Ортнер және Мюссе симптомдары оң. Щеткин— Блюмберг симптомы тек оң жақ қабырға астында байқалуда.

Диагнозы қандай және емдеу әдісіңіз?

Жауабы: Жедел калькулезды деструктивті холецистит. Науқасқа хирургиялық ем көрсетілген.

 

46. Науқас 48., жаста үшінші күні ауруханаға келіп түскен. Шағымы: оң жақ қабырға астында ауру сезімі, құсу, лоқсу, дене қызуы 38°С. Науқас бронх астмасымен ауырады. Науқастың жағдайы орташа, тыныс алуы минутына 30 рет, тілі құрғақ, пульс 110 минутына. Іші қатайған, оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, өт қалтасының түбі анықталуда. Сол аймақта Щеткин Бюмберг симптомы және Ортнер, Мэрфи, Мюсси симптомдары байқалуда. Лейкоцитоз—18Х10^/л. 12 сағат жасалған консерватитік ем нәтижесі болмады, науқас жағдайы жақсармады, дене қызуы басылмаған.

Науқасқа қандай ауруға байланысты және қандай операция жасалуы керек?

Жауабы: Жедел деструктивті холецистит. Операция – холецистэктомия.

 

47. Науқасқа жедел холециститке байланысты операция жасалуда, хирург операция кезінде холедох—15 мм үлкейгендігін, пальпациялау кезінде 2 конкремент анықтаған. Интраоперациялық холангиографияда контрасттың он екі елі ішекке кедергісіз өткендігін көрсеткен. Өт қалтасын алғаннан кейін өт қалтасы өзегінен тұнық есес фибрин шөгіндісі бар өт аққан.

Холедохтағы өзгерісті қалай бағалайсыз? Осы өзгеріске байланысты не істелу керек?

Жауабы: Науқаста калькулезды холангит. Холедохолитотомия және сыртқа дренаж қалдыну керек.

48. Нуқас жедел флегмонозды холецистит клиникасымен ауруханаға келіп түскен. Шағымы: үшінші тәулікте дене қызуы 38°С дейін көтерілген, терісі сарғайа бастаған. Ауру сезімі өршімеген, перитонит көрнісі жоқ. Қандағы билирубин —80 мкм/л, лейкоциттер — 18Х 10"/л.

Қандай асқынулар болуы мүмкін? Емдеу тактикасы қандай?

Жауабы: Науқаста өт жолдарының бітелу салдарынан іріңді холангит дамыған. Шұғыл операция жасалуы тиіс.

 

49. Науқас Д., 65 жаста, ӨТА ауруымен ауырғанына он жыл болған. Соңғы рет қатты ауру сезімі болған. Науқас хирургия бөлімшесіне жатқызылған. УДЗ кезінде өт қалтасында 4 – 5 мм болатын гиперэхоструктурлы көлеңке табылған. Науқасқа жасалған консервативтік ем нәтижелі болған. Ауру сезімі басылып, жағдайы біршама жақсарған.

Диагнозы қандай? Қандай хирургиялық ем жасалуы тиіс?

Жауабы: ӨТА. Созылмалы қайталанған калькулезды холецистит. Лапароскопиялық холецистэктомия жасалуы керек.

 

50. Науқас Ю., 58 лет, жедел жәрдем көмегімен хирургия бөлімшесіне келіп түскен. Науқастың айтуынша екі тәулік болған ауырғанына. Ауру сезімі майлы тамақ ішкеннен кейін басталған, оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі, оң жақ иыққа және жауырынға берген. Дене қызуы 38,3° С дейін көтерілген. Бір рет құсқан. Оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, бұлшық еті қатайған, Щеткин—Блюмберг симптомы оң. Анализінде лейкоциттер12,0×10 9/л. УДЗ кезінде өт қалтасы үлкейген, мойнында 10 мм болатын тас. Науқасқа спазмолитиктер, антибиотиктер мен новокаинды блокада істегеннен кейін ауру сезімі басылып, жағдайы жақсарған. Пальпация кезінде өт қалтасының түбі анық байқалады. Дене қызуы төмендеген.

Диагнозы қандай? Емдеу тактикасы?

Жауабы: Жедел калькулезды холецистит. Науқасқа операция жасалуы тиіс.

 

51. Науқас В.,56 жаста, ауырғанынан 12 сағаттан кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі 5 жыл болған мазасын алғанына. Науқас әрбір ауру сезімінде өзі спазмолитиктер салғызып, дәрігерге қаралмаған. Ауруханаға түскендегі шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі, құсу, қалтырау мен дене қызуы 38,5° С. болған. Науқас жағдайы орташа дәрежеде, көзінің сарғаюы байқалуда, тілі құрғақ, таза. Іш пішіні өзгермеген, жұмсақ, пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, бұлшық еті аздап қатайған, Мэрфи, Ортнер симптомдары оң. Щеткин — Блюмберг симптомы оң жақ қабырға астында жоқ. Өт қалтасы байқалмайды. УДЗ өт қалтасы үлкейген, қабырғасы қалың, қуысында 4 - 5 мм көлемінде тас анықталған. Жалпы өт жолы 11 мм, бауырда, ұйқы безінде, бүйректе, көк бауырда патология жоқ. Лейкоциттер 18,0×10 9 /л, СОЭ 26 мм/сағ. Вольгемут әдісімен диастаза 64 ед.
Диагноз және тактика қандай?

Жауабы: Жедел деструктивті калькулезды холецистит. Шұғыл операция жасалуы тиіс.

 

52. Нақас З., 60 жаста, анамнезінде: ӨТА, созылмалы калькулезды холециститпен, қант диабетімен, кардиосклероз қан айналымының II А дәрежесі жетіспеушілдігімен, толығудың III дәрежесімен ауратын болып шықты. Бауыр шаншуы жылына 3—4 рет қайталайтын болған. Жағдайының ауырлығына байланысты хирургтар операцияға алмаған. Бір апта бұрын бауыр шаншуы қайталаған. Ауру сезімімен қатар сарғаю пайда болған, билирубин 126,7 мкмоль/л. УДЗ өт қалтасында тас және билиарлы гипертензия анықталған.

Диагноз және емдеу тактикасы қандай?

Жауабы: Холедохолитиаз. Науқасқа РХПГ жасалуы тиіс, мүмкін эндоскопиялық папиллосфинктеротомия жасап, тастарды алу қажет.

 

53. Науқас, 78 жаста, жедел холециститпен ауырғаннан кейін үшінші тәулікте ауруханаға келіп түскен. ӨТА ауырғанына 20 жыл болған. Аурудың қозуы жиі. Науқастың жасына, өкпе жетіспеушілдігіне, қан айналымының жетіспеушілдігіне, созылмалы бүйрек жетіспеушілдігіне және толығуына байланысты операция жасалмаған. Жасалған консервативтік емнің ешқандай әсері болмаған, дене қызуы жоғары, лейкоцитоз, тахикардия, өт қалтасы айқын үлкейген.
Хирургтың тактикасы қандай болуы керек?

Жауабы: науқасқа миниинвазивті микрохолецистостомия жасалуы тиіс.

 

54. Науқас Е., 72 жаста, жедел флегмонозды холециститке байланысты операция холецистостомия жасалды. Операциядан кейін науқас жағдайы жақсарған, 5—7 тәулікте өзін жақсы сезінген. Тек науқас қалдырылған түтікпен өтке мазасызданады.
Тактикасын анықтаңыз.

Жауабы: Дайындықтан кейін операция – холецистэктомия жасалуы тиіс.

 

55. Науқас, 60 жаста, жедел деструктивті калькулезды холециститке байланысты операция холецистэктомия жасалған. Өт жолдары қалыпты. Операциядан кейін бауырасты кеңістіке қалдырылған түтіктен 50,0-100,0 өт аққан. Перитонит белгілері жоқ.
Өт ағудың себебі?

Жауабы: Люшке өзегі.

 

56. Науқас А., 38 жаста, Жедел холецистит клиникасымен соңғы жылы 2 рет ауруханаға түскен. Түскен кезде іш астарының тітіркендіруі бар. Терісінің сарғаюы байқалуда, билирубин 64,7 мкмоль/л (тіке). Нәжісі ақшыл түсті. Консервативтік ем нәтижесіз.

Диагнозы қандай? Қандай тәсілмен анықтауға болады? Қандай операция жасалуы мүмкін?

Жауабы: Жедел деструктивті холецистит. Перитонит. УДЗ. Операция – холецистэктомия және өт жолдарын тексеру қажет.

 

57. Науқасқа жедел калькулезды холецистит диагнозымен операция жасалуда. Холецистэктомиядан кейін, өт қалтасының өзегі арқылы холангиография жасалған. Рентгенограммада жалпы өт жолы үлкейген 13 мм. Төменгі бөлігінде контраст сұйықтығының шектелгенін аңғаруға болады, яғни он екі елі ішеке түспейді.

Холангиограмманы қалай бағалайсыз? Тактика қандай?

Жауабы: Науқаста холедохолитиаз өт өзегінің бітелуіне байланысты. Холедохолитотомия.

 

58. Науқас У., 48 жаста, жедел холециститке байланысты операция жасалуда. Операция барысында өт қалтасы үлкен, флегмонозды өзгерген, алынып тасталды. Жалпы өт өзегі 2 см. Холедохотомия жасалып қуысынан 4 тас. (конкременттер 1,0×0,8 см и два 5×5 мм) алынды және балшық тәрізді қоймалжың сұйықтық бар.

Қандайқосымшазерттеулержасалуытиіс?
Жауабы: Интраоперациялық хо







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 180778. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия