Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар
Студент әр кредит бойынша әр түрлі формада 2 – ден кем емес СӨЖ орындауы тиіс. Өткізу мерзімі – кредиттің соңына 2 күн қалғанға дейін.
Рефератты орындау және дайындау талаптары: Рефераттың көлемі 4-5 бет болуы керек (жқмысқа қосымша рефераттың көлеміне кірмейді). Рефераттың құрылымына мұқабасы, мазмұны (рефераттың жазылу ретінің бетпен көрсетілуі), кіріспе (зерттелетін мәселенің түйіні, мәселенің мңыздылығы, мақсаты мен міндеттері жазылады), негізгі бөлімі (бұл бөлімнің әрбір бөлігі жеке мәселелерді ашады немесе бір-бірін жалғастырып отырады, бұл бөлімде кесте, сызба, график, суреттер болуы мүмкін), қорытынды (реферат бойынша қысқаша қорытынды беріледі, ұсыныстар беріледі), әдебиеттер тізімі болады. Реферат дйындағанда 8-10 әдеби көз болуы керек. Реферат әдеби тілде жазылуы қажет. Қолданылған әдебиеттерге сілтеме берілуі қажет. Библиографияны дұрыс толтыру қажет.
Презентация орындау және дайындау талаптары: Презентация электронды және шығарылған түрде ұсынылуы тиіс (түрлі - түсті, Презентация электронды және баспа түрінде болады (түрлі-түсті, файл папкіде). Презентация көлемі 10-15 слайдтан тұруы қажет. Презентацияның құрылымы мұқабасы, кіріспе (зерттелетін мәселенің түйіні, мәселенің мңыздылығы, мақсаты мен міндеттері жазылады), негізгі бөлімі (бұл бөлімнің әрбір бөлігі жеке мәселелерді ашады немесе бір-бірін жалғастырып отырады, бұл бөлімде кесте, сызба, график, суреттер болуы мүмкін), қорытынды (презентация бойынша қысқаша қорытынды беріледі, ұсыныстар беріледі), әдебиеттер тізімі болады. Презентация әдеби тілде жазылуы қажет. - Материал жоғары техникалық деңгейде болуы қажет. Көрсетілетін материалдардың дайындалуына қойылатын талаптар: - Иллюстрациялық материал қойылған мақсатқа және тақырыпқа сәйкес болуы қажет. - Ақпарат қазіргі мәселелерді қозғауы қажет. - Материал әдеби тілде жазылуы қажет. 2.9 Қолданылған әдебиеттер:
|