Транскрипция и транслитерация.
Әдебиеттер: 1. К.Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004. 2. Ә. Хасенов Тіл білімі. А., 2004. 3. Ғ.Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігіі. Алматы, 2005 4. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,2003, 5. Языкознание. БЭС. - М., 2000, YIII тақырып. Тіл әлемі. Тілдерді жүйелеу. Мақсаты. Тілдерді жүйелеу қағидаларын білу. Тілдердің генеалогиялық, типологиялық және морфологиялық ұғымдарын игеру және білу. Тілдерді өлі, өлетін және тіріге бөле білу. Жоспар:
а) тілдердің алуан түрлілігі; б) тілдердің тарихи байланысының екі түрі.
а) тілдердің генеалогиялық жіктелуі. б) тілдердің типологиялық жіктелуі. 3.Өлі және тірі, табиғи емес тілдер. Әдебиеттер: 1. К.Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004. 2. Ә. Хасенов Тіл білімі. А., 2004. 3. Ғ.Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігіі. Алматы, 2005 4. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,2003, 5. Языкознание. БЭС. - М., 2000,
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖҰМЫСЫ 1-тақырып. Тіл білімі – ғылым Мақсаты. Тіл білімі – ғылым ретінде қалыптасуы. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен міндеттерін білу. Тіл білімі - жүйелі дербес ғылым. Мәні. Жалпы кәсіби ілімдердің базасын кеңейту. Реферат тақырыптары. 1. Тіл білімі – ғылым саласы. 2. Тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасу тарихы. 3. Тіл білімі пәндерінің жүйесі. 4. Қолданбалы лингвистика. 5. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 1. Тіл білімін ғылым ретінде тану үшін қандай терминдер қажет? 2. Тіл білімі қай ғылым шеңберінде пайда болды? 3. Тіл білімінің ежелгі кезеңі қай бағытта сипатталады? 4. Тіл білімінің ежелгі өкілдерін атаңыз 5. Тіл білімінде логикалық бағыттар қашан және қайда шектелді? 6. Логикалық бағыттың қол жеткізген жетістіктері және кемшіліктері? 7. Салыстырмалы – тарихи тіл білімі қандай принциптерге негізделген? 8. Салыстырмалы – тарихи тіл білімінің идеялары қашан және кім құрастырды? 9. Младограмматизм кризисіне келу себептері қандай? 10. Младограмматизм өкілдері кімдер? 11. Ф. Де Сюсордың “Жалпы лингвистика курсы” кітабы қандай бағыттың бастамасына жол ашты? 12. Лингвистикалық структурализмның негізіне не кіреді? 13. Конструктивизмнің негізгі принципі неде? 14. Тіл білімі дамуының басты дәуірлерін ата. 15. Жеке тіл білімі нені зерттейді? 16. Жалпы тіл білімінің басты нысанын көрсетіңіз. 17. Абсолютті және жеке универсалийлерге мысал келтір. 18. Қолданбалы тіл білімінің негізгі мақсаттары. 19. Практикалық тіл білімі нені зерттейді? 20. Синхрониялық және диахрониялық тіл білімі арасындағы айырмашылық қандай болады? 21. Тіл білімі қандай ғылымдармен байланысты? 2-тақырып Тілдің мәні: оның қоғамдық қызметі және ішкі құрылымы. Мақсаты. Тілдің құрлымы мен қызметін білу. Тілдің жүйелілігі туралы ақпарат алу. Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын молайту. Мәнжазба тақырыптары 5. Тіл – ойды қалыптастыру мен білдіру құралы. 6. Тіл - қоғамдық құбылыс. 7. Тіл және сөйлеу, 8. Тіл және ойлау. 9. Тілдік және тілдік емес сөйлесу әрекетері. 10. Тіл - қарым-қатынас жасаудың әмбебап құралы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Адамдардың вербальды емес қарым-қатынасы деген не? 2. Тілдің мәнін ашуда А.А.Реформатский қандай тұжырым ұсынады? 3. Тіл мен мәдениет бір деп санауға неге болмайды? 4. Тіл таптық бола ала ма? 5.Тіл өндіріс құралы болып санала ма?. 6.Тіл мен ойлаудың бірлігі неде? 7. Тілдік деңгейлер мен оларға тән тілдік бірліктерді ата. 8.Бір деңгейдегі тілдік бірліктер арасында қандай қатынас болуы мүмкін? 9. Парадигмалық қатынас дегеніміз не? Мысал келтір. 10.Бір деңгейдегі тілдік бірліктер арасындағы қандай қатынас синтагмалық деп аталады? 11. Тіл қандай қызмет атқарады? 12. Тілдің қызметін сипатта. 13. Тілдің қай қызметі басты болып саналады? 14. Тілдің қызметі қайда (неде) байқалады? 15. Қазіргі тіл білімінде сөйлеу терминін қалай түсінеміз? 16. Тілді неліктен ұжымның еншісінде деп айтады? 3-тақырып. Фонетика және фонология. Мақсаты. Фонетика мен фонологияны тіл білімінің жеке бір тарауы ретінде қарастыру. Дыбыстарды жүйелеу қағидаларын білу. Сөйлеу кезінде болатын комбинаторлық өзгерістер мен дыбыстық бірліктерді ажырату. Фонема сөзінің мағынасын түсіну. Мәскеу фонологиялық мектебі МФМ мен Прага лингвистикалық үйірмесінің (ПЛҮ) фонологиялық концепциясын білу. Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын кеңейту. Өзін - өзі тексеру сұрақтары. 1. Фонетика тіл білімінің тарауы ретінде нені қарастырады? 2. Сөйлеудегі дыбыстар физикалық құбылыс ретінде қандай ерекшелектермен сипатталады? 3. Сөйлеудегі дыбыстар неге физиологиялық құбылыс болып есептеледі? 4. Адамның дене мүшесіндегі сөйлеу аппараты жайлы не айтасыз? 5. Адамның қай мүшесі дыбыс шығаратын аппарат деп аталады? 6. Сөйлеу мушелері қандай үш бөлшектен тұрады? 7. Дыбыстар акустикалық және артикуляциялық сипаттарына қарай қандай екі топқа бөлінеді? 8. Дауысты дыбыстар неден тұрады? 9. Дауыссыз дыбыстар неліктен шулы болып келеді? 10. Қай дауыссыз тек шудан тұрады? 11. Қай дауыссыздың құрамында шу мен үн бар, бірақ шу басым болып келеді? 12. Қай дауыссыздың құрамында шу мен үн бар, бірақ үн басым болып келеді? 13. Дауыссыз дыбыстың сапасы немен байланысты? 14. Жасалу орнына қарай дауыссыздар қандай топтарға бөлінеді? 15. Жасалу тәсіліне қарай дауыссыздар қалай бөлінеді? 16. Фрикативті дауыссыздарға мысал келтіріңіз. 17. Аффрикат дыбыстарға мысал келтіріңіз. 18. Бүйір дауыссызды атаңыз. 19. Дауысты дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттары дегеніміз не? 20. Тілдің және жақтың қатысына қарай дауыстылардың бөлінуі. 21. Дыбыстық ағымның фонетикалық біріліктерін атаңыз. 22. Буынның қандай анықтамалары бар? 23. Сөйлеу дыбыстарының анықтамасын беріңіз. 24. Буын жайлы кең тараған теорияны атаңыз. 25. Екпін дегеніміз не? Екпінге сипаттама беріңіз. 26. Ырғақ(такт) дегеніміз не? 27. Энкликтика мен прокликтикаға анықтама беріңіз. 28. Фраза дегеніміз не? 29. Иннтонация дегеніміз не? 30. Комбинаторлық өзгерістер дегеніміз не? 31. Комбинаторлық өзгерістерді атаңыз және сипаттама беріңіз. · Акомодация · Ассимиляция · Диэреза · Эпентеза · Протеза · метатеза 32. Фонтиканың қай саласы дыбыстардың функционалдық ерекшеліктерімен айналысады? 33. Фонема дегеніміз не? 34. МФМ пен ПЛҮ қандай мәселелерді шешті? 35. МФМ концепциясы немен байланысты? 36. ПЛҮ концепциясы немен байланысты? 4-тақырып. Лексикология мен лексикография. Мақсаты. Лексикология мен лексикографияны тіл білімінің бір саласы ретінде танып білу Лексикология мен лексикографияның негізгі ұғымдарын, мақсатын, нысаны мен мәнін білу.Сөздіктерді жіктеу қағидалары мен түрлерін білу. Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын кеңейту. Мәнжазба тақырыптары. 1. Тілдің сөздік құрамы туралы ғылым. 2. Сөз – тілдің құрлымдық семантикалық бірлігі. 3. Сөздің лексикалық мәні. 4. Фразеологияның ерекшелігі. 5. Лексикологиядағы жүйелік. 6. Лексикография – сөздіктер туралы ғылым. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Лексикологияның зерттеу нысанын атаңыз. 2. Лексикологияның ерекшелігі неде? 3. Лексикологияның қай саласы лексикалық бірліктер мәнін зерттейді? 4. Сөзге анықтама беріңіз. 5. Сөзге анықтама берудің қиындығы неде? 6. Сөздің жекелік ерекшелігі неде? 7. Грамматикалық мағына дегеніміз не? 8. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не? 9. Тіл білімінің қай саласы тікелей сөздің лексикалық мағынасымен айналысады? 10. «Денотат» (референт) терминінің мәні қандай? 11. «Сөздің концептуалды мағынасы» деген ұғым нені білдіреді? 12. Сөздің негізгі мағынасына эмоциялық, экспрессивтік және стилистикалық ерекше әсер беретін «қосындылар» қандай терминмен аталады? 13. Сөздің лексикалық мағынасынның қандай үш жағын бөлуге болады? 14. «Сөздің затқа қатыстығы» деген ұғымға не кіреді? 15. «Сөздің ұғымға қатыстығы» деген ұғымға не кіреді? 16. Мағынаның қай аспектісі мәнділік деп аталады? 17. Жалпы және жеке заттық қатыстылық деген ұғымның мағынасын ашыңыз. 18. Жалпы және жеке заттық қатыстылыққа байланысты атауыш сөздер қандай үш топқа бөлінеді? 19. Жалқы есімдерге сипаттама беріңіз. 20. Жалпы есімдерге сипаттама беріңіз. 21. Полисемияның мағынасын ашыңыз. 22. Атауларды ауыстырудың басты екі түрін атап, сиапаттама беріңіз. 23. Екі немесе көп сөздің бірдей айтылуы қалай аталады? 24. Омонимдердің жіктелу ерекшеліктері. 25. «Семантикалық өріс» дегеніміз не? 26. Синоним құбылысына анықтама беріңіз. 27. Омоним құбылысына анықтама беріңіз. 28. Фразеология қандай тілдік бірліктерді қарастырады? 29. Фразеологизмдерді жіктеудің басты ерекшелігін атаңыз. 30. Фразеологизм түрлері. 31. Фразеологияның негізін салушы кім? 32. Тіл білімінің қай саласы сөздік жасаудың теориясы мен практикасымен айналысады? 33. Сөздіктерді жіктеудің қағидаларын атаңыз. 34. Сөздіктердің негізгі түрлерін атаңыз.
5-тақырып. Грамматика. Мақсаты. Грамматиканың негізгі ұғымын, мәні мен мақсаттарын; сөз таптарын, олардың жіктелуін білу.Синаксистің негізгі ұғымын игеру. Синтаксистің негізгі бірліктерін, синтаксистік байланыстарды білу. Мәні. Жалпы кәсіби білім базасын ұлғайту. Мәнжазба тақырыптары. 1. Грамматика – ғылым саласы. 2. Сөз туралы граммтикалық ілім. 3. Сөз таптарын оқытудың тарихынан. 4. Сөйлем – синтаксистің негізгі бірлігі. 5. Синтаксистің басты мәселесі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 1. Грамматика алғашында қандай қызмет атқарды? 2. Грамматика ғылым ретінде қалай және қашан пайда болды? 3. «Грамматика» термині сөздің кең мағынасы ретінде нені білдіреді? 4. Сөздің тар мағынасынде «грамматика» термині нені білдіреді? 5. Грамматиканың зерттеу нысаны қандай? 6. Грамматикалық мағына дегеніміз не? 7. Грамматикалық мағынаның сипаттарын атаңыз. 8. Лексикалық және граммтикалық мағынаның айырмашылығы неде? 9. Грамматикалық мағынаны білдіретін негізгі екі тәсілді көрсетіңіз. 10. Грамматикалық мағынаны синтетикалық тәсілмен білдіру деген не? 11. Грамматикалық мағынаны синтетикалық тәсілмен білдірудің қандай басқа түрлері бар? 12. Грамматикалық мағынаны аналитикалық тәсілмен білдіру деген не? 13. Грамматикалық мағынаны аналитикалық тәсілмен білдірудің қандай түрлерін білесіз? 14. Тілдің синтетикалық түріне сипаттама беріңіз, мысал келтіріңіз. 15. Тілдің аналитикалық түріне сипаттама беріңіз, мысал келтіріңіз. 16. Парадигма дегеніміз не? 17. Грамматикалық форма дегеніміз не? 18. Грамматикалық категорияға түсінік беріңіз. 19. Санына қарай қандай грамматикалық категориялар бар? 20. Сөз таптары дегеніміз не? 21. Сөз таптарын жіктеу ең бірінші рет қашан пайда болды? 22. Аристотель қандай сөз таптарын бөліп қарастырды? 23. Содан соң сөз таптаптарын оқыту қалай жүзеге асырылады? 24. Сөз таптарын жіктеу қиындығы неде?
|