Иероглиф -
41. Инкорпорация – лексикалық мағынасы жағынан тәуелсіз екі немесе одан да көп негіздердің тұтас синтаксистік-морфологиялық бірлікке айналатын синтаксистік байланыс түрі. 42. Калькалау – басқа тілден сөзбе-сөз аудару түрі. 43. Комбинаторлық өзгерістер – қатар орналасқан дыбыстардың өзара әсерінен болған артикуляциялық өзгерістер. 44. Кірме – тілдің сөздік құрамына басқа тілдерден енген сөздер. 45. Конвергенция – тарихи даму барысында екі немесе одан да көп тілдер мен тілдік құбылыстардың сәйкес келуі немесе жақындасуы. 46. Коннотация – эмоционалдық, бағалауыштық немесе стилдік бояуы бар сөздің қосымша мағынасы. 47. Құрылым – жүйе бірліктерінің арасындағы байланыс жиынтығы. 48. Лексема – тілдің сөздік құрамындағы бірлік, сөз. 49. Лексика – тілдегі сөздер жиынтығы немесе сөздік қор. 50. Лексикография гректің(lexikon) сөздік және (graph)жазу мағыналы термин. Тіл білімінің сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі саласы. 51. Лексикология -тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. 52. Лексикалық мағына –нақты бір тілде сөйлеуші санасында қалыптасқан белгілі бір ұғым немесе объект жайлы ақпарат беретін сөз мазмұны. 53. Метатеза – сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың немесе буындардың орын алмастыруы. 54. Метафора – белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстардың бір атаумен аталуы. 55. Метонимия - белгілі бір зат немесе құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реальды байланыстылығына қарай алмастыру амалы. 56. Морф – ең кіші мағыналы тілдік бірлік. 57. Морфология – сөз құрылымын, өзгеру тәсілдері мен заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы; белгілі бір тілдегі сөздер құрылымы менөзгеру тәсілдерін, олардың ережелерін зерттейтін жүйе. 58. Неологизм – жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер. 59. Номинация – атау, ат беру. 60. Омонимия - әртүрлі тілдік бірліктердің сәйкес келуі. 61. Орфография – сөздер мен олардың құрамын дұрыс жазу ережелер жиынтығы. 62. Парадигмалық қарым-қатынастар – бір тілдік деңгейдегі бірліктердің өзара шартты, қарама-қайшы және байланысты қатынаста болуы. 63. Пиктограмма – пиктографиялық жазу таңбалары. 64. Пиктография – нақты ақпарат сурет не суреттер жиынтығы арқылы берілетін жазу түрі. 65. Полисемия – көпмағыналық, шындық өмірдегі әр түрлі құбылыстыбір сөзбен атау. 66. Праязык – туыстас тілдердің шыққан ең алғашқы түп-төркіні. 67. Прокликтика - өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айтылу құбылысы. 68. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, өзіне тән құрылысы бар тілдің ең кіші коммуникативті бірлігі. 69. Сөйлеу актісі – белгілі бір тілде сөйлеу және оны қабылдау үдерісін қамтитынжеке іс-әрекет түрі. 70. Сөйлеу – тілдің код(таңба, белгі) қызметінің материалдық түріндегі іске асуы. 71. Сема - - ең кіші мағына. 72. Семантика – тілдік бірліктер арқылы берілетін ақпарат, мазмұн; мағына мен мазмұнды зерттейтін тіл білімі саласы; таңбалық жүйені мағына беру тәсілі деп қарастыратын семиотика саласы. 73. Семантикалық өріс – бір заттық – ұғымдық топқа қатысты лексемалар жиынтығы. 74. Семиотика – таңба мен таңбалар жүйесі жайлы ілім. 75. Синекдоха –Бүтіннің орнына бөлшекті,жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы. 76. Синонимия – мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер. 77. Синтагмалық қарым-қатынастар – (гректің «біріккен, қатар құрылған» сөзінен) бір тілдік деңгейде қатар орналасқан бірліктер арасындағы сәйкестік қатынас. 78. Синтаксис – белгілі бір тілдегі сөз тіркесі мен сөйлем құрылысының тәсілі мен ережелер жүйесі; белгілі бір тілдегі сөз тіркесі мен сөйлем құрылысының тәсілі мен ережелер жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы. 79. Синхрония – тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалыпы. 80. Сингармонизм –сөз ішіндегі дауыстылардың үндесуі. 81. Сөздік мақала - бір немесе бірнеше өзара байланысқан тілдік бірліктер жайлы ақпарат беретін тәуелсіз мәтін үзіндісі. 82. Сөздік – ақпараттық мақаласы алфавиттік тәртіппен орналасқан анықтама. 83. Сөз – қарым-қатынас жасауда қолданылатын тілдің ең негізгі единицасы. 84. Сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөзден тұрып және өзара мағыналық, грамматикалық тұрғыдан байланысқа түскен сөздер жиынтығы. 85. Субстрат – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. 86. Суперсубстрат – 87. Супплетивизм әр түрлі түбірлерден жасалып, формалары әркелкі болып келгенімен, лексикалық мағыналары бір-бірімен жақын сөздер 88. Табу – сөзге тыйым салу. 89. Тақырыптық қатар – парадигмалық байланысқа түскен және бір семантикалық өрісте қолданылатын сөздер жиынтығы (мысалы, раушан, роза, түймедақ, бәйшешек, қызғалдақ) 90. Тілдердің типологиялық жіктелуі – тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын, олардың туыстығына байланыссыз зерттейді. 91. Транскрипция - сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл жеке таңбалар арқылы көрсету. 92. Транслитерация – жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке аударып жазу. 93. Тіл деңгейі – бір тектес тілдк бірліктер жүйесі. 94. Тіл біліміндегі функция – тілдің адам қоғамындағы атқаратын қызметі. 95. Фон – тілдегі фонеманың жарияланым түрі. 96. Фонетика – тіл дыбыстарын, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін лингвистиканың саласы. 97. Фонология фонеманың қоғамдық, яғни әлеуметтік қызметі туралы ілім 98. Фразеологизм –дайын күйінде қолданылатын тұрақты идиомалық тіркес. 99. Ұғым – зат пен құбылыстың басты белгілерінің ойда қорытылып, жалпыланған бейнесі. 100. Түбір - сөздердің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және лексикалық мағынаны білдіретін түпкі бөлшек. 101. Энликтика – дербес екпін жоқ, тек өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айтылуы. 102. Эпинтеза -белгілі бір дыбыстың сөз құрамына кірігуі. 103. Этимология –сөздердің пайда болу және даму жолын зерттейтінтіл білімі саласы. 104. Эвфемизм – бір затты немесе құбылысты сыпайылап жеткізу құралы.
Семинар сабақтардың жоспары 1-тақырып. Тіл білімі – ғылым Мақсаты. Тіл білімі – ғылым ретінде қалыптасуы. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен міндеттерін білу. Тілтанымдық пәндер жүйесі ақпарат тану. Жоспар 1.Тіл білімінің пайда болуы және дамуы а) көне дәуір; ә)салыстырмалы-тарихи тіл білімінің қалыптасуы; б)19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басындағы тіл білімінің дамуы; в)қазіргі тіл білімі. 2.Тіл білімі- дербес ілім a) тіл білімінің ерекшелігі; b) тілі білімінің нысаны, мәні және мақсаттары; c) жалпы және жеке тіл білімі; d) синхронды және диахронды тіл білімі. 3.Тілдік пәндер жүйесі. 4.Тіл білімінің басқа пәндермен байланысы. Әдебиеттер:
2- тақырып. Тілдің мәні: оның қоғамдық қызметі және ішкі құрылымы. Мақсаты. Тілдің құрлымы мен қызметін білу. Тілдің жүйелілігі туралы ақпарат алу. Жоспар 1. Тіл – ойды қалыптастыру мен жеткізу құралы. а)тілдік және тілдік емес қатынас формалары ә)ақиқат шындықтың екінші сигналы б)А.А.Реформатский тілдің мәні жайлы 2. Тіл - қоғамдық құбылыс. а) Тіл және сөйлеу, ә) Тіл және ойлау. 3. Тілдік және тілдік емес сөйлесу әрекетері. 4. Тіл - қарым-қатынас жасаудың әмбебап құралы.
Әдебиеттер:
3-тақырып Фонетика және фонология. Мақсаты: фонетиканың зерттеу нысаны мен мақсат, міндеттерін анықтап ажырата білу. Дыбыстардың жіктелуін және дауысты және дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипатын білу; Фонема құбылысына анықтама беріп, фонология ерекшелігін анықтау. Прага мен Мәскеу мектептерінің басты қағидаларын ажырата білу. Жоспар 1. Тіл білімі фонетика саласының ерекшелігі. 2. Сөйлеу аппараты мен мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы. 3. Дыбыстардың жіктелуі: а) тіл дыбыстарының үш жағы; б) дауысты дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаты; в) дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаты; Сөйлеудің дыбыстық жіктелуі; а) дыбыс; б) буын; в) такт; г) фраза. 4. Фонетикалық процестер: а) аккомодация; б) ассимиляция и диссимиляция; в) диэреза и эпентеза; г) протеза и метатеза. 5. Тіл дыбыстарының функциональды сипаттамасы. Фонология. а) фонема ұғымы. б) Мәскеу фонология мектебінің концепциясы в) Прага лингвистикалық үйірме концепциясы Әдебиеттер: 1. К.Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004. 2. Ә. Хасенов Тіл білімі. А., 2004. 3. Ғ.Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігіі. Алматы, 2005 4. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,2003, с. 44-50 5. Языкознание. БЭС. - М., 2000, с.618 – 622
4-тақырып Лексикология мен лексикография. Мақсаты. Лексикология мен лексикографияны тіл білімінің бір саласы ретінде танып білу Лексикология мен лексикографияның негізгі ұғымдарын, мақсатын, нысаны мен мәнін білу.Сөздіктерді жіктеу қағидалары мен түрлерін білу. Жоспар
а) лексикология ерекшелігі; б) сөз – лексикология зерттеу нысаны; в) лексикология саласының мақсат мен міндеттері.
а) сөз және ұғым арақатынасы; б) жалпы және жеке заттық қатынас;
а) тепе-теңдік мәселесі; б) көпмағыналық (метафора, метонимия, синекдоха) және омонимия; в) синонимдер және антонимдер; г) сөз мағыналарының арасындағы жүйелік қатынас.
а) тұрақты тіркестер ерекшелігі;
Әдебиеттер: 1. К.Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004. 2. Ә. Хасенов Тіл білімі. А., 2004. 3. Ғ.Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігіі. Алматы, 2005 4. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,2003, с. 44-50 5. Языкознание. БЭС. - М., 2000, с.618 – 622
5- тақырып
|